«Қылмыстық іс жүргізу құқығы» пәнінен студенттерге арналған Дәріс «Қылмыстық іс жүргізу құқығының түсінігі, міндеттері мен мақсаты» Жоспар



бет22/55
Дата19.05.2023
өлшемі164,9 Kb.
#94917
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   55
Байланысты:
Қылмыстық іс жүргізу құқығы лекция

Реферат тақырыбы:
1. Прокурорлық іс жүргізушілік жағдайы.
2. Қылмыстық іс жүргізу құқығының мақсаттары мен міндеттері.
3. Іс жүргізу мерзімдерін есептеу тәртібі.
4. Іс жүргізу мерзімдерін ұзарту мен қалпына келтіру тәртібі.
Тақырып бойынша тест:
1. Жәбірленушінің міндеті емес:
1. шынайы көрсетпелер беру
2. рұқсатсыз тұрғылықты жерден ешқайда кетпеу
3. салыстырмалы зерттеу үшін үлгілер беру
4. сот залында тәртіпті сақтау
5. шақыру бойынша келу
2 .Анықтау жүргізуші тұлға дербес түрде шешім қабылдай алады:
1. қылмыстық істі қозғай жөнінде
2. сезіктіні ұстау жөнінде
3. тінтіу өндірісі жөнінде
4. оқиға болған жерді қарау өндірісі жөнінде
5. айыпталушы ретінде тану жөнінде
3 .Егер қылмыс нәтижесінде жәбірленуші өлсе оның жақын туыстары іс бойынша:
1. жәбірленуші болады
2. өкіл болады
3. азаматтық талапкер болады
4. қылмыстық іс боқтатылады
5. қылмыстық іс қозғалмайды
4 .Процессуалды мерзімдер қалай есептелінеді?
1. сағатпен, тәулікпен және айлармен
2. минутпен, сағатпен және күндермен
3. тәулікпен, айлармен және жылдармен
4. айлармен, кварталмен және жылдармен
5. тек қана айлармен
5.Дәлелдеменің қайнар көзі болып табылмайды
1. оқиға болған жерді қарау хаттамасы
2. тергеу экспериментінің хаттамасы
3. маманның анықтамасы
4. қызметтік іздеу итін пайдалану хаттамасы
5. кінәсін мойындап келу


Дәріс 6. Дәлелдемелер мен дәлелдеу
Жоспар:
1. Дәлелдемелер ұғымы
2. Дәлелдеу
1.Анықтаушы, тергеушi, прокурор, сот Қылмыстық іс жүргізу Кодексте белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде көзделген әрекеттердiң болғандығын немесе болмағандығын, айыпталушының бұл әрекеттi жасағандығын немесе жасамағандығын және айыпталушының кiнәлiлiгiн не кiнәлi емес екендiгiн, сондай-ақ iстi дұрыс шешу үшiн маңызы бар өзге де мән-жайларды анықтайтын заңды түрде алынған iс жүзiндегi деректер қылмыстық iс бойынша дәлелдемелер болып табылады. Қылмыстық iстi дұрыс шешу үшiн маңызы бар iс жүзiндегi деректер сезiктiнiң, айыпталушының, жәбiрленушiнiң, куәнiң көрсетулерiмен; сарапшының қорытындысымен; заттай айғақтармен; iс жүргiзу әрекеттерiнiң хаттамаларымен және өзге де құжаттармен анықталады. Iс жүзiндегi деректер, егер олар Қылмыстық іс жүргізу Кодекстiң талаптарын бұза отырып, процеске қатысушыларды олардың заңмен кепiлдiк берiлген құқықтарынан айыру немесе оларды қысу жолымен немесе қылмыстық процестiң өзге де ережелерiн бұзумен, оның iшiнде:
1. Қинау, күш қолдану, қорқыту, алдау, сонымен бiрге өзге де заңсыз iс-әрекеттер арқылы;
2. Оларға түсiндiрмеудiң, толық немесе дұрыс түсiндiрмеудiң салдарынан туындаған қылмыстық процеске қатысушы адамдардың өз құқықтары мен мiндеттерiне қатысты жаңылуын пайдалану арқылы;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет