«Қылмыстық іс жүргізу құқығы» пәнінен студенттерге арналған Дәріс «Қылмыстық іс жүргізу құқығының түсінігі, міндеттері мен мақсаты» Жоспар



бет29/55
Дата19.05.2023
өлшемі164,9 Kb.
#94917
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   55
Байланысты:
Қылмыстық іс жүргізу құқығы лекция

2. Бұлтартпау шаралары:
1. Ешқайда кетпеу және өзiн дұрыс ұстау туралы қол қойдыру
2. жеке кепiлдiк беру
3. әскери қызметшiнi әскери бөлiм командованиесiнiң бақылауына беру;
4. кәмелетке толмағанды қарауға беру;
5. кепiл болу;
6. үйде қамауда ұстау;
7. қамау болып табылады.
Бұлтартпау шарасы және оның қайсысын қолданудың қажеттiгi туралы мәселенi шешу кезiнде тағылған айыптаудың ауырлығы, айыпталушының жеке басы, оның жас мөлшерi, денсаулық жағдайы, отбасы жағдайы, немен шұғылданатындығы, мүлiктiк жай-күйi, тұрақты тұратын жерiнiң бар-жоғы және басқа мән-жайлар ескерiлуге тиiс. Айыпталушыға (сезiктiге) бiр мезгiлде екi және одан да көп бұлтартпау шараларын қолдануға болмайды.
Қылмыстық процестi жүргiзушi орган бұлтартпау шараларын қолдану туралы адамға ол сезiктi болған немесе айыпталатын қылмыс пен осы бұлтартпау шарасын қолдану үшiн негiздiң көрсетiлуiн қамтитын қаулы шығарады. Қаулының көшiрмесi соған қатысты шығарылған адамға тапсырылады және бұлтартпау шарасын қолдану туралы шешiмге шағымданудың тәртiбi түсiндiрiледi.
Бұлтартпау шарасы оған қажеттiлiк болмаған кезде тоқтатылады немесе мұның өзi iстiң мән-жайы туғызған неғұрлым қатаң немесе жұмсақ шараға өзгертiледi. Бұлтартпау шарасын тоқтату немесе өзгерту анықтаушының, тергеушiнiң, прокурордың немесе судьяның дәлелдi қаулысы бойынша не соттың дәлелдi қаулысы бойынша жүргiзiледi. Бұл ретте прокурор санкцияландырған немесе қолданған, немесе оның жазбаша нұсқауы бойынша, сондай-ақ алдын ала тергеуде соттың шешiмi бойынша таңдалған бұлтартпау шарасы прокурордың келiсiмiмен ғана тоқтатылуы немесе өзгертiлуi мүмкiн.
Бақылау сұрақтары:
1. Қылмыстық іс жүргізудегі мәжбүрлеу шараларының түрлері.
2. Қамауға алудың негізі.
3. Қылмыскер адамды ұстау тәртібі.
4. Сезікті адамды жеке тінту.
5. Қылмыс жасады деген сезік бойынша ұсталған адамды босатудың негіздері
Глоссарий:
1. «Бас бостандығынан шектеу» - сотталған адамдарды қоғамнан оқшауламай арнаулы
мекемеде қадағалауды жүзеге асыру жағдайында ұстау
2. «Қамау» - сотталған адамдарды бір айдан алты ай мерзімге қоғамнан қатаң оқшаулау
түріндегі жазаның негізгі түрі
3. «Тәртіптік әскери бөлімде ұстау» - келісім-шарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген,
сотталған әскери қызметшілерге, сондай-ақ шақыру бойынша әскери қызметін өтеп
жүрген әскери қызметшілерге, егер олар сот үкімі шығанған кезде заңда белгіленген
шақыру бойынша қызмет өткеру мерзімін өткермеген кезде тағайындалады.
4. «Бас бостандығынан айыру» - сотталған адамды сот белгіленген мерзімде күшпен
қоғамнан оқшаулап, оны арнайы белгіленген түзеу мекемелеріне орналастыруды жүзеге
асыру табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет