Бақылау сұрақтары: 1. Алдын – ала тергеу және анықтау.
2. Алдын ала тергеудің міндеттері. Анықтаушы мен тергеуші функциялары.
3. Тергеу іс - әрекеттерінің жалпы ережелері.
4. Айыпталушы ретінде жауапқа тарту негіздері.
5. Жауап алу негіздері.
6. Беттестіру негіздері.
Глоссарий: 1. «Өкілдер» – заңның немесе келісімнің күшіне орай жәбірленушінің, азаматтық талапкердің, азаматтық жауапкердің заңды мүдделерін білдіруге уәкілдік берілген адамдар.
2. «Заң консультациясы» –адвокаттар алқаларының құрылымдық бөлімшесі (филиалы) болып табылады. Заң консультациясы адвокаттар жалпы жиналысы (конференциясы) бекіткен Ереже негізінде іс қимыл жасайды.
3. «Қорғаушы» –заңда белгіленген тәртіппен сезіктілер мен айыпталушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын және оларға заң көмегін көрсететін адам. Адвокаттарға, айыпталушының жұбайына , жақын туыстарына немесе заңды өкілдеріне, өз бірлестіктері мүшелерінің істері бойынша кәсіподақтың және басқа да қоғамдық бірлестіктердің өкілдеріне қорғаушы ретінде жол беріледі.
4. «Импичмент»- көптеген елдерде мемлекеттің жоғары лауазымды басшысын жауапкершілікке тартудың заңмен белгіленген процедурасы әрі айырықша тәртібі.
5. «Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу» - лауазымды адамның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы ұйым құруы, не мұндай ұйымды басқаруға тікелей өзі немесе заңмен белгіленген тыйым салуға қарамастан сенім білдірген адам арқылы қатысуы
6. «Салақтық» -лауазымды адамның қызметіне адал қарамауы немесе ұқыпсыз қарауы саллдарынан өз міндеттерін орындамауы немесе лайықты орындамауы
Реферат тақырыбы: 1. Тергеу іс - әрекеттерінің жалпы ережелері.
2. Айыпталушы ретінде жауапқа тарту негіздері.
3. Жауап алу негіздері.
Тақырып бойынша – тест. 1.Анықтаудың алдын-ала тергеуден айырмашылығы мынада 1)анықтау өндірісі кезінде мәжбүрлеу шаралары қолданылады
2)анықтауды жүргізуші тұлға процессуалды дербестікке ие болмайды
3)тергеу қылмыстық істі қозғағаннан кейін жүргізіледі
4)тергеу барысында тергеу әрекеттері жүргізіледі
5)анықтаудың алдын-ала тергеуден айырмашылығы жоқ