Аудармашы- аударма жасау үшiн қажет тiлдi меңгерген және сезiктi, айыпталушы, сотталушы; олардың қорғаушылары не жәбiрленушi, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкiлдерi, сондай-ақ куәлар және өзге де процеске қатысушылар iс бойынша iс жүргiзiлетiн тiлдi бiлмеген жағдайларда, сонымен бiрдей жазбаша құжаттарды аудару үшiн тергеу және сот iс-әрекеттерiне қатысуға тартылған iске мүдделi емес адам аудармашы ретiнде шақырылады. Қылмыстық процестi жүргiзушi орган адамды аудармашы етiп тағайындау туралы қаулы шығарады.
Аудармашының: аударманы жүзеге асыру кезiнде қатысушыларға аударманы нақтылау үшiн сұрақтар қоюға; жүргiзуiне өзi қатысқан тергеу немесе өзге де iс жүргiзу iс-әрекеттерiнiң хаттамасымен, сондай-ақ тиiстi бөлiгiнде сот отырысының хаттамасымен танысуға және аударманың толықтығы мен дұрыстығына қатысты хаттамаға енгiзуге жататын ескертпелер жасауға; егер оның аудару үшiн қажеттi бiлiмi болмаса, iс бойынша iс жүргiзуге қатысудан бас тартуға; қылмыстық процестi жүргiзушi органның iс-әрекетiне шағым жасауға; тергеу және өзге де iс жүргiзу iс-әрекетiне қатысуына байланысты өзiне келтiрiлген шығындарға өтем және егер iс бойынша iс жүргiзуге қатысу оның қызметтiк мiндетiнiң шеңберiне кiрмейтiн болса, орындалған жұмысы үшiн сыйақы алуға құқығы бар.
Аудармашы: қылмыстық процестi жүргiзушi органның шақыруы бойынша келуге; өзiне тапсырылған аударманы дәл және толық орындауға; оның қатысуымен жүргiзiлген тергеу iс-әрекетiнiң хаттамасында, сондай-ақ процеске қатысушыларға олардың ана тiлiндегi немесе олар бiлетiн тiлдегi аудармасында тапсырылатын iс жүргiзу құжаттарында аударманың дұрыстығын өзiнiң қолымен куәландыруға; аудармашы ретiнде тартылуына байланысты өзiне белгiлi болған iстiң жағдайы туралы мәлiметтердi немесе өзге де деректердi жарияламауға; тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзу кезiнде және сот отырысы уақытында тәртiп сақтауға мiндеттi. Аудармашы дәлелдi себептерсiз келуден немесе өзiнiң мiндетiн орындаудан бас тартқаны немесе жалтарғаны үшiн әкiмшiлiк жауапқа тартылады. Қасақана дұрыс аудармаған жағдайда аудармашы қылмыстық жауапқа тартылады.
4. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысудың мүмкіндігін жоққа шығаратын жағдай
Судья, прокурор, тергеушi, анықтаушы, қорғаушы, жәбiрленушiнiң (жеке айыптаушының), азаматтық талапкердiң, азаматтық жауапкердiң өкiлi, куәгер, сот отырысының хатшысы, сот приставы, аудармашы, сарапшы, маман қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге өздерiнiң қатысуын жоққа шығаратын мән-жайлар болған кезде қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатысудан шеттетiлуге мiндеттi не оларға қылмыстық процеске қатысушылар қарсылық бiлдiретiнiн мәлiмдеуi тиiс. Қылмыстық процестi жүргiзушi орган өз құзыретiнiң шегiнде iс бойынша iс жүргiзуден шеттету туралы мәлiмделген қарсылық бiлдiрулер мен өтiнiштердi шешуге немесе бұл адамның қылмыстық процеске қатысуын жоққа шығаратын мән-жайлар анықталған кезде тиiстi қаулы шығару арқылы өз бастамашылығы бойынша оны iс жүргiзуге қатысудан шеттетуге құқылы. Егер басқа процеске қатысушыларға қатысты қарсылық бiлдiрулердi шешуге уәкiлеттi адамға қарсылық
бiлдiрумен бiр уақытта процеске өзге де қатысушыларға қарсылық бiлдiру мәлiмделсе, онда бiрiншi кезекте осы адамға қарсылық бiлдiру туралы мәселе шешiледi.