МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
I-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ ЖЕДЕЛ-ІЗДЕСТІРУ ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ ҰҒЫМЫ, ОНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ, ЖАРИЯ ЖӘНЕ ЖАСЫРЫН ЖЕДЕЛ-ІЗДЕСТІРУ ӘРЕКЕТТЕРІНЕ ЖІКТЕЛУІ.......................6
§1. Қылмыстық процестегі жедел-іздестіру
әрекеттерінің ұғымы және оның белгілері...........................................................6
§2. Қылмыстық процестегі жедел-іздестіру
әрекеттерінің жария және жасырын
жедел-іздестіру әрекеттеріне жіктелуі...............................................................22
ІІ-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ ЖАРИЯ ЖӘНЕ ЖАСЫРЫН ЖЕДЕЛ-ІЗДЕСТІРУ ӘРЕКЕТТЕРІН ЖҮРГІЗУ................................................27
§3. Қылмыстық процестегі жедел-іздестіру әрекеттерін
жүргізу негіздері....................................................................................................27
§4. Қылмыстық процестегі жедел-іздестіру
әрекеттерін жүргізу шарттары.............................................................................35
§5. Қылмыстық процестегі жария және
жасырын жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізудің
ерекшеліктері.........................................................................................................39
§6. Қылмыстық процестегі жария және
жасырын жедел-іздестіру әрекеттерінің
нәтижелерін құжаттандыру..................................................................................51
ІІІ-тарау. ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ ЖЕДЕЛ-ІЗДЕСТІРУ ӘРЕКЕТТЕРІН ЖҮРГІЗУ БАРЫСЫНДА АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН БОСТАНДЫҚТАРЫН САҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІН ЖЕТІЛДІРУ...........................................................................................................55
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................62
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................65
КІРІСПЕ
Қылмыстарды тез және толық ашуда, оларды жасаған адамдарды әшкерелеуде және қылмыстық жауапқа тартуда тергеу іс-әрекеттерімен бірге жедел-іздестіру әрекеттерінің де рөлі аз емес. Әдетте, қылмыстарды ашумен байланысты жұмыс осы жедел-іздестіру қызметі арқылы басталады. Кейде жедел-іздестіру әрекеттерін, әсіресе жасырын жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу нәтижесінде қылмыстық іс жүргізушілік іс-әрекеттер жүргізу кезінде алу мүмкін емес қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер алынады.
Жедел-іздестіру қызметі уақыты бойынша қылмысты табу сәтіне біршама жақын, негізінен ол дереу қылмыс ізіне түседі және оның міндетіне тек қылмысты табу, алдын-алу, жолын кесу және ашу ғана емес, сондай-ақ қылмысты дайындап жатқан, жасап жатқан немесе жасаған тұлғаларды табу және анықтау жатады.
Басқаша айтқанда, жедел-іздестіру қызметінің нәтижелері бойынша қоғамға қауіпті әрекет фактісінің өзін, әрі оған қатысты тұлғаны анықтауға мүмкіндік пайда болады. Міне сондықтанда, жедел-іздестіру қызметінің нәтижелері қылмыстық іс қозғаудың және соған сәйкес қылмыстық сот ісін жүргізудің басталуының себебі мен негізі болады.
Анықтау органының, прокурордың, тергеушінің немесе соттың қылмыстық іс жүгізушілік қызметінің жүзеге асырылуы процесі барысында жедел-іздестіру әрекеттері мен тергеу әрекеттерінің байланысын жоққа шығаруға болмайды. Тергеу барысында тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру әрекеттері бір-бірімен ұйымдастырушылық шараларымен, басқарушылық және процессуалдық шешімдерімен тығыз байланыстырылады. Мысалы,
Қазіргі кезде ұйымдасқан қылмыстылық, кәсіби қылмыстылық, экономикалық қылмыстылық, ұлтаралық қылмыстылық, тағы да сол сияқты қылмыстық құбылыстардың өршуі кезінде қылмыстардың алдын алу, оларды кесу және ашуда жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізуді кең қолдану заман талабы.
Жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізуді негізгі құқықтық реттейтін нормативтік-құқықтық акті – 1994 жылы 19 қыркүйекте қабылданған №154-ХІІІ «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. Бұл Заң Қазақстанның құқық қорғау органдарының жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізуін реттейтін тұңғыш ресми жарияланған нормативтік-құқықтық актісі болып табылады. Бұрын бұған дейін жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу тек ведомстволық, жарияланбаған нормативтік актілермен реттеліп отырған. Бірақ бұл Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекет құру қағидаларына қайшы келгендіктен, жедел-іздестіру әрекеттерін реттеуші жоғарыда аталған заңды ресми қабылдауына әкеп соқты. Құқықтық мемлекетті құруда мемлекет мүддесінің алдында адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының басымдыққа ие болуы жария және жасырын жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізуге заңи шектеулер орнатуға әкелді. Бұрын соңды Кеңес өкіметі заманында МҚК-нің азаматтарға қатысты жүргізген жаппай жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізуді қайталанбайтындай етті.
Бұл Заңның қабылдануымен жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу елде заңдылықты нығайтуға сөзсіз жәрдемдесетін орнықты құқықтық негізге ие болды.
1994 жылы 19 қыркүйекте қабылданған №154-ХІІІ «Жедел-іздестіру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жедел-іздестіру әрекеттеріне тұңғыш рет ресми анықтама берген және жедел-іздестіру әрекеттерінің тізімін белгілеген. Сондай-ақ жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу кезінде басшылыққа алынуы тиіс оларды жүргізу негіздері мен шарттарын белгілеген.
Жедел-іздестіру әрекеттері тек қана жедел-іздестіру қызметінде ғана емес, сонымен бірге қарсы барлау, сыртқы барлау қызметтерінде де кең қолданылады. Әсіресе, жария жедел-іздестіру әрекеттеріне қарағанда жасырын жедел-іздестіру әрекеттері қарсы барлау және сыртқы барлау қызметтерінде кең қолданылады.
Жария және жасырын жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізудің өзіне тән ерекшеліктері бар және олардың арасында ортақ ұқсастықтарының бар екендігіне қарамастан, олар бір-бірінен ерекшеленеді.
Жария және жасырын жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізуді ұйымдастыру мен тактикасы, оның әдіс-тәсілдері, құралдары мемлекеттік құпияны құрайтындықтан және олар жариялануға жатпайтын құпия ведомстволық нормативтік актілермен реттелетіндіктен, осы талаптың сақталуымен, яғни біз қарапайым қатардағы азаматтар заңнамамен рұқсат етілген шекте ғана жұмыс істей аламыз.
Менің нақты ұсынып отырған дипломдық жұмысым «Қылмыстық процестегі жедел-іздестіру әрекеттері» тақырыбына арналған.
Мен осы «Қылмыстық процестегі жедел-іздестіру әрекеттері» тақырыбын таңдау мақсатым – жедел-іздестіру әрекеттері қылмыстарды анықтау, ашу және тергеудің ірі және аз зерттелген саласы болғандықтан және Республикамызда заңдылық, әділеттілік қағидаларын орнатудың бір бөлігі ретінде құқық саласында орын алғандықтан менің бойымда осы салада көп білуге құштарлық, қызығушылық сезімін тудырды.
Сонымен, менің дипломдық жұмысымның міндеті – Қазақстан Республикасының қолданыстағы қылмыстық іс жүргізу заңдарына және жедел-іздестіру заңдарына сәйкес қылмыстардың алдын алу, оларды болдырмау, жасалған қылмысты анықтау, ашу және тергеуді объективті, әрі тиімді жүргізу үшін жария және жасырын жедел-іздестіру әрекеттерін жүзеге асырудың ерекшеліктеріне көңіл аудару, оларды ашу және зерттеу.
Аталған міндетке біз келесідей жолдар арқылы қол жеткіземіз:
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарын және құқықтық әдебиеттерді қолдана отырып жария және жасырын жедел-іздестіру әрекеттерінің ұғымдарын анықтау арқылы;
- жария және жасырын жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізуге қатысты тәжірибе материалдарын пайдалану арқылы;
- жария және жасырын жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізудегі шетелдік тәжірибені пайдалану арқылы;
- жария және жасырын жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу мәселелерін және оларды жүргізуді құқықтық реттеу мәселелерін көтеру арқылы.
Қарастырып отырған дипломдық жұмысым төмендегідей үш тараудан тұрады:
Қылмыстық процестегі жедел-іздестіру әрекеттерінің ұғымы, оның белгілері, жария және жасырын жедел-іздестіру әрекеттеріне жіктелуі;
Қылмыстық процестегі жария және жасырын жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу;
Қылмыстық процестегі жедел-іздестіру әрекеттерін жүргізу барысында адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау мәселелері және олардың құқықтық реттелуін жетілдіру.
Дипломдық жұмысымды жазу барысында В.Плетнев, А.Я.Гинзбург, В.И.Григорьев, С.Ю.Алексеевский, К.К.Горяинов, В.С.Овчинский, Г.К.Синилов, А.Ю.Шумилов, В.Г.Бобров, И.Н.Якимов, В.М.Мешков, В.Л.Попов, Ю.Ф.Чуфаровский, А.Н.Джумабеков, С.Д.Логунов, В.М.Атмажитов, В.Молокоедов, Э.Франке, В.Зажицкий сияқты ғалым-криминалисттер мен жедел-іздестіру қызметкерлерінің әдебиеттері мен мақалаларын пайдаландым.
Достарыңызбен бөлісу: |