стационар жағдайында жүктілікті жасанды жолмен тоқтату+
науқасты барокамерада арнайы емдеу, жасанды жолмен туғызу
стационар жағдайында арнайы терапия жүргізу арқылы науқасты бақылау
науқасты амбулаторлы емдеп, уақыты келгенде жасанды жолмен туғызу
143. Науқас К., 24 жаста. Шақыру себебі: іштің ауырсынуы. Науқас іштің төменгі жағындағы ауырсынуға, жыныс жолдарынан қанды бөліністерге шағымданады. Анамнезінен: науқас өзін бір тәулік бойына аурумын деп есептейді. Оны ешнәрсемен байланыстыра алмайды. Но-шпа дәрісін қабылдады. Гинекологиялық анамнезі: етеккірі 2 аптаға кідірген. Объективті: жағдайы орташа дәрежеде. Жүрек тондары анық, ырғағы дұрыс. АҚ 120 және 80 мм.сб. Тамыр соғысы минутына 100 рет. Іші жұмсақ, аздап үрілген. Жыныс жолдарынан қанды бөлініс. Нәжісі және диурез қалыпты. Қандай диагноз?
эндометриоз
ішек инвагинациясы
жатырдан тыс жүктілік+
аналық без апоплексиясы
аналық без кистасының бұралуы
144. Науқас К., 20 жаста. Шақыру себебі: жүкті әйелдің жағдайы нашар. Қараған кезде дене қызуының жоғарылауына, жөтелге, кеуде қуысындағы ауырсынуға шағымданады. Анамнезінен: жүктілік – 2. УДЗ мәліметтері бойынша 27-28 апта. Суықтанғаннан кейін ауырып қалды. Қараған мәліметтерден: дене қызуы 380С, тахипноэ минутына 22 рет. Сол жақта тынысы әлсіреген, төменгі бөліктерде ылғалды көпіршекті сырылдар. Жүрек тондары анық, ритмі дұрыс, АҚ 120/80 мм.сын.бағ. Іші жүктілік уақытына сәйкес ұлғайған, кернеулі емес, ауырсынусыз, ұрық баспен келіп тұр. Жатырдағы ұрықтың жүрек соғысы анық. Жыныс мүшелерінен бөліністер байқалмайды. Жедел медициналық көмек көрсету дәрігерінің тактикасы қандай?
2 деңгейлі босану стационарына жатқызу
3 деңгейлі босану стационарына жатқызу
Емханаға аумақтық дәрігерге активті беру
Достарыңызбен бөлісу: |