Зертханалық жұмыс №2: Бессель әдісімен жинағыш және шашыратқыш линзаның фокустық қашықтығын анықтау.
Теориялық бөлімі Сфералық беттермен шектелген мөлдір денені линза деп атайды. Линзалардың негізгі түрлері 1-суретте көрсетілген.
1-сурет. Линзалардың негізгі түрлері.
1-суретте жинағыш (1 - қосдөңес, 2 - жазық-дөңес, 3 - ойыс-дөңес) және шашыратқыш (4 – қосойыс, 5 – жазық-ойыс, 6 - дөңес-ойыс) линзалар келтірілген. Линзалар жұқа және қалың болып бөлінеді. Егер линзаның қалыңдығын оның бетінің қисықтық радиусымен салыстырғанда елемеуге болатын болса, онда линза жұқа деп аталады.
Жалпы жағдайда оптикалық жүйе бір-бірінен линзаларды шектейтін сфералық беттердің қисықтық радиустарымен шамалас орналасқан бірнеше линзалардан тұруы мүмкін. Егер бұл линзалардың оптикалық центрлері бір түзудің бойында орналасса, онда мұндай линзалар жиынтығын центрленген оптикалық жүйе деп атайды. Линзалар центрін қосатын сызық центрленген жүйенің бас оптикалық осі деп аталады.
F 1 бас фокус арқылы өткен сәуле линзаның екінші жағынан ОО′ бас оптикалық оське параллель өтеді (2-сурет).
2-сурет. Дөңес линза арқылы F1 бас фокусынан өткен сәуленің жүру жолы.
Бас фокус бірінші Н1 бас жазықтықтан –f1 қашықтықта орналасқан. Ол линзадан өткен бас оптикалық оське параллель сәулелер шоғының түйісетін нүктесінің геометриялық орнын анықтайды.
Бас оптикалық оське параллель түскен сәуле линзадан өткеннен кейін екінші F2 бас фокуста жинақталады. F2 бас фокусы екінші Н2 бас жазықтықтан f2 қашықтықта орналасады.
3 -сурет. Оптикалық оське параллель сәуленің дөңес линзадан өткендегі жүру жолы.
Егер линзаның екі жағында да бірдей орта болса, онда фокустық қашықтықтар -f1=f2=f тең болады. D=1/f шамасы линзаның оптикалық күші деп аталады.
Жинағыш линза оптикалық оське параллель сәулелерді f>0 фокусында жинақтайды (3-сурет) және оптикалық күші оң шама болады. 4-сурет. Оптикалық оське параллель сәуленің шашытарқыш линзадан өткендегі жүру жолы.
Ш ашыратқыш линзаның оптикалық күші теріс және онда бас оптикалық оське параллель сәулелер шоғы шашыраған шоққа айналып, олар f<0 фокуста жиналады (4-сурет).
Егер жарықталынатын нәрсе оптикалық оське перпендикуляр кішкене кесінді болса, онда параксиаль сәулелер арқылы алынған оның кескіні де кесінді түрінде оптикалық оське перпендикуляр болады (5-сурет).
5-сурет. Жұқа шашыратқыш линзадағы кескіннің тұрғызылуы.
Жұқа линзалар үшін мынадай қатынас орындалады:
(1)
мұндағы f – линзаның фокустық қашықтығы, s - нәрседен линзаға дейінгі қашықтық, ал s′ - кескіннен линзаға дейінгі қашықтық.
0>