Имангалиева Балия Санаковна аға оқытушы (ТАӘ, лауазымы, ғылыми дәрежесі) Орал, 2021 ж. Syllabus мемлекеттік білім беру стандарты /типтік оқу жоспары/ білім беру бағдарламасы


Жарықтың сфералық бетте сынуы мен шағылуы. Жұқа линзалар



бет14/80
Дата20.12.2023
өлшемі6,56 Mb.
#141558
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   80
Жарықтың сфералық бетте сынуы мен шағылуы. Жұқа линзалар.
1. Жарықтың жазық айнадан шағылуы.Мұқият тегістелген жылтыр жазық бет жазық айна деп аталады. Сондай айнаға түскен жарық сәулелерінің шоғы жоғарыда айтылған шағылу заңдарына ылайық шағылады; мысалы, S жар-
қырауық нүктеден (1-сурет) шыққан SA және SD сәулелері MN

1-сурет. Жазық айнада нүкте кескінінің пайда болуы.

ж азық айнадан шағылып, АВ және бағыттары бойынша кетеді, оларды кері бағытта созсақ, олардың созындысы S' нүктесінде қиылысады. Осы S' нүктесі S нүктесінің жорымал кескіні.
2. Жарықтың жазық-параллель пластинка-дан өтуі.Параллель жазықтар мен шектелген дене, жазық параллель пластинка деп аталатындығы мәлім. Осындай мөлдір пластинкадан жарықтың өтуін қарастырайық. Түрліше заттан жасалған екі жазық-параллель пластинка біріне-бірі тиістіріліп
қойылған болып (2, а-сурет), оларды қоршаған орта біртекті
орта болсын. Сонда пластинкаға түскен сәуленің түсу бұрышы мен пластинкадан өткен сәуленің сыну бұрышы бір-біріне тең болады Оны былай дәлелдеуге болады.

Жарықтың жазық-параллель. пластннкадан


немесе
Сөйтіп, жарық сәулесі жазық-параллель пластинкалардан өткенде оның бағыты өзгермейді, тек аздап ығысады.
Сөйтіп, сәуленің ығысу шамасы пластинканың h қалыңдығына және түсу бұрышына тәуелді.
Әдістері:дәріс презентация
Әдебиеттер:[1] §25, §26 §27; [2] §2; [6]; [7]


3 - апта
3. Тақырып: Оптикалық жүйелер. Оптикалық жүйедегі кемістіктер.
Мақсаты: Оптикалық жүйелердің кемшіліктері, пайда болу себептері, оларды болдырмау жолдары және оның түрлері туралы ақпараттандыру.
Нақты оптикалық жүйелерде параллель шоқтарға жуық шоқтар қолданылады, линзаның сыну көрсеткіші түскен жарықтың толқын ұзындығына тәуелді, ал жарықтың өзі монохромат емес болады. Осының нәтижесінде пайда болған оптикалық кескіннің бұрмалануы аберрация деп аталады.
С фералық аберрация. Параксаль сәулелерге қарағанда оптикалық осьтен қашық жатқан сәулелер үшін фокус осы параксиал сәулелердің фокусынан жақынырақ орналасады. Нәтижесінде жарқырап тұрған нүктенің бейнесі бұлыңғыр дақ сияқты болады.
С фералық аберрация астигматизмнің дербес жағдайы болып табылады.
Кома. Егер оптикалық осьтен тыс жатқан нүктелік жарық көзінен таралған қалың шоқ оптикалық жүйеден өтсе, осы нүктенің кескіні бұрыс пішінді ақ дақ болады.
Өлшемін ескермеуге болатын жарық көзін нүктелік жарық көзідеп атайды.
А стигматизм. Егер нүктелік жарық көзі жүйенің оптикалық осінен едәуір қашық болып, одан таралған жіңішке жарық шоғы жүйеге көлбей түссе, сонда жүйеден өткенде сынған жарық шоқтары бір нүктеде қиылыспайды, яғни нүктенің кескіні нүкте болмай, көмескі дақ немесе түзу кесінді тәрізді болады. Осындай кемістік астигматизм деп аталады.
Д исторция. Қарастырылып отырған дененің нүктелері жинағыш линзаның бас оптикалық осінен әр түрлі қашықтықта орналасқандықтан осы дененің нүктелерінің сызықтық ұлғаюы әр түрлі болады. Осының салдарынан дене мен кескінінің геометриялық ұқсастығы бұзылады (мысалы, тіктөрбұрышты тор) (сурет (b)-жастық тәрізді дисторция, (c) – бочка тәрізді дисторция).

Хроматикалық аберрация.


А қ жарық оптикалық жүйеге түскенде оның жеке құраушылары - монохромат сәулелер әр түрлі нүктелерде жинақталады (қызыл сәулелердің фокустық қашықтығы ең үлкен, ал күлгін сәулелердігі - ең аз), сол себепті кескін бұлыңғыр және оның айналасы түрлі түстке боялады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет