«Қылмыстық іс жүргізу құқығы» пәнінен студенттерге арналған Дәріс «Қылмыстық іс жүргізу құқығының түсінігі, міндеттері мен мақсаты» Жоспар


Қылмыстық процесте дәлелдеме болып табылмайды



бет28/55
Дата19.05.2023
өлшемі164,9 Kb.
#94917
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   55
Байланысты:
Қылмыстық іс жүргізу құқығы лекция

7.Қылмыстық процесте дәлелдеме болып табылмайды
1)қызметтік іздестіру итін пайдалану актісі
2)құжатты тексеру актісі
3)сезіктіні ұстау хаттамасы
4)сотталғандығы жөніндегі анықтама
5)дұрыс жауап көрсетілмеген


Дәріс 7. Іс жүргізулік мәжбүрлеу шаралары
Жоспар:
1. Сезіктіні ұстау
2. Бұлтартпау шаралары
1. Қылмыс жасады деп сезiк келтiрiлген адамды ұстау - оның қылмысқа қатыстылығын анықтау және оған қамауға алу түрiндегi бұлтартпау шарасын қолдану туралы мәселенi шешу мақсатында қолданылатын iс жүргiзулiк мәжбүрлеу шарасы.
Қылмыстық iзге түсудi жүзеге асырушы орган мына негiздердiң бiрi болған жағдайда:
1. Адам қылмыс жасау кезiнде немесе тiкелей оны жасағаннан кейiн ұсталғанда;
2. Көрген адамдар, оның iшiнде жәбiрленушiлер қылмыс жасаушы ретiнде ол адамды тура көрсетсе;
3. Ол адамда немесе оның киiмiнде, өзiнде немесе оның тұратын үйiнде қылмыстың анық iзi табылған кезде;
Жедел iздестiру қызметiнiң заңға сәйкес алынған материалдарында ол адамға қатысты ол жасаған немесе дайындап жатқан ауыр немесе аса ауыр қылмыс туралы анық деректер болған кезде бас бостандығынан айыру түрiнде жаза қолданылуы мүмкiн болатын қылмыс жасағандығына күдiк келтiрiлген адамды ұстауға құқылы. Адамның қылмыс жасағандығына сезiктенуге негiз беретiн өзге де деректер болған кезде ол адам жасырынуға әрекет жасаған не оның тұрақты тұратын жерi болмаған, немесе сезiктiнiң жеке басы анықталмаған жағдайларда ғана ұсталады.
Нақты ұстау сәтiнен бастап үш сағаттан аспайтын мерзiмде тергеушi немесе анықтаушы ұстаудың негiзi мен дәлелдерi, жерi мен уақыты (сағаты мен минутын көрсете отырып), жеке тiнтудiң нәтижелерi, сондай-ақ хаттама жасалған уақыт көрсетiлетiн хаттама жасайды. Хаттама ұсталған адамға жарияланады, сезiк келтiрiлген адамның құқықтары, соның iшiнде оның қорғаушы шақыру және соның қатысуымен жауап беру құқығы түсiндiрiлiп, бұлар хаттамада көрсетiледi. Ұстау хаттамасына оны жасаған адам мен ұсталған адам қол қояды. Жүргiзiлген ұстау туралы анықтаушы мен тергеушi ұстау хаттамасы жасалған сәттен бастап он екi сағаттың iшiнде прокурорға жазбаша хабарлауға мiндеттi.
Қылмыс жасады деген сезiк бойынша ұсталған адам, егер:
1. Қылмыс жасады деген сезiк расталмаса
2. Ұсталған адамға қамауға алу түрiндегi бұлтартпау шарасын қолдануға негiз болмаса;
3. Ұстау Қылмыстық іс жүргізу Кодексiнің талаптарын бұзу арқылы жүргiзiлсе, анықтаушының, тергеушiнiң, прокурордың қаулысы бойынша босатылуға жатады.
4. Ұсталу кезiнен бастап жетпiс екi сағаттың iшiнде сезiктiге қатысты белгiленген тәртiппен қамауға алу түрiндегi бұлтартпау шарасы таңдалуға тиiс немесе ол босатуға жатады.
5. Егер ұстаған кезден бастап жетпiс екi сағаттың iшiнде ұсталушыны ұстау орнының бастығына анықтаушының, тергеушiнiң ұсталған адамға бұлтартпау шарасы ретiнде қамауға алуды қолдану туралы прокурор санкцияландырған қаулысы келiп түспесе, ұстау орнының бастығы ұсталушыны өзiнiң қаулысымен бiрден босатады және ол туралы iс жүргiзiп жатқан адамға және прокурорға хабарлайды.
6. Ұсталған адамды босату кезiнде соңғысына оны кiм ұстағандығы, ұстаудың негiзi, орны және уақыты, босатудың негiзi мен уақыты көрсетiлетiн анықтама берiледi.
Қылмыс жасады деген сезiк бойынша ұсталғандар уақытша ұстау изоляторларында ұсталады. Қылмыс жасады деген сезiкпен ұсталған әскери қызметшiлер мен жазасын бас бостандығынан айыру түрiнде өтеп жүрген адамдар тиiсiнше абақтыларда және Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнiң бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны орындайтын қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерiнде де ұсталды. Анықтаушы, тергеушi он екi сағаттың iшiнде оның отбасының кәмелетке толған мүшелерiнiң бiреуiне, ал олар болмаған жағдайларда - басқа туыстарына немесе жақын адамдарына сезiктiнiң ұсталғандығы және оның қай жерде екендiгi туралы хабарлауға немесе мұндай хабарлау мүмкiндiгiн сезiктiнiң немесе айыпталушының өзiне беруге мiндеттi.
Егер ұсталған адам басқа мемлекеттiң азаматы болып табылса, онда аталған мерзiмде ол мемлекеттiң елшiлiгi, консулдығы немесе өзгеде өкiлдiгi хабардар етiлуге тиiс.
Iстiң ерекше сипаты талап ететiн айрықша жағдайлар кезiнде тергеудiң бастапқы кезеңiнiң құпиясын сақтауды тиiсiнше қамтамасыз ету мақсатында прокурордың, оның орынбасарының санкциясымен көрсетiлген адамдарға хабарлау, сезiктi кәмелетке толмаған болып табылған жағдайды қоспағанда, ұстау кезiнен бастап жетпiс екi сағат бойы жүргiзiлмеуi мүмкiн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет