«Қылмыстық іс жүргізу құқығы» пәнінен студенттерге арналған Дәріс «Қылмыстық іс жүргізу құқығының түсінігі, міндеттері мен мақсаты» Жоспар



бет30/55
Дата19.05.2023
өлшемі164,9 Kb.
#94917
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   55
Байланысты:
Қылмыстық іс жүргізу құқығы лекция

Реферат тақырыбы:
1. Қамауға алудың негізі.
2. Кепіл беру.
3. Қолхат алудың негіздері.
4. Сезікті адамды жеке тінтудің құқықтық тәртібі.
Тақырып бойынша – тест.
1.Бұлтартпау шарасы болып табылмайды
1)келу жөніндегі міндет
2)кәмелеттік жасқа толмағанды қарауға беру
3)әскери бөлімнің қарауынаберу
4)кепіл
5)жеке кепілдік
2.Бұлтартпау шарасын қолданудың мақсаты болып табылмайды
1)үкімді орындауды қамтамасыз ету
2)айыпталушының келуін қамтамасыз ету
3)қылмыстық іс-әрекеттің алдын алу
4)айыпталушының мойындау көрсетпелерін алу
5)алдын –ала тергеуге кедергі келтірмеу
3.Қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолданудың заңсыздығына кім шағым беруге құқықты емес?
1)сезікті немесе айыпталушы
2)айыпталушының заңды өкілі
3)қорғаушы
4)прокурор
5)барлығы шағым беруге құқықты
4.Қандай бұлтартпау шарасы прокурордың санкциясымен қолданылады
1)кәмелеттік жасқа толмағанды қарауға беру
2)әскери бөлімнің командованиясының қарауына беру
3)кепіл
4)жеке кепілдік
5)барлығы санкциясыз қолданылады
5.Кімді мәжбүрлі түрде әкелуге болмайды
1)жәбірленушіні
2)куәні
3)сезіктіні
4)айыпталушыны
5)маманды
6.Бұлтартпау шараларының қылмыстық процестегі өзге де мәжбүрлеу шараларына айырмашылығы неде?
1)оларды қолдану қылмыстық іс жүргізу заңымен реттелген
2)тек айыпталушыға қолданылады, ал ерекше жағдайларды – сезіктіге
3)іс бойынша өндіріс үшін пайда болған кедергілерді жоюды мақсат етеді
4)белгіленген заң тәртібінде қолданылады
5)қылмыстық істі қозғағанға дейін қолданылуы мүмкін


Дәріс 8. Қылмыстық іс жүргізудегі мүліктік мәселелер.
1. Қылмыстық процестегі азаматтық талап
2. Азаматтық талапты қою және бас тарту. Азаматтық талапкер деп тану
3. Азаматтық талап бойынша шешім шығару
1. Қылмыстық процесте жеке және заңды тұлғалардың есi кiресiлi-шығасылы адамның тiкелей қылмысымен немесе қоғамға қауiптi әрекетiмен келтiрiлген мүлiктiк және моральдық зиянды өтеу туралы, сондай-ақ жерлеуге, зардап шеккен адамды емдеуге кеткен шығыстарды, оған сақтандыру өтем ретiнде төленген сомаларды, жәрдемақыны немесе зейнетақыны, сондай-ақ өкiлдiкке шыққан шығыстарды қоса алғанда анықтау, алдын ала тергеу iсiне және сотқа қатысуымен байланысты шыққан шығыстарды өтеу туралы азаматтық талаптары қаралады. Азаматтық талап айыпталушыға немесе айыпталушының әрекетi үшiн материалдық жауап беретiн адамдарға қойылады және қылмыстық iспен бiрге қаралады. Талапкер қылмыстық iсте азаматтық талап қойған кезде мемлекеттiк баж төлеуден босатылады. Қылмыстық iстен туындайтын азаматтық талаптың соттылығы ол талап қойылған қылмыстық iстiң соттылығымен айқындалады.
2. Есi кiресiлi-шығасылы адамның қылмысы немесе Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде көзделген әрекетi нәтижесiнде зиян шеккен адам не оның өкiлi қылмыстық iс қозғалған кезден бастап, бiрақ сот тергеуi басталғанға дейiн кез келген уақытта азаматтық талап қоюға құқылы. Азаматтық талап жазбаша нысанда берiледi.
Талапта қандай қылмыстық iс бойынша, кiм, кiмге, қандай негiзде және қандай мөлшерде азаматтық талап қоятыны көрсетiледi, сондай-ақ зиянды өтеу үшiн нақтылы ақша сомасын немесе мүлiктi өндiру туралы өтiнiш жазылады. Азаматтық талаптың негiзiн және талаптың мөлшерiн нақтылау қажет болған кезде ол адам қосымша азаматтық талап қоюға құқылы. Айыпталушы ретiнде жауапқа тартылатын адамның анықталмауы қылмыстық iсте азаматтық талап қоюға бөгет болмайды. Қылмыстық процесте азаматтық талап қоймаған адам, сондай-ақ талабын сот қарамай қалдырған адам оны азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен қоюға құқылы. Қылмыстық iзге түсу иммунитетiнiң болуына байланысты айыпкер ретiнде жауапқа тартуға болмайтын адамға азаматтық талап азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен қойылуы мүмкiн.
Егер қылмыстық iс материалдарынан ақыл-есiнен айырылған адам қылмысы арқылы немесе Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде тыйым салынған әрекетiмен азаматқа немесе заңды тұлғаға зиян келтiрген деп қаралса, анықтаушы, тергеушi, прокурор немесе сот оларға немесе олардың өкiлдерiне азаматтық талап қою құқығы бар екенiн түсiндiредi.
3. Айыптау үкiмi шығарылғанда немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы қаулы шығарылғанда, сот азаматтық талапты толық немесе iшiнара қанағаттандырады не оны қанағаттандырудан бас тартады. Азаматтық талап толық немесе iшiнара қанағаттандырылған жағдайда сот үкiмде үкiмнiң азаматтық талап бөлiгiнде ерiктi түрде орындау үшiн арналған мерзiмiн көрсетедi. Мәжбүрлеп орындау атқарушы iс жүргiзу туралы заңдарда белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. Азаматтық талап бойынша жан-жақты есептi қылмыстық iстi тергеудi кейiнге қалдырмай жүргiзу мүмкiн болмаған кезде сот азаматтық талапкердiң талабын қанағаттандыру құқығын танып, оның мөлшерi туралы мәселенi азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен соттың қарауына бере алады.
4. Белгiлi бiр ақтау үкiмi шығарылған кезде, сонымен қатар медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөнiндегi iстi тоқтату туралы қаулы шығарылғанда сот:
1) егер қылмыс оқиғасы немесе Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiмен тыйым салынған әрекет анықталмаса не сотталушы адамның немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселесi шешiлген адамның қылмыс жасауға немесе Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiмен тыйым салынған әрекетке қатысқаны дәлелденбесе, азаматтық талапты қанағаттандырудан бас тартады;
2) сотталушы қылмыс құрамының болмауына байланысты ақталған жағдайда не өзi жасаған әрекеттiң сипатына және өзiнiң жай-күйiне қарай қоғам үшiн қауiп төндiрмейтiн және мәжбүрлеп емдеуге мұқтаж емес адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануға негiздердiң болмауына байланысты iс тоқтатылғанда талапты қарамайды.
Қылмыстық процестi жүргiзушi орган адамды толық немесе iшiнара ақтау туралы шешiм қабылдай отырып, оның келтiрiлген зиянның өтелуiне құқығын да тануы тиiс. Ақтау үкiмiнiң немесе қылмыстық iстi қысқарту туралы, өзге де заңсыз шешiмдердiң күшiн жою немесе өзгерту туралы қаулының көшiрмесi мүдделi адамға тапсырылады не почта арқылы жiберiледi. Сонымен бiрге оған зиянның өтелу тәртiбi түсiндiрiлген хабарлама да жолданады. Залалдың өтелуiне құқығы бар қайтыс болған адамның мұрагерлерiнiң, туыстарының немесе асырауындағылардың тұратын жерлерi туралы мәлiмет болмаған жағдайда хабарлама олар қылмыстық процестi жүргiзушi органға өтiнiш жасаған күннен бастап бес күннен кешiктiрiлмей жолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет