2.Алдын-ала тергеу міндентті болып табылатын істер бойынша анықтау мына мерзімнен кем болмайтын уақытта аяқталуы тиіс 1)10 тәулік
2)14 тәулік
3)1 ай
4)2 ай
5)мерзім заңмен шектелмеген
3.Алдын-ала тергеу міндетті болып табылатын істер бойынша анықтау органы мынаған құқықты 1)тұлғаны азаматтық жауапты ретінде тарту жөнінде қаулыны шығару
2)куәландыру өндірісі жөнінде қаулыны шығару
3)айыпталушыдан жауап алу
4)куәлар арасында беттестіру жүргізу
5)тергеу экспериментін жүргізу
4.Алдын-ала тергеу сатысының мақсаты болып табылмайды 1)дәлелдемелерді жинау
2)сезікті және айыпталушының құқықтарын қорғау
3)қылмысты ашу
4)ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық істі қысқарту
5)қылмысты жасауға ықпал еткен шарттар мен себептерді анықтау
5.Алдын-ала тергеу мерзімі 1)10 күн
2)1 ай
3)2 ай
4)3 ай
5)6 ай
Дәріс 11. Тергеу іс – әрекеті Жоспар: 1. Жауап алу мен беттестіру
2. Тексеру, эксгумация және куәландыру
3. Тану
4. Тінту мен алу
5. Хат – хабарды тұтқындау. Хабарламаларды жолдан ұстау. Сөйлесулерді тыңдау мен
жазу.
6. Сот сараптамасы
7. Айыпталушыны іздестіру
8. Айыптау қорытындысы
1.Куә, жәбiрленушi, сондай-ақ бостандықта жүрген сезiктi, айыпталушы жауап алуға олардан қолхат ала отырып тапсырылатын хабарлау қағазы арқылы шақыртылады, ал олар болмаған жағдайда кәмелетке толған отбасы мүшелерiнiң, көршiлерiнiң, жергiлiктi атқарушы орган өкiлдерiнiң бiрi арқылы немесе олардың жұмыс немесе оқу орындарының әкiмшiлiгi арқылы тапсырылады. Жауап алынатын адам өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып шақыртылуы мүмкiн. Хабарлау қағазында кiмнiң және кiм ретiнде, кiмге және қандай мекен жай бойынша шақыртылатыны, жауап алуға келетiн уақыт (күнi, сағаты), сондай-ақ дәлелсiз себептермен келмеудiң салдары көрсетiледi. Кәмелетке толмаған адам оның ата-анасы немесе өзге заңды өкiлдерi арқылы шақыртылады. Күзетпен ұстаудағы сезiктi және айыпталушы жауап алуға ол күзетте ұсталып отырған орынның әкiмшiлiгi арқылы шақыртылады.
Жауап алу алдын ала тергеу өтетiн жерде жүргiзiледi. Тергеушi қажет деп тапқан жағдайда жауап алуды жауап алынатын адам тұратын жерде жүргiзуге құқылы.
Жауап алу кейiнге қалдыруға болмайтын жағдайлардан басқасында күндiзгi уақытта жүргiзiледi. Жауап алу үзiлiссiз төрт сағаттан артық жүргiзiлмеуге тиiс. Жауап алуды демалу мен ас iшуге арналған кемiнде бiр сағат үзiлiстен кейiн жалғастыруға жол берiледi, мұның өзiнде жауап алудың бiр күн iшiндегi жалпы ұзақтығы сегiз сағаттан аспауға тиiс.
Медициналық дәлелдер болған жағдайда жауап алудың ұзақтығы дәрiгердiң жазбаша қорытындысының негiзiнде белгiленедi.
Жауап алудың алдында тергеушi жауап алынатын адамның жеке басын анықтауға тиiс. Егер жауап алынатын адамның iс бойынша iс жүргiзiлiп отырған тiлдi бiлетiндiгiне күмән туса, оның қай тiлде жауап бергiсi келетiнi анықталады. Жауап алуға шақырылған адамға одан кiм ретiнде, қандай қылмыстық iс бойынша жауап алынатыны хабарланады, құқықтары мен мiндеттерi түсiндiрiледi, бұл туралы хаттамаға белгi қойылады.
Жауап алу жауап алынатын адамға iс бойынша өзiне белгiлi мән-жайларды айтуды ұсынудан басталады. Егер жауап алынатын адам iске мүлде қатысы жоқ мән-жайлар туралы айтса, оған бұл туралы ескертiлуге тиiс. Еркiн баяндау аяқталғаннан кейiн жауап алынып отырған адамға айғақтарды нақтылау мен толықтыруға бағытталған сұрақтар қойылуы мүмкiн. Жетектеушi сұрақтар қоюға тыйым салынады. Егер айғақтар цифрлық деректермен немесе есте сақтау қиын өзге мәлiметтермен байланысты болса, жауап алынатын адам өзiнiң өтiнiшi бойынша немесе оның келiсiмiмен хаттамаға қоса тiркелуi мүмкiн құжаттар мен жазбаларды пайдалануға құқылы. Жауап алу барысында тергеушi жауап алынып отырған адамға заттай дәлелдер мен құжаттарды көрсете алады, ал еркiн баяндау аяқталғаннан кейiн қылмыстық iс материалдарындағы айғақтарды жария ете алады, дыбыс және бейнежазбаларды немесе кино түсiру материалдарын тыңдатып, көрсете алады.
Мылқау немесе саңырау куәдан, жәбiрленушiден, сезiктiден, айыпталушыдан жауап алу оның белгiлерiн түсiнетiн және онымен белгiлер арқылы сөйлесе алатын адамның қатысуымен жүзеге асырылады. Мұндай адамның жауап алуға қатысуы хаттамада көрсетiледi.
Жауап алынатын адамның психикалық немесе өзге ауыр науқасы болғанда одан жауап алу дәрiгердiң рұқсатымен және оның қатысуымен жүзеге асырылады.
Тергелетiн iстiң мән-жайлары бойынша бұрын берiлген айғақтарды нақтылау немесе толықтыру қажеттiлiгi пайда болған жағдайда қайтадан (қосымша) жауап алу жүргiзiлуi мүмкiн.
Бiр iс бойынша шақырылған куәлардан, жәбiрленушiлерден басқа куәлардан және жәбiрленушiлерден бөлек жауап алынады. Тергеушi бiр iс бойынша шақырылған куәлар, жәбiрленушілер жауап алу басталғанға дейiн өзара сөйлеспейтiндей шаралар қолданады.
Жауап алу алдында тергеушi куәнiң, жәбiрленушiнiң айыпталушыға немесе сезiктiге қандай қатысы бар екенiн анықтайды, оларға iс жүргiзудегi құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiредi, айғақ беруден бас тартқаны үшiн қылмыстық жауапкершiлiгi туралы ескертедi. Бұл ретте тергеушi куәгерге, жәбiрленушiге өзiнiң, ерiнiң (зайыбының), жақын туыстарының, қылмыс жасағанын ашатын, сондай-ақ дiни қызметшiге тәубе үстiнде оған iшкi сырын сенiп ашқан адамдарға қарсы айғақтар беруден бас тартуға құқығы бар екенiн түсiндiруге мiндеттi.
Он төрт жасқа дейiнгi куәдан немесе жәбiрленушiден жауап алуға қатысу үшiн, ал тергеушiнiң қалауы бойынша он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi куәдан немесе жәбiрленушiден жауап алуға қатысу үшiн педагог шақыртылады. Кәмелетке толмаған куәдан немесе жәбiрленушiден жауап алу кезiнде оның заңды өкiлдерi қатысуға құқылы. Он алты жасқа дейiнгi куәлар мен жәбiрленушiлерге айғақ беруден бас тартқаны үшiн және көрiнеу жалған айғақ бергенi үшiн жауапкершiлiк туралы ескертiлмейдi. Мұндай куәлар мен жәбiрленушiлерге iс жүргiзудегi құқықтары мен мiндеттерi түсiндiрiлген кезде оларға тек шындықты ғана айтудың қажет екенi атап көрсетiледi. Кәмелетке толмаған куә мен жәбiрленушiге өздерiнiң немесе жақын туыстарының қылмыс жасағанын ашатын айғақтар беруден бас тарту құқығы түсiндiрiледi.