2 тәжірибе. Көлеңке және жартыкөлеңкенің пайда болуы Э кранда шоқ сәулелері айқасатын екі жарық берушіні орналастырамыз. Шоқ сәулелердің апертуралары максимальді болуы керек.
Екі жарықберушінің жарығы түсетін экранның аумағына ұзындығы 3-4 см болатын магнитті резина орналастырады. Содан кейін ешқандай жарық түспейтін-толық қараңғы үшбұрыш пайда болады. Сонымен қатар, экранда таралу жолақтары түрінде, жарық берушілердің біреуінің жарығы түспейтін жартыкөлеңке пайда болады.
3 тәжірибе. Жарықтың шағылысуы Т әжірибеде параллельді шоқ сәулелерін беретін жарық берушілерді қолданады. Жарық берушінің терезесін бір саңылауы бар диафрагмамен жабады. Жарық сәулесінің жолында жазық айна орналастырады. Айнаға түскеннен кейін, сәуле шашылу бағытын өзгертетініне назар аударылады, бірақ сәуле ені өзгермей белгілі бір бағытта қозғалысын жалғастыра береді.
4 тәжірибе. Жарықтың диффузиялық шағылысуы Қондырғыны алдында жасаған тәжірибедегідей етіп орнатамыз. Айнаға ақ қағаздан жолақ жапсырады. Сәуленің қағазға түсер тұсында ақшыл дақ байқалады.
Бұл дақ мынаның белгісі: жарық түзу емес бетпен өзара әрекеттескенде жарық одан әртүрлі бұрыш жасап шағылысады және шағылысу бағытын жояды.
5 тәжірибе. Жарықтың шағылысуын зерттеу Экранда терезесі бір сыңылауы бар диафрагмамен жабылған жарық беруші және центрінде жазық айнасы бар лимб орналастырылады. Тәжірибе екі деңгейде өтеді.
1кезең. Жарық сәулесін суретте көрсетілгендей, айнаның центріне бағыттайды. Мынаған назар аударылады: айнаға түсірілген сәуле, шағылысқан сәуле, лимбтан құлау нүктесіне түсірілген перпендикуляр, бір жазықтықта-экран жазықтығында орналасады. Лимбты айнамен бірге жарық сәулесінінің құлауына қатысты айналдыра отырып, мынаған көз жеткізеді: өзара бағыттылық құлау бұрышының әртүрлі жағдайында да сақталады. Тәжірибеде көргеннен мынадай заңдылық шығады: шағылысу сәулесі, түсірілген сәуле, құлау нүктесіне түсірілген перпендикуляр бір жазықтықта жатады.
2 кезең. Тәжірибені қайталайды, бірақ шағылысу және құлау бұрыштарының шамаларының қатынасына көңіл бөледі. Бұл бұрыштарды айнаға түсетін жарық сәулесінің әртүрлі бағытына қатысты бірнеше рет өлшеу барысында, келесі заңдылық шығады: шағылысу бұрышы түсу бұрышына тең.