3. Жазаны өтеу режимі
Сотталынған шетелдіктер және азаматтығы жоқ азаматтар Конституцияға,
Халықаралық
келісім шарттарға, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ заңдарға сәйкес, Конституцияда,
Қылмыстық, Қылмыстық атқару кодекстеріне және ҚР басқа да заңдарына сәйкес,
жазаның нақты түрін орындау тәртібі жеке жағдайына қарай нақты жазаны орындау
тәртібі және жағдайына қарай құқығы бар және міндетті.
Жеке адамның құқықтық мәртебесінің үш түрі бар:
1. Жалпы азаматтық- азаматтардың жалпы құқықтық мәртебесі.
2. Арнайы – азаматтардың белгілі бір категориясының мәртебесі Соттаушылар арнайы
мәртебеге ие, олар қылмыстық жазаның жекелеген түрлерін реттейтін құқықтық
мәртебелеріне бөлінеді.
3.
Жеке-
нақты
адамның
құқықтық
жағдайы.
Сотталушылар
тұлғасының
ерекшіліктерінің жиынтығы.(жынысы, жасы, білімі, бұрынғы сотталушылардың
болуы)
Сотталушының құқықтық мәртебесінің мәні белгілі бір мінез-құлық немесе әлеуметтік
игіліктерді пайдалану мүмкіндігі құқығы бар адамға беру. Осындай мүмкінділіктің жүзеге
асыру дәрежесі субъективтік құқықтың мазмұнымен анықталады. Ол өзіне мынаны
кіргізеді:
1. Сотталушының әлеуметтік игіліктерді еркін пайдалану мүмкіндігі;
2. Жазаны атқаратын мекемелер және органдар қызметкерлеріне заң міндеттемелерін
осындай құқықты орындауын талап ету мүмкіндігі.
3. Қажетті жағдайда өзінің субъективтік құқығын қорғау қажеттілігін жүгіну мүмкіндігі.
Жазаны өтейтін тұлғалардың міндеттері- құқық нормасында міндеттейтін және тыйым
салуды реттейтін жазаны өтеу уақытында сотталушылардың үлгілі мінез- құлықтары
ережесін көрсету.
Сотталушылар ҚАҚ
белгіленген талаптарды, соттың үкімін және басқа да нормативтік
құқықтық актілердегі құқықтық шектеулерді сақтауға, жазаны орындайтын мекемелер
және органдар әкімшілігінің заңды талаптарын орындауға.
Сотталушылардың құқықтары- сотталушылардың белгілі бір мінез-құлық мүмкіндігі
немесе әлуметтік құндылықтарды пайдалануға байланысты заңмен бекітілген жағдайлар,
олар басқа да құқықтық қатынас субъектілерінің құқықтық міндеттері мен қамтамасыз
етіледі.
Сотталушылардың негізгі құқықтары:
1. Сотталушылар сотпен тағайындалған жазаны өтеу тәртібі жеке жағдайына байланысты
ақпарат алуға, өзінің құқықтары және міндеттерін білуге;
2. Жазаны атқаратын мекеме немесе
органның басқару органдарына, прокуратураға,
сотқа, басқа да мемлекеттік органдарға, қоғамдық ұйымдарға, адамның құқығы мен
бостандығын қорғайтын халықаралық ұйымдарға
ауызша және жазбаша
ұсыныстармен, арыздармен және шағымдармен қайрылған;
3. Түсініктер беруге және тіркеу жүргізуге;
4. Қорғаушылардан заң көмегін алуға;
5. ҚР заңнамаларына сәйкес сотталушылар зейнетақы алуға ,әлеуметтік қамтамасыз
етілуге;
6. Жазаны өтеуші сотталушылар мекеме қызметкерлері тарапынан сыпайы қарым-
қатынас болуға, адамдық қадір-қасиетін төмендететін мәжбүрлеу шараларына
төмендетілмеуі тиіс.
7. Қамауға немесе бас бостандығынан айырылуға сотталынған
материалдық-тұрмыстық
және медико-әлеуметтік қамтамасыз етуге;
8. Сот үкімі бойынша бас бостандығынан айырылған адамдардан басқа сотталғандар,
мемлекеттік органдарға және өзін-өзі басқаруға органдарын сайлауға және сайлануға,
Республикалық референдумға қатысуға;
9. Иеленіп отырған лаузымнан босатылған сотталушылар жазаны өтеуге байланысты
еңбектік немесе тұрмыстық орналастыру көмегін алуға құқылы;
10. Қамауға, бас бостандығын шектеуге немесе бас бостандығын айыруға сотталған
шетелдіктер өзінің елінің дипломатиялық өкілдіктерімен және консульдық
мекемелерімен байланыс жасап тұруға құқылы, ҚР дипломатиялық және консульдық
мекемелері жоқ азаматтар өзінің мүддесін қорғауға
алған дипломатиялық
өкілдіктермен немесе халықаралық ұйымдармен байланыс жасауға құқылы.
Сотталушылардың тарапынан сотталушыға қатысты жеке адамға қарсы қылмыс
жасауды, қорқытуды пайда болу барысынна ол қамау, бас бостандығынан шектеу немесе
бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны атқаруға байланысты кез-келген лауазымды
тұлғаға қайырылуға болады. Осындай жағдайда лауазымды түлға сотталушыны қауіпсіз
жерге көшіруге шаралар қабылдауы тиіс. Сотталушыларға ар –ождан бостандығы және
дінге сенімділігі бостандығына кепілдік беріледі. Қамау немесе бас бостандығынан айыру
түріндегі
жазаны өтейтін адамдарға, олардың өтініші бойынша ҚР заңдарымен
белгіленген тәртіпте, діни бірлестіктердің қызметшілері шақырылады. Жазаны атқаратын
мекемелерде соттаушылар заңмен тыйым салынбаған діни ғұрыптарды және өзге
әдебиетерді пайдалану мәселелері шешіледі. Діни ғұрыптарды жасау өз еркімен жүзеге
асырылады, ол ішкі тәртіпті, сондай-ақ жазаны өтеуші басқа да адамдардың құқығын
бұзбауы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: