Қымбатты қазақстандықтар! Құрметті Парламент депутаттары, Үкімет



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата03.03.2017
өлшемі9,52 Mb.
#5516
1   2   3   4   5   6

Айым АСХАТҚЫЗЫ,

1 курс білімгері.

Халқымызға  ғасырлар  бойы  арман  болған  Тәуелсіздік, 

Егемендік  ұстанымдарын  биікке  көтеретін  бұл  күн  –  біздің 

Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Қазақстан 

Республикасы  Тәуелсіздік  күні  өз  мемлекеттілігін  жариялаған 

«Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  тәуелсіздігі  тура-

лы»  Конституциялық  Заңының  1991  жылы  16  желтоқсанда 

қабылдануына байланысты 24 жылдан бері тұрақты түрде ата-

лып  келеді. 

БІЗДІҢ МАҚТАНЫШЫМЫЗ

Кµшбасшы жас ѓалым

Ө

мірдегі сан түрлі 



ізденістің ішінде жан-

жақты білімділікті, икемділікті, 

шеберлікті, ерекше 

шәкіртжандылықты, мейірім 

мен ізгілікті қажет ететін, 

өзінің уақытын аямай, өзгенің 

бақытын аялауға бағытталған 

іс – ғалымның ісі. Әркімнің 

қолынан келе бермейтін, 

ерекше дарындылықты та-

лап ететін осынау ұлы 

ізденіс турасында әлемнің 

бірінші ұстазы Аристо-

тель: «ақылдылық - біліміңді 

дұрыс пайдалана білу» десе, 

Абай атамыз «ғылым таппай  

мақтанба»  деген екен.

Әрине,  бүкіл  саналы  ғұмырын  ғылым 

саласының  дамуына  арнап,  өз  ісінің  май-

талманы,  болашақ  маман  тәрбиелеу  жо-

лында  рухани  күш-жігерін,  парасат-қуатын 

салатын  жан,  сөз  жоқ,  ғалым  деп  білемін. 

Бойындағы іскерлік, адалдық, адамға деген 

қамқорлық  сияқты  асыл  қасиеттерін    жас 

ұрпаққа  үлгі  ете  отырып,  жастарға  дұрыс 

бағыт-бағдар  беріп,  абыройлы  істерге 

бастайтын  Көшбасшы,  әлбетте,  ғалым-

оқытушы.  

Бүгінгі  айтпақ  ойымыздың  арқауы    2011 

жылы    І.  Жансүгіров  атындағы  Жетісу 

мемлекеттік университеті заң  факультетінің 

«Заңтану»  мамандығының  магистратура-

сын аяқтап, «заң ғылымдарының магистрі»  

академиялық  дәрежесін  алған    Дәурен 

Нұржанұлы Бекежанов жайлы. Қазіргі таңда 

Дәурен  Бекежанов  қылмыстық-құқықтық 

пәндер кафедрасында  2012 жылдан бері аға 

оқытушы болып қызмет атқарады. Ол өзіне 

жүктелген  тапсырмалар  мен  міндеттерді 

тыңғылықты  орындайтындығымен  және 

кез-келген  ортамен  тіл  табыса  алатын 

қызметкер  ретінде  бәріне  белгілі.  Кәсіби 

белсенділігі  мен  біліктілігін  ескере  отырып,  

Дәурен  Нұржанұлы    полиция  органына 

қоғамдық көмекші «Жас қыран» жасағының 

алғашқы  жетекшісі  міндеттін  абырой-

мен  атқарып  келеді.  Талдықорған  қаласы 

азаматтарының  заңды  мүдделерін  қорғап, 

қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бой-

ынша ұйымдастырылған шараларға да бел-

сене  қатысып,    2013  жылы  6  желтоқсанда 

Алматы облысының ішкі істер департаменті 

бастығының  грамотасымен  марапатталған 

болатын.  2014  жылдың  19  желтоқсанында 

Алматы облысының ішкі істер департаменті 

бастығының грамотасына екінші қайтара  ие 

болды. 

2010  жылы  Ресей  мемлекеті  Сібір  фе-



дералды 

университетінде 

магистра-

тура  бағдарламасы  бойынша  ғылыми 

тағылымдамадан өтті.  2013 жылы «Өрлеу» 

БАҰО    АҚ  филиалы  Қазақстан  Республи-

касы  білім  және  ғылым  беру  жүйесінің 

басшы 


және 

ғылыми-педагогикалық 

қызметкерлерінің 

біліктілігін 

артты-

ратын 


республикалық 

инситиутында 

біліктілікті көтеру курсынан өтті. Облыстық, 

республикалық және халықаралық ғылыми-

практикалық  конференцияларға  қатысып, 

25-тен аса ғылыми мақалалары жариялады. 

Ол  тек  қана  қоғамдық  жұмыстарға 

ғана  емес,  жас  полиция  қызметкерлеріне 

дәріс  оқып,  үнемі  ізденіс  үстінде  жүреді. 

Қолдан  келгенше  көмегін  аямай,  қалалық, 

облыстық ішкі істер органдарының өткізетін 

іс-шараларының 

басы-қасында 

жүріп, 


іскерлігімен танылуда.

Кәсіби  белсенділігі  мен  біліктілігін  ескер-

ген  ұжым  заң  факультеті  деканының 

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметіне 

тағайындаған 

болатын. 

Жан-жақты 

ізденіс  пен  шығармашылық  шыңдалудың 

арқасында  университет,  қала,  облыс, 

көлемінде  өткізілген    қоғамдық  шараларға 

үнемі  қатысып,  алғыс  хаттармен,  грамота-

лармен марапатталып, еңбегі еленіп келеді. 

«Жақсы  десе,  жан  семіреді»  дегендейін, 

бұл  жетістіктер  –  Даурен  Нұржанұлын    әр 

уақытта алға жетеледі.

«Көшбасшылық  ғылымға    бет  алған 

ғалымның  қолында»—    десек,  бұл  қай 

кезде  де,  ең  алдымен,  кәсіби  деңгейі 

жоғары,  интеллектуалдық,  шығармашылық 

әлеуеті  зор  тұлға  болу  бүгінгі  қоғамның 

көшбасшысына ғана лайық. 

2015 жылы қараша айының соңында Ал-

маты облысы әкімінің «Көшбасшы – 2015» 

жастар  сыйлығының    «Үздік  жас  ғалым» 

номинациясы  бойынша  Алматы  облы-

сы  әкімінің  дипломымен  және  ақшалай 

сыйлықпен марапатталды. Даурен  Бекежа-

нов  - біздің мақтанышымыз. Жігерлі жасқа 

тек ғана шыңдалу, шарықтау тіледік.

                                                    



Е. БЕИСОВ,

 І. Жансүгіров атындағы Жетісу 

                    мемлекеттік университетті 

                         заң факультетінің деканы, 

                                                 з.ғ.к., доценті.

Қазақстан  Республикасының  Президенті 

Н.Назарбаев  кезекті  «Қазақстан  жаңа 

жаһандық  нақты  ахуалда:  өсім,  реформа-

лар,  даму»  атты    халыққа  Жолдауында 

жастардың  болашағына,  ертеңгі  жарқын 

тұрмысына үлкен алаңдаушылық білдіргенін 

жүрегімізбен  терең  сезіндік.  Жаһандық 

экономикалық  дағдарыстытың  кері  әсері 

әлем  елдерін  теңселтіп,  есін  жиғызбай 

жатқан  бір  уақытта  Елбасымыздың  еге-

мен  қазақ  елінің  дағдарыстан  аман 

алып  шығудың  жолын  қарастыруы  асқан 

парасаттылық, 

ұзақты 

көре 


білетін 

басшылық  қабілет  деп  ойлаймын.  Әсіресе, 

денсаулық сақтау  мен білім беру саласына 

үлкен көңіл аударғанына риза болдық. Міне, 

енді  жаңа  жылдан  бастап  шәкіртақымыз 

орта  есеппен  30  пайызға  артады.  Өйткені, 

Елбасы  кәсіби-техникалық  білім  беруге 

терең  мән  беріп,  2017  жыл  бұл  сала  тегін 

оқытылатынын айтқанда ерекше толқыдық. 

Біз жастарды ойландырған тағы бір мәселе, 

ол  Президентіміздің    жастарды  қарапайым  

жұмысшы  кәсібін  иеленіп  алуға  шақыруы 

Елбасы ертеңімізді ойлауда

болды. Расында да тек жоғары оқу орнына 

түсуге ғана талпынып, басқа жолды қаперіне 

алмай  құр  сандалып,  алтын  уақыттарын 

босқа  өткізіп  жүрген  жастарымыз  аз  емес 

қой. 


«Білімді, еңбекқор, бастамашыл, белсенді 

болуға  қазірден  бастап  дағдыланыңдар. 

Жұмыс  пен  сұраныс  бар  өңірге  батыл 

барыңдар.  Шеберліктің  шыңына  жете 

білсеңдер  мамандықтың  бәрі  жақсы.  Қазір 

техникалық  мамандықтардың,  ғылым  мен 

инновацияның  күні  туған  заман.  Біз  жүзеге 

асырып  жатқан  түбегейлі  реформалар  мен 

атқарып  жатқан  қыруар  істердің  бәрі  сен-

дер  үшін,  болашақ  үшін  жасалуда»,-  деген 

Елбасының сөздері көкірегі ояу, патриоттығы 

басым,  Отанын,  елін  сүйген,  халқын 

қастерлеген  қазақстандық    жастарға  күш-

қуат,  бағыт-бағдар  береді  деп  ойлаймын. 

Ертеңіміз  жарқын,  Тәуелсіздігіміз  тұрақты 

болу  үшін  біз  әрқашан  Елбасыны  қолдап 

қуаттауға дайын екенімізді  білдіреміз. 

Аяулым МАДИКАНОВА,

                                             2 курс білімгері.


Жетісу 

университеті



бейсенбі, 10 желтоқсан,

 2015 жыл

7

Жадымда 


қалған 

Желтоқсан 

   

Жуғанмен жылдар жылысы мұздағы қанды,



Қыздарымыздың көзінде мұз қатып қалды.

Бойымды қарытып соғатын желтоқсан желі,

Жүрегімді тағы бір сыздатып алды.

 

Толқындар талай соғады жағаны ұрып,



Кетпейді өткен оқиға таралып ұмыт.

Бодауын үзбек ботадай бұлқынған сонда,

Түсіме кейде кіреді жаралы жігіт.

 

Өмірден мынау келемін аласымды алып,



Түскенде сонау есіңе қаласың налып.

Қыршын қыздардың көзімде елесі тұрар,

Отырғандары баланың баласын бағып.

 

Топ жарып шығар, ал бірі шаруасына нық,



Қызғанда аз кем досымен дауласып алып.

Жүретін еді-ау жігіттер болғанда есен,

Жорғасын мініп, қолына қауғасын алып.

 

Мұз тоңған қайта көздері ашылды бұлақ,



Өкінішті күннің өкпесі басылды бірақ.

Жаңа алаңдағы ескерткіш жадымды қозғап,

Алдына келіп бас идім жасымды бұлап...

Орынбасар САМАЛЫҚОВ.

Қазақстаным

Бір Алла атты теңдессіз ғажап ұстаның,

Бойына жиған имани тазалық нәрін. 

Төріңе  қанша төнсе де қара дұшпаның,

Болашағы үшін бастарын бәйгеге тігіп,

Қорғады сені серт беріп сан  Арыстарым –

Қазақстаным!

Төндіріп тағы басыңа қара бұлттарын,

Тарихтан білем ұлтымның жан ауыртқанын.

Ұрпақтарыңның былғаған балалық шағын,

Қариялардың ұрлаған даналық шамын,

Замандар да өтті-ау 

жататын тоналып бағың – 

Қазақстаным!

Өмір-өзеннің бұлқынған долы ағыстарын,

Елең де қылмай, еңкеймей, алабұртпадың.

Қап-қара жерге қып-қызыл көп ағып қаның,

Ақырып теңдік сұрап ең, Алашыңды айтып,

Ақыры келіп қолыңа жалау ұстадың –

 Қазақстаным!

 Босатып тордан зарыққан дала  құстарын,

Алдыңнан атты нұр шашып, ағарып таңың.

Соның үшін де қолыма қалам ұстадым,

Жүрегімменен жүремін үнемі сезіп,

Бойыңда сенің асқақ рух дара күш барын,

Қазақстаным!

Алмат ИСАӘДІЛ.

Тәуелсіздік 

тұғыры

Қуан,  достар, бүгін мынау ғажап күн,



Қазағыма  туған сонау азат күн!

Тәуелсіздік таңын көрген жастарым,

Тік ұстаңдар Туын жықпай қазақтың!

Бабалардың қаныменен өтелген,

Айналайын қасиетті мекеннен.

Ел басына туған талай зұлматты,

Белін буып нар қасқалар көтерген!

Айналайын елімнің тау-тасынан,

Талай дүлдүл шығарған Арқасынан.

Тоғызыншы орынды иемдендік,

Айғайлап тұр әлемнің картасынан!

Әй,қазағым туды, міне, самғар күн,

Орындалды армандары арманның,

Тұғырлы боп Тәуелсіздік ендігі,

Мәңгі ел боп шақырады алда күн!

Отаным  


менің

Өзенім,   асқар  тауым,   шалқар  көлім,

Жайлауым,  жер  жетпейтін  шалғын  төрім.

Бар  мекен   бұл  дүниеде   саған  теңдес,

Отаным - сенсің  менің  алтын  кенім.

Халқы  да  еңбектеніп  төккен  терін,

Қорғаған  батырларым  дархан  жерін.

Кең  байтақ  даласында  күнде  думан,                                           

Отаным - сенсің  менің  алтын  кенім.

Бұл  жерден  барлық  адам  табады  емін,

Қазағым  ақ  көңілді,  кеңшіл  елім.

Күні  де  шуақ  шашып  күлімдейтін,

Отаным - сенсің  менің  алтын  кенім.

Аспандағы  жұлдызым сенсің менің,

Сенсің менің  барым да, сенсің  демім.

Қазақстан - жасасын  мәңгілікке,

Отаным - сенсің  менің  алтын  кенім.

                     ***

Тәуелсіздік - жүрегімнің барысы,

Армандаған Алаштың сан  арысы.

Алтын күннің  шуағындай елімнің,

Сарқылмасын кен байлығы, табысы.

Ата-бабам  армандаған бұл  күнді,

Көптен күткен, міне, бейбіт таң  күлді.

Босағасы ынтымақ пен бірліктің,

Менің  елім ұлт тұрағы сан түрлі.

Мен еліммен мақтанамын өр мінез,

Мәңгілік Ел атанатын  келді кез.

Ей, жас ұлан, белді  буып алға бас,

Болашақтың тірегіміз енді біз.

Айбынды 

Астанам


Байтақ өлке Қазақстан айбыным,

Ғажап еттің Азияның айдынын,

Қазақ елі алға десе жұлдыздар,

«Қазақстан жаса»,- дейді ай- күнім! 

Астанамыз  Бәйтерекпен нұрланып,

Көп қарасаң көздің жауы ұрланып, 

Көркейе бер тілегіміз мәңгілік,

Өр Астана ән,өлеңмен жырланып.

О, Нұраға қазағымның айбары, 

Ақыл,білім,парасаттың қайнары.

Арқаңызда әлем бізді таниды, 

Арқаңызда қазақ елі жайдары.

ЭКСПО мен Астанамыз гүлденсін,

Қазағыма бақ сыйласын, нұр берсін,

Көк туымыз бар әлемде желбіреп, 

Қазақстан тасы өрге өрлесін.

Бес ғасыр 

және елу  жыл

 

 

                        



Бес  ғасыр  және  елу жыл,

Шежіреге  толы тарих бұл. 

Болмаймыз деп жатқа құл,

Атқа мінді қайсар  ұл. 

Керей  менен  Жәнібек,

Негізін  салды  хандықтың. 

Шу мен  Талас арасын,

Мекені етті  халықтың. 

Мемлекеттің  негізі,

Қаланып еді  сол  тұста. 

Ел  бастаған  ерлерім,

Жеңілмеді  ұрыста. 

Жаулармен озбыр айқасып,

Қоныс үшін шайқасып, 

Қазақтың ата  мекенін,

Сақтап қалды уыста. 

Қасым ханның тұсында,

Өркендеп  тұрды  еліміз. 

«Қасқа  жолы» бағыт боп,

Кеңейген  еді  жеріміз. 

Қаратал, Іле, Жетісу,

Ұлытауды  ұлт жайлап. 

Алыс-жақын өлкеге,

Танылған еді  тегіміз. 

«Еңсегей бойлы ер Есім»,

Өзіңе артты жұрт сенім.

Ескірмес «Ескі жолыңмен»,

Жарқын ет елдің  ертеңін. 

Халық қолдап осылай,

Билікке келді Есім хан. 

Сара жолы ер салған,

Қазақтарға болды  заң. 

Жесір дауы, жер дауы,

Жетім дауы, ер дауы, 

Ұрлық, қарлық тиылып,

Шешілмес дау  болмады.

«Жеті жарғы» заң болды,

Ал әз-Тәуке хан болды. 

Жұрты қолдап басшысын,

Басымызға бақ қонды. 

Хан Абылай кешегі,

Елім  деген  ер  еді. 

Күш пен бірде айламен,

Дұшпандарын  жеңеді. 

Басын қосып  үш  жүздің,

Елге бірлік береді. 

Қиын қыстау заманда,

Бірлік еді керегі. 

Кенесары  ханымыз,

Ұятымыз  арымыз. 

Отар болмай ешкімге,

Атсын  азат  таңымыз. 

Осылайша  ұрандап, 

Аттанды  батыр  бабамыз, 

Қыршын болған хан басын,

Енді қайдан  табамыз?.. 

1986 жыл. 

Желтоқсанның ызғары,

Тәуелсіздікті ту етіп, 

Қазақтың ұл қыздары,

Намыстары оянды. 

Қайрат, Ләззат құрбан боп

Ақ  қар қанға боянды. 

Шындық жеңіп ақыры,

Тәуелсіз ел атандық. 

Түп тамыры қиылып,

Келмеске кетті бодандық.

Елбасымыз - Нұрсұлтан,

Дауыс беріп жақтадық.

Желбіретіп көк туды,

Тұғырға биік қададық. 

Ата Заңды  қабылдап,

Сеніммен алға аттадық. 

Астана  салдық  Арқаға,

Танылған бүгін  баршаға. 

Әсемдікпен  көз  тартар, 

Ғимараттар қаншама. 

Есілдің  ерке сұлуы,

Жарқырай  берсін  Астанам. 

Бәйтерегі биіктеп, 

Айбыны асқақ бас қалам.

 

Шыңғыс АТАЙ.

 

Сымбат САҒЫНДЫҚ.

Айдана МАМЫРБАЕВА.

ЖЫРЛАЙМЫН ОНЫ ЖҮРЕКПЕН СҮЙІП

Азаттықтың 

 

 

жыршысы



Нарында,  Нарын,  Нарынқұм,

Көзбенен  көрдің  бәрін  құм.

Тілің  жоқ  бірақ  мылқаусың,

Тіл  бермепті  ғой  тәңірім.

Нарында  болған  бұл  қайғы,

Қазақтың  жайын  жырлайды.

Естісең  жанды  күйдіріп,

Жүректі  езіп  тырнайды.

Қазақтың  байтақ  даласын,

Аш-жалаңаш  баласын,

Қанады  жауыз  би ,болыс,

Тудырып  елдің  назасын.

Осыны  көріп  Махамбет,

Елімді  азат  етем  деп,

Исатаймен  бірігіп,

Он  мыңдай  қолды  жинапты.

Құдайдың  өзі  қолдаған,

Ыза-кегі халықтың,

Бойында  тасып  сыймапты.

Сескенген сұм Жәңгір хан,

Ресейге  барыпты,

Қарулы  әскер  алыпты.

Қарсы шауып қазаққа,

Көңілі  байыз  тауыпты.

Осылай  шайқас  басталды,

Қан  болып  өзен  ластанды,

Талай  батыр  мерт  болып,

Қара  жерді  жастанды.

Исатай-Махамбет ерлігі,

Жүректе  мәңгі  сақталды.

Елдігін  алып  қазағым,

Үміті  бүгін  ақталды.

Сарбаздарға

Ақ  сауыттың  иелері,

Ел-жұртымның сүйенері,

Әрқашанда  сарбаздарым,

Халқымыздың  тірегі,  ері.

Әскер  біздің   айбынымыз,

Көкте  тұнық  ай-күніміз,

Ел  шетінде  олар  тұрса,

Ұмытамыз  қайғыны  біз.

Бейбіт  елдің  ұланымыз,

Болашақ  ел  қыранымыз,

Мақсатымыз  елді  қорғау,

Бейбітшілік  ұранымыз.  


Жетісу 

университеті



ТҰРМЫС ТЫНЫСЫ

бейсенбі, 10 желтоқсан, 

2015 жыл

8

ОЙЫМ - ОНҒА, САНАМ - САНҒА БӨЛІНДІ

ОЙТҮРТКІ


Жан аздырар жат µнер

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ

Жетім кµрсењ жебей ж‰р

Асыл тұлғаларды туғызған, терең 

ойлы  сөздерді  жырлаған  кемеңгер 

һәм  дана,  қазақ  халқында  «жетім 

көрсең жебей жүр» деген аталы сөз 

қалған. 


Сол 

сөзді 


бүгіндері 

елеп-


ескеріп,  ата-ана  мейірімінен  ада 

қалған  жетім  балаларды  қолдап, 

қолынан  келгенше  қамқорлығын 

аямай  көмектесіп  жүрген  жандар 

қаншама?  Солардың    қатарында 

Ілияс Жансүгіров атындағы  Жетісу 

Мемлекеттік  университетінің  фи-

зика-математика 

факультетінің 

ұстаздары  мен  білімгерлерін    атап 

өткенді жөн көрдім. 

Өйткені, 

олар 

 

жуықта 



Талдықорған  қаласындағы  «Айналайын» 

балалар  үйінің  жас  жеткіншектерін  білім 

ордасына  шақырып,    «Жүректен  жүрекке» 

атты  қайырымдылық  концертін  өткізді. 

Концертте әр түрлі әсем әндер шырқалып, 

сұлу  қыздар  сызыла  би  биледі.  Өнерпаз 

білімгерлер    тамаша  өнерімен    балаларды 

бір қуантып тастады. Олар қамқорлық  үйіне 

үлкен  әсермен  оралды. Концерттен  түскен 

қаржыны  факультет ұжымы қайырымдылық 

негізінде  «Айналайын»  балалар  үйіне 

беріп,  тағы  бір  сауап  жасады.  Жалпы, 

Жетісу  Мемлекеттік  университетінде  осын-

дай  шаралар  жиі  өткізіледі.  Мысалы,  жу-

ырда  өткен  қаржы-экономика  факультеті 

мен  мәдениет  және  өнер  факультетінің 

ұйымдастыруымен жеке кәсіпкерлермен кез-

десу  өтті.  Кәсіпкерлер  әлеуметтік  тұрмысы 

аз қамтылған, мүгедектігі бар білімгерлерге 

арнайы 


шәкіртақы 

мен 


біржылдық 

төлемақыларын табыстап, олардың көңілін 

шат  етті.  Сондай-ақ,  оқуда  озат,  қоғамдық 

жұмыстарда  белсенді  студенттер  де  ма-

рапаттан  құр  алақан  қалған  жоқ.  Алланың 

осындай нұрлы сауаптарын іздеген ізгі жан-

дар көбейе берсін!

                                                 



Елнұр КЕРЕЙБАЙ,

                                                    4 курс  білімгері.

Т

ұрғын үй мәселесі қазіргі уақытта барлық дамыған мемлекеттердің 



ең өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Қазақ халқы үшін де 

баспана мәселесі өткен ғасырдаң бастап-ақ, бас ауруына айналған. 

Қазіргі  таңда  баспанасы  жоқ  отбасылар  жылдан  жылға  көбейіп  келе 

жатыр.


Тұрғын үйіңіз бар ма?

Дамыған  мемлекеттердің,  көпшілігінде 

пәтер  сатып  алу  үшін  отбасылар  3,5  -  4,5 

жыл ақша жинаса жеткілікті. Бұрынғы есеп-

тер бойынша Америкалықтар орта есептен 

2 жыл уақытта жеке баспана сатып алады 

екен.  Ал,  Германияда  баспана  сатып  алу 

үшін  жеткілікті  қаражат  жинау  мерзімі  4,5 

жыл,  Ұлыбритания  мен  Жапония-6  жыл, 

Франция  мен  Италия  шамамен  7  жыл.  Ал 

Ресей,  Беларуссия,  Қазақстанда  8-8,5 

жыл деп есептеледі. Бірақ бұл көрсеткішке 

қарап қуану әлі ерте, себебі кейінгі бес жыл-

да  Қазақстанда  тұрғын-үй  қолжетімділігі 

төмендеп  10,5  жылға  ұзарады.  "Үйі 

жоқтың  -  күйі  жоқ"  деген  мақал  қазіргі 

біздің  баспанасыз  жүрген  қара  бұқараға 

арналған  сияқты.  Олай  дейтін  себебіміз 

осы  алақандай  Талдықорған  қаласының 

өзінде үй кезегінде бірнеше мыңдаған адам 

тіркеуде  тұрады.  Бұған  себеп  қалада  2004 

жылға дейін тұрғын-үйлердің салынбау сал-

дары  себеп  болды.  2004-2005  жылдардан 

бері  ғана  бірлі-екілі  тұрғын-үй  бой  көтере 

бастап,  2014-2015  жылдар  аралығында 

ғана  тұрғын-үй  құрылысы  алға  жылжыды. 

Осы  үстіміздегі  2015  жылы  облыс  әкімі 

Амандық Баталовтың қолға алуымен №6,7 

шағын аудандар бой түзеді. Облыс әкімінің 

қолдауымен  жақсы  бір  игілікті  іс  халықтың 

ризашылығына ие болуы, бұл 9-шы шағын 

ауданда  пайдалануға  берілген  60-пәтерлік 

тұрғын  үйді  ата-ана  қамқорлығын  көрмей,  

балалар  үйінде  тәрбиеленген  жастарға 

беруі.  Дегенмен,  осы  бір  жақсы  үрдіспен 

үйсіз-күйсіз  4-5  баласын  соңынан  ертіп 

пәтер жалдап, тапқан табысын пәтер ақыға 

беріп,  қалған  тиын-тебенімен  әупірімдеп 

күн  кешкен  қазақтың  жағдайы  түзеліп, 

күн  көрісі  керемет  деп  айтуға  келмейді. 

Тұрғын-үй  мәселесін  алға  қойып  өз 

қадағалауына  алып,  бөлінген  қаражатты 

орнымен  жұмсауға  міндет  жүктеп  отырған 

Елбасымызға  сенім  артсақ,  әрбір  азамат 

күш-жігерін  жұмсап,  еңбек  етсе  көпшіліктің 

бас  ауруына  айналған  тұрғын-үй  мәселесі 

де  шешіліп,  талай  қазақтың  арманының 

орындаларына сеніміміз мол.

                  

 Ақтоқты КЕНЖЕБЕКОВА, 

2 курс білімгері.

Аттан  десе  алты  құрлық  теңселген  на-

мысты  елді  есінен  тандырған  –  Рэп  өнері. 

Тіпті  өнерге  жатқызуға  болмас.  Бір  сарын-

ды ырғақтан жаңылмай, сиыр бүлкекке са-

лып дамылсыз айтылар баланың былдыры 

дерсің. Ән дейін десең елітіп тыңдар сиқы 

жоқ, қарабайыр сөз. Алайда, осы бір тұрпайы 

дүниені тыңдаушы жастың саны көбеймесе 

азаятын  түрі  жоқ.  Қалтафонына  жүктеген 

рэпті  тыңдап  жүрген  жеткіншектерді  күнде 

көзің  шалады.  Әуел  баста  былдырлаѓан 

былапыт  сөздерге  тосын  қарап,  тосырқап, 

жағасын ұстаған жандарды байқаушы едік. 

Соған  қарап  мәдениетімізде  жоқ  мәйексіз 

сөзді  біздің  қазекењ  іргесінен  аттатпайды, 

әлі-ақ  ысырып  шығарар  деген  ойда  едім. 

Бара-бара ол үміт сейіліп, кеудені күдік тор-

лай  бастады.  Бір  шаңырақ  болмаса  да  әр 

әулеттің бір бүлдіршіні дәл осы салдырлаған 

сайтани уағызды тыңдап жүргені елге аян. 

Мазмұнсыз,  мардымсыз  дүниені  дүйім 

елдің  алдына  шығарар  рэперлер  де  күн 

санап  қаптап  барады.  Атап  айтсаұ  Шоқан, 

Шыңғас,  Тарлан,  Жақау,  Ahs  Kazak  Pro, 

Азизхан Досанов, Еркебұлан, Саддам сын-

ды  қара  сөздің  қадірін  кетіріп  жүрген  қара 

домалақ  бауырларымыз  көңілге  кірбің 

түсіріп жүргені намысқа тиеді. Өздерінің ай-

туынша, б±л өнер қазаққа жат емес, тіптен 

заманымыздың  ащы  шындығы  айтылар 

ақиқаттың мінбесі көрінеді. Берген бағасына 

қараңыз, «ақиқаттың мінбесі» деп ауызда-

рын  арандай  ашып,  батыстық  болбыраған 

өнерсымақты санамызға сіңдірудің оңай жо-

лын  тауып,  жарнама  жасай  бастағандары 

жаға ұстатады. Өздері өнер көрген рэп жан-

ры  ақиқаттың  мінбесі  болмақ  түгілі  тұтас 

халықтың жүрегіне жетіп алсыншы алдымен.

Қазақ  елі  әлімсақтан  жарымсақтанған 

жұрттың  жуындысына  көз  тігіп  көрмеген 

текті халық. Сондай сұңғыла ел көбік ауыз 

рэперлердің  берген  бағасына  пысқырғаны 

бар  ма,  айтыс  сынды  ардақты  өнері 

тұрған  да.    Ақиқаттың  нағыз  мінбері  

Сүйінбайлардан  сұйылмай  жеткен  айтыс 

µнері  екені  даусыз.  Жарайды  ырғағына  са-

лып ыңырсып болса да бірлі жарым шындық 

айтылар  рэпте.  Ал,  өн  бойы  ақиқатпен 

астасып  жатқан  айтысқа  берер  бағаны 

біреудің қаңсығына тана тағу ұят дүние. Сөз 

жүйесі келіп тұрғанда рэперлердің айтылар 

ақиқатынан мысал келтіре кетейін:

Ақиқат айтылуы тиіс, 

                     ауыр тіл азаптаса да,

Ақиқат айтылуы тиіс 

                     жан-жақтар мазақтаса да.

Тамақтаса да, ашып шымылдыққа,

Ақиқатсыз айтылар сөздің сырын ұқ.

Осылай шүлдірлеген Жақаумен шамалас 

айтыс өнерінің оғланы Болатбек Оразбаев:

Тоғыз қабат жейдеден,

Тозған болса да тон артық.

Тойымсыз туған пендеден,

Тәубесі бар ер артық.

Пайдасыз құрған қиялдан,

Оймақтай ғана ой артық.

Банк берген несиеден,

Барыменен бөліскен, 

Кедейдің  жомарт  қолы  артық  –  деп 

шындықты  жырлайды.  Ақ  қарасын  ажыра-

тар  зерделі  жұртыма  кінә  арта  алмаймын, 

жас жеткіншектер ғасырлар бойы салтанат 

құрып  келе  жатқан  саф  өнердің  қадіріне 

жетсе деген ниеттемін. Рэп деген тірегі жоқ 

құлағалы  тұрған  қабырға  іспетті  өнерге 

сүйенгенше,  айтыстай  бағаналы  басты 

ордаға иіліп кіріп, сүйініп шықса нұр үстіне 

нұр болар. Ол үшін де бабалардың пайым-

парасатын  өз  бойымыздан  іздеп,  талғамы 

терең  жұрттың  жұрнағы  екенімізді  ұғына 

алсақ жетіп жатыр.

Жас  ұрпақтың  тәрбиесіне  мән  берген 

мәрт  қазағым  бүгінін  бүлдіргелі  жүрген 

батыстық  ағымнан  балдырғандарын  тыйса 

бұлай жазбас едік. Соған қарап, бүлінгеннен 

бүлдіргі алма деген ұлағатты сөзді бүгінгілер 

естен  шығарып  алған  ба  деген  ой  келеді. 

Ұрпақ  қасиетін ұнтақ қылатын осы бір жа-

байы  нәрсе  миға  қойылған  мина  секілді. 

Жастар  жаппай  тыңдайтын  рэпте  айтылар 

мәселелер ауқымды болғанымен сөз жүйесі 

қалыбынан  шығып,  әдеп  сақталынбайды. 

Осыған  орай,  ғашығына  қолы  жетпей 

қапаланып  жүрген  жас  жеткіншекке  берер 

ақылы, өмірлік шындығынан мысал келтіре 

кетейін:  Қамықпа  досым,  қыз  дегенің  шөп 

емес пе, Шөп дегенің жер әлемде көп емес 

пе?!  Ойпыр-ай,  осы  сөзді  данышпанмын 

деп  айтып,  сахнада  сайрандағанын  көріп 

көңілге  кірбің  түседі.  Сөздіњ  сөлін  сығып, 

бал  қаймағын  асатып  жатырмыз  деп  ой-

лайтын шығар. Шәмшінің әнін сағынышпен 

тыңдайтын  ел,  Абай,  Мұқағали  жырла-

рын  жадына  тұтқан  жұрт,  бұл  сиықсыз 

өнер, сұйық сөздерді қайтсін. Дегенмен де,  

жастар  жағы  рэпердің  туындысын  жаппай 

тыңдап,  ақ  пен  қараны  ажырата  алмай 

жүргені  жанға  батады.  Бүгініміздің  дауыл-

паз  ақыны  Мұхтар  Шаханов:  «Поэзия  да 

әлемдегі  айтылмаған  ой  айтылу  керек» 

–  деп  кесіп  айтқанның  өзінде,  рэперлер 

арқалы  ақындарға  жүгінбей  өзі  сөз  жазып 

қара  дүрсін  дүниені  сахнаға  шығаруда.  Ол 

аз болғандай «заманауи жыраумыз» – деп 

өздеріне  айдар  тағып,  кеуде  соққандары 

тағы  бар.  Өз  атын  өзі  шақырып  ұрандаған 

рэперлердің  тыңдауға  тұрарлық  жырлары 

болса  бір  сәрі.  Сөйте  тұра  жыраумыз  деп 

жұлқынады.  Жырау  деген  қазақтың  мұң-

мұқтажын 

жырлаған 

Қазтуған,  Шалкиіз,  До-

спамбет, Жиембет емес 

пе?!  Абылай  ханды 

даңғыл  жолға  салып, 

ел  басқаруға  баулыған 

Бұқар жырау, одан бергі 

Ақтамберді, 

Үмбетей 


сынды  айдарынан  жел 

ескен,  айтқан  сөзі  ал-

тын сақаша алшысынан 

түскен  от  ауызды  жан-

дар  еді.  Бүгінгі  Шоқан, 

Сайлаубек 

секілділер 

кекілін  самал  желпісе 

кеудесін  қағып,  зама-

науи  жыраумыз  дегені 

а с т а м ш ы л д ы қ т ы ң 

белгісі іспетті.

Өнерді  үйренген  жөн,  алайда,  қазақы 

қоспа  болмаса,  салт-дәстүрімізге  сай, 

өзіндік  исіміз  аңқып  тұрмаса,  ол  өнердің 

бізге  керегі  не?!  Жастарды  рэп  өнерінен 

алшақтата  алмаспыз,  сондай-ақ  талғамы 

бар  рэперлерді  де  жоққа  шығара  алмай-

мыз.  Ерболат  Құдайбергенов,  Жан  Ахма-

диев  сынды  тыңдауға  тұрарлық  ән  жазып 

жүргендер де бар. Осындай азаматтардың 

рэпін  тыңдаудың  орнына,  көпірме  сөзді 

тыңдап  жүрген  жастар  жетерлік.  Сол  тын-

дарман қауымды қисық жолдан алып шығу 

үшін,  жан  аздырар  жат  өнерге  руханият 

атты бастаудан бөгет салып, тартымдысын 

талғам тарасызынан өткізу керек. Елеп-ек-

шеп  ел  қажетіне  жарайтын,  сазымен  назы 

жарасқан  жақсыларын  елге  тыңдатсақ, 

бұл  өнерді  құптауға  да  болар.  Өйтпесе, 

руханиятына залал келіп, халық арасында 

дүмпудің  пайда  болуына  себепкер  болған 

рэп  өнеріне  Түркіменстан  елі  де  тыйым 

салмас еді. Шектеу қойғаны былай тұрсын, 

азғындыққа  бастайтын  уағызшылар  деп 

рэперлерін  темір  торға  тоғытыпта  жіберді. 

Бұл  ақпараттан  соң,  бізде  қарап  жатпай 

кірісейік дегелі тұрғам жоқ, тек, бізде руха-

ният үшін күресуіміз керек деген өзіндік көз 

қарасым. 

Негізінен  «рэп»  сөзін  ағылшын  тілінен 

аударѓанда ол «RAP» – «дүрсіл», «соққы» 

деген  мағына  береді.  Сонымен  қатар 

рэптің  ырғаққа  қатысты  бұдан  баса  да 

анықтамалары  бар.  1970  жылы  Бронск 

қалашығындағы  афроамерикалықтардан 

бастау алған «рэп» музыкалық жанры осы-

лайша біздің елде де етек жайып, жастардың 

жүрегінен орын алған. Жастардың ықыласын 

оятқан  осы  жанрды  ұстанған    рэперлеріміз 

тыңнан  түрен  салғандай  шайқалып  жүруі 

намысқа тиеді. Ұлы сөзде ұят жоқ деуші еді 

атам  қазақ,  сол  айтылғандай,  иттің  қышы 

өзіне тәтті емес пе?! Ал біздің дәріптелетін 

өнеріміз  рэп  емес  дәстүрлі  ән  болатын. 

Сол  өнеріміздің  өрісін  кеңейтіп  жүрген 

Қайрат  Байбосынов,  Бекболат  Тілеухан, 

Айгүл Қосанова сынды әншілер мен Шоқан, 

Шыңғыс, Жақау сынды рэперлерді ажырата 

білсек  болғаны.  Ұлттық  құндылық  пен  ру-

хани  қазынамызды  кірме  өнердің  жолына 

төсеп  тастамай,  тамырындағы  қанын  ой-

натар  қазақы  дүниені  дүйім  елдің  алдына 

шығарар жалынды жастарымыз көп болсын.

Рэп жанрына өзіндік көзқарасыңыз?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет