Мәлімет енгізудің кейбір өзге түрлерін: бір жол мәтін енгізу, жалаушаларды көтеріп қою және түсіру (check boxes), ажыратып қосқышты таңдау (radio buttons) және мәліметтерді жөнелтуге немесе форманы тазартуға арналған батырманы басу сияқты әрекеттерді орындауды қамтамасыз етеді
Тұтынушыға жылжымалы жолағы бар терезедегі немесе суырылып шығатын меню ішіндегі бір жолды таңдау мүмкіндігін береді
<ТEXTAREA> тегі Бұл тег бірнеше жолдан тұратын мәтіндік ақпарат енгізуге арналған өріс құру үшін қажет. тегтері арасына, алдын ала келісім бойынша, енгізу өрісіне шығарылатын кез келген мәтін жолдарын орналастыруға болады. Бұл тегтің атрибуттары:
NAME – өріс атын анықтайды, міндетті түрде болуы тиіс;
ROWS – өріс биіктігі бойынша орналасатын жолдар санын береді;
COLS – өріс енін, яғни жол ұзындығын символдар санымен береді.
Мысалы, әр жолына 15 символ мәтін сиятын, екі жолдан тұратын өріс былай жасалады: