жол беріледі. Айыпты төлемеу барысында сотталушы ерікті түрде жазаны атқару
мәжбүрлі түрде сотпен берілген атқарушы парағы негізінде жүргізіледі. Айыпты өтету
сотталушының мүлкіне қатысты, соның ішінде жалпы меншіктегі құқық мүлкінің
белгіленген үлесімен анықталады. Айыпты төлеу барысында
ҚР Қылмыстық-атқару
ережесімен белгіленіп, тізімге сәйкес мүлікті тәркілеу жүргізілмейді.
Айыпты төлеуден өрескел жалтарған сотталушы айыпты белгіленген мерзімде
төлемесе және өзінің кірісін және мүлкін мәжбүрмен жазалаудан жасырған жағдайлар
айтылады. Осыған қатысты сот атқарушысы сотқа ҚР Қылмыстық кодексі 40 бабы 4
бөлігіне сәйкес жазаның басқа түрімен алмастырады.
Белгілі бір лауазымды иелену немесе белгілі бір қызметпен айналысу түрінде жазаны
атқаруды ұйымдастыру, негізгі сондай –ақ қосымша жаза түріне айыпқа қосылып кетеді.
Бас бостандығын шектеу, қамау, бас бостандығынан айыру немесе тәртіптік әскери
бөлімде ұстау негізгі жазаға қосымша жаза ретінде негізгі
жазаны атқаратын органмен
жүзеге асырылады, негізгі жазаны өтеп болғаннан кейін –сотталушының тұрғылықты жері
бойынша қылмыстық атқару инспекциясымен жүзеге асырылады.
Қылмыстық-атқару инспекция сотталушылардың есебін жүргізеді белгілі бір
лауазымды иелену немесе белгілі бір қызметпен айналысуды иеленуге, сотталушының
жұмыс орны бойынша әкімшілік ұйымдастыру сот үкімін орындауды тексереді.
Сотталушының жұмыс орны бойынша әкімшілігі соттың үкімінің көшірмесін алғаннан
кейін үш күннен кешіктірмей немесе қылмыстық-атқару инспекциясына хабарлай отырып
сотталушыны иеленген лауазымынан немесе қызметтің сол түрінен, осыны иелену
құқығынан айыру.
Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза сотталушының тұрғылықты
жері бойынша қылмыстық – атқару инспекциясымен облыстық
маңызы бар жергілікті
атқарушы органдарымен анықталады. Республикалық маңызы бар қалаларда, аудандық
маңызы бар қалада, поселкіде, ауылда, ауылдық
округті қылмыстық- атқару
инспекциясының келісімімен әкімдермен жүзеге асырылады.
Жазаны анықтайтын соттың үкімі қылмыстық-атқару инспекциясы соттың үкімі
көшірмесімен келіп түскен сәттен бастап атқарылуға жатады. Қоғамдық жұмыстарға тарту
түріндегі жазаның мерзімдері сағаттармен есептеледі, осы уақыттың ішінде сотталушы
қоғамдық жұмыстарды атқарады.
Түзеу жұмыстары сотталушының жұмыс орны бойынша өтеледі. Түзеу жұмыстарына
сотталынғандар жазаны өтеуге он бес күн мерзімде кешіктірілмей қылмыстық-атқару
инспекциясына соттың тиісті ұйғарымы және үкімнің көшірмесі келіп түскеннен бастап
тартылады. Түзеу жұмыстарының мерзімі жылдармен, айлармен есептеледі
осы уақытта
сотталушы жұмыс істеген және оның жалақысынан ұсталынып отырады. Сотталушы
жұмыс істелінген күндердің саны сотпен белгіленген жаза мерзімінің әр айына келуі
қажет. Жазаны өтеудің мерзімінің басталуы болып сот үкімінің көшірмесін
ұйымдастыруда әкімшіліктен алу күні жатқызылады.
Арнайы,әскери немесе құрметті атағынан,сыныптың
шенінен дипломатиялық
рангісінен біліктілік сыныбынан айыру жөніндегі үкімді шығарған сот үкімінің заңды
күшіне енгеннен кейін сотталушыға атақ, сыныптық шек, дипломатиялық рангі, біліктілік
сыныбын беріп лауазымды тұлғаға көшірмесін жібереді.
Лауазымды тұлға белгіленген тәртіпте сотталушыны құрметті,әскери, арнайы немесе
басқа атағынан сыныптық шегінен, дипломатиялық рангісінен
біліктілік сыныбынан
айыру жөнінде тиісті құжаттарға жазба жүргізеді, сондай ақ тиісті атақ, шек, рангі, сынып
көзделген құқықтар және жеңілдіктерден айырады.
Лауазымды тұлға үкімнің көшірмесін алғаннан кейін бір айдын ішінде оны
орындағаны жөнінде үкім шығарған сотқа хабарлайды.
Достарыңызбен бөлісу: