Иман – жүрек айнасы Ақылбек Шаяхметтің



Pdf көрінісі
бет2/26
Дата26.01.2017
өлшемі2,62 Mb.
#2738
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

Тəкпір

Аллаһу əкпар!

Аллаһу əкпар!

Лə-ил-ла-Һа, ил-ла-ла,

Аллаһу əкпар!

Аллаһу əкпар!

Уа ли-ла-һил хамд!

Жүргізетін əмірін

Жалғыз Алла – Тəңірім!

Бағынарым сол ғана,

Табынарым сол ғана!

Жаратушым бір Алла,

Жарылқаушым бір Алла!

Аллаһу əкпар!

Аллаһу əкпар!

Лə-ил-ла-Һа, ил-ла-ла,

Аллаһу əкпар!

Аллаһу əкпар!

Уа ли-ла-һил хамд!

Фатиха

Бісімілла-рахман-рахим!

Мейірімді, рахымды,

Ғаламда бір ғана!

Əлхамду-лиллаҺи раббил ғаламин!

Əлемнің қожасы разымын Аллаға!



Əр-рахман, ир-рахим!

Жебеуші, жарылқап, демеуші сол ғана!



Малики иамуддин!

Қиямет күнінің иесі сол ғана!



Иа-кə нағбуду, уа, иакə, нəстағин!

Саған ғана сыйынамын,

Жəрдем берер сен ғана.



ИҺдинас сиротол, мустахим!

Баста бізді тура жолға!



Сиротол лазина əнамта əлəйҺим!

Қасиетті ардақтым!



Ғайрил мағбузу алейҺим уа-лаз зол –лин!

ҚаҺарына ұшырайтын адасқаннан аулақ қыл!



Əумин!

Кəусар

Алла!


Шексіз мейіріміңді аңсармын,

Шафқатыңды қалай айтып тауысармын?!

Саған ғана байланысты өмірім,

Рақым қылдың!

Дəмін таттым кəусардың.

Күннен күнге нығайды да сенімім,

Намаз оқып,

Құрбан айтта мал шалдым.



Ықылас

Ес кіргенде, сескенгенде анамыз:

«Құлқуалла болар деген панамыз».

«Құлқуалла – Алла біреу»

десеңіз,


Ешкімге де кетпейді екен есеңіз.

Ол тумаған,

Табындырған күллі ісі,

Ешқашан да сарқылмаған ырысы.

Пенделердің таза болсын тұрағы,

Құлқуалла – нағыз ниет бұлағы.



Тəсбих

Санап тəсбих тастарын,

Зікірімді бастадым.

Алла, саған сенемін,

Не қылсаң да, көнемін.

АллаҺу акпар!

АллаҺу акпар!

АллаҺу акпар!

Жаратушы құдірет,

Жан берген соң жəрдем ет!

Əлхамдулилла!

Əлхамдулилла!

Əлхамдулилла!

Сені шексіз сүйемін,

Саған басты иемін!

Сұбыханалла!



Сұбыханалла!

Сұбыханалла!



Сұбыханалла!

Сұбыханалла!

Сұбыханалла!

Тілге жеңіл айтуға.

Сұбыханалла!

Сұбыханалла!

Барлығына сай тұлға.

Сұбыханалла!

Сұбыханалла!

Келтіреді кім күмəн?!

Сұбыханалла!

Сұбыханалла!

Өшірілер мың күнəң.

Сұбыханалла!

Сұбыханалла!

Қарап тұрып Қағбаға,

Сұбыханалла!

Сұбыханалла!

Басымды идім Аллаға.

Төсекке жатар алдында

Жатар кезде төсегіңе,

Берік болғын есебіңе.

Сұбыханалла!

Сұбыханалла!

Сұбыханалла!

Соны отыз үш қайтала.

Əлхамдулилла!

Əлхамдулилла!

Əлхамдулилла!

Оны отыз үш қайтала.

АллаҺу акпар!

АллаҺу акпар!

АллаҺу акпар!

Тағы отыз үш қайтала.

Шын ниетпен сөздерді бұл

Кісі болса айта алар,

Бола алғаны Аллаға құл,

Сонда көңілі жай табар.

Бұл анық!

Əріптерден тұрса Құран құралып,

Əліп əріп,

Лəм əріп,

Мим əріп,


Əрбір сөздің мағынасын келтірген

Бір əріпке он сауап бар – бұл анық.

Сол сөздерден тұрса Құран құралып,

Естігендер отырмай ма қуанып.

Əр сөйлемге шұғыласын түсірсе,

Əрбір сөзде жүз сауап бар – бұл анық.

Сөйлемдерден тұрса Құран құралып,

Жабыққан да тыңдайды оны жұбанып.

Əрбір сөйлем мадақтаса Алланы,

Əр сөйлемде мың сауап бар – бұл анық.

Аяттардан тұрса Құран құралып,

Хақтың сөзі өткен талай сыналып.

Əрбір аят ақиқатты паш етсе,

Əр аятта он мың сауап – бұл анық.

Сүрелерден тұрса Құран құралып,

Тұрған жоқ па «мені оқы!» – деп сұранып.

Əрбір сүре тура жолға бастаса,

Əр сүреде миллион сауап – бұл анық.

Əділеттен тұрса Құран құралып,

Əлсіздерге дем бергені – құба-құп.

Сол Құранды түгел білген пендеге

Миллиард сауап жазылады – бұл анық!



Əліп

Лəм

Мим

Əліп десем –

ізгіліктің бастауы,



Лəм десем –

Құдіреттің қоштауы,



Мим дегенім –

келешектің жоспары,

Мағынасы аян жалғыз Аллаға!

Бай мен кедей, бəрінде бар тіл-көмей,

Таңдап алған тура жолмен жүр демей,

Тұрғандар бар лəм-мим деп үндемей,

Мағынасы аян жалғыз Аллаға!

Барлық сырға келсе түгел қаныққың,

Табасына қалмау үшін тарихтың,

Жөн болады артын баққан əліптің,

Мағынасы аян жалғыз Аллаға!

АДАМ

(Алиф, дəл, алиф, мим)

Алиф

Əліпті айтып тік тұрдым,



Дəл

Дəл дегенде бүгілдім,

Алиф

Əліпті айтып тіктелдім,



Мим

Мим дегенде иілдім.

Сəжде жасап Аллаға,

АДАМ болдым, сүйіндім.

Əріптер мен сөздер

Кеше бала ең, келдің ғой талай жасқа,

Көз жетті бір қалыпта тұра алмасқа.

Адамды сүй, Алланың хикметін сез,

Не қызық бар өмірде онан басқа?!

Абай

1.

Ақиқатты тек Құраннан табасың,

Сүрелердің естілуі – жарасым.

Аяттарды бөлек-бөлек жіберген

Айырсын деп жақсы-жаман арасын.

Сырын білсең, серпілтетін күмəнді,

Бір күн емес, мың күн оқы Құранды.

Əр сөзінің мағынасы, мазмұны

Шарболаттай шыңдайды екен шыдамды.

Серік қылып сертке берік сабырды,

Есіңе алсаң Құран сөзін қадірлі,

Жүрегіңді елжіретіп, ерітіп,

Иітеді алпыс екі тамырды.

2.

Əр əріптің əліппеде əдемі

Өз орны бар жарасымды, кəделі,

Арман қуған жетері анық мақсатқа,

Пəле қуған жолықтырар пəлені.

Білу қиын – бұған кімдер кінəлі?

Құлқы бөлек ойды теріс ұғады.

Амандыққа бір-ақ əріп қосылса,

Жамандатқыр!

Жамандық боп шығады.

Жөндемесе жетіп оған шыдамы,

Бір əріпте батпан салмақ тұр əлі.

Құтылуға бір-ақ əріп жанасса,

Арам қатқыр!

Құртылу боп шығады.

Сөз де емес, сөйлем де емес бір əріп,

Ақ қағазға анық түссе құба-құп.


Бір əріптің өзімен-ақ пенделер

Тіршілікте жатады екен сыналып.



3.

Үтір қойдым Жаратқанға шүкір қып,

Нүкте қойдым – жасағам жоқ күпірлік.

Ұзын, қысқа сөйлемдерден құралған

Əп-əдемі əңгіме ғой бұл тірлік.

Аз емес қой, бірақ, кезің қамығар,

Толып жатқан сұрақ белгі тағы бар.

Соның бəрін бір-ақ сызып тастайтын

Сиясы ащы қаламсап та табылар.

Бір əріптен біліне ме сөз дəмі,

Біз көрмеген тауқіметтер аз ба əлі?!

Əңгімеге леп белгі де қойылар,

Болса болар бір Алланың жазғаны.

4.

Өмір, өлім – төрт əріптен құрылып,

Салыстырсақ, бір-ақ əріп өзгеше.

Өмір жолы кетпейді ме бұрылып,

Сол бір əріп азғырынды сөзге ерсе.

Бір əріптен мағынасы өзгеріп,

Өмір көлі қалады екен суалып.

Қайда барсаң, тұтқиылдан кез келіп,

Өлім шебі қарсы алдыңда тұр анық.

Жаратушы қай кезде де ол шебер,

Алла деген сөздің өзі – төрт əріп.

Бұл əлемнің төрт бұрышы болса егер,

Жалғыз ғана Құдіреттен қорқалық!

5.

Жаңа күнім – дəптердің ақ парағы,

Қандай жазу жазуыма болады.

Қаламсаптан тамып жатқан əріптер

Құс секілді қағазыма қонады.

Бір біріне қосылмаса əріптер,

Қол-аяқсыз қалған бейне ғаріптер.

Сыңар аяқ болса, демеп, жетеле,

Қолы жоққа жетпейтінін алып бер.

Қолымдағы қағаз, сия, қаламмен,

Жаңа күнді жақсы өткізе алам мен.

Атқан таңды тамаша əнмен қарсы алып.

Батқан күнді шығарамын сол əнмен.

Бірақ, көңілің болса мүлде жоғары,

Сол парақты былғауға да болады.

Былғаныштың ар жағында былық көп,

Өзгелерге тимесін тек обалы.


Нұрлы жарық жанып тұрса үйіңде,

Күнім босқа кетті ғой деп күйінбе.

Қол тимесе жақсы сөзді айтуға,

Ақ парақты қалдыр таза күйінде.



6.

Алфавиттің алдыңғы əрпі болам деп,

Аласұрып жүріп жатқан адам көп.

Сөйлемдерді жалғап тұрсам болғаны,

Бас əріп те бола алатын шамам жоқ.

Кейбір əріп жарық беріп жанбаса,

Мұңаяды əдемі орын алмаса,

Əр əріптің міндеті ауыр, əлбетте,

Елеусіздеу қалғандығы болмаса.

Сөйлемдердің басы, қасы сол əріп,

Əңгіменің іргетасы сол əріп,

Өлгендердің құлпытасы сол əріп,

Жер бетінен кете алмайды жоғалып.

Олай болса, бас əріппен шектелме,

Кіші əріпті кішкентай деп жек көрме.

Сол əріптер үкім айтар өткенге,

Ғаріптігін түсінбей жүр көп пенде...

7.

Белгілі жай омыртқа мен қабырғам

Жасалмаған шикі, күйкі қамырдан.

Ет-жүрегім елжіресе, əрине,

Жақсылықты сағынған.

Біледі ғой аяғым мен қолдарым

Алда талай жұмыс жəне жол барын.

Сезе алмайды ойнап-күліп жүргендер

Қасіреттің салмағын.

Сөзім менің ұшып шыққан тілімнен

Жол-жөнекей күйе жұққан, бүлінген.

Жырларымды жамап-жасқап, түзеймін

Алла берген біліммен.

Көп сүреден басталады əріптер,

Жиырма сегіз əріп сырын танып көр.

Əріптерден құралатын сөйлемдер,

Санамызға жарық бер!

8.

Сөз сөйлейтін адам болып жаралдық,

Бəйтеректің бұтағындай таралдық,

Жамандықтың бастаушы əрпін құртқан жөн

Ел-жұртыңа тілер болсаң амандық.

Салт-дəстүрің жатқан шақта тоналып,

Білу қиын кім аласа, кім алып?


Өмір, өлім бір əріптен басталса,

Күн мен түннің айырмасы бір əріп.

Көп сөйлемде кіші əріптер бас əріп

Болып кейде жатыр қолдан жасалып.

Мезгіл желі тоздырады бəрібір,

Арзан сөзді тұрса-дағы қашалып.

Сөзді қуған жан болған соң өз басым,

Сөйлемдердің тілер едім тозбасын.

Сол сөздерде – сүйінішім, бақытым,

Сол сөздерде – күйінішім, көз жасым.



Бес парыз

1. Алла саған ғұмыр берсін,

Кəлимаға тілің келсін!



2. Көкірегіңді таза қыл да,

Бес намазды қаза қылма!



3. Таң атарда ниет етіп,

Оразада ауыз бекіт!



4. Күтсін десең жұмақ алдан,

Зекет төле жиған малдан!



5. Меккеде мол қазына бар,

Шамаң келсе, қажыға бар!

Орындалса бес парызың,

Болмас сонда еш қарызың!



Бісімілла

Бісімілла де – қалсаң кенет жығылып,

Бісімілла де – кеткенде атың сүрініп.

Бісімілла де – бір жұмысты бастарда,

Бісімілла де – жүрегіңе үңіліп.

Бісімілла де – бір пəлеге ұрынып,

Бісімілла де – кетсе жолың бұрылып,

Бісімілла де – тұрғаң болсаң кідіріп,

Бісімілла де – қалар шайтан тығылып,

Бісімілла де – сөздің мəнін ұғынып,

Бісімілла де – қалар бойың жылынып,

Бісімілла де – түбі болар қайырлы,

Бісімілла де – Алла атында ұлылық!

Ауызашарда туған жыр

Ауызашар – ықыласпен қарсы алып,

Қауқылд асып жататын кез барша жұрт.

Дəм татард а қара суд ың өзін д е

Бал жұтқанд ай ішесің кеп тамсанып.

Өкініш көп мезгіл болса бо с өткен,

Ораза ұстап молд а ұсынған есеппен,

Бір ай бойы, уақытша болса д а,

Тыйыласың өтірік пен өсектен.


Ден сау болса, ораза ұстау қиын ба?

Тазарад ы асқазан д а, миың д а.

Қолд а барға қанағат қып, шүкір қып,

Қызықпайсың артық-ауыс тиынға.

Ауызд ы д а, құлақты д а жабасың,

Тыным алып, жанға рақат табасың.

Кеш батқан соң тəтті түстер жалғайд ы

Құтпан менен таң намазы арасын.

Ораза д а, ойлап тұрсаң, сын бізге,

Түнгі ұйқыны ауыстырд ық күнд ізге.

Кұн шыққанд а жеңілейіп қаласың,

Əр парақты жыртқан сайын күнтізбе.



Назымдар

(Нұржан Наушабайұлының ізімен)

Бірінші назым

Ақылбек, сен д е біраз келд ің жасқа,

Қызықпен талай күнің өтті бо сқа.

Жақынға д о с екен д еп сырыңд ы ашпа,

Кез болд ы кейд е басың тиген тасқа.

Ад амға аңқылд ама сырын білмей,

Мақтама сырттай жатты түрін көрмей.

Жол қанша таза болсын, сүріншек ат

Кетпейд і орта жолд а сүрінд ірмей.

Жағынба бай-манапқа малд ы екен д еп,

Қызықпа салтанатқа сəнд і екен д еп.

Ойға алған мақсатына жеткенд е д е,

Мастанба тағы жолым болд ы екен д еп.

Сый көрсең, соның бəрін қарыз д еп біл,

Сый берсең, мойынд ағы парыз д еп біл.

Түбінд е қалжынынның зіл жатпасын,

Құрд асқа айтқан кезд е əзіл өткір.

Ішіп-жеп, киім кид ің, жард ы сүйд ің,

Сол кезд е көңіліне не ой түйд ің?!

Жүректің д үрсілд ерін естід ің бе,

Көнд ің бе айтқанына баста мид ың?!

Жүргенд е əлтек-тəлтек шалыс бастың,

Пəлед ен ат-тоныңд ы алып қаштың.

Есіл күн əбігермен өтіп кетті,

Қасынд а д ымбілмес пен сөзұқпастың.

Жиналып бас қо сқанд а бала-шаға,

Сөз айтпа отырғанд ай оңашад а.

Өнеге көрсететін жасқа келд ің,

Жақсыға қыңыр қылық жараса ма?!

Қотыр ат күлмес болар соқыр атқа,

Құлайд ы жел соққанд а жапырақ та.


Бұтақтай жеміс піссе иілетін,

Өлеңің толып тұрсын ғибратқа.



Екінші назым

Ақылбек, ренжисің неге жұртқа,

Асаса ет пен майд ы толған ұртқа.

Ішкен мəз, жегенд ер тоқ заман болд ы,

Қалайша шығармақсың сырд ы сыртқа?!

Қалғанд а жас д əуреннің оты қайтып,

Қажет пе кеңес беру, ақыл айтып?

Бір бірін алд ап жүрген елд і көрсең,

Жүре бер екі көзд і бақырайтып.

Ақылбек, бала емессің ес білмеген,

Керіспе, есің болса, ешкімменен.

Жаманд ап жатса біреу жақсы ад амд ы,

Онд айд а кейіп таныт естімеген.

Жасама ақшам бар д еп текке шығын,

Қиналма бо стан бо сқа өтсе күнің.

Бір күні бір кəд еңе жарап қалар,

Мақтай бер мақтаншақты, жетсе тілің.

Санамай уақытты бо с өткен құр,

Қол ұшын берер болсаң, есеппен қыл!

Шағатын сар масад ай езіп таста,

Шаншуд ай қад алса д а өсек, құрғыр.

Бармастан байыбына ештененің,

Қалмасын сыртқа шықпай іште өлеңің.

Əй, бірақ, соның бəрі, Ақылбек-ау,

Қолыңнан келмей ме д еп сескенемін.

Үшінші назым

Ақылбек, неге отырсың ұйқы көрмей,

Қаламың бір күн жүрсе, бір күн жүрмей.

Тумай ма жүректен жыр таң ағармай,

Тумай ма жүректен жыр күн түнермей.

Болған соң қатарынд а сөзге басым,

До с түгіл, мойынд ад ы өзге қасың.

Жыр жазд ың қуанғанд а, тулап жүрек,

Жыр жазд ың келген кезд е көзге жасың.

Көп болса түнің егер ұйқы қашқан,

Ел-жұрттың шығар, бəлкім, сиқы қашқан.

Есерсоқ жаман иттей малд ы үркітер,

Біреуд ің айқайына қиқу қо сқан.

Ғажап қой алаңы жоқ ұйқы д еген,

Тағд ырд ан түнд е басқа сый тілемен.

Кей кезд е шырт ұйқыд ан оятад ы

Жай ойнап, д алад а күн күркіреген.

Анад ай түн ұйқысын төрт бөлетін,



Сəбид і жұбататын келд і ретім.

Жамылмай жаманд ықтың қысқа тонын,

Ақиқат толып жатыр мен білетін.

Салынбай аярлыққа түлкілерд ей,

Күн өтті ойнап-күлмей, күлкіге ермей.

Қар жауып қабағымнан, кірпік мұз боп,

Отырмын тағы, міне, ұйқы көрмей...

Төртінші назым

Ақылбек, асып кетпе көп шамадан,

Тұлпар жоқ сүрінбеген, ақсамаған.

Біреулер мінезіңді ұнатпайды,

Біреуге қылығымен жақса да адам.

Танысты кейде текке ренжітіп,

Тұз суын өкініштің келем жұтып.

Көңілге түскен сəл-пəл кірбің болса,

Кетіре алмайды екен өлең де түк.

Жазсаң да жақсы жырды төкпелетіп,

Тұрмайды төбең күнде көкке жетіп.

Табысар күнді аңсаймын сағынышпен,

Құрдасты алған болсам өкпелетіп.

Жолдастан жаныма ерткен жолым болмай,

Суықта қыста киер тоным болмай,

Жүрсем де жаяу-жалпы, аты барға

Құдайым өтсе болды жалындырмай.

Көп көрген кезім болды жан ашуын,

Жүре алдым аласартпай ар асуын.

Денім сау болса болды, бал татиды

Қатықсыз үйімде ішкен қара суым.

Күніне жүрсең-дағы мың шақырым,

Үлгілі ғибратты тыңда ақырын.

Тасаттық беріп жатса ауылдастар,

Бір бала ала барған қолшатырын.

Қуаныш ұялаған жанарына,

Ырзамын сол баланың қадамына.

Жауынның көптен жерге тамбай қойған,

Өйткені, сенім болған жауарына.

Көл-көсір болса-дағы қанша пейілім,

Қалың ел сусап келген қанса деймін.

Отырған тілек тілеп мұсылманда

Сенімі сол баланың болса деймін!

Ыстықта адам біткен тұңшығардай,

Мияулап, жиналғанның тынышын алмай.

Меккеде отырыпты жалғыз мысық,

Алдында тұрған асқа тұмсық малмай.

Əрине, ауызашар сауап болған,



Ашуға əлі де үш-төрт сағат қалған.

Отырған сабыр қылып, тəбет тежеп,

Мысықтың асқа көзі қарап, талған.

Халықтың пейіліне бөленетін,

Қасиет екшелетін, еленетін.

Көргендер айтып жүрер таңдай қағып,

Ораза айының бұл кереметін.

Көл-көсір болса-дағы қанша пейілім,

Қалың ел сусап келген қанса деймін.

Отырған ниет қылып мұсылманда

Сабыры сол мысықтың болса деймін!

Бесінші назым

Ақылбек, жек көрмейсің мақтағанды,

Қалайды жүйрік ат та баптағанды.

Сөзіне көп кісінің құлақ қойсаң,

Қайталап айтып жүр ғой жаттағанды.

Жаттанды тілегі де, батасы да,

Жапсырған өрнек-сынды матасына.

Айтылған шын жүректен лебіз болса,

Болады мəн бермеуге қатасына.

Кемеңгер, көргенді деп мақтап сені,

Тұрса да көп алдында жақтап сені,

Есіктен шыға сала сырт айналып,

Кетеді жүндей сабап, боқтап сені.

Көрсете қоймасаң да шалыс қылық,

Ғайбаттап, дос-жаранмен шағыстырып,

Жақыннан бүлінесің, жолдас болсаң,

Сөзге де ілінесің алыс жүріп.

Қиналсаң дұшпаныңмен ұрысқанда,

Қамықсаң достарыңмен суысқанда,

Жанынды қоятын да жер таппайсың,

Көңілің қалған кезде туыстан да.

Айтып ем айтарымды бетке дейсің,

Шыдамым жетпей қалды көпке дейсің.

Көргенде Құдай сүймес қылықтарын,

Ұлтыңа құлай сүйген өкпелейсің.

Алайда, өз қолыңды кесе алмайсың,

Жұбатып өзіңді өзің, неше алдайсың.

Бөлініп ойың онға, санаң санға,

Түйінін күрмеу жіптің шеше алмайсың.

Тұсыңды сенің осал біліп келген,

Шошисың кісілерден күліп келген.

Қашқанда аңшы оғынан үміт-елік,

Атады қақ жүректен күдік-мерген.

Таусылмай жатқан кезде дос легі,



Түйіні көңілімнің шешіледі.

Сыпырта көп мақтаудан кебеді ішім,

Өйткені, ол өсірмейді, өшіреді.

Мақтаудың бетті шарпып соңғы демі,

Үрлеген шардай ішке толды желі.

Мен-дағы қопақардай боп қалайын,

Сəл ғана мақтап қойсаң болды мені.

Алтыншы назым

Ақылбек, ақ таңың көп атар алда,

Бастық боп жүрмедім деп қапаланба.

Бас болмай, бастық болған басшылардың

Көретін бұл фəниде шатағы алда.

Бастықты көрінген жан басынбайды,

Адалдар көптен сырын жасырмайды.

Еліне жанашыр жан басшы болса,

Жерінің берекесін қашырмайды.

Бастық боп өмір жолын бастаған көп,

Бастаған ісін жолда тастаған көп.

Ойлама, бастық болсам, қарпып қалмай,

Тіршілік қызығынан бос қалам деп.

Сар судан айырмаса таза майды,

Басшыны өмір қатал жазалайды.

Балық та бастан бастап шіріп жатса,

Құйрықтан бастап оны тазалайды.

Сен жүрсең ұзақ жылдар бастық болып,

Біреулер жатары хақ жастық болып.

Жолыңа түкті кілем төсесе де,

Қуанба соның бəрін достық көріп.

Қиянат жасады деп маған ғана,

Басшының бəрін бекер жамандама.

Еліне жақсы қызмет жасай алар

Бола алған ата-анаға адал бала.

Көрдік қой талай-талай жақсыларды,

Еліне тұтқа болған басшыларды.

Халыққа қамқорлығы таудай болса,

Еріксіз қара көзден жас шығарды.

Бастықсың сен де өзіңнің үй-ішіңе,

Үйдегі кітап тұрған мүйісіне.

Жан-жарың, бала-шағаң, туыс-туған

Демесе болды кейін: «Мұнысы не?»

Жүректің тығып қойған қойнауына,

Басшысың санадағы ойларыңа.

Тəуба де ие болсаң сауған сүттің

Бетіне қалқып шыққан қаймағына.

Ұсынар тосын сыйын өмір не бір,



Алуан ой сапырылған көңілде жүр.

Алда жүр, басшы болсаң, жел өтінде,

Бас болсаң, тек биіктен көріне біл!

Жетінші назым

Ақылбек, артта қалды желөкпелік,

Жүретін жан емессің тезек теріп.

Бұрқ етіп жанартаудай атылдың ба,

Іштегі сезіміңді тежеп келіп.

Шашылып қалған жоқ па сырың сыртқа,

Жетті ме шашырамай жырың жұртқа?

Тосқауыл қоя алдың ба сөзіңменен,

Наданның ішіндегі жұлын-құртқа?!

Намысты ояттың ба кеткен қалғып,

Ұятты қойдың ба əлде шөккен нар қып.

Бере алдың қандай кеңес ағайынға,

Бір-бірін қызғанышпен өткен аңдып.

Жүретін жетегінде арам ойдың,

Жақтарын айырдың ба жəдігөйдің.

Көрініп тұрған дертке ем таппасаң,

Вирусты көрінбейтін қалай жойдың?!

Бұл жайды білмеген бар, білген де бар,

Табар-ау қорлықты да тілден олар.

Көрмеген дертке сеніп тұрса-дағы,

«Алланы кім көрген?» - деп жүрген де бар.

Өмірдің үзілмейтін шерттің жырын,

Су құйып өшірдің бе өрттің көбін?

Жұмақтан, бəлкім, орын алар ма едің,

Таба алсаң айықпаған дерттің емін.

Қарсы алып тұрған шақта нұр-таңыңды,

Дəстүрге үйреттің бе ұрпағыңды?

Қуанам жаттан жұққан жаманаттан

Бұл күні дейтін болсаң: «жұрт арылды»

Көбіне жəрдем беріп қысылғанның,

Ақ жолын ұстадың ба мұсылманның?!

Есіңде қалған шығар махаббат пен

Бақытын жомарттықпен ұсынған күн.

Бұл назым арналады зейіндіге,

Пенденің ішіндегі пейілдіге.

Жұмбақ көп шешілмеген əлі күнге,

Қалд ырд ық шешуін д е кейінгіге.

..

Сегізінші назым

Ақылбек, сағыңд ың ба жас күніңд і,

Аптықпа, артқа қара, аш көзіңд і!

Абайлап, аңд ап басқын аяғыңд ы,

Десе д е от пен суға таста өзіңд і.



Күн болд ы ерте тұрып, кеш жататын,

Күн болд ы кешке д ейін бо с жататын.

Жас күнгі жазған жырым көңілд е тұр,

Қашалып қалғанд ай-ақ тасқа хатым.

Жастықтың жайнап тұрған асыл бағы,

Жолд астар сиреп қалд ы қасымд ағы.

Ағармай қалған шашым бірен-саран,

Ой д а көп, ойлай берсем, басымд ағы.

Болса д а өткен д əурен көпке қызық,

Қайтейін оның бəрін жіпке тізіп.

Жастық шақ жалт-жұлт еткен ақ шабақтай,

Кеткен бе үйірімен шетке жүзіп?!

Жастығым қызыл шоқтай жалынд аған,

Қызығың оттан д а ыстық мəлім маған.

Қайратым қайтқан шақта сені аңсаймын,

Алд ымд а қамал тұрса алынбаған.

Жас д əурен, аш жүрсем д е, ашықпаған,

Қызд ар д а болған шығар ғашық маған,

Көзд і арбап бұлд ырлаған сағымд айсың,

Күн өткен сайын менен қашықтаған.

До сты д а бірге жүрген өкпелетіп,

Талай күн сайран салған кеткен өтіп.

Айтатын бұрынғылар көңіл жас д еп,

Оның д а кеткен екен көктемі өтіп.

Тек қана көктем емес, күзі д е өтіп,

Қатал қыс қаһарланған келд і жетіп.

Жемісін терд ің талай күзгі бақтың,

Қиналма бермед ім д еп еліме түк.

Бұлбұлд ай əн төгілген таңд айынан,

Жыр жазсаң, тыңд ағанд а жан байыған.

Ел үшін еңбек етсең, ел д е сені

Құрметтеп, сипары анық маңд айыңнан.



Тоғызыншы назым

Ақылбек, алд а жүрсең, көз тиед і,

Ад асып, артта қалсаң, сөз тиед і.

Домбыра, қобыз, шертер, əр аспаптың

Болад ы шанаққа сай өз тиегі.

Тұз қо сқан ащы суд ы кім ішед і?

Тартылса д омбыраның қыл ішегі,

Қанд ырса құлақ құрышын, көңіл көншіп,

Қонад ы тыңд аушыға д ұрыс емі.

Қазақтың тебірентіп атырабын,

Сілкінтіп бəйтеректің жапырағын,

Шерлі үні қыл-қобызд ың күніренген

Жүректің қозғайд ы екен запыранын.


Күллі əлем таңд ай қағып, танығанд ай,

Қазақтың күйі қанд ай, əні қанд ай?!

Күйд ірсе кейд е шоқтай жалынымен,

Тонд ырар кейд е мұзбен қарығанд ай.

Көп күнін өткізетін бо с əуремен,

Əнші көп о сы күні есерленген.

Əнінің жан жылытар жылуы жоқ,

Секілд і жұмсақ киіз төселмеген.

Сөзінің бірін ұқсаң, бірін ұқпай,

Шошытар айқай салған құбыжықтай.

Жайылса алақанд ай д еп тілесең,

Əд ейі жұмылад ы жұд ырықтай.

Жыр жазсаң, əрбір жолың балд ай болсын,

Ағарып жаңа шыққан таңд ай болсын!

Сол жырға естен кетпес əн шығарса,

Тыңд аушы кəусарына қанбай жүрсін.

Сүйсінем естігенд е халық əнін,

Халықтың айтқан əнін сағынамын.

Ел-жұрттың көңілінен шаға алмасам,

Құр текке əуре болып не қыламын?!

Жүректен тасқынд аған жыр ағылд ы,

Кəнекей, шырқап жібер бір əніңд і.

Ад амд ай шөлд еп келіп қымыз ішкен,

Қанд ырып алайыншы құмарымд ы.



Оныншы назым

Ақылбек, көп сөзд ерің жұртқа жаққан,

Кеуд енд і көтеретін емес мақтан.

Қай жерд е сүрінд ірсем, құлатсам д еп,

Жүрген көп оғын сайлап, құрып қақпан.

Қоразд ай не істер д еген бұлбұл маған,

Пысықты естіп жүрмін мылжыңд аған.

Жастард ың кей ісіне қарап тұрсам,

Келбеті келешектің бұлд ыр маған.

Туғалы байлық пенен мансап қуған,

Көп көрд ім кісілерд і шаршап тұрған.

Ұялмай жас қызд арға көз сүзед і

Тойлард а текесақал қаусап тұрған.

Пенд е көп аярлықпен арын сатқан,

Қызд ар бар шалд ард ың д а бабын тапқан.

Залым мен жауызд ард ың жолы болса,

Бұл өзі қалған жол ма Əлімсақтан?

Дегенмен, ад амд ар көп қайырымд ы,

Ад алд ар бетке басар айыбыңд ы.

Жақсылық жаманд ықпен айқасқанд а,

Қасқа жол екі жаққа айырылд ы.


Бір жол бар – тура, д аңғыл, кед ірі жоқ,

Бір жол бар – жол бойынд а жебірі көп.

Біреуд ің аңсағаны қасынд а тұр,

Біреулің ізд егені өмірі жоқ.

Кед ір д еп ард ан безіп, жан сақтама,

Жебір д еп қорқа соғып, тайсақтама.

Ад аспай барар жерге жету оңай,

Қамқоршы жолаушыға болсақ қана.

Жараспас бір біріңд і күнд егенің,

Жау болып шықса қайттің іргед егің.

Жаныңд ы шүберекке түйіп қойғын,

Бəріміз ішінд еміз бір кеменің.

Жоламай, аулақ жүрсең над анд ард ан,

Болад ы мінəжатың саған қорған.

Ниеті түзу болған Нұқ пайғамбар

Кезінд е топан суд ан аман қалған.

Қашаннан білімсіз ел олқы болған,

Жатпайтын ад амд ыққа салты болған.

Қырық жыл қаңғып жүрген Мұсаның д а

Қауымы ақиқатқа тəнті болған.

Дəрмен жоқ жерд ің жүзін аралауға,

Жер бетін тап-таза қып жаңалауға.

Айтпастан ажал, шіркін, жетіп келер,

Қаратпай алд ы–артыңа қарауға д а.

Қарасаң кейінгі жас балаларға,

Бүгінгі көрген күнін бағалар ма.

Дəуіттің отыз ұлын бір күнд е алған

Ажалға қарсы тұрар шама бар ма?!

Биігің шықтым д еген төбе ме ед і?

Демессің еңбегімд і елемед і.

Шүкір д е айтқаныңд ы ел тыңд аса,

Артыңа сөз қалд ырсаң өнегелі.



Он бірінші назым

Ақылбек, отырмысың жаның жүд еп?

Абыржып бо стан бо сқа, налыма тек.

Ізд ейсің ғибрат пен ғанибетті,

Бұл күнгі əңгіменің мəні бөлек.

Біреу мəз отырғанға төрге барып,

Еңбегі болмаса д а елге қанық.

Кісімсіп кісəпірлер сөз қылад ы

Ад алд ы жерд ен алып, жерге салып.

Біреу мəз ата-анасын алд ағанға,

Қатынд ы беті жылтыр арбағанға,

Кетерд ей ойып жерд і шіренед і,

Қаңбақтай болмаса д а салмақ онд а.


Біреу мəз жас қызд арға көзін салып,

Етед і ақшасы мен сөзін сарып.

Айтад ы тағы соны мақтан қылып,

Пиғылы көрсеқызар көрінсе анық.

Біреу мəз аққа жала жапқанына,

Жағынып, оңай олжа тапқанына.

Қайтқанд ай қансонард ан қуанад ы,

Түсірсе таза жанд ы қақпанына.

Біреу мəз ел көрмеген көлік мінсе,

Көлікке отырғанд а желік кірсе.

Жүрсе д е асып-тасып мейірім жоқ,

Жарытпас жетімд ерге беріп күлше.

Біреу мəз шапан киіп, құрмет көрсе,

Қол соққан қошеметтеп д үрмекке ерсе.

Байғұс-ау, алд ы-артыңа қарасаңшы,

Өмірге бо сқа келіп, құр кеткенше.

Əйтеуір, талай кісі мəз болып жүр,

Көз көрген ағайынд ар жазғырып жүр.

Қисық пен қыңырлард ы тезге салып,

Пенд еге жол көрсетер аз болып жүр.



Он екінші назым

Бақытхан, Құд ай қо сқан асыл жарым,

Өзіңнен еш сырымд ы жасырмад ым.

Түтінің түзу шықты қай кезд е д е,

Үйімнің берекесін қашырмад ың.

Еңбек қып, үй-ішімд і асырад ың,

Қабағым түйілсе д е, жасымад ың.

Бір сабақ жіп болса д а, қад ір тұтып,

Еш нəрсе төркініне тасымад ың.

Қарсы алд ың ашық-жарқын қонағымд ы,

Дəмд ілеп беріп жүрд ің тамағыңд ы.

Қайрад ың намысымд ы мұқағанд а,

Ұштад ың мұқалғанд а қаламымд ы.

Ісіңмен, сөзіңмен д е жұртқа жақтың,

Бала мен немеренің бабын таптың.

Кешірд ің кең пейілмен, мейіріммен,

Кей кезд е ісін қылсам ақымақтың.

Бетке айтпай жаман істі тұра алмад ың,

Əйелд ей беті жылтыр сыланбад ың,

Үлд е мен бүлд е киген сылқымд ард ай

Əпер д еп қымбат ішік сұранбад ың.

Басыңнан шаттық д а өтті, нала д а өтті,

Фəниге пəк күйінд е бала кетті.

Тəуба д еп, мінажат қып Жаратқанға,

Еске алд ың ақырет пен қияметті.


Үмітпен, сенімменен қарап алға,

Қалад ың жақсылықты бар ад амға,

Ел-жұрттың, туысқанның қамын жед ің,

Аллад ан тілегіңд і сұрағанд а.

Еңбегім азд ы-көпті еленгенд е,

Көсегем көрікті боп көгергенд е,

Қанағат қылып жүрд ің қолд а барға,

Үйренд ім көп нəрсені сенен мен д е.

Толтырып шұғылаға жүрегіңд і,

Ешқашан бұлт баспасын реңіңд і.

Аллаға менен көрі сен жақынсың,

Тілеймін берсе екен д еп тілеуіңд і.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет