1.Сот қадағалауы тәртiбiмен қайта қаралуы мүмкiн сот актiлерi: 1. Заңды күшiне енгеннен кейiн:
2. Бiрiншi сатыдағы соттардың үкiмдерi мен қаулылары;
3. Апелляциялық және қадағалау қаулылары сот қадағалауы тәртiбiмен қайта қаралуы мүмкiн.
Iстi тергеу немесе сотта қарау кезiнде азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын бұзуға жол берiлуi не заңды дұрыс қолданбаудан: 1. Кiнәсiздi соттауға;
2. Орташа ауыр қылмыс, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыпталған адамға
қатысты ақтау үкiмiн негiзсiз шығаруға немесе iстi негiзсiз қысқартуға;
3. Жәбiрленушiнi сот арқылы қорғалу құқығынан айыруға;
4. Сот тағайындаған жазаның қылмыстың ауырлығы мен сотталған адамның жеке басына сай келмеуiне әкеп соғуы заңды күшiне енген үкiмдер мен қаулыларды қайта қарауға негiз болып табылады.
Заңды күшiне енген сот актiлерi, егер: 1. Сот актiсi мемлекеттiк немесе қоғамдық мүдделердi, мемлекет қауiпсiздiгiн қозғаса не адамдардың өмiрi, денсаулығы үшiн орны толмас ауыр салдарларға әкеп соқтыруы мүмкiн болса;
2. Адам өлiм жазасына сотталған үкiм апелляциялық қарау нысанасы болмаса, қайтағқаралады.
3. Өлiм жазасы туралы заңды күшiне енген үкiмдер де өлiм жазасын орындауға мораторийдiң күшi жойылғаннан кейiн қайта қаралуы мүмкiн.
2. Соттың заңды күшiне енген үкiмнiң, қаулысының күшi жойылуы және iс бойынша жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты iс жүргiзу қайта басталуы мүмкiн.
Жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудi қайта бастаудың негiздерi: 1. Соттың заңды күшiне енген үкiмiнде анықталған жәбiрленушiнiң немесе куәгердiң айғақтарының, сарапшы қорытындысының көрiнеу жалғандығы, сондай-ақ заңсыз немесе негiзсiз үкiм не қаулы шығаруға әкеп соққан заңсыз немесе негiзсiз үкiм не қаулы шығаруға әкеп соққан заттай айғақтардың, тергеу және сот iс-әрекеттерi хаттамаларының және өзге де құжаттардың жалғандығы немесе аударманың көрiнеу бұрыс жасалуы;
2. Соттың заңды күшiне енген үкiмiнде анықталған анықтаушының, тергеушiнiң немесе прокурордың заңсыз және негiзсiз үкiм, қаулы шығаруға әкеп соққан қылмыстық iс- әрекеттерi;
3. Соттың заңды күшiне енген үкiмiнде анықталған судьялардың осы iстi қарау кезiнде жасаған, қылмыстық iс-әрекеттерi;
4. Үкiм шығару кезiнде сотқа беймәлiм болған өзге де мән-жайлар сотталушының айыпсыздығы туралы немесе оның ауырлық дәрежесi жөнiнен өзi сотталғаннан гөрi өзге қылмыс жасағаны туралы не ақталған адамның немесе өзiне қатысты iс тоқтатылған адамның айыптылығын өз алдына немесе бұрын анықталған мән-жайлармен бiрге айғақтайтын ұйғарымдар;
5. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң соттың сот актiсiн шығару кезiнде қолданған заңын конституциялық емес деп тануы болып табылады.