Тəуба
Адам боп баста жаралдым,
Анамды еміп, нəр алдым,
Жасадым жастан еңбек көп,
Байлықты жидым тірнектеп,
Ойнадым, күлдім, дем алдым,
Ішіне кіріп қамалдың,
Үлде мен бүлде орандым,
Кей кезде жолда тоналдым,
Ақырын күтіп амалдың,
Аузына түспей аранның,
Ойға да талай қамалдым,
Тəубаға тіреп ат басын,
Жаңылмай ашып қақпасын,
Салқыны есіп самалдың,
Аллаға қайтып оралдым.
Қадірін білмей тыйымның,
Қатардан қалмай киіндім,
Жемтікті көрсем, шүйілдім,
Шешуін тауып түйіннің,
Қызыққа батсам, сүйіндім,
Кездескен кезде бетпе-бет
Достарым қалса өкпелеп,
Шырайын бұзып жиынның,
Келмеді тіпті иілгім,
Арада жылдар өткен соң,
Алыстап жастық кеткен соң,
Кесірін тартып қиынның,
Қатемді біліп күйіндім,
Арамнан енді тыйылдым,
Аллаға ғана сыйындым.
Адал жəне харам
Арам шөптей қаптап кеткен егінге,
Арамдар көп өмірде.
Адалдықты қалам десең құтқарып,
Мақсатыңнан бір қадам да шегінбе.
Көңіл қойып, көз жіберсем өткенге,
Бабаларым сүйенгенде кетпенге,
Бидай ақтап, тары түйіп, талқан жеп,
Аман жеткен көктемге.
Төрт түлігі өрісінде жайылған,
Сүтін ішіп, қырда жылқы қайырған,
Егін салып, арам шөбін отаған,
Ұнды да олар кебегінен айырған.
Ақ бидайдың дəні менен сабаны,
Қызыл гүлдің жемісі мен сабағы
Өсіп-өнген қара жерде, əрине,
Тас та, күл де болады.
Көргеннен соң жақсы менен жаманды,
Аталардан қалған бізге жоралғы:
Денсаулығым болсын десең түп-түгел,
Айыра біл адал менен харамды.
Тəртіп
Үлкендерден жеп жүрген соң сарқытты,
Жас күнімнен болсам керек тəртіпті.
Түзу жолдан бұра тартып көрмеппін,
Жырларым да тура маған тартыпты.
Қайда барсам көрі екенін Қорқыттың
Білсем-дағы келешектен жыр күттім.
Көз көруге ұялатын сұмдықты
Құшағына жасырады барқыт түн.
Жыл мезгілін, күн мен түннің кезегін
Бір Алланың тəртібі деп, төземін.
Таң атады, кеш батады кестемен,
Енді неге өртенеді өзегім?!
Тоқта, тоқта!
Алсаң қайтер сəл тыным,
Бүгін неге бүтін емес, жартымын.
Балаларға жеткізе алсам болғаны,
Ата-анамның айтып кеткен тəртібін.
Айдала
Елегізер жел де жоқ, елең етер үн де жоқ,
айналаң қапа, тым-тырыс, тыныштық…
Ғабит Мүсірепов
Қайран, дала, боз дала,
Жүрек шерін қозғама.
Озар жылдар, тозар тəн,
Қалар бізден сөз ғана.
«Елегізер жел де жоқ,
Елең етер үн де жоқ»,
Сырыңды айтып мұңдасар
Жандай досың мүлде жоқ.
Ми қайнатар шілдеде
Кетті шыжып күн неге?!
Жалғызсырап қалдым ғой
Отырғандай түрмеде.
Дос жасаса кұр есеп,
Баққандары кіл өсек,
«Нағыз тұлпар менмін!» – деп,
Айқайлайды бір есек.
Жүрегімде жатса мұң,
Өзіме өзім патшамын.
Жеткізбейтін армандай
Көлбеңдейді ақ сағым.
Сəлем бермес ханға да,
Жатыр маңғаз маң дала.
Тыңдап мені тұрғандай
Төрт құлақты там ғана.
Періште мен шайтан
Бір қылығың еске түскенде,
молаңның басына барып өлгім келеді.
Енді бір қылығың еске түскенде,
тереңірек қазып, қайтадан көмгім келеді.
Ғабит Мүсірепов
Бір иығымда періште,
Бір иығымда шайтан бар.
Мінезім оң, теріс пе?
Ағайындар, байқаңдар.
Мініп алсам құр атқа,
Ер-тұрманы келіскен.
Шайтан түртіп кұлатса,
Қағып алар періштем.
Ал тұлпарым кей-кейде
Ауыздыққа көнбейді.
Алтын көрген періште
Пəк болғысы келмейді.
Өңшең қидың ішінде
Қайтіп таза боласың,
Түсін, мейлің, түсінбе,
Қайда барып оңасың?
Ит қапты деп, ол қапса,
Ерде қасиет қала ма.
Қария сөзін тыңдатса,
Елде қасірет бола ма?!
Күншіл, кекшіл, кінəмшіл,
Қайран, қандас қазағым.
Көзге түспей шын асыл,
Аз болды ма азабың.
Кетсін сөзге тас иіп,
Сөйлер болсам, айтам дəл.
Періштеме бас иіп,
Шайтанымды байқаңдар.
Адамға кім бар тең келер
Бір Алла артық жаратқан,
Адамға кім бар тең келер?!
Бас алмай арақ-шараптан,
Хайуан боп кетті пенделер.
Ішкен мəз, жеген тоқ болып,
Құлқынын мүлде тия алмай,
Қанағат тіпті жоқ болып,
Қауымнан жүр ғой ұялмай.
Дельфиндер судан атылып,
Шарқ ұрды көкте шағала.
Құрдымға ойлар батырып,
Түспеді жарық санаға.
Көргендей ажал жебесін,
Тартылып теңіз бара ма,
Киттер де ауыр денесін
Лақтырды келіп жағаға.
Тарылып жердің тынысы,
Ызасы ішке жиналып,
Төгіліп жиған ырысы,
Қаншама жатты қиналып.
Жанартау ақыр атылды
Мұхиттың жатқан түбінде.
Осының өзі ақырғы
Ескертпе шығар бүгінге.
Не беріп, нені аламыз,
Қайнаса өмір базардай,
Базарға кіріп барамыз,
Жанымыз түгел тазармай.
Тағарсың енді кімге айып,
Əзəзіл шықты не түрлі.
Қорлық пен зорлық ұлғайып,
Қарақшы пиғыл жетілді.
Зұлымдар сырын жасырып,
Сыйластық жібі үзілді,
Залымдар қулық асырып,
Замана райы бұзылды.
Жарыққа шығып кесірлер,
Нəпсіге дүлей ергелі,
Көбейіп жетім-жесірлер,
Жер жүзін жоқтау кернеді.
Өнеге болмай өткен іс,
Өлімге өзін байлаған
Жандарды көрсем, теп-тегіс
Миғұла-сынды айналам.
Арамға хақы желініп,
Момындар жүрсе аҺ ұрып,
Біреу жүр асып-төгіліп,
Ақшаны судай сапырып.
Ешкіге апа айналып,
Жезде де теке болған шақ,
Харамға барып байланып,
Жаманға тағы алдансақ.
Көк төсі қаққа айырылып,
Жік шықса жердің астынан,
Қарасақ артқа қайырылып,
Біздерде шығар лас күнə.
Бір Алла бəлкім кешірер
КүнəҺар болған пендесін.
Келген нұр көктің төсінен
Ендеше бізді емдесін.
Жүректен туып сыр түрлі,
Арылсақ дерттен қауіпті,
Қуантып байтақ жұртымды,
Серпілтер едік халықты.
Қала алмайсың жасырып
Түскен болсаң бақшасына өзгенің,
Көргендерің айтып берер көздерің.
Ауызға да қақпақ қоя алмассың,
Өздеріңе қарсы шығар сөздерің.
Ештеңені қала алмайсың жасырып,
Тəубаға кел!
Жаратқанға бас ұрып.
Мейлің шаруа, мейлің сондай бол дарын,
Білесің бе алда қандай жол барын?
Тырнағың да тиген жерің ұмытпас,
Ұстағанын айтып берер қолдарың.
Ештеңені қала алмайсың жасырып,
Тəубаға кел!
Жаратқанға бас ұрып.
Өткен өмір кеткенімен, түбінде
Еске алынар жақсы, жаман күнің де.
Естігенін айтып берсе құлағың,
Не жаласаң, табы қалар тіліңде.
Ештеңені қала алмайсың жасырып,
Тəубаға кел!
Жаратқанға бас ұрып.
Қайда тұрдың?
Қалай жүрдің?
Не істедің?
Тістегенің айтып берер тістерің.
Барған жерге куə болар аяғың,
Аллаға аян еткен барлық істерің.
Ештеңені қала алмайсың жасырып,
Тəубаға кел!
Жаратқанға бас ұрып.
Сен адамсың!
Ей, Алланың пендесі,
Ғұмыр кешіп келесің,
Қасиетті, қасіретті жерде осы.
Қанатыңды, бəлкім, кеңге сермерсің,
Бəлкім, босқа күшенерсің, терлерсің,
Сені соған мəжбүр қылған кім деші?!
Сен ағашсың!
Тамырың, əттең, қырқылған,
Жапырағың сарғаймай-ақ жыртылған,
Сумаңдаған жыландардай денеңе,
Оратылған шырмауықтан босамай,
Бұлшық етің бұлқынған жанартаудай жұлқынған,
Шыға алмаған, бірақ, заман ырқынан.
Қылығыңды қоясың ба,
Кемшілікті жоясың ба,
Қанағатқа тоясың ба? –
Бəрі қолдан келеді.
Қиындыққа шыдайтын да,
Өзін өзі сынайтын да,
Күлетін де, жылайтын да,
Сен адамсың – себебі!
Жануарсың аузыменен оттаған,
Арқа етің арша болып,
борбай етің борша болып,
Күндіз-түні тіпті тыным таппаған.
Соғымы үшін біреулердің бір күні
Бауыздалған, бірақ, жаны шықпаған...
Сен адамсың сүйек-еттен жаралған,
Табандарың қара жерден нəр алған,
Балық болып, хайуан болып, құс болып,
Өмір сүріп, ғұмыр бітіп, ақыры
Жер-ананың құрсағына оралған,
Сол құрсақтан қайта туып, жаңғырып,
Тіршіліксің бар əлемге таралған.
Кісі сүймес қылықтардан жиіркенген,
Бауырларың жер қойнына ерте енген,
Өткеніне шүкірлік қып, амалсыз,
Жақсылықты күтесің тек ертеңнен.
Өмір-бақи жақсы атанып жүрмейсің,
Көресіңді көрмей жерге кірмейсің.
«Қайтсем екен?»
–
деп жүргенде ойланып,
Мал секілді қол-аяғың байланып,
Жоныласың ағаштай,
тураласың қалаштай...
Неге, неге?
Оны өзің де білмейсің.
Сен адамсың, өйткені!
Қызыл гүл де жайнап тұрған,
Бұлбұл құс та сайрап тұрған,
Ыстық қан да қайнап тұрған,
Бір күн қатып-семеді.
Мезгілдерің бөлшектеулі,
Барар, көрер жер шектеулі,
Əрбір күнің есептеулі,
Сен адамсың – себебі!
Сəлем – сөздің анасы
Білуге тиіс жұрттың кəрі-жасы,
АссалаумаҺалейкум ! –
Сəлем басы.
Кішіліктен көрінер айнадайын
Саған деген кісінің ықыласы.
Ұлы келсе – атасына,
Қызы келсе – анасына,
Жауынгері – қолбасшыға,
Шəкірттері – данасына
Сəлем берсе – сол дұрыс.
Қонақ келсе, қолын ал таппай тағат,
Сəлем беріп, сəлем ал – болар сауап.
Ілтипатын көрсеткен мұсылманға
УаҺалейкумассалам! –
Дұрыс жауап.
Жасы кіші – ақсақалға,
Аттылысы – жаяуларға,
Келген кісі – отырғанға,
Саны аз кісі – көп адамға
Сəлем берсе – сол дұрыс.
Ғазиз жанның қорегі
Алыс-беріс, барыс-келіс көп д ейд і,
Жиғаныңд ы ағыл-тегіл төк, мейлі.
Өмір бойы таусылмайд ы сый-құрмет,
Тек сəлемге ештеңе д е жетпейд і.
Ұмытылмас талай қызық көргенің,
Өткен жылд ар қалд ырад ы өрнегін.
Сəлем алсаң – ол д а сенің алғаның,
Сəлем берсең – ол д а сенің бергенің.
«Сəлем – сөзд ің анасы» – д еу себебі,
Сəлем д еген ғазиз жанның қорегі.
Сол сəлемд ер жад ыратып жаныңд ы,
Сол сəлемд ер қартқа қуат беред і.
Алақай
Сəті түсіп, қосылғанда сезімге ой,
Ең абзалы – қанағат пен төзім ғой.
«Алақай!» – деп балаға ұқсап қуансам,
«Аллам-ай!» – деп айтып жатқан сөзім ғой.
Қол мен тіл
Іс қылсаң ырзалықпен,
Сөйлесең туралықпен,
Қол мен тіл орындайды көркем істі.
Біреуге қолың тисе,
Біреуге тілің тисе,
Қол мен тіл бəрінен де жиіркенішті.
Бəрі өз мезгілінде
Тұңшығып өз деміме,
Жас толып көздеріме,
Құдай-ау!
Жастық шақтың
Өтерін сезбедім бе?!
Кеш те емес,
Ерте де емес,
Бəрі өз мезгілінде.
Мəн бермей езге мүлде,
Ерлерге кез келдім бе,
Тағдырдың салмағына
Майысып, төзбедім бе?!
Кеш те емес,
Ерте де емес,
Бəрі өз мезгілінде.
Бақытқа мəз күнімде
Жетсін деп сөз бүгінге,
Қиялды кезбедім бе,
Жаманнан безбедім бе?!
Кеш емес,
Ерте де емес,
Бəрі өз мезгілінде.
Тоймаса көз көруге,
Қиналсаң сөз беруге,
Жатса да тозып тəнің,
Бола ма өзгеруге?!
Кеш емес,
Ерте де емес,
Бəрі өз мезгілінде.
Бəрі өз мезгілінде...
Аманат
Өткен күнге қарар болсаң саралап,
Тіршілікте кие тұтқан бағалап,
Жер мен ел де, тіл мен дін де бабамыз
Ұрпағына табыс еткен аманат.
Қиналсаң да жол таба алмай қиялап,
Жүректерге ізгі сезім ұялап,
Əлімсақтан қалыптасқан қағида –
Аманатқа жасалмайды қиянат.
Жер бетінде болып жатса жаманат,
Бəйтеректі жатқандай-ақ аралап,
Адал асқа арам тамақ қол салса,
Бұзылғаны сақтап келген аманат.
Шырша
Жаны жоқ, құр сəні бар,
Жылуы жоқ, қары бар,
Төрге шығып кетіпті
Ағаш діни мəні бар.
Баса-көктеп жат ағым,
Қиып кетіп Отанын,
Орнын тартып алыпты
Бата берер атаның.
Үйге кірген ағашты
Дей алмайсың жарасты.
Тамыры жоқ, дəні жоқ
Шырша кімге жол ашты?
Ауыз тию
Аман жетсек атар таңға,
Жетеді ғой, шүкір,ас,
«Ауыз ти!» –
деп келген жанға
Көрсетеміз ықылас.
«Тастама, – деп, – таңғы асыңды» –
Жүрген жанның күші көп.
Құрметтесең жолдасыңды,
Дəмнен үлкен кісі жоқ.
Ауыз тию – дəстүр ғажап,
Мирас болған маған да,
«Дəмім атсын!» –
дейді қазақ
Ренжіткен адамға.
Қарсы алмайтын адам аз-ақ
Қастарын да тас атқан,
«Құдай тапсын!» –
дейді қазақ
Арамзаны ас атқан.
Алла бір, Мұхамбет хақ
Алла жалғыз, бір ғана!
Лə-ил-лаҺа-ил-ла-алла!
Лə-ил-лаҺа-ил-ла-алла!
Алла жалғыз, бір ғана!
Бар ғаламды тең көріп,
Ілімді елге меңгертіп,
Рахман нұрын төгеді.
Меккедегі Қағбаны
Ұлағат деп сенеді.
Халал менен харамды
Ажыратып береді,
Мұхамбеттің үмбеті
Бақидан бар үміті,
Елжіресе жүрегі,
ТауҺидқа бір келеді.
Хадистерге жол салған,
Аяттарға тамсанған
Құран – Алла сөзі еді.
Мұғалім
мұсылманша илəһи əндерді орындаушы
Сəми Жүсіптің əнінен
(ағылшын тілінен аударылды)
Болды біздің ұстазымыз ұстаздардың ұстазы,
Бұл өмірді жаңартты,
Сеніміне қол артты.
Жаратқанның сүйіктісі, түсіндік,
О,Алла!
Қолды кештеу ұсындық,
Мұғалімнен қысылдық.
О-о-о, қысылдық!!!
Нұрлы Мұхамбет, салаллаху ғалейхи уассалам,
Мұхамбет, адамзатқа мейірімді.
Нұрлы Мұхамбет, салаллаху ғалейхи уассалам,
Мұхамбет, бар адамға мейірімді,
Адамзаттың ұстазы, Əбіл-Қасым!
Ұстазым, менің пірім Мұхамбет,
Сүйікті, мəңгі тірі Мұхамбет,
Жаратқан Алла артық Мұхамбет.
Ия, Мұстафа!
Имам болдың елшілерге,
Ия, Мұстафа!
Ұстаз болдың бар əлемге.
Ел ұйқыға жатқанда, құлшылық қып тұра қап,
Өзгелер ас ішкенде, ол жасады мінəжат.
Қайғырғанда, көздің жасын көл қылды,
О,Алла!
Жүрек отын жандырды,
Жаратқанға нандырды.
О-о-о, нандырды!!!
Нұрлы Мұхамбет, салаллаху ғалейхи уассалам,
Мұхаммад, адамзатқа мейірімді.
Нұрлы Мұхамбет, салаллаху ғалейхи уассалам,
Мұхамбет, бар адамға мейірімді,
Адамзаттың ұстазы.
Менің пірім нұр Мұхамбет,
Мəңгі тірі нұр Мұхамбет,
Жүрек сөзі нұр Мұхамбет,
Күннің көзі нұр Мұхамбет.
Бізге əділ, ізгі болу жолын талмай үйретті,
Қаталдықты, арамдықты, сараңдықты күйретті.
Елді баурап, күлген кезде баладай,
О, Алла!
Ақыл айтқан анадай,
Сөз жүректе қалады-ай.
Нұрлы Мұхамбет, салаллаху ғалейхи уассалам,
Мұхамбет, адамзатқа мейірімді.
Нұрлы Мұхамбет, салаллаху ғалейхи уассалам,
Мұхамбет, адамзатқа мейірімді.
Адамзаттың ұстазы, Əбіл Қасым!
Ұстазым менің пірім Мұхамбет,
Сүйікті, мəңгі тірі Мұхамбет,
Жаратқан Алла артық Мұхамбет.
Ия, Мұстафа!
Имам болдың елшілерге,
Ия, Мұстафа!
Ұстаз болдың бар əлемге.
Елші
Американдық ғалым Майкл Харт адамзаттың бүкiл тарихында пайдалы iс
iстеген жүз тұлғаның өмiр сүру тəжiрибесiн компьютерге салғанда, солардың
iшiнен ең соңғы пайғамбар Мұхамбеттің аты-жөнi бірінші орынға шыққан.
Осы ғалымның «Адамзат тарихындағы ұлы жүздік» кітабында Иса
пайғамбар үшінші, Мұса пайғамбар он бесінші орынға ие болған.
Көз тоқтатар суреті жоқ,
Мүсіні жоқ тым биік.
Болғанымен бейнеті көп,
Білімі оның тұңғиық,
Қалдырмапты ескерткіш те
Тасқа салып бейнесін,
Бірақ, күнде тұрады есте
Оның аты, ей, досым!
Билеген жоқ патша болып,
Көптің сөзін сөйледі.
Ар-намысты тұрды қорып
Оның əрбір сөйлемі.
Қасиетті ұстаз ғана
Бола алады қорғаның.
Өзі дана, елге пана
Ол – елшісі Алланың.
Пайғамбардың есімдері
Пайғамбардың шын есімі – Мұхамбет,
Інжілде айтқан бір есімі – Ахмет.
Ел есінде бір есімі – Мұстафа,
Тағы да бар бір есімі – Махмет.
Дұға оқырда, қол жайғанда, есіңе ал,
Ғалайсалам Мұхамбетке сəлем ет!
Нұр сипатты
Нұр сипатты Мұстафа,
Əбіл Қасым Мұхамбет.
Ол Қасымның əкесі,
Шыншыл, əділ Мұхамбет.
Сүйіктісі Алланың –
Хабибулла Мұхамбет.
Көмекшісі Алланың –
Сағидулла Мұхамбет.
Үмбетіне жол сілтер
Тура жолға Мұхамбет,
Бір Алланың елшісі –
Расулалла Мұхамбет.
Ойлаңдар!
Жақсылықтың тіршілікте істеген
Қарымтасы қайтады ма?
Ойлаңдар!
Көлеңкесі жер бетіне түспеген
Ол – Мұхамбет пайғамбар.
Бір Аллаға мінажат қып, сыйынған,
Намаз оқып, ораза ұстау –
Міндеті.
Зекет беріп, жаман істен тыйылған
Ол – Мұхамбет үмбеті.
Тең келмейді
Я изучил его жизнь – по-моему он удивительный человек – уж никак не
антихрист, напротив – его можно называть спасителем человечества.
Бернард Шоу
Есімдері қайта-қайта аталар,
Пайғамбарлар, патриархтар, папалар
Мұхамбетке тең келмейді ешқашан.
Қызметін басқа қонған бақ санар,
Халифалар, хан-сұлтандар, патшалар
Мұхамбетке тең келмейді ешқашан.
Өлгеннен соң талай кітап жазылар,
Мүриттер мен имам, қари, қажылар
Мұхамбетке тең демеймін ешқашан.
Ерліктерін қанша жырлап тауыса алман,
Шейіт болған сахабалар, аңсарлар,
Мұхамбетке теңгермеймін ешқашан.
Сөйлегенде іштің дертін тазалар,
Тарихатқа жеткен сопы, қожалар,
Мұхамбетке тең демеймін ешқашан.
Шүкірлік қыл!
Ернеуіңнен аспасаң,
«Иншалла!» – де,
Бұл сөзімді қоштасаң.
Із
Салақтардан қалған із –
сыз,
Надандардан қалған із –
мұз,
Жамандардан қалған із –
шыж бен быж,
Пайғамбардан қалған із –
сіз бен біз.
Хадистер
Алланың қаҺарымен қорқытатын,
Сөзінің қызуымен балқытатын
Мұхамбет пайғамбардың хадистері.
Жүректі тастай қатқан жібітетін,
Іштегі мұзды жатқан ерітетін
Мұхамбет пайғамбардың хадистері.
Қылышпен қара түнді қақ тілгендей,
Ошаққа жанбай қалған от бергендей
Мұхамбет пайғамбардың хадистері.
Сөздері найзағайдай жарқылдаған,
Суындай тас бұлақтың сарқылмаған
Мұхамбет пайғамбардың хадистері.
Көрінген ғибраттан кемелдігі,
Білінген əр сөзінен тереңдігі,
Мұхамбет пайғамбардың хадистері.
Мүбəрак түндер
1.Мəуліт түні
Бұл жалғанға келген мезгіл пайғамбар,
Дəм дайындап, қонаққа орын сайлаңдар.
Мұхамбеттің нұры түспей осы елге,
Қиындықтан өтер ме еңдер, ойлаңдар,
Мадақ айтып жол көрсеткен көсемге,
Расулдың туған күнін тойлаңдар.
2.Ережеп түні
Жолы түсіп, сапар шегіп жыраққа,
Ғалайсалам ерттеп мінген пыраққа.
Жаратқанның көрмесе де дидарын,
Таңғажайып үні жеткен құлаққа.
Мекке менен Мəдинаның орны зор,
Құддыстың да киесі бар, бірақ-та.
3.Мұғыраж түні
Фатиха оқып, жасап Хаққа қызмет,
«Ықыласты» айтып шықсаң он рет,
Жайнамазға бас тигізіп сан рет,
Аяттарды қайталасаң жүз рет,
Тəуба қылсаң осы көрген күніңе,
Бағың жанар, іздеп табар Құдірет.
4.Арылу түні
Фəнидегі əртүрлі істен тыйылып,
Күнəң болса, кешу сұрап, күйініп,
Жалғыз ғана Жаратқанға табынсаң,
Дұғаңды оқып, мінəжат қыл, сыйынып.
Кеудедегі ауыр ойдан арылсаң,
Жақсы ісіңе жат та тұрар сүйініп.
5.Қадір түні
Жебірейіл жер бетіне келген түн,
Жақсы сөздің жауҺарларын терген түн,
Ескі əдетті, жамандықты таста деп,
Исламның ақ жолына сенген түн,
Адамзатты адалдыққа баста деп,
Пайғамбарға Алла аян берген түн.
Күн мен түн
Нұр əкелген күндерім,
Мұң əперген түндерім,
Жылағаным, күлгенім,
Бəрі ойымда жүр менің.
Жар болмаса бір Алла,
Не боларын білмедім.
Тірлігісің бар елдің,
Өзегісің өлеңнің,
Жаратқанның затына
Қажеті жоқ дəлелдің,
Жағаласқан күн мен түн
Екі беті əлемнің.
Жебірейіл мен пайғамбар
(Ислам, Иман, Илхам деген не?)
В законо Мойсея все основано на справедливости, в законо Иусиса – на
милолсердии, закон Мухаммеда как последнее и самое совершенное откровение
соединяют милосердие и справедливость.
В.Бартольд.
Пайғамбарым тұрған кезде дін аман,
Жебірейіл періште кеп сұраған.
Жебірейіл Мұхамбетті жебеген,
«Айтшы маған, Ислам деген не?»
–
деген.
«Алладан басқа тəңір жоқ,
Мұхамбет оның елшісі,
Құлшылық қылу Аллаға
–
Мұсылманның белгісі.
Ислам деген сол!»
–
деген!
Жауап берсе: «Сақтай көр,
–
деп,
–
күнəдан»,
Осы жауап сұраушыға ұнаған.
Пайғамбарым тұрған кезде дін аман,
Жебірейіл тағы да одан сұраған.
Жебірейіл Мұхамбетті жебеген,
«Айтшы маған, Иман деген не?»
–
деген.
«Аллаға анық илансаң,
Құранның сөзін құп алсаң,
Қиямет күні келер деп,
Қабағың түсіп, қиналсаң,
Иман деген сол!»
–
деген!
Жауап берсе: «Сақтай көр,
–
деп,
–
күнəдан»,
Осы жауап сұраушыға ұнаған.
Пайғамбарым тұрған кезде дін аман,
Жебірейіл тағы сауал сұраған:
Жебірейіл Мұхамбетті жебеген,
«Айтшы маған, Илхам деген не?»
–
деген.
«Алланы бар деп білгенің,
Көрмей тұрып сенгенің,
Пенденің көрмей тұрғанын
Білесің оның көргенін.
Илхам деген сол!»
–
деген.
Жауап берсе: «Сақтай көр,
–
деп,
–
күнəдан»,
Осы жауап сұраушыға ұнаған.
Сол жауаптан сауап тапқан пендесі
Хақ мұсылман, нағыз мүсілім, шын адам.
Достарыңызбен бөлісу: |