Курстың міндеттері: Курстың міндеті оптикалық заңдылықтарды және жарық туралы ілімдерді оқи отырып, айналада болып жатқан құбылыстарды, процестерді түсіндіру, физикалық білімдерін кеңейту. Теориялық білімнің пайдасы физика есептерін шығарғанда қолданады. Сонымен бірге студенттердің санасында дүниенің бір тұтас суреттемесін қалыптастыруда қажет.
Оптикалық құралдардың жұмыс істеу принцептерін қандай заңдылықтар негізінде жасап тұрғандығын талдаулар жасай алады;
Жинақтайды:
Оптиканың геометриялық, толқындық, кванттық заңдылықтарын жинақтайды.
Бағалау:
Оптикалық заңдылықтардың табиғаттағы, тұрмыстағы, техникадағы жалпы адамзат өміріндегі маңызын бағалай алады.
Курс аяқталғаннан кейін студенттер білуі керек:
Пән бойынша меңгерген теориялық білімін практикада жүзеге асыра білуі;
Оптикалық кез-келген құрылғының жұмыс істеу принцепін біле отырып, эксперименке қолдана білуі;
Оптиканың негізгі заңдарының өмірдегі маңызын білуі керек.
Курс аяқталғаннан кейін студенттер жасай алуы керек:
Жарық құбылыстарының негізгі заңдарын және олардың табиғаттағы құбылыстардағы орындалуын түсіндіре алуы және оны эксперименттік жолдармен жүргізе алады;
Оптиканың заңдылықтарын пайдалана отырып қолдан құралдар жасау білуі керек.
Игерілетін дағдылар:
Негізгі оптикалық құбылыстардың болу себептерін талауға , практикада қолдана білуге, оптикалық негізгі аспаптарды пайдалана білуге;
Пререквизиттер:Жалпы физика курсы, формулаларды математикалық түрлендіру және басқа да математикалық операциялар жасау үшін математика пәні, геометрия пәні.