Үшіншіден, бұл іс-әрекеттерді жүргізу жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың міндеттерін шешуге бағытталған.
Жедел-іздестіру қызметі туралы Заңның 7 бабына сәйкес жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың міндеттері келесідей:
А) жеке және заңды тұлғалардың заңмен қорғалатын құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін, меншікті, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қорғау, оның экономикалық және қорғаныс әлеуетін нығайту үшін өз құзыретіне сәйкес қажетті әрекеттерді қолдану;
Б) жедел-іздестіру әрекеттерін жүзеге асыру арқылы қылмыстарды анықтауды, олардың алдын алуды, оларды болдырмауды және ашуды, қылмыстық процесте пайдалану үшін олардың нәтижелерін орнықтыруды қамтамасыз етуге, өздерінің қарауындағы қылмыстық істер бойынша жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу жөнінде тергеушінің жазбаша тапсырмаларын, прокурордың нұсқауын, сондай-ақ соттың ұйғарымын орындау;
В) қоғам мен мемлекет қауіпсіздігіне қатер төнгенін дәлелдейтін өздеріне белгілі болған жайттар мен деректерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік өкімет пен басқару органдарына дер кезінде хабарлау;
Г) құқықтық көмек туралы шарттар (келісімдер) негізінде тиісті халықаралық құқық қорғау ұйымдары мен шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарының тілектерін орындау;
Д) жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу кезінде, сондай-ақ қылмыстық процесте пайдалану үшін жүргізілген жедел-іздестіру әрекеттерінің нәтижелерін бейнелейтін материалдарды беру кезінде астыртын жағдайды қамтамасыз ету және хабарлама көздері құпиясының ашылуына жол бермеу жөніндегі қажетті шараларды қолдану.
Достарыңызбен бөлісу: |