Имангалиева Балия Санаковна аға оқытушы (ТАӘ, лауазымы, ғылыми дәрежесі) Орал, 2021 ж. Syllabus мемлекеттік білім беру стандарты /типтік оқу жоспары/ білім беру бағдарламасы



бет74/80
Дата20.12.2023
өлшемі6,56 Mb.
#141558
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   80
Зертханалық жұмыс №14: Оптикалық приборлардағы сәулелердің жолын анықтау.
Жарықтың шағылу және сыну заңдарын зерттеу


Қажетті құрал жабдықтар: жарық көзі, бір саңылауы бар диафрагма, жазық айна, лимб, магниттер
Теориялық бөлімі
Геометриялық оптика жалпы жарық жайындағы ілімнің техникалық маңызы зор саласы болады. Оптиканың бұл саласында жарық сәулесі деген ұғым пайдаланылып жарықтың әртүрлі мөлдір ортада таралу құбылыстары қарастырылады, сонда жарық сәулесі деп бойымен жарық энергиясы таралатын геометриялық сызық ұғылады. Ол заңдардың мазмұны мынадай:
1. Жарықтың түзу сызықты таралу заңы: жарық оптикалық біртекті ортада түзу сызықты таралады.
2. Жарық шоқтарының тәуелсіздік заңы: жеке жарық шоғының жүзеге асыратын эффектісі басқа шоқтардың бір уақытта әсер ететіндігінен немесе олардың әсерінің жоқтығынан тәуелсіз.
3. Жарықтың шағылу заңы: шағылған сәуле түскен сәулемен және түсу нүктесінде екі ортаның шекарасына жүргізілген перпендикулярмен бір жазықтықта жатады. Түсу бұрышы α-ге, шағылу бұрышы α'-ге тең, яғни

α=α'


4. Жарықтың сыну заңы: түскен сәуле, сынған сәуле және түсу нүктесіне жүргізілген перпендикуляр бір жазықтықта жатады; түсу бұрышының синусының сыну бұрышының синусына қатынасы берілген орталар үшін тұрақты шама, яғни




Ортаның абсолют сыну көрсеткіші деп электромагниттік толқындардың вакуумдегі жылдамдықтарының олардың ортадағы жылдамдықтарына қатынасын айтады, яғни
;
Жарықтың салыстырмалы сыну көрсеткіші деп екінші ортаның бірінші ортаға қатысты абсолют сыну көрсеткіштерінің қатынасын айтады.
;
Практикалық бөлімі
1-тәжірибе. Жарықтың шағылу заңын зерттеу

Тақтаға жарық көзін орналастырып, оның бетін бір саңылауы бар диафрагмамен жабыңдар және лимбтің центріне жазық айнаны орналастырыңдар. Тәжірибе екі кезеңнен тұрады.


1-кезең. Суретте көрсетілгендей жарық сәулесі айнаның центріне бағытталады. Айнаға түскен сәуле, шағылған сәуле және сәуленің айнаға түсу нүктесінен айна бетіне тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жататындығына көз жеткізіңдер. Лимбіне айнамен бірге айналдыра отырып, бұның түсу бұрышының кез келген мәні үшін орындалатындығына назар аударыңдар. Қорытынды жасаңдар.

2-кезең. Тәжірибені қайталап, түсу және шағылу бұрыштарының арасындағы қатынасқа назар аударылады. Жарық көзінің айна бетіне түсу бұрышын кестедегі мәндер бойынша өзгерте отырып, шағылу бұрышын анықтап кестеге толтырыңдар.







100

200

300

400

500

600

700

800

900

'
































Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет