Бақылау сұрақтары: 1. Аудандық және оған теңестірілген соттың соттауына жататын қылмыстық істер.
2. Облыстық соттар қарауына жататын қылмыстық істер.
3. ҚР жоғарғы соттың қарауына жататын істер.
Глоссарий: 1. «Айыпталушы» - өзіне қатысты айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулы шыққан адам не өзіне қатысты сотта жеке айыптайтын қылмыстық іс қозғалған адам, сондай-ақ оған қатысты анықтау органының бастығы айыптау хаттамасын жасаған (және) бекіткен адам.
2. «Азаматтық жауапкер» –қылмыстық іс бойынша іс жүргізудің барысында қойылған талапқа байланысты заң күшімен қылмысты не есі кіресіле – шығасылы адамның ҚР ҚК-мен тыйым салынған әрекетімен келтірілген зиян үшін мүліктік жауаптылықта болатын жеке немесе заңды тұлға.
3. «Азаматтық талапкер» -өзіне қатысты тікелей қылмыспен мүліктік залал келтірілді деп ұйғаруға жеткілікті негіз бар және оны өтеу туралы талап қойған жеке және заңды тұлға азаматтық талапкер болып танылады.
4. Заң актісі –Конституциялық заң, Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық заң күші бар Жарлығы, Кодекс, заң Қазақстан Республикасы Парламентінің қаулысы Сенат пен Мәжілістің қаулылары.
5. «Заңды түсіндіру» –органның немесе лауазымды адамның не азаматтың заңдарды білмеуі немесе дұрыс түсінбеуі салдарынан оларды дұрыс қолданбауға әкеліп соғатын жеткілікті негіздер бар деп санаған ретте, прокурор заңның мазмұнын, ал қажет болған жағдайда заңды бұзған үшін көзделетін жауапкершілікті түсіндіреді. Құқықтық актінің жобасы заңға сәйкес келмеген жағдайда прокурор актіні қабылдайтын органға немесе лауазымды адамға заңның талабын түсіндіреді.
6. «Заттай дәлелдемелер» –заттар, егер өзінің сыртқы түрімен, қасиеттерімен немесе өзге де белгілерімен іс үшін маңызы бар мән – жайды анықтау құралы бола алады деп ұйғаруға негіз болса.
7. «Заңдылық» –сот, прокурор, тергеуші, анықтау органы және анықтаушы қылмыстық істер бойынша іс жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы Конституциясының, ҚР ҚІЖК 10 бабының 1 бөлімінде көрсетілген өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарын дәл сақтауға міндеттігі.