7. Практикалық сабақтарға арналған нұсқаулық. 1-апта №1. Тақырып:Жарықтың электромагниттік теориясы. Фотометрия элементтері.Жарық шамалары, жарық бірліктері
Сабақтың мақсаты:Жарық күші, Жарықтылық, Жарқырау, жарық энергиясы, жарықталыну заңдылықтарын практикада пайдалана білу.
Максвелл теориясы бойынша кеңістіктің бір нүктесінде магнит өрісінің кернеулігі (Н) өзгеруі бойынша сол нүктені қоршаған кеңістікте айнымалы электр өрісі (Е) өзгеру заңдылыға негізделген теорияға талдаулар жасау.
Негізгі сұрақтар: 1. Ньтонның корпускулалық теориясының тарихы. Теорияның жарықтың бөлшектердің ағыны деп сипаттауының түсіндіріп бере алмаған тұстарын талқылау.
2. Гюйгенстың толқындық теориясының жарықтың эфирде тарайтын толқын екенін дәлелдеп бере алмаған тұстары және себептерін талқылау.
3. Максвелл теориясы бойыншажарықтың электромагниттік теориясы заттың электрлік, магниттік және оптикалық касиеттерінің бір-бірімен байланысты екендігін тағайындау туралы талқылау.
4. Осы айтылған теорияладын шығатын тұжырымды нақтылау.
5. Жарық күші, Жарықтылық, Жарқырау, жарық энергиясы, жарықталыну ұғымдарының физикалық мағынасы ажырат.
6. Физикалық шамалардың өлшем бірліктерін сәйкестендіру.
7.Пратикалық тапсырмаларды орындауға қажетті геометрияның заңдылықтарын (сызбалар)еске түсіру.
Әдістемелік нұсқаулықтар:Әдебиеттермен жұмыстанып көрсетілген сұрақтар бойынша есептер шығарылады. Теориялық материалдар негізінде білімдерін қорытындылау мақсатында шығарылатын есептердің әдістерін қарастыру. Тапсырмалар төменде көрсетілген әдебиеттерден студенттерге жеке есеп түрінде беріледі.
Бағалау критерийлері: 1.Ньтонның корпускулалық теориясының негізін білу.
2.Гюйгенстың толқындық теориясының негізін білу.
3.Максвелл электромагниттік теориясының нәтижесін білу.
4. Осы теориялардың арасындағы байланысты жасай білуі керек.
5. заңдылықтарына есептер шығару. 11.1-11.11 (В)
6. Фотометрия бөлімі бойынша шамаларды сипаттау біліу.
7. Физикалық шамалардың арасындағы байланыстарды жүргізе білу.
8. Табиғаттағы, тұрмыстағы негізгі мағынасын түсіне білу.
9. Практикада қолдана білу. 15.53-15.69.