Аурухананың соматикалық бөліміне жатқызу +
Аумақтық аурухананың босану бөліміне жатқызу
145. 32 жастағы әйел жыныс ағзаларынан қан кетуіне шағымданды. Анамнезінде – дәрігерге қаралудан 2 апта бұрын екінші рет мезгілінде босану болған. Бұл жағдайдағы жатырдан қан кетудің жиі кездесетін себебі неде?
Литопедион
Децидуалді тін
Плацентарлы полип+
D.Түтікшелік жүктілік
Эндометриттің кері дамуы
146. Науқас У., 18 жаста. Негізгі симптомдары: тік ішекке таралған іштің төменгі жағының жедел ауыруы, жыныс жолдарынан аз мөлшердегі қанды бөлінділер. Ауырсыну етеккір циклың 14 күні, жыныстық қатынастан кейін пайда болды. АҚ 100/70 мм рт ст. Пульс минутына 80. Дене қызуы 36,9С. Пальпация жүргізгенде іші жұмсақ, оң жақ мықын аймағында ауру сезімі бар. Іш перденің тітіркену симптомы теріс. Айнамен зерттегенде – цервикалды каналдан аз мөлшерлі қанды бөлініс байқалады. Қынаптық зерттеу – сыртқы ернеу жабық. Жатыр қалыпты, anteversio, аnteflexio, қозғалмалы, ауырсынбайды, консистенциясы тығыз. Сол жақ қосалқысы пальпацияланбайды. Оң жақ қосалқы маңайында аурусынатын, шеті дұрыс анықталмайтын түзілім пальпацияланады. Артқы күмбез сезімтал. Сіздің диагнозыңыз?
ДЖҚ
Жедел аппендицит
Жатырдан тыс жүктілік
Аналық без апоплексиясы+
Он екі елі ішек жарасының перфорациясы
147. 24 жастағы науқас гинекологиялық бөлімге 3 жыл бойы біріншілік бедеулік себебімен қаралуға жатқызылды. Етеккірі ретті, аз, аурусынады. Базалдық температурасы екі фазалы. Қынаптық зерттеуде: жатыр антефлексияда, ұлғаймаған, қозғалмалы. Қосалқылары екі жақтан да анықталмайды, пальпацияға сезімтал. Гистеросальпингографияда – жатыр түтіктерінің өткізгіштігі сақталған, посткоиталды тест оң. Бедеуліктің себебін анықтау үшін тағы қандай зерттеулер жүргізу керек?
Трансвагиналды эхография, МРТ
Лапароскопия, трансвагиналды эхография
Туберкулиндік сынамалар, гистероскопия
Лапароскопия, туберкулиндік сынамалар
Достарыңызбен бөлісу: |