Ботаймәдениеті — энеолит дәуірінде Солтүстік Қазақстанды мекендеген тайпалар мәдениеті. Өмір сүру уақытты б.ғ.д. V-IV ғасырларда өтті. Ботай мәдениеті ежелгі адамның алғаш рет жылқыны қолға үйреткендігімен әлемге әйгілі. Негізгі кәсібі - жылқы шаруашылығы, аңшылық және балық аулау. Зерттеулер бойынша жылқы шаруашылығымен айналысатын ботайлықтар бие сүтінен қымыз жасай білген. Ботай мәдениетіне тас құралдарының дамыған индустриясы тән болды. Ерекшеліктерге тоқталсақ, жылқылардың төменгі жақтарының сүйектерінен жасалған орақтар; жер қазу құралдарды; ағаш өңдеу құралдарды; инелер; шілтер және басқа тоқу құралдары; Бұл ауылшаруашылық дағдыларының және үй қолөнерінің дамыған жүйесінің болуын көрсетеді. Соған қоса ұжымдық жерлеу өз кезегінде үш-төрт шағын отбасынан тұратын отбасылық-шаруашылық қауымдастықтардың болуы мүмкін екенін растайды.
34
Ақ Орда мен Қазақ хандығының тарихи сабақтастығын анықтаңыз.
Ақ Ордада феодалдық басқару жүйесінде хан, феодалдар болды. Әскери қызметкерлер мен шаруалардан салықтар алынды.
Қазақ мемлекеттілігі ру-тайпалық жүйемен біріккен аумақтың, биліктің және халықтың бірлігіне негізделген .
Қазақ қоғамы саяси билігі хан, билер, құрылтай, ұлыстардың көмегімен басқарылды.
Екі мемлекет те көшпелілермен, мал шаруашылығымен көптеп айналысты. Қолөнермен сауда қатынасы дамыды.
Ақ Орданың үлкен аумағы қазақтардың этникалық аумағы да, Қазақ хандығының мемлекеттік болашағы да болды . Сондықтан Ақ Орда алғашқы қазақ мемлекеті болып саналады.
35
Қазақстанның киелі ескерткіштерін сипаттаңыз.
Қазақстанның киелі жерлеріне діни ғибадат орындары: Әзірет Сұлтан тарихи-мәдени қорық-мұражайы, Қожа Ахмет Ясауи кесенелері, Арыстан Баба, Бекет ата кешені сияқты ұлттық мақтаныш орындарын жатқызуға болады. Екінші мысал - Баянауыл мен Шығыс Қазақстан облысындағы үңгірлер, Алатау таулары, Алтайдағы Белуха тауы, Ұлытау. Бұл қасиетті орындар тарихи мақтаныш. Сондай-ақ Қазақ хандығының ірі ортағасырлық қалалары мен астаналары Сығанақ, Отырар, Сауран, Сарайшық, Тараз. Бір ескерткішке тоқталсақ, онда Бабаджа Хатун кесенесі (Х-ХV ғ) Айша биге арналған кесененің құрылысы туралы аңыздармен байланысты. Аңыз бойынша, Айша бибі қайтыс болғаннан кейін оның күтушісі Бабаджа хатун оның қамқоршысы болады, ал қайтыс болғаннан кейін оны қыздың кесенесінен жиырма қадам жерде жерлейді. Адал әйел үшін арнайы кесене тұрғызып, оны Бабаджа хатун кесенесі деп атады. Бұл екі ғимарат қажылық жасайтын мұсылмандар үшін керемет ескерткіштер мен қасиетті орын. Бүгін кесенеге әйелдер ерлі-зайыптылық бақыт пен ұрпақ сұрап келеді.
36
Көшпенді киіз үй құрылысының ерекшеліктерін сипаттаңыз. Неге қазақтарда киіз үйдің конус тәрізді емес, жарты шар тәрізді түрі таралғанын түсіндіріңіз.