«Қылмыстық іс жүргізу құқығы» пәнінен студенттерге арналған Дәріс «Қылмыстық іс жүргізу құқығының түсінігі, міндеттері мен мақсаты» Жоспар



бет49/55
Дата19.05.2023
өлшемі164,9 Kb.
#94917
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   55
Байланысты:
Қылмыстық іс жүргізу құқығы лекция

8. «Жаза» – соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбірлеу шарасы.
9. Жедел – іздестіру қызметі» - Қазақстан Республикасының “ Жедел – іздестіру қызметтері туралы” 1994 ж 15 қыркүйектегі Заңына сәйкес арнайы өкілетті мемлекеттік органдардың өзқұзіреті аумағында азаматттардың өмірін, денсаулығын, құқықтарын, бостандығымен мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың арнайы қызметің барлау-зиянкестік әрекеттерінен қорғау мақсатында жария және жедел – іздестіру, ұйымдық және басқару шараларын жүзегеасырудың ғылыми негізделген жүйесі.
10. «Жедел – іздестіру тобы» – тергеушілердің жедел – іздестіру қызметкерлерімен өзара әрекеттестігінің тиімді нысаны. Ең ауыр қылмыстарды ашу үшін құрылады. Бұндай топтарды құру, арқылы кейбір бақылау әрекеттерін бірлесіп жүргізу мақсатына сай бағытталған іздестіру қызметін тексеріп атқару, айқын ақпаратпен тергеу жедел іздестіру топтарының өзара бақылауы жүзеге асырылады.
11. «Жергілікті өзін өзі басқару» – Конституцияда тұрғын халықтың жергілікті мәні бар мәселелерін дербес шешетін демократиялық институт. Жергілікті өзін - өзі басқару тұрғын халық тікелей сайлау жолымен, сондай – ақ халық топтары жинақы тұратын аумақты қамтитын селолық және қалалық жергілікті қауымдастықтардағы сайланбалы және басқа жергілікті өзін - өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылады. Жергілікті өзін - өзі басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызмет тәртібін заңмен белгіленген шекте азаматтардың өздері белгілейді.
12. «Заңдар» – белгіленген тәртіппен қабылданған нормативтік құқықтық актілердің жиынтығы.
13. «Заң» - қоғамдық қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасы Конституциясында көзделген түбегейлі принциптер мен нормаларды белгілейтін, Қазақстан Республикасының Парламенті, ал Қазақстан Республикасы Конституциясы 53- бабының 4 – тармақшасында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасы Президенті қабылдайтын нормативтік құқықтық акт.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет