Имени сарсена аманжолова


Дәріс 10. Термоэлектрлік құбылыстар



бет12/26
Дата24.11.2023
өлшемі293,77 Kb.
#125677
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26
Байланысты:
силлабус Электричество новый

Дәріс 10. Термоэлектрлік құбылыстар.
Металда температураның градиентін тудырса,яғни оны біркелкі емес қыздырса,онда жылу ағыны пайда болады. Бұл жылу ағынын тудыруда электрондарда қатысады. Қыздырылмаған металда электрондардың бағытталған қозғалысы, яғни электрлік ток пайда болады. Температураның граденті өте үлкен болмағанда ток тығыздығы температура градиентіне тура пропорционал болады. Термоэлектрлік құбылыс-металдар мен жартылай өткізгіштерде температураның градиентері болған кезде пайда болатын құбылыс.
Дәріс 11. Газдағы және плазмадағы электр тогы.
1797 жылы Вольта екі түрлі металл алып, оларды бір – біріне түйістірген. Сонда бір металдың оң, екіншісінің теріс зарядталғанын байқаған. Екі металдың арасында потенциалдар айырмасы пайда болады. Бұл құбылыс былайша түсіндіріледі. Айталық, бірінші металдың шығу жұмысы А1, екіншісінікі – А2. А1 > А2 делік. Сонда шығу жұмысының шамасы аз металдың электрондары шығу жұмысының шамасы көп металдарға қарағанда тезірек өтіп кетеді. Электронынан айырылған металл оң зарядталады да, электрон қабылдаған металл теріс зарядталады. Біздің мысалымызда 2 – металл оң зарядталады да, 1 – металл теріс зарядталады
Әдебиеттер / Литература:1,2


Дәріс12. Термоэлектрондық эмиссия құбылысы
Көптеген тәжірибелердің нәтижесінде Вольта екі заң тұжырымдады:

  1. Металдарды түйістірген кезде пайда болатын потенциалдар айырмасы металдардың химиялық табиғатын және олардың температурасына байланысты;

  2. Бірнеше металды түйістіргенде пайда болатын потенциалдар айырмасы тек екі шеткі металдың табиғаты мен температурасына байланысты да, ортадағы металдардың саны мен табиғатына байланысты болмайды.

Егер әр түрлі екі металды түйістірсек, олардың арасында контактілік деп аталатын потенциалдар айырмасы пайда болады.
Әдебиеттер / Литература:1,2


Дәріс13. Магнитостатика. Заттардың магниттік қасиеттері.
Ток пен тұрақты магниттің айналасында күш өрісі пайда болады. Оны магнит өрісі деп атайды.Егер де электростатикалық өрістің бар – жоғы оған әкелінген зарядталған денелерге әсер етуші күш арқылы білінсе, магнит өрісі осы өріске әкелеінген тогы бар өткізгішке әсер ететін күш арқылы білінеді. Сөйтіп, электрлік және магниттік құбылыстардың осындай өзара байланысын бірінші рет 1820 жылы дат физигі Эрстед (1777 – 1851) ашқан болатын. Ағатын ток маңына магнит стрелкасын қойса, онда стрелканың ток бағытына қарай бағытын біршама өзгеретіндігін байқаған. Эрстедтің бұл жаңалығы көптеген физиктерді қызықтырып, осыдан бастап олар электромагниттік құбылыстарды кеңінен зерттей бастады. Солардың бірі француз физигі Ампер (1775-1836) болды.
Әдебиеттер / Литература:1,2




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет