«Қылмыстық іс жүргізу құқығы» пәнінен студенттерге арналған Дәріс «Қылмыстық іс жүргізу құқығының түсінігі, міндеттері мен мақсаты» Жоспар



бет54/55
Дата19.05.2023
өлшемі164,9 Kb.
#94917
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55
Байланысты:
Қылмыстық іс жүргізу құқығы лекция

Реферат тақырыбы:
1. Басты сот талқылауы
2. Қылмыстық іс бойынша қосымша тергеу
3. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді уақытша тоқтату
4. Сот отырысы
Тақырып бойынша – тест.
1.Алдын-ала тергеу аяқталу кезінде кім қылмыстық іс материалдармен танысуға құқығы жоқ:
1) жәбірленушінің өкілі
2) айыпталушы
3) куә
4) азаматтық жауапкер
5) барлық жауаптар дұрыс емес
2.Егер қылмыстық іс бойынша екі айыпталушы болса, онда қанша айыптау қортындысы жасалады:
1. Біреу
2. Екі
3. қылмыс эпизотттарының санына байланысты
4. айыптау қортындысы жасалмайды
5. жауаптар дұрыс емес
3. Қылмыстық істі тергеушімен қысқарту үшін прокурордың келісімі қажет емес:
1. жағдайдың өзгеруіне байланысты
2. шын өкінуіне байланысты
3. мәжбүрлі тәрбиелеу шараларын кәмілеттік жасқа толмағандарға қатысты
4. қолдануға байланысты
5. мерзімінің өтуіне байланысты
4. Айыптау қорытындысының тұлғаны айыпталушы ретінде тарту жөніндегі қаулыдан айырмашылығы мынада:
1. соттық талқылаудың шегін анықтайды
2. іс бойынша анықталған нақты жағдайларды сипаттайды
3. өкілетті субъектімен қабылданады
4. алдын-ала тергеудің барысы мен нәтижесін сипаттайды
5. нақты айыпты көрсетеді
5.Алдын-ала тергеу сатысында сот анықтау және тергеу органдырының қандай қаулысына түсірілген шағымды қарай алады:
1. қылмыстық істі қозғаудан бас тарту жөніндегі
2. тінту жөніндегі
3. мүлікке тиым салу жөніндегі
4. тергеу мерзімін ұзарту жөніндегі
5. жоғарда көрсетілген барлық қаулыларға


Дәріс 15. Қылмыстық істердің жекелеген санаттары бойынша іс жүргізудің ерекшеліктері
Жоспар:
1. Кәмілетке толмағандардың қылмыстары туралы істер бойынша іс жүргізу
2. Артықшылықтар мен қылмыстық ізге түсуден иммунитеттері бар адамдардың істері бойынша іс жүргізудің ерекшеліктері
3. Айрықша іс жүргізу
1.Республика Парламентiнiң депутатына қатысты қылмыстық iстi Қазақстан Республикасының анықтау мен алдын ала тергеудi жүзеге асырушы мемлекеттiк органының басшысы ғана қозғауы мүмкiн. Қылмыстық iстiң қозғалуы туралы дереу Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры хабардар етiледi. Шұғыл тергеу қимылдарын жүргiзген соң iс қырық сегiз сағаттан кешiктiрiлмей Қазақстан Республикасының Бас прокуроры арқылы тергеушiге берiледi. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттарына қатысты iстер бойынша алдын ала тергеу iсiн жүргiзу мiндеттi.
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутатын өз өкiлеттiк мерзiмi iшiнде, қылмыс жасаған орнында қолға түсу немесе ауыр не аса ауыр қылмыстар жасау
жағдайларын қоспағанда, Парламенттiң тиiстi Палатасының келiсiмiнсiз қамауға алуға, мәжбүрлеп келтiруге, қылмыстық жауапқа тартуға болмайды.
Депутатты қылмыстық жауапқа тартуға, қамауға алуға, мәжбүрлеп келтiруге келiсiм алу үшiн Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Парламенттiң Сенатына немесе Мәжiлiсiне ұсыныс енгiзедi. Ұсыныс депутатқа айып тағу, қамауға алуға санкция беру, депутатты қылмыстық iзге түсу органынан мәжбүрлеп жеткiзу қажеттiгi туралы мәселенi шешу алдында енгiзiледi.
Егер Қазақстан Республикасы Парламентiнiң тиiстi Палатасы депутатты қылмыстық жауапқа тартуға келiсiм берсе, бұдан кейiнгi тергеу белгiленген тәртiппен осы бапта көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып жүргiзiледi.
Егер Қазақстан Республикасы Парламентiнiң тиiстi Палатасы қамауға алуға, мәжбүрлеп келтiруге келiсiм берсе, депутатқа осы бұлтартпау шараларын, iс жүргiзушiлiк мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселе белгiленген тәртiппен шешiледi.
Егер Қазақстан Республикасы Парламентiнiң тиiстi Палатасы депутатты қылмыстық жауапқа тартуға келiсiм бермеген жағдайда қылмыстық iс қысқартылуға жатады.
Егер Қазақстан Республикасы Парламентiнiң тиiстi Палатасы қамауға алуға, мәжбүрлеп келтiруге келiсiм бермеген жағдайда, депутатқа осы Кодексте белгiленген тәртiппен өзге бұлтартпау, iс жүргiзушiлiк мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкiн.
Қазақстан Республикасы Парламентi депутатына қатысты қылмыстық iстi тергеудiң заңдылығын қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Парламентi депутатына қатысты тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзуге осы Кодекске сәйкес прокурор рұқсат беруге тиiс санкцияны Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры бередi. Қазақстан Республикасы Парламентi депутатына қатысты қамау мерзiмiн ұзартуды қылмыстық іс жүргізу Кодексiнің 153-бабында көзделген тәртiппен Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры жүргiзедi.
Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес қылмыстық iзiне түсуден иммунитеттi мынадай адамдар пайдаланады:
Шет мемлекеттiң дипломатиялық өкiлдiктерiнiң басшылары, осы өкiлдiктердiң дипломатиялық қызметкерлерi және, егер олармен бiрге тұрса және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмаса, олардың отбасыларының мүшелерi.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет