Имангалиева Балия Санаковна аға оқытушы (ТАӘ, лауазымы, ғылыми дәрежесі) Орал, 2021 ж. Syllabus мемлекеттік білім беру стандарты /типтік оқу жоспары/ білім беру бағдарламасы


Емтиханға дайындалуға арналған сұрақтар мен тапсырмалар



бет77/80
Дата20.12.2023
өлшемі6,56 Mb.
#141558
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   80
Байланысты:
оптика УМКД -1

10. Емтиханға дайындалуға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
Блок 1.
1.Жарықтың табиғаты жайындағы ілімнің дамуы. Жарықтың электромагниттік теориясы
2. “ Фотометрия элементтері.Жарық шамалары, жарық бірліктері”
“Жарық шамалары, жарық бірліктері”
3. Геометриялық оптика негіздері. Сәулелік оптика заңдры. Жарықтың жазық бетте шағылуы және сынуы. Толық ішкі шағылу құбылысы
4. Жұқа линзалар. жұқа линзадағы нәрсенің кескіні. Линзаның ұлғайтуы
5.Сфералық айналар . Сфералық айналардың түрлері және одан кескін алу.
6.Көз-оптикалық жүйе. Көру
7.Кескіннің жарықтылығы және жарықталынуы
8.Визуал оптикалық приборлар.Фотографиялық және проекциялық аппараттар. Оптикалық приборлардың ажырату күші
9.Оптикалық жүйелер. Оптикалық жүйедегі кемістіктер
10. Когерентті толқындар туралы. Юнгтың тәжірибесі
11.Френельдің тәжірибесі
12.Жарықтың жұқа пленкаларда интерференциялануы
13.Ньютон сақиналары.
14. Интерферометрлер.
15. Жарық дифракциясы. Гюйгенс-Френель принциптері
16.Тоғысқан сәулелер дифракциясы
17. Параллель сәулелердің дифракциясы
18. Дифракциялық торлар
19.Табиғи жарық пен поляризацияланған жарық
20.Жарықтың шағылуы және сыну кезінде поляризациялануы
21.Жарық сәулелерінің қосарланып сынуы
22. Жарықтың эллипстік және дөңгелектік поляризациясы
23. Поляризацияланған жарықтың интерференциясы
24.Сәуленің деформацияланған денеде қосарланып сынуы және сәуленің электр өрісінде қоарланып сынуы
25.Поляризация жазықтығының бұрылуы. Сахариметр Поляризация жазықтығының магниттік айналуы
26. Жарықтың жылдамдығын өлшеу әдістері
27.Жарықтың фазалық және топтық жылдамдығы
28.Допплер құбылысы
29.Физо тәжірибесі
30.Майкельсон тәжірибесі
Блок 2.
31.Эйнштейн постулаттары. Лорентцше түрлендіру формулалары. Лорентцше түрлендірудің кейбір салдары
32.Массаның жылдамдыққа байланыстылығы
33.Жарық пен заттың өзара әсері туралы. Жарық дисперсиясы
34.Дисперсия теориясының негізі
35.Вавилов-Черенков-эффект
36.Жарықтың жұтылуы
37.Спектрдің түрлері
38.Спектрлік анализ
39.Жарықтың шашырауы
40. Жарықтың комбинациялық шашырауы
41.Температуралық жарық. Кирхгоф заңы
42.Абсолют қара дене
43. Абсолют қара дененің сәуле шығару заңдары.
44. Қара емес денелердің сәуле шығаруы
45. Жарық көздері. оптикалық пирометрия
46. Фотоэлектрлік эффект. Фотоэлектрлік құбылысын пайдалану
47. Эйнштейннің теңдеуі. Жарық кванты
48. Жарық қысымы
49. П.Н. Лебедев тәжірибесі
50. Фотолюминеесценция
51. Люминесценцияның қолданылуы
52. Фотохимиялық реакциялар
53. Рентген сәулелерін қоздыру жән бақылау
54. Рентген сәулелерінің дифракциясы. Рентген-структуралық анализ
55. Рентген сәулелерінің спектрлері
56. Рентген сәулелерінің жұтылуы
57. Рентген сәулелерінің шашырауы. Комптон құбылысы
58. Рентген сәулелерінің қолданылуы
59. Голография. Электромагниттік толқындардың көлденеңдігі.
60. Атмосфераның мөлдірлігі Атмосфераның кездейсоқ әртекті ортларында болатын дифракция
Блок 3.
61. АВ жазық айнаға  300 бұрышпен жарық сәулесі түседі. Айнаны  200-қа бұрады. Енді алғашқы түскен сәуле мен шағылған сәуле арасындағы бұрышты анықта.
62. Жинағыш линзаның фокус аралығы 0,2 м. Дененің кескіні өзінің биіктігіндей болу үшін дененің линзадан ара қашықтығы қанша болу керек?
63.Қос ойыс линзаның фокус аралығы 10 см. Нәрсені 12 см ара қашықтыққа орналасу орналастырса, нәрсе кескіні линзадан қашықтықта орналасады?
64. Абсолют қара дененің сәуле шығаруының қуаттылығы 17,3 Вт-қа тең. Осы дененің бет ауданын 3,05 -ге тең деп алсақ, онда кезіндегі температураның мәнін тап.
65. Ең жақсы көру қашықтығы 25 см-ге тең қалыпты көз үшін фокус аралығы -ге тең лупаның беретін үлкейтуін есептеңіз.
66. Ең жақсы көру қашықтығы 18 см-ге тең жақыннан көргіш көз үшін фокус аралығы -ге тең лупаның беретін үлкейтуін анықта.
67.Жарық сәулесі сыну көрсеткіші 1,5 ке, қалыңдығы 5 см болатын жазық параллель пластинаға 300 бұрыш жасай түседі. Сынған жарық сәулесі қаншаға бастапқы бағытын ығыстырып кетті?
68. Рентген түтікшесі 50 кВ кернеумен жұмыс істейді. Сәуле шығарудың минимал толқын ұзындығы қандай болады?(с = 3∙108 м/с; h = 6,63∙10–34Дж∙с; е = 1,6∙10–19 Кл)
69. Фотоэффект басталатын жиілік 6∙10 14 Гц. Тежеуіш потенциалдар айырмасы 3В болса, тежелетін электрондарды жұлып шығаратын жарықтың жиілігі анықта.
(h = 6,63∙10–34Дж∙с; е = 1,6∙10–19 Кл)
70. Кейбір металл үшін фотоэффектінің қызыл шекарасы 27∙10-7 м. Толқын ұзындығы 1,8∙10-7м сәуле шығару арқылы осы металдан ыршып шығатын электронның максимал кинетикалық энергиясын анықта.(с = 3∙108 м/с; h = 6,63∙10–34Дж∙с)
71.Кітап оқитын адам кітапты өзінен 50см қашықтықта ұстайды. Оған оптикалық күші қанша көзілдірік киюі керек?
72.Сфералық ойыс айнаның қисықтық радиусы 20 см-ге тең. Айнадан 30см қашықтықта биіктігі 1см нәрсе қойылған. Кескіннің орны мен биіктігін табу керек. Сызбасын сал.
73. Сфералық дөңес айнаның қисықтық радиусы 60см. Айнадан 10 см қашықтықта биіктігі 2 см нәрсе қойылған. Нәрсе кескінінің орны мен биіктігін табу керек. Сызбасын сал.
74.Сфералық ойыс айнадағы кескіннің мөлшері, сол нәрсенің өзінің мөлшерінен екі есе үлкен. Нәрсе мен кескіннің араларының қашықтығы 15 см. Мыналарды: фокус аралығын және айнаның оптикалық күшін анықтау керек.
75.Юнг тәжірибесінде саңылау толқын ұзындығы 6*10-5см монохромат жарықпен жарықталынады, саңылаудың ара қашықтығы 1мм, ал саңылаудан экранға дейінгі қашықтық 3м. Бірінші үш жарық жолақтарының орналасуын табу керек.
76.Периоды 0,02 мм дифракциялық тордың көмегімен алынған бірінші реттік спектрінде жасыл жарық сәулелерінің ауытқу бұрышын анықтаңыздар.
77. Мектепте 1мм-інде 50 және 100 штрихы бар дифркциялық тор бар.Басқа шарттары бірдей болғанда, олардың қайсысы экранда бұдан гөрі ендірк спектр береді?
78.Қыздыру лампасының 100Вт номинал қуат кезіндегі жарық күші 100 кд-ге тең. Егер лампа тек қана 80 Вт қуатты тұтынып толық емес қызумен жұмыс істейтін болса, жарық күші 65 кд болады. Жұмыстың осы режимдері кезіндегі жарық бергіштікті(1Вт-қа келетін жарық ағыны) табыңдар.
79.Егер биіктігі 0,9 м вертикаль қойылған таяқтың көлеңкесінің ұзындығы 1,2 м болса, ал таяқ фонарьдан бастап көлеңкесінің бағытымен 1 м-ге орын ауыстырғанда, көлеңкенің ұзындығ 1,5 м-ге тең болса, көше фонары қандай биіктікке ілінген.
80.Жарық күші 500кд фонарь жер бетінен 3 м биіктікте бағанда ілулі тұр. Бағанның табанынан 4 м қашықтықтағы жер бетінің жарықталуын табыңдар.
81. Жарық күші 50 кд лампа үстел бетінен 1,2 м биіктікте ілулі тұр. Үстелдің өлшемі 1х2 м . үстелдің қандай нүктелерінде жарықталынуы ең көп, қандай нүктелерінде ең аз болады? Осы нүктелердің жарықталынуын тап.
82. Бала таяқты тереңдігі 40 см бұлақтың түбінде жатқан нәрсеге тигізбекші болады. Егер бала дәл көздеп, таяқты су бетінен 450 бұрышпен жасап қозғаса, таяқ нәрседен қандай қашықтыққа түседі?
83.Сәуле сыну бұрышы 600-қа тең тік үшбұрышты шыны призмаға 500 бұрыш д\жасап түсіп тұр. Сәуленің призмадан шыар жеріндегі сыну бұрышын табыңдар.
84. Нәрсенің нақты кескіні оның өзінен үш есе үлкен болуы үшін оны фокус аралығы 12 см линзадан қандай қашықтыққа кою керек?
85.Нәрсе линзадан 4Ғ қашықтыққа орналастырылған. Нәрсенің экрандағы кескіні оның өзінен неше есе кіші болады?
86.Нәрседен экранға дейінгі қашықтық 3 м. Нәрсенің 5 есе үлкейтілген кескінін алу үшін оптикалық күші қандай линза алу керек және қай жерге орналастыру керек?
87.когерентті екі жарық көзінен толқын ұзындығы 500нм болатын жарық шығарады. Жарық көздерінің арақашықтығы 0,5мм, әрбір жарық көзінен экранға дейінгі қашықтық 2м. Экрандағы О нүктесінен қандай қашықтықта жарықтың бірінші максимумы байқалады?
88. сыну бұрышы түсу бұрышынан екі есе кіші болуы үшін жарық сәулесі шынының бетіне қандай бұрышпен түсуі керек?
89. алмаз пен шынының сыну көрсеткіштері сәйкесінше 2,42 және 0,5. Егер осы заттардағы сәуленің таралу уақыты бірдей болса, онда осы заттар қалыңдықтарының қатынастары қандай?
90. күн сәулесінің ауадан шыныға өткен кездегі түсу бұрышы 600, ал сыну бұрышы 300. Жарықтың шыныдағы таралу жылдамдығын және ішкі толық шағылу бұрышын табыңдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет