Иман – жүрек айнасы Ақылбек Шаяхметтің



Pdf көрінісі
бет21/26
Дата26.01.2017
өлшемі2,62 Mb.
#2738
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26

Жүрек қалай кірлемейді?!

«Мінсіз Құдай, кірсіз Ай...»

(халық мəтелі)

Қисық жолмен жүрме, мейлі,

Бұралаң көп өмірд е.

Жүрек қалай кірлемейд і,

Кірлеп кетсе тəнің д е.

Тəн мен жанд ы бір д емейд і,

Кім білед і түйінін.

Жүрек қалай кірлемейд і,

Былғанса егер киімің.

Күйе жұқса үнд емейд і



Тамақ піскен лас қазан.

Жүрек қалай кірлемейд і,

Толып кетсе асқазан.

Күл көп жерге кірме д ейд і

Ақылы бар балаға.

Жүрек қалай кірлемейд і,

Сəуле түспей санаға.

Қайтпасам д а алған беттен,

Құшағымд ы жая алсам,

Қанд ай бақыт кірлеп кеткен

Жүрегімд і шая алсам...

Шыбын жан

Қазақ неге шыбын жан д еп айтад ы,

Өйткені, оның салмағы аз.

Шыбын жаның келген жаққа қайтад ы,

Бұл фəнид е болма мəз.

Ад ам тəні – шыбын жанға бір тұрақ,

Кесек ет пен сүйек ол.

Шыбын жаның қалмауы үшін шырқырап,

Қол мен тілге ие бол!

* * *


Адамзатты сана мен қуат берген

Бұл фəниде Жаратқан сынап көрген.

Ер жеткенше еріксіз жылатады

Сəбиді де өмірге жылап келген.

Көп болса да бойында ұнар қылық,

Асқа, суға, басқаға құмар қылып,

Жүрген кезде адамның ең киелі

Қасиеті – тəуба мен шыдамдылық.

Жоғалтқандар сабыр мен қанағатын

Шығарады елге де жаман атын.

Жарық күннің көзін де көлегейлеп,

Əкеледі сарғайған санаға түн.

Жүргендерге күнді іздеп, түннен қашып,

Шындық жолы емес қой мүлдем қашық.

Сол жолды ізде бойыңда қуат барда,

Жүзің төмен, болмаса кеудең жасық.



Өлілер мен тірілер

Аллаға сенбей,

Ад амға сеніп,

Шайтанға еріп,

Айтқанға көніп,

Санасын улап,

Нəпсісі жеңіп,

Жүргенд ер тірі



Емес пе өлік?!

Асуы шыққан –

Шынд ықтың шыңы,

Болмаған бұққан

Биліктің құлы,

Бо с өтпес күні,

Мақсаты ірі,

Қайтқанд ар кеше

Емес пе тірі?!

Болса д а фəни

Тірліктің сəні,

Емес қой ас жеу

Өмірд ің мəні.

Кеңкелес емес

Тірінің көбі,

Керемет емес

Өлгеннің бəрі.

Дəуірлер өтіп,

Жалғанға нанып,

Жақсылар кетіп,

Жаманд ар қалып,

Өзегі талып,

Нəр тауып халық,

Жалғасып жатыр

Тіршілік анық...

* * *


Бұл қазақты кімің бар жете білген,

Ад аспайд ы д ейд і ғой төте жүрген.

Мал табад ы кейбіреу білегімен,

Күн көред і кейбіреу етегімен.

Ғалымд ард ың білімін пайд аланып,

Жүргенд ерд ің көптігі айд ан анық.

Ақымақ бас түскенд е сай түбіне,

Жатқанд ығын ойламас қайд а барып?!

Аз емес қой жалғанд а басатын жер,

Азық болар арамға мүсəпірлер.

Бірақ, түбі жазасын тартпай қоймас

Кісі ақысын жеп жүрген кісəпірлер.

Таба алмаса көп ад ам күнд егі асын,

Тығып жүрсе тауықтай күлге басын,

Ауылд ард ың қасынд а бір-бір зират,

Қабір саны тұратын үйд ен басым.

Малд ың басы азайса қорасынд а,

Аузына алмай шүкірін, тобасын д а.

Сенд еліп жүр кісілер байыз таппай,


Бұл д үния мен ол д үния арасынд а.

* * *


Терезені аш!

Таза ауа тазаласын,

Əр отбасы алға алсын ад ал асын.

Ұрлық жасап, харамға қол созғанның

Ішкен асы бойына тарамасын.

Ойлайтынд ар азайып қара басын,

Ізгі сезім жүректі араласын.

Ең алд ымен ел-жұртқа үлгі болсын,

Айтар болса əкесі балаға сын.

Кім екенін таланты д ара, басым,

Тек сарабд ал сыншылар сараласын.

Мұзбалақтың топшысы қайырылмасын,

Сыпырғанд а қыранның томағасын.

Біреу мақтап жатқанд а қораласын,

Сол қораны кім қайта жаңаласын?!

Қожайынның қалауын жасайтын көп,

Білгенімен Алланың қаламасын.

Етікшілер етігін тағаласын,

Өнерліні өнерпаз бағаласын,

Бұл фəнид ен аттанған мəйіттің д е

Нағыз молд а шығарсын жаназасын.

* * *


Күштілері əлсізд ерін сабаған,

Қарақшысы жолаушыны тонаған,

Бұл фəнид ің қорасына сасыған

Күліп кіріп, жылап шыққан көп ад ам.

Ішпей-жемей ақша жиса сараңд ар,

Тон ішіне жасырынып жаманд ар,

Бұл фəнид ің сарайына жылтырақ

Жылап кіріп, күліп шыққан ад ам бар.

Күлгенд ерд і келемежд еп, жылатып,

Жылағанға басу айтып, жұбатып,

Алтын-күміс қара жерге шым батып,

Қайырылмай өтіп жатыр уақыт...

* * *

Туу, өсу –



Қағидасы өмірдің,

Өлу, өшу –

Қағидасы өмірдің,

Р-ға тілі келмей тұрған баладай

Айырмасы

Өмір менен Өлімнің.



Тірлік кештің,

Іштің, жедің,

Мəз болдың...

Көрген түстей бұл жалғанда не білдің?!

* * *

Айтылса Алланың пəрмені,



Таусылса аламның дəурені,

Пəрменін Алланың бұзуға

Жетпейді адамның дəрмені.

Не қыл деп айтса да өңге жұрт,

Сүйекке сіңіскен пенделік

Қараңғы көрге кеп кіргенше,

Ешқашан бітпейді жөнделіп.

* * *


Білесің бе, ортасында сауықтың

Қайдан, қашан келетінін қауіптің ?!

Күпірлікті жаратпайтын Құдірет

Отыз ұлын бір күнде алған Дəуіттің.

Əзірейіл – фəнидегі шын мерген,

Ажал оғын қадайтынын кім білген?!

Көздің жасын көл қылған соң пендесі,

Отыз ұлдың орнын басар ұл берген.

Бір кездегі кекірейген ілмиген,

Байып алса, кетеді асып құл биден.

Қолдан келсе, қонышынан басқан көп,

Жүзік жоқта Сүлеймен де сүмірейген.

Бағың жанса – Жаратқанның қалауы,

Сорың болса – көрешегің бар əлі.

Соның бəрін шығармағын есіңнен,

Кеуек баста миың болса шамалы.

Көкіректі көтермесең жоғары,

Алла десең – сонда жолың болады.

* * *

Бұл жалғанда өмір сүру – үрейлі,



Жапан түзде жалғыз жүру – үрейлі.

Қатып жатқан күртік қарын үрейдің

Сенім ғана бульдозердей күрейді.

Үзілгенде үмітіңнің арқаны,

Күдік толған вагондар да бар тағы.

Қабат-қабат ауыр жүкті зіл батпан

Сенім ғана паровоздай тартады.

Көрген сорың сүйрегенде төменге,

Тиянақты таппасаң да сен емге,

Нұх пайғамбар кемесіндей судағы,



Сенім ғана батырмайды тереңге.

Жолың болмай, түссең-дағы қыспаққа,

Қиындықтан шығаратын күш жоқ па?

Шеккен бейнет, тартқан азап – өткінші,

Сенім ғана шығарады ұшпаққа.

* * *


Бұл өмірдің сайрансыз жоқ па сəні?

Ойнақтаған бота да от басады.

Кенін қалқып, қалдырған топырағын,

Мекенді де түбінде шөп басады.

Қоңыс болып ақыры көр қараңғы,

Кедей менен байың да тең болады.

Шікірейіп, меңменсіп жүргенге де

Бұйырғаны үш құлаш жер болады.

Талай кісі алғандай секем бүгін,

Қияметтей көреді жеке мұңын.

Білмейді олар жалғанда өмір сүру

Ол дүнияға дайындық екендігін.

* * *

Өзгелер жүргенде секеңдеп,



Ораза–парыз деп ашықтым.

Шайтандар дəм татып кетер деп,

Аузымды ашуға асықтым.

Жалықпай қызметті қылғанға

Кім айтар ғұмырды келте деп.

Төрт бөліп ұйқымды тұрғанда,

Аузымды жауып ем ертерек.

Мақтанып көз қылма халыққа,

Ораза ұстасаң бекініп.

Ауызың ашық па, жабық па?

Ашық деп сөйлеме өтірік.

Қанағат!


Тағы бір күн өтті.

Жабық деп жасырма ниетті,

Мейірім жылытсын жүректі,

О,Алла!


Қабыл қыл тілекті!

Неге?

Кейде тыныс бітіп,

Ауаны əзер жұтып,

Ұмтылсаң да қанша,

Аламын деп ұтып,

Жеткізбейді мəре.

Неге,неге,неге?

Ақ желкенді керіп,



Арманыңа еріп,

Толқындарды тіліп,

Алға жүзсең сеніп,

Қайырлайды кеме.

Неге,неге,неге?

Көп кісіні жасық

Қалса мысың басып,

Қарсы келген жауға

Тұрсаң кеуде ашып,

Қадалады жебе.

Неге,неге,неге?

Болсаң да хан, төре,

Жетпегенді жебе,

Жетімдерді еле,

Тыныш жүрсең жəне,

Жоламайды пəле.

«Неге, неге?» –деме.

Жібек жіптей есіл,

Түйген жіптей шешіл.

Қиналғанға қол соз,

Қастасқанды кешір,

Қисаймасын көшің,

«Неге, неге?» –деме.

* * *


Ағаш кескен орманда түбіртек көп,

Жүрген кезде қаласың кібіртіктеп.

Ал өртенген орманның орынына

Шығады екен қайтадан өмір көктеп.

Жел соққанда солқылдап тал-шыбық та,

Бас қояды Аллаға құлшылыққа.

Үлгі емес пе солардың əрекеті

Пенделерге көрмеген қымсынып та.

* * *

Айырылған қанағат пен тобадан



Құдай сүйер қылығы жоқ көп адам.

Тас қамалмен қоршап алып қоңысын,

Ол аз болса, ит ұстайды қабаған.

Шыр-пыр болып шыр айналып ұлықты,

Лас қолмен лайлайды тұнықты.

Білгенімен қазақшылық былықты,

Білмейді тек қазақылық ғұрыпты.

Табылса да күн сайынғы қорегім,

Қабағыма ұялайды неге мұң?

Жақсы да бар, жаман да бар, ішінде

Келеміз біз қалт-құлт еткен кеменің.


* * *

Үйіндіге айналмай ма жер кенсіз,

Күн қыздырмай тез кетер ме келген сыз?!

Жағаласқан көргенді мен көргенсіз,

Мəңгі айқасты көріп жүрсіз елден сіз.

Етек жайды жараспайтын жат əдет,

Бозбала мен бойжеткенде жоқ əдеп.

Үлкендер де айтпаған соң қата деп,

Айдалаға лағып кетті бата көп.

Сайрандап жүр, тайраңдап жүр көп «ғашық»,

Қылықтары бір бірінен кетті асып.

Имандылар отырғанда бет басып,

Имансыздар етектерін кетті ашып.

* * *


Жалғанды жалға беріп,

Қаптаған қаталары,

Шықты ғой алдан өріп

Шайтанның сапалағы.

Ашиды миың мына,

Үлгермей танып бəрін.

Салады иығына

Несие қамыттарын.

Ішетің суың үшін,

Жұтатын ауаң үшін,

Жылып, не суып ішің,

Тағдырға алаңбысың?

Боласың тағы қарыз,

Жарыққа жанып тұрған.

Жетпейді талап, арыз,

Кеткенше болып құрбан,

Болмаса ойыңдағы,

Маңдай тер тамшылайды.

Борышын мойындағы

Ешқашан таусылмайды.

* * *

Өмірдің көркем көші бар,



Отырып, тұрып, жатып та,

Алланы, жаным, есіңе ал,

Жетемін десең бақытқа.

Кететін заулап бес күнде,

Қиянат көрсең жалғанда,

Көрсетпе қорлық ешкімге,

Жетемін десең арманға.

Көп жайды пенде кеш ұғар,



Түссең де қанша қыспаққа,

Алланы күнде есіңе ал,

Шығамын десең ұшпаққа.

Кісінің болмай жаны игі,

Тірліктің тұзы тати ма?

Өткізбе бекер фəниді,

Барамын десең бақиға.

Еңкейу мен шалқайу

Əр сөзі алтын дарындардың алдында,

Сүйген халқын ғалымдардың алдында

Еңкей, еңкей!

Басың жерге жеткенше.

Пайда қуған залымдардың алдында,

Қиға толған қарындардың алдында

Шалқай, шалқай!

Төбең көкке жеткенше.

Елпілдесең, еңкейгеннің жөні бар,

Шамырқансаң, шалқайғанның ебі бар,

Ағайындар қысылады бет көрсе.

Шалқайумен жүрген кісі – көретіні кіл қайғы,

Иілуді білген кісі майысса да сынбайды,

Бұл өмірден кері қайтып кеткенше.

* * *


Еңкеймесең, алмайсың тас та жерден,

Еңкеймесең, шалқаяр дос та келген.

Еңкеймесең, Аллаға тəжім қылып,

Құтылмайсың пəледен басқа келген.

Еңкейеді өзендер еңіс жаққа,

Еңкейеді ағаштар тегіс бақта.

Иілгісі келмейді кейбір ағаш,

Бұтағыңда еңкейтер жеміс жоқта.

Еңкейеді божырап қураған соң,

Тамырынан ажырап, құр қалған соң,

Еңбектеген бала да қартайғанда

Еңкейеді адам боп жаралған соң.

Желіктірер қу шайтан есуас қып,

Өтеді ағып зым-зия есіл жастық.

Өніп-өсем, көркейем деген болсаң,

Еңкей елге, есірме, кесір бастық!

* * *

Мал бітер адалға да, арамға да,



Ит үрер жақсыға да, жаманға да.

Күніне мың бір пəле жолықса да,

Сақтайтын аузыңдағы тобаң ғана.

Жетем деп мақсатына талаптанған,



Жүреді еңбек етіп таң атқаннан.

Түбінде Жаратушы жарылқайды

Үмітін үзбегенді Жаратқаннан.

* * *


Тамырын туған жерден үзген халық

Болмайды дəстүрге адал, сөзге қанық.

Былғанған лай көлде жүзе алмайды

Тұп-тұнық мөлдір суда жүзген балық.

Бұлақтың көзін ашсаң, су шығады,

Қазанның шетін ашсаң, бу шығады.

Қапаста ауа жетпей тұрған кісі

Тап-таза ауа жұтса, тұңшығады.

* * *

Бір құлайды тоқтамай жүрген кісі,



Бір жылайды көбірек күлген кісі.

Иланбайды кей пенде Жаратқанға,

Тіршілікте болса да мың белгісі.

Əзірейіл əкелсе көрге мұны,

Тəубасына келеді өлген күні.

Бұйрығына Алланың ден қояды,

Жаратқанның жарлығы келген күні.

* * *


Таңда, түсте, кеште

Сен тұрасың есте!

Тауда, қырда, сайда

Сен тұрасың ойда!

Мезгіл ерте, кеш пе?

Сен тұрасың есте!

Барсам-дағы қайда,

Сен тұрасың ойда!

Үйде, түзде, көште

Сен тұрасың есте!

Аста, думан, тойда,

Сен тұрасың ойда!

Жетелейсің алға,

Жолатпайсың жарға.

Тəуба, тəуба, тəуба!!!

Жаратушым Алла!

* * *

Аты бард ы айтпаймын ары бар д еп,



Арғымақтан бұл күнд е жабылар көп.

Ісіп-кепкен, көлд еткен, ішіп-жеген

Ойламаймын қызықтан жалығар д еп.

Бойы бард ы айтпаймын ойы бар д еп,



Жақсы менен жаманд ы айырар д еп.

Ойласам д а арықты толысар д еп,

Ойламаймын семізд і тойынар д еп.

Күйі бард ы жұрт айтар миы бар д еп,

Айта алмаймын еліне сыйы бар д еп.

Үміт етем, алайд а, сабыр қылса,

Арға қарсы істерд ен тыйылар д еп.

* * *


Адамдарға бұлжымайтын пəрменмен

Жан саларда дем берген,

Қорек берген, нəр берген

Жаратушы бір Алла!

Адамдарға күн өткізген күйбеңмен,

Қуат берген, ми берген,

Сол арқылы сый көрген

Жаратушы бір Алла!

Ерлер менен əйелдерді жұптаған,

Адалдықты құптаған,

Жасататын нық қадам

Жаратушы бір Алла!

Адамдарды əрбір тілде сөйлеткен,

Тіршілікті үйреткен,

Құтқаратын бейнеттен

Жаратушы бір Алла!

* * *

Көр деген жұрт қараңғыны,



Көр дей ме енді жарықты.

Түн жамылса ғалам күллі,

Көре алмаймыз анықты.

Екі көзі көр болды деп,

Айтсақ көрмес соқырды,

Көре алмады, сор болды деп,

Айыптаймыз пақырды.

Пəле басқа жиналғанда,

Сабырлылар шыдайды.

Айтқандар бар қиналғанда

Көзі жоқ деп Құдайды.

Жанталасқан жанкешті де

Көр ішіне кіреді.

Көр дегендер көрместі де,

Көресісін көреді.

Ұялмайтын, жиі алдайтын,

Жын-шайтандар күнде өріп,

Көре алатын, көре алмайтын

Пенделер жүр күн көріп.


Құран ұстап туған бала

Нигерияның  батыс  оңтүстік  аумағы  Лагос  облысының  тұрғыны  32  жасар

Киклемо  Илори  жуырда  босанған  еді.  Сəби  ана  құрсағынан  туғанда  алақанына

Құран  ұстап  туған.    Киклемо  Илори:  «Баламды  10  ай  көтердім,  сол  уақытта

қолындағы сыртқы затты алақанында ұстағаны маған еш білінген емес» дейді.

Балаға Абдурахман деген есім берілген. Əбдірахман деген есім қазақтарда да

баяғыдан бар.

Бізге жеткен Құран кəрім

Жаратқанның жарлығы.

Орындау шарт соның бəрін

Мұсылманның барлығы.

Ата-анамыз бас иеді,

Алла дейміз тусақ та.

Бір Алланың қасиеті -

Құран тұрса құрсақта.

Əбду деген құл деген сөз,

Рахман – мейірімді.

Алла сүйген ұл деген сөз

Түсінетін пейіліңді.

Əбдірахман –Алла құлы,

Жаратушы жаратқан.

Алда шығар биік шыңы,

Елді аузына қаратқан.

Көңіл кірден тазара ма,

Қанша шайып жуса да,

Құран ұстап туған бала

Келешекке ишара.

* * *


Көргенде Күн,Айды,

Келбеті ұнайды.

Тұратын төбеңде

Жұлдыз да құлайды.

Қара бұлт төнгенде

Аспан да жылайды.

* * *

Жас шыққанда жанардан,



Тұз кетеді көзімнен,

Жолыққанда бақ алдан,

Сыз кетеді сөзімнен.

Бұл жалғанда жаралған

Не көрсем де, өзімнен.

Жанды беріп, жан алған,

Құдіретті Жаратқан!

Айырмашы төзімнен.



* * *

Кетсе де кегі қайтпай, өші кімде,

Пенделер мұқтаж болар кешірімге.

Тозақтың қақпасының кілті болса,

Жұмақтың құлып болмас есігінде.

Қиналмай күтем десең ажалыңды,

Бүлдірмей өткізе біл таза күнді.

Қарамин көбейте алмас сауабыңды,

Қатимин азайта алмас азабыңды.

* * *


Мендегі баға жетпес қазына бар

Шымырлап, қайнап шыққан сөзім адал.

Ауыздан шыққан сөзім желге кетпес,

Періште қағазсыз да жазып алар.

Тап болсам бұл өмірдің сынағына,

Жырларым көпшілікке ұнады ма?!

Əйтеуір, ақ тілегім – пəк тілеуім

Шалынсын періштенің құлағына.

* * *

Құрсақтан шыққан жалаңаш,



Болады екен ғой адам аш,

Ананың сүтін емгенше.

Ойыншықпен оны алдайды,

Көп жайға мүлде нанбайды,

Көзімен бəрін көргенше.

Күні үшін жатқа жалданып,

Іздемес білім, қарманып,

Үйдегі жарық сөнгенше.

Мансапты қуып, мал жиып,

Төсекте жатар шалжиып,

Буыны босап, семгенше.

Ас ішіп, аяқ босатар,

Тасада тұрып тас атар,

Жер-орта жасқа келгенше.

Болғанды жолы көре алмай,

Қолында барды бере алмай,

Қылығын қоймас өлгенше.

Ауызы сөзден бос болмас,

Алланы тіпті еске алмас,

Қасірет келіп төнгенше.

Бес күндік мына тірлікте,

Кемдік пе, əлде ірілік пе?!

Жабылып бəрі көмгенше...

* * *


Түрлі ой түсер санаға,

Еріккеннен айтам ба?!

Құл болсақ та Аллаға,

Қызмет қылдық шайтанға.

Ағып кетті құлақтан

Айтқан сөздер азанда.

Дəме қылып жұмақтан,

Қызмет қылдық Тажалға.

Көрген қызық жарықта

Ұмыттырып ұлтын да,

Қызмет қылмай халыққа,

Қызмет қылдық құлқынға.

Бетті түзеп Қағбаға,

Ниетіңді анықта.

Жағам десең Аллаға,

Қызмет қыл халыққа!

* * *

Қайран, қазақ,еркін өскен далада,



Алға қарай жетелеген ар-намыс,

Мұсылманша ат қойыпты балаға,

Сол есімдер бола ма деп қорғаныш.

Күллі əлемді бір өзіне қаратқан,

Жұбататын отырғанды зар илеп,

Жар болсын деп қысылғанда Жаратқан,

Атын қойған, есімдерін қадірлеп.

Үміт оты көкіректе жана ма,

Басқа келіп қонатындай бүгін бақ,

Бір Алладан тілеп алған балаға

Пайғамбардың атын қойған ырымдап.

Жалғыз атын тартып алып кіл «епті»,

Қолы жетпей жүрсе-дағы арбаға,

Періштенің атын қойған, тілекті

Жеткізсін деп періштелер Аллаға.

Жазамын деп жабырқау жан жарасын,

Ата-бабам сеніп қойған көп есім.

Қазағымның жыртық, жамау қорасын

Бір күндері бүтіндер деп сенесің.

* * *


Жаулық байлаған,

Саулық ойлаған

Əйел азайып

Кетті.. Қиналам.

Жаман іспенен

Көзге түспеген

Ерлер азайып


Кетті.. Сескенем.

Жүзі жайнаған,

Қаны қайнаған

Əйел азайып

Кетті...Ойланам.

Арам ішпеген,

Отқа түспеген

Ерлер азайып

Кетті...Сескенем.

Жарым дегенім –

Жаным дегенім.

Жарым – жарты адам,

Жалғыз – себебі.

Еркек – жартыкеш,

Əйел – жартыкеш.

Екеу қосылса,

Болар бүтін ес.

* * *


Құстард ың ұясы,

Қасқырд ың үңгірі,

Аюд ың апаны,

Суырд ың інд ері

Тауықтың күркесі –

Сүйікті жатағы.

Ұясы бұзылса,

Інд ерін су алса,

Жанына батад ы.

Өз үйі – лашығы,

Ошағы, асылы –

Ад амның Отаны.

Өтті не, кетті не,

Түспесін д еп тіле

Алланың қаһары.

* * *


Арқасынд а жарықтың

Көзі ашылд ы халықтың.

Ажыраттым арасын

Белгісіз бен анықтың.

Істің ақ пен қарасын

Сөз арқылы таныппын.

Шөлд е жұтым су таппай,

Аңқам кеуіп, тарықтым.

Шығып қалған жағаға

Күйін кештім балықтың.

Жақсы лебіз айтпаған


Шешенд ерд ен торықтым,

Райынан қайтпаған

Көсемд ерд ен қорықтым.

Жылуы жоқ жанд ард ан

Жылу күтіп зарықтым.

Жарығы жоқ шамд ард ан

Түк пайд а жоқ, соны ұқтым.

Ит-тірлікке разы

Пенд елерд ің біразы

Тамызығы тамұқтың

Бола ма д еп қамықтым.

* * *


Айналып қазығыңды,

Тағдырдың тепкі көрген

Өткіздің неше көшін.

Айтатын арызыңды,

Тақсырдың алды саған

Білесің бос емесін.

Білсе егер жазығыңды,

Ертеңің қабылдай ма

Айтқанды кешеге сын.

Озық пен тозығыңды,

Көре алсаң салыстырып,

Түбінде төселесің.

Айта бер əзіліңді,

Бойыңа кір жұқпаса,

Өзге жұрт десе десін.

Қайтармай қарызыңды,

Өзгерту мүмкін емес,

Пенденің пешенесін.

Сайласаң азығыңды,

Бес парыз мұсылманның

Көгерткен көсегесін.

* * *


Болғанда талай мұнар күн,

Ішінде қалып тұманның,

Тауға да шығып сыналдым,

Сайда да бұғып сыналдым.

Рухын сездім қыранның,

Пиғылын білдім жыланның,

Жаманның сөзін кек көрмей,

Жақсының сөзін құп алдым.

Тайғанақ жартас шетінде

Табанды тіреп тұра алдым.

Ұйтқыған желдің өтінде


Атымның басын бұра алдым.

Құм болып кейде үгілсем,

Тас болып қайта құралдым.

Құладым, талай жыладым,

Содан соң қайта жұбандым.

Күн көзі қақтап, суалдым,

Күз күнгі шөптей қуардым,

Түбіне түсіп күмəннің,

Сарқылды демі шыдамның.

Таба алмай шындық тұрағын,

Жиналып қалды сұрағым,

Жауапты көптен іздеген

Ішінен таптым Құранның.

* * *


Сəбидің жылағаны –

Емшекті сұрағаны.

Əйелдің жылағаны –

Күйзелді, сірə, жаны.

Еркектің жылағаны –

Қорлыққа шыдамады.

Шыққанда көзден жасың,

Есіңе ал бір Алланы!

* * *

Қуыс кеуде, қайрат сөнген,



Қуат семген, намыс өлген.

Болған қорған сана солған,

Көтере алмас басын жерден.

Болмаған соң бойында ерік,

Өзгеге еріп, бітіп желік,

Жүргенге мəз аман-есен,

Аяғының астын көріп.

Жан таппаса салар жөнге,

Жиіркенбесе харам жеуге.

Күл тасыса барар жерге,

Бола ма оны адам деуге?!

* * *


Жақсы көзден таса болған,

Орындалмай қашанғы арман,

Аза бойы қаза болып,

Əжім басып, шаш ағарған, самайы ақ.

Өзім деген жанға күліп,

Жатты көрсе жалбарынып,

Аттай желіп, мақтанға еріп,

Ел ішіне салған бүлік алаяқ.



Құрмет жасап кезбелерге,

Ар-намыстан безген елде

Ортақ болып олжасына,

Жүгін артар өзгелерге жан аяп.

Жаны жомарт адам болса,

Қажет қылмас амалды онша,

Тұрақ табар бақыт қонса,

Шүкір қылғын, аман болса қол-аяқ.

* * *

Жаратқаның жан сақтап,



Шықтың, міне, құрсақтан,

Сен тірісің, тірісің.

Жылап, тамақ сұрайсың,

Көзд ің жасын бұлайсың,

Бір Алланың құлысың.

Қимылд ад ың жыбырлап,

Тілің шықты былд ырлап,

Ата-ананың гүлісің.

Бірі болып мықты ұлд ың,

Екі аяққа тік тұрд ың,

Сен ірісің, ірісің!

Төбең көкке тиіп те,

Шығып алд ың биікке,

Төбелерд ің шыңысың.

Айд арыңнан жел есті,

Патшад ан кем емессін,

Сен ұлысың, ұлысың!

Хаққа сенсең туғанд а,

Кейін атақ қуғанд а

Жария болд ы күллі ісің,

Бірақ, бүгін көз көрген,

Бар пиғылың өзгерген,

Еліңе аян жүрісің.

Жол ұшына жетуге,

Қияметтен өтуге

Жетер ме екен тынысың.

Тыңд ап тұрсаң күнұзын,

Ісі шолақ, сөзі ұзын,

Көрген күнің құрысын.

Жиған байлық, олжасы,

Байғұстард ың көз жасы

Не мақсатқа, кім үшін?

Қорқар ма екен Құд айд ан,

Қайтар ма екен райд ан,

Жүрген кісі күні үшін.


* * *

Тар соқпағы балалықтың,

Жастық шақтың даңғылы,

Кең көшесі жаңа үміттің,

Өтті, кетті барлығы...

Сайға түстім, тауға шықтым,

Есте қалды əр күні.

Күйін кештім бар ғашықтың,

Өтті, кетті барлығы...

Өкініш жоқ менде мүлде,

Өтті, кетті барлығы...

Дайын болсам келер күнге

Жаратқанның жарлығы.

* * *


Таң қаламын кеншілерге,

Кен табылмай шалд ыққан.

Таң қаламын əншілерге

Тамақтары қарлыққан.

Таң қаламын күйшілерге

Бақ ізд еген шет елд ен.

Таң қаламын бишілерге

Етектерін көтерген.

Ад амд ард а ақыл бар ма,

Айтуға сөз таппаған.

Таң қаламын ақынд арға

Əзəзілд і мақтаған.

Ары жоққа амал бар ма,

Қарайд ы елге қай бетпен?

Таң қаламын ад амд арға

Бар ғұмыры зайғы өткен.

* * *

Күштілері əлсізд ерін сабаған,



Қарақшысы жолаушыны тонаған,

Бұл фəнид ің қорасына сасыған

Күліп кіріп, жылап шыққан көп ад ам.

Ішпей-жемей ақша жиса сараңд ар,

Тон ішіне жасырынып жаманд ар,

Бұл фəнид ің сарайына жылтырақ

Жылап кіріп, күліп шыққан ад ам бар.

Күлгенд ерд і келемежд еп, жылатып,

Жылағанға басу айтып, жұбатып,

Алтын-күміс қара жерге шым батып,

Қайырылмай өтіп жатыр уақыт...

* * *


Келген болса көркейіп,

Атам қазақ бұрыннан,

Дастарханға еңкейіп,

Жайнамазға жығылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет