айыруға сотталғандар үшін міндетті.Режим осы арқылы жазаны атқаруға және өтеуге
байланысты туындайтын қылмыстық-атқар
құқықтық қатынастардың барлық субектілерінің және қатысушыларының құқықтық
мәртебесін анықтайды.
Жазаны өтеу режимі әсер етумен түзеудің негізгі құралдарының бірі болып
танылады.Оның басты мақсаты сотталушыларды тәртіпке шақыру,яғни барлығы үшін
белгілі бір тәртіпке бағындыру. Режим сотталушылардың жүріс-тұрысының рұқсат
етілген шекараларын белгілейді, сонымен бірге
олардың құқықтық мәртебесін
айқындайды.
Режимнің маңызды сонымен бірге басқа да түзеу құралдарына әсер ету үшін-қоғамдық
пайдалы еңбекті, тәрбиелік жұмысты, жалпы білім беру және кәсіби оқытуды қолдану
үшін дұрыс жағдайлар жасау.
Режимнің функциялары:
1. Режимнің
функциясы жазаны өтеу процессі барысында ҚАК-де көзделген
сотталушыларға әртүрлі құқықтық шектеулерді белгілеу жолымен жүзеге асырылады.
2. Олар ең алдымен олардың субективтік құқықтарын қамтиды. Режимнің жазалау
функциясы сотталушыларды құқыққа қайшы іс-әректтерді жасаудан ұстау
емес,сонымен бірге заңмен көзделген игіліктерді алуға ұмтылу және түзеу жолына
түскен адамдарға берілуі мүмкін.
Сотталушының құқығын жетілдіру құлықтылығы түрткі болуы мүмкін.
Сотталушыларды пайдалы машықтар,әдеттер және
қажеттердің пайда болуына
көмектеседі,сондай-ақ жазылған ережелерді жүйелі,ұзақ жыл қатал сақтауды тапсырады.
-сотталушының құқықтық сана сезімін тәрбиелеуге көмектесу;
-қылмыс
жасауға
байланысты
адамның
жағымсыз
белгілерінен
өтуге
көмектесуі,жоғалтқан игіліктерді құндылықтарды сезінуге көмектеседі.
3. Режимнің қамтамасыз ету функциясы өз кезегінде «тірек нүктесі» болып танылады
сотталушыларға тәртіптік және сақтандырудың кешенді шартты қамтамасыз етіледі,
өйткені түзеу процессі мәжбүрлі сипатқа ие.
4. Режимнің реттеуші функциясы бас бостандығын айыру түріндегі жазаны нақтылы
қамтамасыз етіп қоймайды,сонымен бірге оның жазалау күшінің көлемін реттеуші
болып табылады, ол жасалған кезде қылмыстың қоғамға қауіптілігі және
сотталушының тұлғасын және жүріс-тұрысына байланысты әртүрлі қажетті жағдайлар
жасайды.
5. режимнің сақтандыру
функциясын сотталушылар,сондай-ақ басқа да адамдардың
қылмыстарды және басқа да құқық бұзушылықтардың сақтандыруға бағытталған.
Түзеу мекемелеріндегі жазаны өтеу режимі оның құқықтық қағидаларына сәйкес
ұйымдастырылады:
1. сотталушыларға қойылатын заңдылық талаптары нормативтік табиғаты бар,бірде бір
сотталушы режим ережесі әрекеті саласынан шыға алмайды.
2. мақсатқа сәйкес режимнің ережесі дұрыс емес,жазаның жазалаушылық-тәрбиелік
процессі
мәнімен
анықталады,сотталушылардың
түзелу
мақсатына,
жаңа
қылмыстарды жасауды ескерту болып табылады.
3. ізгілік-режим сотталушыны әлеуметтік жағынан қамтамасыз етеді,яғни қоғамдағы
нақты еңбек қызметіне тіркейді және сотталушыларға дене жарақатын немесе адамдық
қадір-қасиетін төмендетеді.
Сол немесе басқа да түзеу мекемесінде бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны
өтеу кезінде сотталушының мінез құлқына байланысты оқшауланады.
1. сотталушының жазаны өтеудің жеңілдетілген жағдайына ауыстыру.
2. қоса еріп жүру;
3. сотталушы әйелдің колониядан тыс өмір сүруі;
4. бас бостандығынан айыру орнына қысқа мерзімді шығу;
5. карцерден шығару;
6. тәртіптік немесе айыптық изоляторға енгізу;
7.
жалғыз камераға кіргізу;
8. камералық үлгідегі мекемеге 6 айға кіргізу;
Бас бостандығынан айырылуға сотталынған барлық сотталушылар түзеу мекемесінің
әкімшілігімен анықталған орындарда және жұмыста еңбек етуге міндетті. Сотталушылар
түзеу мекемесіндегі,мемлекеттік ұйымдағы немесе басқа да нысандағы ұйымдарда меншік
нысанына қарамастан тиісті қорғау және оқшаулауды қамтамасыз етуге байланысты
тартылады. Сотталушылар жеке еңбек қызметімен айналыса алады.
Сотталушыларға еңбек дауларын шешу мақсатында жұмысты тоқтатуға тыйым
салынады. Жұмыстан бас тарту немесе жұмысты тоқтату-жазаны өтеудің белгіленген
тәртібін өрескел бұзу, жазалау шарасын және материалды жауапкершілікке тартылуы
мүмкін.
Сотталушыларды еңбекке орналастыру мамандығы бойынша жынысын, жасын,
еңбекке қабілеттілігін ескере отырып жүргізіледі. Түрмеде
жазасын өтеп жатқан
сотталушылардың еңбегі тек түрме аумағында ұйымдастырылады.
Түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталушылар үшін жұмыс уақытының
ұзақтығы еңбек туралы Қазақстан Республикасының заңнамаларымен бекітілген норманы
бұзбауы тиіс. Жұмыстың басталу және аяқталу уақыты әкімшілікпен белгіленген
ауыспалы графикпен анықталады.Сотталушылар жұмыстан демалыс және мереке күндері
босатылады.
Сотталушының ақы төленетін еңбекке тарту уақыты оның еңбек еңбек стажына
саналады. Сотталушылар 18 жұмыс күндері ұзақтығына созылған-тәрбиелеу
колонияларында жазасын өтейді,15 жұмыс күні басқа да түзеу мекемелерінде атқарылады.
Сотталушылар
ҚР
заңнамаларына
сәйкес
еңбекке
ақы
төлеуге
құқылы.Сотталушылардың айлық жалақы төленуі осы жұмыс кезеңінде белгіленген
төменгі жалақыдан төмен болмауы қажет.
Түзеу мекемелеріндегі сотталушылардың есеп шотына жалақының,зейнетақы немесе
басқа да табыстардың 25пайызы,60
жастан жоғары ер адамдар,55 жастан жоғары әйел
адамдар, 1 және 2 топтағы мүгедектер,жүкті әйелдер,үйінде нәрестесі бар әйелдердің
жалақысының, зейнетақысының немесе басқа да кірістердің 50 пайызы ұсталуы қажет.
Түзеу мекемелерінде мамандығы жоқ сотталушылардың алғашқы кәсіби білімі немесе
кәсіби дайындығы жүргізіледі, осы бойынша сотталушы осы мекемеде жұмыс істейді.
Сотталушылардың кәсіби білімге және кәсіби дайындыққа қатыстылығы оның түзелу
дәрежесін тағайындау барысында ескерілуі қажет. Сотталушылардың кәсіби білімге
және кәсіби дайындығын ұйымдастыру білім мәселелері жөніндегі Әділет министрлігі
белгілеген уәкілетті мемлекеттік органның келісімімен жүргізілді.
Бас бостандығынан айырылуға сотталынғандардың тәрбие жұмысы сотталушыларды
қоғамға пайдалы, еңбекке адал көзқарас қалыптастыру,қоғамға қызметпен айналысуын,
сотталушылардың
білім
және
деңгейін
арттыруға
бағытталған
іс-
әрекеттер.Сотталушылармен тәрбие жұмысы психолог-педагогикалық тәсілдер
негізінде
жеке, топтық және жаппай нысандарда ұйымдастырылады.
Тәрбиелік
шаралар
әңгімелесу,кездесу,кештер,концерттер,викториналар,
жиылыстар,дәрістер,жарыстар,конкурстар,бейне
материалдарды
қарау
негізінде
өткізіледі.Түзеу мекемелеріндегі сотталушылардың өзін-өзі басқару элементтерін дамыту
мақсатында сотталушылардың өз бетімен әрекет жасайтын мекемелері құрайды, олар
түзеу мекемелері әкімшілігі бақылауында жұмыс істейді.Өз бетімен әрекет жасайтын
ұйымдардың негізгі міндеттері болып сотталушылардың түзелуіне ықпал ететін
қоғамдағы пайдалы бастамашылық және қызмет көрсету:еңбек,тұрмыстық мәселелерді
шешуге қатысу;әкімшілікке тәртіпті ұстап тұру үшін көмектесу;сотталушылардың
арасында дұрыс өзара қатынастарды ұйымдастыру,сотталушыларға және олардың
туыстарына әлеуметтік көмек көрсету.Камералық типтегі
мекемелерде орналасқан
түрмелерде және сотталушылардың өз бетімен әрекет жасайтын ұйымдар
құрылмайды.Түзеу мекмелерінде 30 жасқа толған сотталушылардың ішінде орта білімді
алу міндетті.30 жастан жоғары сотталынғандар және 1-2 топ мүгедектері өзінің еркі
бойынша орта білім ала алады.Емтихан тапсыру үшін білімгерлер ҚР-ны ң еңбек туралы
заңнамаларына сәйкес жұмыстан босатылады.Сотталушыларды орта білім алуға
мадақталады және оларды түзеу дәредесін анықтауда ескеріледі.Өмір бойы бас
бостандығынан айыруға сотталынғандар орта білім алуға тартылмайды.Оларға жазаны
өтеу тәртібіне және жағдайына қайшы келмейтін білім алу жағдайы жасалады.Мектептің
педагогикалық ұжымдары түзеу мекемесі әкімшілік тәрбие жұмысына байланысты көмек
көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: