Ажар СМАҒАЛИ,
2-курс білімгері.
Қазақ хандығында жазылған алғаш іс-
қағаздар елшілік сипатта болған. Құнды
қағаздардың ең бастылары болып қазақ
хандарының шығарған заңдары санала-
ды. Мәселен, «Қасым ханның қасқа жолы»,
«Есім ханның ескі жолы», Тәуке ханның
«Жеті Жарғысы» деген сияқты заңдар.
Бұл заңдар мемлекетті басқаруға және
әлеуметтік-саяси қатынастарды реттеудің
негізі болды.
Сол
кездегі
дайындалған
іс
қағаздарының мазмұны қазақ елінің са-
яси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени
өмірінен көрініс береді. Іс жүргізу
далалық демократияның және Патшалық
Ресейдің отарлық жүйесіне тартыла
бастаған, қазақ даласында іс жүргізудің
империялық
саясаттың
ауқымында
кеңейе түсті. Олардың түрлері көбейіп,
мазмұндары күрделенді. Іс-қағаздарының
кейбіреулері «Материалы по истории ка-
захского ханства» деп аталатын құжаттар
жинағынан орын алған. Бұл кезеңдегі
ресми
іс
қағаздарының
көпшілігін
қазақ
хандарының,
сұлтандарының,
батырларының,
старшындарының
көршілес
елдерге,
соның
ішінде
патшалық
Ресейдің
билеушілеріне,
әкімшілік ұйымдарына жазған хатта-
ры құрайды. Мәселен, Қайып ханның
1716 жылы 13 қыркүйекте Ресей патша-
сына тату көршілік қатынастарда тұру
тілегін білдіріп, арнайы елшілер арқылы
жіберген мәлімдемесі. Мәлімдемелердің
бұдан бұрынғы уақыттарда да жазылуы
ғажап емес, дегенмен ендігі кезекте олар
ресми сипатқа ие болады. 1730 жылы 8
қыркүйектегі Кіші жүз ханы Әбілхайырдың
өзінің қол астындағы халқымен бірге Ре-
сей бодандығына қабылдауды сұрап Анна
Иоановна патшайымға жазған хатының
іскерлік құжат түріндегі ғана емес тари-
хи маңызы да айтарлық. Жалпы орыс
мемлекетінің құрамына енгеннен кейінгі
кезеңдерде ресми хат жазу, хат алысу
дәстүрге айнала бастады. Мәселен, Ма-
хамбет Өтемісұлының М.Ладышинскийге,
Жәңгір ханның Исатай Тайманұлына,
Кенесары Қасымұлының патша ағзам
мен отарлық билеушілерге жазған хатта-
ры тек іс қағаздарының тарихында ғана
емес қазақ тарихында алатын орны ерек-
ше. Ресми іс қағаздарының мазмұны мен
жолданымдарына қарай бірнеше топқа
бөлінді. Оларды нормативтік, басқарушы,
хаттамалық, есептік, хат алысу, жеке тектік
құжаттар, техникалық және жеке құрам
құжаттары деп шартты түрде жіктеуге бо-
лады. Бірінші топқа патша үкіметі тара-
пынан жазылған заң актілері, ережелер,
Жетісу
университеті
11
бейсенбі, 10 желтоқсан,
2015 жыл
МЕРЕЙ
ҰЛЫ ТҰЛҒА – 90 ЖАСТА
І. Жансүгіров атындағы Жетісу
мемлекеттік университетінің музыкалық
білім кафедрасында магистранттардың
ұйымдастыруымен «Қазақ музыкасының
сайыпқыраны» тақырыбында Нұрғиса
Тілендиевтің 90 жылдығына арналған
ғылыми-әдістемелік семинар өтті.
Ќазаќ музыкасыныњ сайыпќыраны
«Мен білемін Сіздердің ме
ні сүйетіндеріңізді. Бірақ ме
н
Сіздерді одан да қатты сүй
емін».
Нұрғиса Тілендиев.
«Нұрғисаның тұла бо
йы толған дыбыс қой, оның де
несінен
бір жапырақ етті үзіп алып, лақтырып тастасаң, ол екеш
оған дейін бүлкілдеп, өл
ең айтып жатады».
Қанабек Байсейітов.
Семинарға
облыстық
Мәдениет
басқармасының бас маманы Ә.Оралов,
Қ.Байсейітов атындағы саз колледжінің
әдіскер оқытушылары Б. Дузкеев, Қ. Мукса-
това, Ғ.Базарбаевалар шәкірттерімен келіп
қатысты. Семинар композитордың өмірі
мен шығармашылығы негізінде ғылыми-
әдістемелік тұрғыда өте мазмұнды әрі
әсерлі өтті.
ХХ хасырда қазақ музыкасының оркестрлік
жанрын дамытудың екі бағыты болғандығы
белгілі. Біріншіден, ол жаңаны сіңіру және
өзінің көп ғасырлық мұрасын сақтау, яғни,
халықтар арасындағы мәдениеттердің
жаһандық өзара араласуының көрінісі бо-
лып табылды. Ол кезде бұл үрдіс жай-
лы екі ұшты пікір туындаған болатын. Ол
өзге дәстүрге судай сіңіп кете ме немесе
жаңаға өз көзқарасын білдіру үшін икем-
дей ала ма? Ол шығармашылық тұрғыдан
өз мәдениетінің терең негіздеріне сүйене
отырып, өңдеуге қабілетті әрі жарқын да
жасампаз тұлғалардың болуына байла-
нысты еді. Осы тұрғыда оркестрлік жанр-
ды қазақ дәстүрімен ұштастыру бәрінен
бұрын заманымыздың екі айтулы музы-
канттары – Болат Сарыбаев және Нұрғиса
Тілендиевтердің арқасында мүмкін бол-
ды. Көзден кетіп, көңілден өшкен қазақ
музыка аспаптарын тауып, оларды қайта
жаңғыртқан Б.Сарыбаевтың зерттеулері
болса,
«Отырар
сазы»
оркестрінің
іргетасын қалап, оның жетекшісі болған
Н.Тілендиевтің
шығармашылығы
сол
аспаптарға лайықталып жазылды.
«Тілендиевтік» орындаушылық мәнерге
суырыпсалмалық тән. Дәстүрлі тәсілді
пайдаланудан
тыс,
суырыпсалмалық
«Шебердің» («мастер», «знаток») ор-
кестрмен ноталық жазбаларсыз жұмыс
істеуіне көрініс береді. Оркестрмен бұлайша
жұмыс істеу оның жаңа құрылған кезінде-ақ
пайдаланылған болатын. Мұндай жұмыстың
жақсы жағы оркестрлік орындаушылық өнер
қазақы күй шертушілікке жақындай түсетін
де, әрбір музыканттың шығармашылық көзі
ашылатын, шынайылықтың мерейі көрініс
беретін. Бұған қоса шебердің сахнада өзін
еркін ұстайтынын, суырыпсалмалық кейіпте
жүретінін жатқызуға болады.
«Отырар сазы» фольклорлық ұлт-
аспаптар оркестрінің концертіне қатысушы
тыңдармандардың есінде болса, біртуар
өнер саңлағы концерт барысында киімін
шешіп тастап, тыңдармандармен емін-
еркін сөйлесетіні, оларды бірге күй тартуға
шақыратын кездері болатын. Немесе оркес-
трмен дирижерлап тұрып оркестрге теріс
қарап, тыңдармен қауымға бетін бұрып, тек
қана көз қиығымен бақылап тұратын кездері
біздің көз алдымызда. Ондай кезде залда
сүйіспеншілік атмосферасы орнайтын.
Шебердің мифологиялық «Аққу», «Ақсақ
құлан», тарихи «Махамбет», «Ордаба-
сы», «Он алтыншы жыл», діни «Сарын»,
«Ақиық», «Абай табиғаты» образдарын
сомдауы ғажап емес-тұғын.
Мысалы,
«Аққуды»
фантастикалық
дыбыстардың бір сәті шығарманың соңына
қарай құстардың көтеріліп ұшуы-бір
кеңістіктен екінші кеңістікке мистикалық ауы-
суы таңғаларлықтай дәл табылған оркестрлік
тәсіл арқылы жүзеге асады. «Махамбет»
шығармасының орталық интонациясының
бірі дауылпаз күш, шабыстың дыбыста-
луы - бейне алыстан әлде бір күштің пайда
болып, жанымыз-
дан ағызып өтіп,
кеңістікке сіңіп кет-
кендей
адамның
мүше-мүшесін дүр
сілкіндіретін әсерде
қалдырады.
Мұның бәрі әртүрлі аспаптардың дыбы-
сталуымен түрлендіріліп толықтырылады.
Композитордың
стильдік
ерекшелігі
қозғалыс кеңістіктігінен туындап, соңынан
қайтадан
соған
сіңіп ғайып бо-
лады.
Мысалы,
«Ата толғауының»
б а с ы н д а ғ ы
о р к е с т р д і ң
сиқырлы
дыбы-
стары осы образға
бағындырылған.
Нұрғисаны өз бол-
мысында оркестр
мәдениетінің сал
серісі деп айта-
мыз, оған рухани
тұлғаның образды
сомдауда қазақтың
дәстүрлі тамыры-
на еркін бойлауы
негізгі қасиеті деп
қараймыз.
Шебердің
осындай
қасиеттері
тоталитарлық дүниетаным және унитарлық
еуроцентристік білім беру жүйелерінде
қазақтың дәстүрлі рухани мәдениетінің
негізін сақтап қалғаны ерекше атап өткен
дұрыс. Сақтап қана қойған жоқ оның
өрісін кеңейтіп, өзін-өзі көрсету үшін қазақ
дәстүріне қайшы келетін еуропалық форма-
ларды игеріп пайдалануға мүмкіндік берді.
Композитордың оркестрлік идеясы зерт-
теу мен пайымдауды қажет етеді. Шы-
нында да, оның шығармаларын талқылау
барысында кейбір маңызды сәттер
ескерусіз қалуы мүмкін, сондықтан бұл сала
өнертанушыдан үлкен біліктілікті талап
етеді.
Көп жағдайда партитураның кейбір ерек-
ше тұстарын нотаға түсірмеген, оған әуенді
орындау барысында суырыпсалмалық ра-
хатына бөлену ұнаған, әрі осындай өзінің
кенет пайда болатын сезімдеріне ілесе
алатын оркестр музыканттарымен бірге
жұмыс істеу бақытына ие болған. Шебердің
қолтаңбасы қалған ноталық жазбалар-
да барлық тұстары белгіленбеген, бірақ та
қазақ радиосының «Алтын қорында» аудио
жазбалары сақталған.
«Ата толғау» күйінің бірнеше орында-
лу түрлері бар (пластинкадағы түрі), яғни
әрбір нұсқада «көпқабаттылық» әртүрлі
«тыныстайды». Партитура бойынша ол
гомофондық-гармоникалық
фактураның
канондарына сәйкес келеді, бас буын,
ортаңғы толықтырулар әуен біртұтас бо-
лып көрінеді. Шебердің орындалуында көз
алдымызға көп қабатты, тірі, «тыныс алып»
тұрған кеңістік картинасы сезіле бастай-
ды. Бас буынның өзі екі қайтара өзгеріп
қайталанады, біреуі төрт тактыдан тұрса,
екіншісі 2 такт аралығында дамып, белгілі
бір ойды береді. Сырнайлардың аккор-
ды қалқып шығады, онысының өзі басы
квинттік тон, асты терциялық тон. Бұдан
7 тактыдан кейін қайталанатын тура осын-
дай тактіде әйел дауысының жылы тембрі
құлаққа шалынады. Көңілге оралатын ас-
социация кеудеде пайда болады. Барған
сайын үдеген жылылық пен сүйіспеншілік
толқыны қуаныш пен нұрға бөлейді.
Шебердің шығармашылығын жоғарыда
айтып кеткендей бірнеше ғылыми жұмыс ар-
налса да көптік етпейтін еді. Сөзімді қорыта
келгенде, «Халықтық» білімі тек жеке
орындаушылықпен шектеледі деген пікір
тумауы тиіс. Бүгінгі әлем-мультимедиялық
хабарлау әлемі. Дәстүрлі мәдениетті
жалғастырушылар — осы кеңістік әлемінің
бір үлкен бәйтерек бөлшегі деп қараған
дұрыс
болар.
Мәдениет
жүйесінде
еуропалық, басқа да түрлі ұлттық «өткінші»,
бағыттар болады, бірақ олар дәстүрді
бұрмалауы керек. Олар өнердің өзге бір
варианты (түрі) есебінде қатар өмір сүріп,
әлемдік мәдениет ағысымен байланысты
ұстауға тиіс. Бұл негіздің таза сақталуының
кепілі, және ол «қазақ оркестрі» сияқты
түрлі салалардың жандануына мүмкіншілік
туғызады. Мысалы, қазақ оркестрінің пай-
да болуы мен оның дамуына сазгерлер:
М. Бөкейханов, А. Жұбанов, Г. Медетов,
Б.Сарыбаев,
Н.Тілендиев
үлкен
творчестволық ықпал жасады және олар
дәстүрлік негізге сүйенді деп баяндамасын
аяқтады.
Облыстық Мәдениет басқармасының
бас маманы Ә.Оралов өз сөзінде:
«Н.Тілендиевке арналған іс-шара сонау
туған жері Алматы облысынан басталды,
М.Төлебаев атындағы облыстық филар-
мониясында аталып өтті, Қ.Байсейітов
атындағы училищеде концерт қойды,
міне, бүгін қасиетті Жетісудың білім
ошағы І.Жансүгіров атындағы Жетісу
мемлекеттік университетінде ғылыми се-
минар ұйымдастырылып отырған іс-шара
көңілімнен шығып отыр», - деп айта келе
шығармашылық табыс тіледі.
Қ.Байсейітов атындағы саз колледжінің
әдіскер оқытушысы Б. Дузкеев :
1994 жылы Солтүстік Кореяда өткен
дүниежүзілік өнер фестивалінде Нұрағаң
сол жердің оркестріне де дирижерлік етіпті.
Бұл ол кісінің дирижерлік талантымен
шетелдіктерді де таңғалдырғаны ғажайып
дүние емес пе? Жалпы, қолынан бәрі
келетін біртуар өнер иесі болатын. Бірде аз
ғана күн дайындалып, Чайковскийдің №5
симфониясын жатқа орындап шыққанын
баяндай келе, «Отырар сазы» фольклорлық
ұлт-аспаптар оркестрінің ашыла басталған
кезеңдеріне тоқталып тарихи сипаттама
берді. Дүниежүзінде екі дирижер болса,
оның бірі италияндық А.Тосканини де,
екіншісі Н.Тілендиев деп әдіскер оқытушы
Болат Баяшұлы өз ойларын өте мазмұнды
баяндап шықты.
Ғылыми семинарға келген магистрант
Бауыржан Қанабекұлы, университеттің
музыкалық білім мамандығында оқитын
білімгерлері Мұхит Мүкен, Дамир Ибраимов,
Арай Телебаева, Қ.Байсейітов атындаға
саз колледжінен келген жас дарын Елтай
Әділбек бірге қосылып, Н.Тілендиевтің
«Әлқисса» күйін тамылжыта орындап, се-
минар жұмысының мазмұнын байыта түсті.
Семинар жұмысын п.ғ.к., профессор, до-
цент (ВАК) Ж. Таубалдиева Н.Тілендиевтің
шығармашылығына қатысты жүргізген
зерттеу жұмыстары жайлы баяндамамен
жалғастырды.
Халықаралық Жазушылар одағының
мүшесі, жас ақын І.Жансүгіров атындағы
ЖМУ музыкалық білім мамандығының 2
курс магистранты Асқар Қызырханұлы
өзінің Н.Тілендиевке арнап шығарған арнау
өлеңін оқыды.
Семинар жұмысының қорытындысы
бойынша
даярланған
баяндама-
лар
ЖМУ-да
шығатын
«Хабаршы»
ғылыми басылымының кезекті нөміріне
ұсынылды.
Сондай-ақ,
семинарға
қатысқан оқытушылар мен қонақтарға
«Қазақ музыкасының сайыпқыраны» атты
тақырыпта Н.Тілендиевтің 90 жылдығына
арналған ғылыми-әдістемелік семинарға
қатысқаны үшін сертификат тапсырылды.
Р. АЛСАИТОВА,
музыкалық білім кафедрасының
доценті, өнертану кандидаты.
Әсем әуен -
нұрлы әлем
Әсем әуен құлағыма жеткенде,
Ой жіберсем тарихпен өткенге.
Танығанда өнер атты тылсымды,
Тектіліктен көрінеді бетперде.
Бар бойына даналықты жинаған,
Бар дарыны жан-жүрекке сыймаған.
Күллі әлемге нар өнерді танытып,
Күллі Алашқа ән мен күйін сыйлаған.
Ұлы өнерде соқпақ алыс, жол әлі,
Асыл өнер текті адамда болады.
"Аққу" күйін шерткен кезде Нұрғиса,
Қалықтап қос аққу көлге қонады.
Сағыныш билеп мына сағым саланы,
Өнер қыран биігін бағындыра алады.
Ән салғанда көктем, күзде Нұрғиса,
Құстар келіп, құстар қайтып барады.
Бір Алла еліме шапағатын үйіп тұрса,
Ұлы дала елім бәрінен биік тұрса.
90 жылын атап өткен бұл күнде,
Қазағыма ғажайып нұр құйып тұрса.
Біз өтеміз Нұрғисаны ән қылып,
Жүректерге ән-күйлерін жаңғыртып.
Ғасырлардан – ғасырларға жалғасқан,
Нұрғисаны еске аламыз мәңгілік.
Асқар ҚЫЗЫРХАНҰЛЫ,
магистрант.
Газет Талдықорған қаласы,
Қабанбай батыр көшесі, 32-
үйде, «Алматы - Болашақ» АҚ
филиалы «Офсет» баспахана-
сында басылады.
Индекс: 64568
Газет айына екі рет шығады.
БІЗДІҢ
МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ:
Талдықорған қаласы,
Жансүгіров көшесі, 187а.
Байланыс телефоны:
223329; ішкі нөмір.1143
Бас редактор Үсен Өмірзақов
Жарияланған мақала авторларының пікірлері
редакция көзқарасын білдірмейді.
Жарнама мәтініне тапсырыс беруші жауапты.
«Жетісу университеті» газетінің компьютер орталығында
теріліп, беттеледі.
Тапсырыс № 1552
Таралым 2000 дана
Тілші Б.Жаңабаева
Корректор Ұ.Жолдасова
Беттеуші П.Қалиханқызы
Суретке түсірген Б.Айменов
Газет Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық
келісім министрлігінде 2003 жылғы 02 қыркүйекте тіркеліп,
№ 4190-Г куәлігі берілген.
бейсенбі, 10 желтоқсан,
2015 жыл
12
ҚҰРЫЛТАЙШЫ: І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті
ДЕМАЛЫС БЕТІ
Жетісу
университеті
БІЛЕ ЖҮРІҢІЗ
ХАБАРЛАНДЫРУ
КЕРЕК - ДЕРЕК
Адамның көлігі, оның түсі сол адам туралы
қандай сыр шертетінін білесіз бе? Ағылшын
психологы Алан Бакер бұл туралы сөз еткен
екен. Сонымен, ең жиі деген көлік түстерін са-
ралай кетсек…
Сары түсті көлік. Мұндай түсті көлікті ай-
даушылар әдетте жылы шырайлы, мейірбан
келеді екен. Сары түсті көліктер ерлер-
ге қарағанда, әйелдер арасында кеңінен
тараған (салыстырмалы түрде).
Ақ түсті көлік. Ақ көлік сенің қамқор, кез
келген нәрсеге аса мұқият әрі ұқыпты екеніңді
таныта түседі. Бұл дәрігерлер үшін «сүйікті»
түс, басқаларына қарағанда ақ түсті олар көп
таңдауға салады.
Қызыл түсті көлік. Қызыл көлік
жүргізушілері әдеттен тыс агрессияшыл
келеді.
Көк түсті көлік. Қызыл түсті көлікке
қарама-қайшы келеді. Өте байсалды, көп
сөйлемейтін, тыныш көлік жүргізушілері.
Жасыл түсті көлік. Мұндай көлік иелері
өте жомарт болып келеді.
Қара түсті көлік. Қара көлік иелері аса
салмақты әрі байсалды жүргізушілер санала-
ды. Бизнес саласындағы адамдар қара түсті
көлікке басым таңдау жасайды.
Сұр немесе күміс түстес көліктер. Бұл
көлік сіздің аса талғампаз, стильді екеніңізді
танытады.
СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Университеттің бас оқу
ғимаратында факультеттер
арасында Тұңғыш
Президент күніне арналған
волейбол және тоғызқұмалақ
ойындарынан жарыс өтті.
Әнұраны шырқалып
болған соң, мерекелі спорт
жарысын университет
ректорының кеңесшісі
Б. Молдабеков сөз сөйлеп
ашып, қатысушыларға
сәттілік тіледі.
Жарысқа
жеті
факультетіміздің
білімгерлері қатысты. Волейбол бойынша
әр командадан жиырма ойыншы, барлығы
алаңда 140 білімгер сайысқа түсті. Олар
екі топқа бөлініп, ойын айналым бойынша
өрбіді. Жартылай финалға өткен коман-
далар қарама-қайшы кездесу ойындары
арқылы финалға жолдама алды. Ақтық
ойындарда белсенділік танытып ұлдар ара-
сында жүлделі І орынды мәдениет және
өнер факультеті, ІІ орынды педагогика және
психология факультеті, ІІІ орынды жараты-
лыстану факультеті; ал қыздар арасында
І орынды мәдениет және өнер факультеті,
ІІ орынды жаратылыстану- факультеті, ІІІ
орынды заң факультеті иеленді.
Топ ойыншылары ішінде физика-матема-
тика факультетінен: А.Нұрқасов, М.Тоқанов,
Д.Қабдығалиев, С.Карибаева, А.Қожахмет,
мәдениет және өнер факультетінен:
З.Дубеков,Б.Әлібаев,Е.Рымов,Б.Жанат,
А . Р ү с т е м о в , С . С а п а р ғ а л и е в а ,
жаратылыстану-техникалық факультетінен:
Қ.Әділжанов,Б.Кулдеев,Ш.Оспанов,
А.Қабылкенов, педагогика және психология
факультетінен: С.Серікбаев, Д.Нұрдуллаев,
А.Нұрекеев, гуманитарлық факультетінен:
М.Жұмабаев, Б.Қожахмет заң факультетінен:
Т.Айтқазиев, А.Кенжебаев, Н.Рамазанов,
Н.Азанбековалардың спорттық шеберлігі
өзгелерден басым екені байқалды.
Тоғызқұмалақ ойыны зейінділік пен
зеректікті, өткірлік пен үйлесімділікті та-
лап етеді. Ең негізі спортшының ойлау
қабілеті басым болуы тиіс. Бұл спорт түрі
қазақ халқының ұлттық дәстүріне де кіреді.
Қазақ деген халықтың аттың құлағында
ойнаумен бірге ойлау шеберлігі де терең
болғанын осыдан-ақ көруге болады.
Тоғызқұмалақтан өтетін жыл сайынғы сай-
ыстарда университетіміздің білімгерлері
үлкен жетістіктерге қол жеткізіп келеді.
Дәстүрге айналған тоғызқұмалақ жары-
сына жеті: мәдениет және өнер, қаржы-
экономика
жаратылыстану-техникалық,
гуманитарлық, заң,физика- математика, пе-
дагогика және психология факультеттерінен
14 білімгер екі топқа бөлініп қатысты.
Мұнда да жартылай финалға өткен топтар
қарама-қайшы кездесу ойындары арқылы
Киелі Климент атындағы София
университетінде (Болгария) грант
негізінде білім алуға іріктеу.
І.Жансүгіров
атындағы
Жетісу
мемлекеттік университеті Erasmus+КА1
бағдарламасы бойынша 1-ші курс доктор-
анттарына сонымен қатар «Педагогика
және психология», «Білім беру» бағыты
бойынша қызмет ететін оқытушыларға
іріктеу жариялайды.
Erasmus+КА1 бағдарламасы грант
негізінде 2015-2016 оқу жылының
екінші
жартыжылдығында
София
университетінде білім алуға мүмкіндік
береді.
Өтініш білдіру тәртібі:
Үміткер 2015 жылдың 12 желтоқсанға
дейін (17:00- ге дейін) ic_sector@mail.
ru электрондық поштасына келесідей
құжаттарды ағылшын және қазақ/орыс
тілдерінде тіркеп жіберуі тиіс:
•
паспорт скан-копиясы;
•
ағылшын тілін білу деңгейін
анықтайтын сертификат, B1деңгейінен
төмен емес;
•
-транскрипт;
-CV;
•
мотивациялық хат;
•
зерттеу жұмысының аннотация-
сы (докторанттарға);
•
ағылшын тіліндегі лекция курста-
ры «Педагогика және психология», «Білім
беру» бағыты бойынша (оқытушыларға)
Құжаттар тізімін электронды поштаға
жолдағаннан кейін, түпнұсқаларды Болон
үрдісі дамуы бөліміне (305 бөлме) өткізу
міндеттеледі.
финалға жолдама алды. Ақтық ой-
ындар нәтижесі бойынша І орынды
физика-математика факультеті, ІІ
орынды гуманитарлық факультеті, ІІІ
орынды жаратылыстану-техникалық
факультеті мен педагогика және пси-
хология факультеттері қанжығасына
байлады. Жеңіске қол жеткізген зейінді
де алғыр ойыншылар:Г.Өндіріс,
М.Қалиев, Сағатов,Ж.Қожабекова,С.
Қуанышбаев,Р.Құрманбектерге
ризашылығымыздыбілдіреміз.
Сондай-ақ,жаттықтырушы,
жарыстың
төрешілері: К.Берікболов, Ө.Танабаев,Б.
Сарсенбаев, М.Қажықанов, Т.Дуанаевтар
бәсекеге қабілетті, тәні сау ұрпақ
тәрбиелеуде жемісті жұмыс атқарып келе
жатқанын айтып өткеніміз жөн.
Мұрат АЛИЕВ,
оқытушы, магистр.
ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ПЕН ВОЛЕЙБОЛДАН
ӨТКЕН ЖАРЫС
Конкурс на гратовое обучение в Со-
фийском университете им. Святого
Климента (Болгария)!
Жетысуский государственный универ-
ситет им. И. Жансугурова объявляет кон-
курс на участие в программе Erasmus+
КА1 для докторантов 1-го курса и препо-
давателей по направлению «Педагогики и
психологии» и «Образования».
Erasmus+ + КА1 предлагает грантовое
обучение во втором семестре 2015-2016
учебного года в Софийском университете
им. Святого Климента (Болгария).
Процедура подачи заявки:
Претендент в срок до 12 декабря 2015
года (до 17:00) должен отправить на элек-
тронный адрес ic_sector@mail.ru следую-
щий перечень документов (на английском
и казахском/русском языках):
- скан-копия паспорта;
- сертификат, подтверждающий уро-
вень знания английского языка не ниже
уровня B1;
- транскрипт или приложение к диплому;
- CV;
- мотивационное письмо;
- аннотация исследовательской работы
(для докторантов)
- разработанный курс лекции (8 часов)
на английском языке по направлениям
«Педагогика и психология», «Образова-
ние» (для преподавателей).
А также необходимо предоставить дан-
ный пакет документов на бумажном носи-
теле в отдел развития Болонского процес-
са (305каб.).
Competition for the grant training at
St. Clement Sofia University (Bulgaria)!
Zhetysu State University named after
I.Zhansugurova announces competition for
participation in the program Erasmus + KA1
for doctoral students of the 1st year and
teachers in "Pedagogy and Psychology"
and "Education."
Erasmus + KA1 grant offers training in the
second semester of 2015-2016 academic
year at St. Clement Sofia University
(Bulgaria).
Application Procedure:
The applicant in the period until 12
December 2015 (17:00) must send to the
e-mail address ic_sector@mail.ru following
documents (in English and Kazakh /
Russian):
- Scanned copy of the passport;
- A certificate confirming the level of
English which is not below B1;
- Transcript or diploma supplement;
- CV;
- motivation letter;
- The summary of research (for doctoral
candidates)
- Designed course lectures (8 hours)
in English in areas of "Pedagogy and
Psychology", "Education" (for teachers).
Applicant is expected to provide the
documents in original to the department of
Bologna process development (305 room).
Әрқайсымыз өмірімізде бір рет болса
да ұялы телефонымызды суға түсіріп
алдық немесе осындай жағдайдың куәсі
болдық. Мұндайда не істеу керек екенін
білесіз бе? Білмесеңіз біздің кеңеске
құлақ түріңіз.Не істеуге болмайды?
Телефонды сілкуге болмайды. Бұл
оны толығымен істен шығаруы мүмкін: су
микросхемаға дейін жетіп, ішіндегі майда
элементтерге кері әсерін тигізеді. Теле-
фонды микротолқынды пештің, феннің не-
месе басқа қызу құрылғылардың көмегімен
құрғатпаңыз. Олар телефон ішіндегі сым-
дарды күйдіріп жіберуі мүмкін. Не істеуге
болады?
1. Біріншіден телефондағы қуат көзін алып
тастап, сим картаны ұяшығынан шығарып
алыңыз. Сим-картаны неғұрлым тез
шығарсаңыз, соғұрлым ақпараттың сақталу
ықтималдылығы да жоғары болады.
2. Телефонды үрлеп, оны орамалмен
құрғатып сүртіп алған жөн.
3. Телефонды бірнеше сағатқа күріші бар
тәрелкеге қойыңыз. Күріш телефондағы
қалған ылғалды өзіне сіңіріп алады.
4. Телефонды күріші бар тәрелкеден
алып, оның бетін құрғақ шүберекпен сүртіп,
сим-карта мен батареяны орнына қойыңыз.
Сіздің телефоныңыз іске қосылуы керек.
5. Егер сіздің телефоныңыз батпаққа не-
месе унитазға түсіп кетсе, оны антибакте-
риялды немесе спиртті майлықпен сүртіңіз.
Ұялы телефоныңыз
суға түсіп кетсе
Көлігіңіз
қандай түсті?
Достарыңызбен бөлісу: |