2-апта №2.Тақырып:Геометриялық оптика негіздері. Сәулелік оптика заңдры. Жарықтың сфералық бетте сынуы мен шағылуы. Жұқа линзалар. жұқа линзадағы нәрсенің кескіні. Линзаның ұлғайтуы тақырыбына есептер шығару.
Сабақтың мақсаты: Жарықтың жазық бетте шағылуы және сынуы, Толық ішкі шағылу құбылысына арналған есептер шығару. Геометриялық оптика заңдылықтарын біле отырып практикалда пайдалана білу.
Негізгі сұрақтар: 1. Сәулелеік оптиканың негізгі төрт заңы.
2.Жарықтың жазық бетте шағылуы және сынуын кескіндеп салу.
3.Толық ішкі шығылуы болуының негізгі шарттары
4Сәулелік оптиканың негізгі төрт заңы.
5. Кескін алуға қажетті негізгі сәулелерді( кем дегенде екі сәуле) білу. Олардың негізгі ерекшелігін білу.
6. Жинағыш линзаның негізгі элементтерін жүргізу. Нәрсені үш жағдайда кескінін алу.1) линза мен фокустың арасындағы жағдай. Кескінге сипаттама беру. 2) Нәрсені линзаның фокусына орналастырып кескінін салу. Сипаттама беру.3) Линзаның фокусынан тысқары жатқан нәрсенің кескінін алу.
Әдістемелік нұсқаулықтар:Әдебиеттермен жұмыстанып көрсетілген сұрақтар бойынша есептер шығарылады. Теориялық материалдар негізінде білімдерін қорытындылау мақсатында шығарылатын есептердің әдістерін қарастыру. Тапсырмалар төменде көрсетілген әдебиеттерден студенттерге жеке есеп түрінде беріледі.
Бағалау критерийлері: 1. Қосымша тапсырмаларға жауап беру
2. Тақырыптың мақсатын анықтау
3. Тақырыпты түсініп, өз алдына талдау жасау
4. Линзаларды ажырата білу.
5. Линзалардың негізгі элементтерін сала білуі. Атауларын білуі.
6. Кескін алуға қажетті негізгі сәулелерді білу.
7. Кескінге физикалық сипаттама жасай білу және оның физикалық мағынасын түсінуі.
8.Линзадан алынған кескінді сипаттайтын негізгі физикалық шамалардың арасындағы байланысты математикалық аппараттады пайдалана отырып өрнектей білу.
9. Практикада қолдана білуі. 15.1-15-52. (практика, СОӨЖ, СӨЖ сабақтарында орындау.)