Апелляциялық шағымда, наразылықта:
1. Шағым, наразылық жолданып отырған соттың атауы;
2. Іс жүргiзiлгендегi жағдайы, тұрғылықты жерi немесе жүрген жерi көрсетiле отырып, шағым жасаған немесе наразылық келтiрген адам туралы деректер;
3. Шағым жасалып, наразылық келтiрiлiп отырған үкiм немесе қаулы және осы шешiмдi шығарған соттың атауы;
4. Үкiмге, қаулыға толық немесе оның бiр бөлiгiне шағым жасалып, наразылық келтiрiлiп отырғанын көрсету;
5. Шағым, наразылық келтiрген адамның пiкiрiнше сот үкiмiнiң, қаулысының дұрыс еместiгi неде екендiгi жөнiндегi дәлелдерi және оның өтiнiшiнiң мәнi;
6. Арыз берушi өз талаптарына негiз ететiн, соның iшiнде бiрiншi сатыдағы сот зерттемеген дәлелдемелер;
7. Шағымға, наразылыққа қоса тiркелiп отырған материалдардың тiзбесi;
8. Шағым, наразылық келтiрiлген күн және шағым, наразылық келтiрген адамның қолы болуға тиiс.
Бақылау сұрақтары:
1. Аппеляция дегеніміз не
2. Наразылық беру тәртібі
3. Үкімді қайта қарау тәртібі.
Глоссарий:
1. «Алдын ала тергеу» - өкілетті органдардың ҚР ҚІЖК сәйкес белгіленген өкілеттік шегінде істің мән – жайының жиынтығын анықтау, белгілеу, бекіту және қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту жөніндегі сотқа дейінгі қызметінің іс жүргізу нысаны.
2. «Алдын ала тергеу барысындағы шығарылатын қаулылар» – алдын ала тергеу процесінде ҚР ҚІЖК сәйкес қандай да бір іс жүргізу шешімін қабылдау кезінде тергеуші шығаратын қаулы. Онда оның жасалған орны мен уақыты, тергеушінің аты – жөні мен лауазымы, қабылданатын шешімнің мәнісі мен негіздері, қаулының ҚР ҚІЖК қай бабына сәйкес негізделіп шығарылатыны көрсетіледі. Қаулыға тергеуші қол қояды.
3. «Алдын ала тергеу жүргізу» – ҚР ҚІЖК 285-бабының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы бөлімдерінде көзделген қылмыстық істер бойынша, егер оларды жасады деп сезік келтірілген адам белгісіз болса немесе егер оларды кәмелетке толмағандар немесе өздерінің дене не психикалық кемшіліктеріне байланысты өзін қорғау құқығын өзі жүзеге асыра алмайтын адамдар жасаған болса, міндетті түрде жүргізілетін алдын ала тергеу.
Достарыңызбен бөлісу: |