Жұмыстың мақсаты: HTML құжаттарындағы формалар құру тәсілдерін үйрену.
HTML формалары web-құжат жариялаушылар мен оқырмандар арасындаақпарат алмасуға мүмкіндік жасайды. Бұған дейін біз web-құжаттарды тек экранға шығару әдістерін талқылап келген болсақ, енді, керісінше оларға мәлімет енгізу әрекеттерін қарастырамыз. Формалар арқылы тұтынушыдан жалпы мәтін түрінде ақпарат сұрап алуға, "иә/жоқ" деген жауаптың бірін таңдауға немесе бірнеше жолдың біріне тоқтауға болады.
Формаларды әртүрлі мақсаттарда қолдану мүмкіндігі бар. Мысал ретінде, сайтқа кірген оқырмандардың ол туралы өз пікірлерін формаға енгізуі туралы айтуға болады, жалпы HTML формаларын пайдалану аймағы алуан түрлі болып келеді.
Тапсырма Формалардың бірсыпыра мүмкіндіктерін қамтитын форма жасаңыздар. Оны безендіруге қойылатын талаптар:
1) Пароль өрісі 10 символдан аспауы тиіс және енгізілген мәліметтер көрсетілмейтін болсын.
2) Барлық сұрақтар нөмірлері ішінен тек біреуі ғана таңдалуы тиіс, алдын ала келісім бойынша бірінші сұрақ таңдалуы керек;
3) Сұрақ жауаптарына арналған өріс әрқайсысы алпыс символдан тұратын төрт жолды қамтуы тиіс, бастапқы мәні – "?????";
4) "Форманы тазарту" батырмасы форманың бастапқы түрін қайта қалпына келтіруі керек.
Жұмыстың орыңдалу реті
Әрбір форма осы тегпен басталады. Оның қолданылатын форманы өңдеу бағдарламасын (скрипт) және мәліметтерді жөнелту әдісін көрсететін екі атрибутын анықтап алу қажет.
Кесте 6.1 – Атрибуттың қызметі
Атрибуты
Атқаратын қызметі
ACTION
Форма мәліметтерін қабылдап алып, оны өңдейтін URL-ды анықтайды. Егер бұл атрибут анықталмаса, онда мәліметтер форма орналасқан web-парақ адресіне жіберіледі
METHOD
Форманы өңдеу Бағдарламасына (скрипт) қалайша ақпарат жөнелтілетінін көрсетеді. Әдетте, оның мәні POST болады, мұндайда форма мәліметі URL-дан бөлек жеке жөнелтіледі. Ал оның мәні GET болса, онда мәлімет URL-мен бірге жіберіледі
Мысал:
Бұл мысалда броузерге мынадай нұсқау берілген: толтырылған форманы post әдісін қолдана отырып жөнелтіп, оны web-құжат орналасқан сервердің cgi-bin каталогында орналасқан comment_script скрипті көмегімен өңдеу керек екендігі көрсетілген.Бір web-парақта орналасатын формалар саны шектелмейді, бірақ та бір форманың, екінші бір форманың ішіне кіріп кетпеуін қадағалап отыру керек.
Форма жасау тегтері HTML тілінде формадағы әр түрлі өріс типтерін жасау үшін ,