Дәріс 8. Тұрақты электр тогы. Ток күші. Ток тығыздығы Электр тоғы дегеніміз электрлік зарядтардың реттелген (бағытталған) қозғалысы. Егер өткізгішті сыртқы электр өрісіне әкеліп қойсақ, онда ондағы еркін электр зарядтары: оң зарядтар өріс бағытымен, ал теріс зарядтар өріске қарсы орын ауыстыра бастайды, яғни өткізгіште электр тоғы пайда болады (1 а-сурет). Өріс әсерінен өткізгіштерде пайда болатын токты өткізгіштегі ток деп атайды. Егер кеңістікте электр зарядтарының тасымалдануы зарядталған макроскопиялық денелердің орын ауыстыруы салдарынан пайда болса, онда пайда болған токты конвекциялық ток деп атайды (1 б –сурет).
а) б)
1-сурет
Электр тоғы болуы үшін ең алдымен ток тасушылар - реттелген қозғалысқа түсе алатын еркін зарядтар және электр өрісі қажет. Осы электр өрісінің энергиясы еркін зарядтар қозғалысын реттеуге жұмсалады. Ток бағыты ретінде оң зарядтардың бағыты алынады.
Электр тоғының сандық сипаттамасы – ток күші. Ток күші – бірлік уақыт ішінде өткізгіштің көлденең қимасы арқылы өтетін зарядтармен анықталады.
(1)
Әдебиеттер / Литература:1,2
Дәріс 9. Контактілі потенциалдар айырмасы. Ток пен тұрақты магниттің айналасында күш өрісі пайда болады. Оны магнит өрісі деп атайды.Егер де электростатикалық өрістің бар – жоғы оған әкелінген зарядталған денелерге әсер етуші күш арқылы білінсе, магнит өрісі осы өріске әкелеінген тогы бар өткізгішке әсер ететін күш арқылы білінеді. Сөйтіп, электрлік және магниттік құбылыстардың осындай өзара байланысын бірінші рет 1820 жылы дат физигі Эрстед (1777 – 1851) ашқан болатын. Ағатын ток маңына магнит стрелкасын қойса, онда стрелканың ток бағытына қарай бағытын біршама өзгеретіндігін байқаған. Эрстедтің бұл жаңалығы көптеген физиктерді қызықтырып, осыдан бастап олар электромагниттік құбылыстарды кеңінен зерттей бастады. Солардың бірі француз физигі Ампер (1775-1836) болды. Әдебиеттер / Литература:1,2