созылмалы гломерулонефрит, симптоматикалық артериялық гипертония
+созылмалы пиелонефрит, симптоматикалық артериялық гипертония (САГ)
феохромоцитома, САГ
конн ауруы, САГ
иценко-Кушинг ауруы, САГ
674. ЭКГ-да теріс Р тісшесі уақытынан бұрын, бірақ өзгермеген QRS жиынтығынан кейін орналасады. Бұл:
+атриовентрикулярлыэкстрасистола
жүрекшелік экстрасистола
қарыншалық экстрасистола
жылжымалы жиырылу
Коронарлытүйінырғағы
675. Алғаш босанушылардағы І кезеңнің орташа ұзақтығы:
3-5 сағат
6-9 сағат
10-12 сағат
+16-18 сағат
19-24 сағат
676. Қайта босанушылардағы І кезеңнің орташа ұзақтығы:
4-6 сағат
+10-14 сағат
1-2 сағат
8-10 сағат
8-10 минут
677. Қалыпты жағдайда жүкті әйелдегі қант құрамы:
1,2 ммоль/л -1,8 ммоль/л дейін
2,2 ммоль/л - 2,8 ммоль/л дейін
+3,5 ммоль/л - 4,4 ммоль/л дейін
5,1 ммоль/л -6,2 ммоль/л дейін
7,3 ммоль/л - 8,4 ммоль/л дейін
678. Жатыр ішкі спираль (ЖІС) енгізуге болмайтын әйелдер:
+Жыныс жолымен берілетін инфекциялық аурулар (ЖЖБИА) болғанда
Емшекпен емізетіндер
Гипертониямен ауыратындар
Көп босанғандар
Темекі тартатындар
679. ҚР жүкті және босанушыларды қараудың кезеңдері:
680. Аменорея – бұл …… етеккірдің болмауы
4 ай
5 ай
+6 ай
1 ай
2 жыл
681. Базисті әйелдер кеңесі - бұл:
+тұрғындарға амбулаторлы акушерлік-гинекологиялық көмек көрсету бойынша арнайы мекеме
жүкті әйелдерге амбулаториялық көмек көрсету бойынша емдік мекеме
әйелдер тұрғындарға біріншілік медициналық-санитарлық көмек көрсету бойынша емдік мекеме
аудандық аурухана құрамына кіретін мекеме
жүкті әйелдерге стационарлық көмек көрсету бойынша емдік мекеме
682. АКДС вакцинациясы егіледі:
- 1 жас
- 1,5 жас
- + 2 ай жасында 3 рет
- өмірінің алғашқы күнінде
- анасының қалауы бойынша
683. Бас және кеуде торының шеңбері теңестіріледі:
+өмірінің 2-3 айында
өмірінің 3-4 айында
өмірінің 5-6 айында
1 жас
5 жас
684. Үлкен еңбек жабылады:
+өмірінің 12-15 айында
өмірінің 10-12 айында
өмірінің 15-18 айында
өмірінің 2-3 айында
2 жаста
685. Шала туған нәрестелерге рахиттің алдын алу қашан жүргізіледі:
туғаннан бастап
бірінші аптаның соңында
+өмірінің 3 аптасынан
өмірінің 4 аптасынан
1 жастан
686. Балалар денсаулығын диспансерлік бақылау сапасы көрсеткіштердің қайсысы көрсетеді:
4 айға дейінгі табиғи тамақтандырудағы балалар саны (процентпен)
бірінші денсаулық тобына жататын 1 жасқа дейінгі балалар саны
+туғаннан кейінгі 1 жасқа дейінгі балалардың денсаулық топтары бойынша динамикалық жағдайы
педиатрмен қарау жиілігі
участкідегі балалар саны
?687. Бірінші денсаулық тобына жататын дендері сау нәрестелерді өмірінің бірінші айында бақылау өткізетін дәрігер:
2 рет
3 рет
4 рет
5 рет
6 рет
688. Денсаулыққа тікелей қатер болатын семіздіктің II дәрежесі:
ДМИ 18,5 бастап 24,9 дейін
ДМИ 25,0 бастап 29,9 дейін
ДМИ 30,0 бастап 34,9 дейін
+ДМИ 35,0 бастап 39,9 дейін
ДМИ 40 және одан артық
689. Буындардың ульнарлы девиация (морж ласттары) түріндегі деформациясына тән ауру:
Дюпюитрен контрактурасы
+ревматоидты артрит (РА)
Деформирленген остеоартрит (ДОА)
Подагра
Ревматизм
690. Буындардың «ескекаяқ» (морж ласттары) типінде зақымдалуы тән:
Деформацияланған остеоартрит (ДОА)
Подагра
Ревматизм
+Ревматоидты артрит (РА)
Дюпюитрен контрактурасы
691. Буындардың «түймелі ілмек» типінде зақымдалуы тән:
Дюпюитрен контрактурасы
Деформацияланған остеоартрит (ДОА)
Подагра
Ревматизм
+Ревматоидты артрит (РА)
692. Подагралық тофус ерекшелігі:
остеофиттер
дәнекер тіннің өсуі
тұздар жиналуы
+зәрқышқылдық тұздардың жиналуы
гранулемалар
693. Оң LЕ-жасушалық тесттің диагностикалық мағынасы бар ауру:
ревматоидты артрит (РА)
Деформацияланған остеоартрит (ДОА)
+ЖҚЖ
Рейтер ауруы
Реактивті артрит
694. Деформацияланған остеоартриттің негізгі симптомы (ДОА):
- ксантомалар
- ревматикалық түйіндер
- +Гебердена түйіндері
- ревматоидты түйіндер
- тофустар
695. Деформацияланған остеоартриттің негізгі симптомы (ДОА):
ксантомалар
ревматикалық түйіндер
+Бушар түйіндері
ревматоидты түйіндер
тофустар
696. Сілтілі фосфатазаның жоғары белсенділігі мына аурудың ерте белгісі болып табылады:
ревматоидты артрит (РА)
Деформирленген остеоартрит (ДОА)
+Рахит
Подагра
Ревматизм
697.Әйелдер кеңесіне 28 жасар жүкті әйел іштің төменгі бөлігіндегі және белдегі сыздаған ауырсынуға шағымданып келді. Жүктілік мерзімі 15-16 апта. Анамнезінде – босану 1, түсік - 3. Қынаптық тексеру кезінде: жатыр мойны 2,5 см, сыртқы аңқа ашық, жатыр мойны өзегі жабық. Жатыр жүктілік мерзіміне сәйкес ұлғайған, жыныс жолдарынан аздаған көлемде шырышты бөлінділер,байқалады. Жүкті әйелді жүргізу тактикасы:
+ауру парағын беру, физикалық және психологиялық тыныштық, келесі қаралу 1 аптадан кейін
жатыр мойнына тігіс салу
ауру парағын беру, күндізгі стационарда токолитикалық терапияны жүргізу
жүктіні ауруханаға жатқызу
ауру парағын беру, жүктілікті сақтау мақсатында гормоналды терапияны тағайындау
698. Босанушы әйелде тұрақты толғақ басталған уақыттан 11 сағат өткен соң су кетті және күшену басталды. Ұрықтың жүрек соғысы минутына 128 соққы, анық, ырғақты. PV: жатыр мойнының ашылуы толық, ұрық қабы жоқ, баспен орналасқан. Жебе тәрізді тігіс сол жақ қиғаш өлшемде. Кіші еңбек үлкен еңбектен төмен, артқа, сол жақта орналасқан. Басы кіші жамбастың кең бөлігінде орналасқан. Берілген босану механизмі кезінде бас кіші жамбас арқылы қалай өтеді және туылады:
кіші қиғаш
үлкен қиғаш
+орташа қиғаш
тік
ілмелі
699. Босанушы әйел, 28 жаста, мерзімі келген жүктілікпен, толғақтың басталуынан кейін 8 сағат өткен соң түсті, қабылдау бөлімінде ұрықмаңынан суы кетті, 15 минут өткен соң күшену басталды. Ұрықтың жүрек соғысы минутына 130 соққы. Ұрық басы 2/5 орналасқан. Қынаптық тексеріс кезінде: жатыр аңқасының толық ашылуы, ұрық қабы жоқ, басымен орналасқан, жебе тәрізді тігіс сол жақ қиғаш өлшемде орналасқан, үлкен еңбек оң жақта, алдыңғы жаққа қарай орналасқан, кіші еңбек үлкен еңбектен төмен орналасқан. Сегізкөз ойысы және симфиздің ішкі беті баспен толтырылған, симфиздің төменгі қыры мен отырықшы сүйектердің осьтері жетімді. Бас қандай өлшеммен туылады және ол неге тең:
кіші қиғаш - 9,5 см
үлкен қиғаш -13,5 см
+орташа қиғаш -10 см
тік - 12см
үлкен көлденең - 9,5 см
700. Жүкті Н, 24 жаста, әйелдер кеңесі дәрігеріне 15 минут бойы ұрық маңы суының кетуіне шағымданып келді. Анамнезінен жүктілік III мерзімі 30 апта. 1 жүктілік асқынусыз мерзімдік босанумен аяқталған, екінші жүктілік 18 апта мерзімінде үзілген. Әйел стационарлық көмектің қай деңгейіне жолдануы қажет:
I деңгей
II деңгей
+III деңгей
IV деңгей
V деңгей
701. Босанушы босанудың бірінші кезеңінде. Леопольд-Левицкий (сыртқы акушерлік тексеріс) әдісін жүргізгенде ұрықтың алдыңғы түрде шүйделік орналасқаны анықталды. Босану биомеханизмінің бірінші қосымша мезеті:
бастың әлсіз иілуі
бастың ішкі алға қарай айналуы
+бастың кіші жамбастың кіреберісіне қонуы
кіші жамбас қуысына бастың түсуі
бастың жарып шығуы
702. ЖДТ дәрігері нжетілген мерзімдегі жүкті әйел үйіне шақырылды. Жүктілік -7, босану -4, түсіктер - 2. Іштегі ауырсыну және жыныс жолдарынан 250,0 мл көлеміндегі қан кетуге шағымданады. Бір мезетте жалпы әлсіздік және ентігу пайда болған. Жағдайы орташа ауырлықта, АҚ 90/60 мм с.б.б., тамыр соғысы минутына 96. Жатыр гипертонуста, оң жақ түтіктік бұрышта ауырсынады. Ұрықтың жүрек соғысы тыңдалмайды. Осы жағдайда жасалатын маңызды тактика:
инфузионды терапия
динамикалық бақылау
+жедел жәрдем бригадасын шақыру
айнамен қарау
қынаптық тексеріс
703. ЖДТ дәрігеріне қайталап жүкті әйел сирек, ретсіз толғақтарға шағымданып келді. Босанушының бойы 150 см. Жамбас өлшемі: 24-27-29-16 см. Іштің айналмалы өлшемі 108 см, жатыр түбі биіктігі 39 см. Ұрық басы кіші жамбастың кіреберісінде. Ұрық жүрек соғысы айқын, ырғақты, соққы/минутына 130. Жатыр мойнының құрылымдық өзгерістері жоқ. Дәрігердің тактикасы:
Амбулаториялық бақылау
1 деңгейлі босану үйіне жолдау
+2 деңгейлі босану үйіне жолдау
3 деңгейлі босану үйіне жолдау
НИИ акушерлік және гинекология бөліміне жолдау
704. ЖДТ дәрігеріне алғаш жүктілік бойынша, 36 жастағы, ЭКҰ шақырылған жетілген жүктілікпен жүкті әйел келді. Ұрық маңы суының кетуіне шағымданады. Дәрігердің негізгі тактикасы:
Амбулаториялық бақылау
1 деңгейлі босану үйіне жолдау
2 деңгейлі босану үйіне жолдау
+3 деңгейлі босану үйіне жолдау
ҒЗИ акушерлік және гинекология бөліміне жолдау
705. АДА 31 апта мерзіміндегі жүктілікпен жүкті әйел келді. Іштің төменгі бөлігіндегі ретті толғақ тәрізді ауырсынуға шағымданады. Ұрықтың қалпы көлденең. Жатыр мойнының ашылуы 2,0 см. Дәрігердің негізігі тактикасы:
Амбулаториялық бақылау
1 деңгейлі босану үйіне жолдау
2 деңгейлі босану үйіне жолдау
+3 деңгейлі босану үйіне жолдау
НИИ акушерлік және гинекология бөліміне жолдау
706. Жас әйел етеккірдің кідірісіне шағымданады. Соңғы етеккірі 2 ай бұрын болған. Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық, пульс 96 соққы/мин, АҚ 100/60 мм.с.б.б.
Гинекологиялық статус: айнамен қарауда жатыр мойны, қынап шырышты қабаты көгерген. Бөлінділер анықталады. RW: Жатыр мойны цилиндр пішінді, сыртқы аңқа жабық. Жатыр 6-7 апталық жүктілік мерзіміне сәйкес ұлғайған, жұмсақ консистенциялы. Қосалқылар анықталмайды. Күмбездері бос, ауырсынусыз, бөлінділер. Жүктілік кезіндегі физиологиялық өзгерістерге жатады:
Етеккірдің кідірісі, пульс 96 соққы/мин, қынап шырышының цианозы
Жатыр көлемінің ұлғаюы, пульс 96 соққы/мин.
Жатыр көлемінің ұлғаюы, жұмсақ консистенциясы, пульс 96 соққы/мин.
+Етеккір кідірісі, қынап шырышы цианозы, жатыр көлемі ұлғаюы
Жатыр көлемі ұлғаюы, бөлінділердің болуы
707. Қандағы трансаминазалардың жоғарғы деңгейі тән:
микронодулярлы цирроз
холестаз
+вирусты гепатит
біріншілік билиарлы цирроз
сарғаю
708. Оң Грегерсен сынамасы мен бірге дене салмағының төмендеуі көбінесе жиі мына ауруға тән:
созылмалы В типті гастртрит
асқазанң қызметінің бұзылысы
асқазан ойық жарасы
+асқазан обыры
диафрагманың өңештік тесігінің жарығы
709. Панкреатитті дәлелдеудің ең нақты белгісі болып табылады:
+қандағы жоғары амилаза деңгейі
эпигастрийдегі ауырсыну
стеаторея
гипергликемия
коллапс
710. Созылмалы гепатитпен науқасқа пайдалануға рұқсат беріледі:
+буда пісірілген балық
қуырылған балық
ащыөнімдер
қақталған өнімдер
майлы сортты етті
711. В-12 тапшы анемияға келесі белгі тән емес:
лейкопения
макроцитоз
гемолиз белгілері
+тромбоцитоз
нейтрофилдердің гиперсегментациясы
712. Гемофилияның диагностикалық белгісі:
фибриноген деңгейінің төмендеуі
қан кету уақытының ұзаруы
протромбиндік уақыттың қысқаруы
қан ұйындысы ретракциясының бұзылысы
+қан ұю уақытының ұзаруы
713. Гипопластикалық анемия мен иммунды тромбоцитопенияның ажыратпалы диагностикасында жүргізілетін негізгі зерттеу әдісі болып табылады:
+трепанобиопсия
жалпы қан анализі
коагулограмма
УДЗ
сүйектің рентгенографиясы
714. В-12-дефицитті анемияның диагностикасында нені анықтау керек:
гиперхромды, гиперрегенераторлы, макроциттік анемияны
гиперхромды, гипорегенераторлы, макроциттік анемияны және атрофиялық гастритті
гипохромды, гиперрегенераторлы, макроциттік анемияны
+гиперхромды, гипорегенераторлы, макроциттік анемия және мегалобластты типті қан түзілді
гипохромды, гипорегенераторлы, макроциттік анемия және гепатоспленомегалияны
715. Аутоиммунды гемолитикалық анемия дамиды:
+өзгерген эритроциттерге қарсы антиденелердің өндірілуі
иммунологиялық толеранттылықтың үзілуі
лимфопролиферативтісиндром, дәнекер тіннің диффузиялық аурулары
эффективті емес эритропоэ
эритроциттер мембранасының ақауы
716. Бейспецификалық колитті анықтау кезінде, маңызды диагностикалық мәнге ие:
Физикалық зерттеу
Жасырын қанға нәжісті зерттеу
Ирригоскопия
Нәжісті микробиологиялық зерттеу
+Ректороманоскопия
717. Семіздік және гликолизирленген Нв-6,5% деңгейімен бірге 2 типті қант диабетін алғаш рет анықтаған науқасқа тағайындау қажет:
салмақ жоғалту
+өмір салтын өзгерту және метформин препараттарын
өмір салтын өзгерту және сульфанилмочевина препараттарын
инсулинотерапияны
өмір салтын өзгерту және фитотерапияны
718. Операция алдыңда жалғыз қажет инвазивті зерттеу болып табылады:
Аускультация
+Коронарлы ангиограмма
Эхокардиограмма
Электрокардиограмма
Кеуде қуысының рентгенограммасы
719. Жүре пайда болған жүрек ақаулары бар науқастарды емдеудің жалғыз тікелей әдісі:
иАПФ тағайындау
жүрек гликозидтерін тағайындау
зәр айдаушы заттарды тағайындау
антиагреганттарды тағайындау
+хирургиялық коррекция
720. Жүрек ақауын диагностикалауға көмектесетін не
қанның биохимиялық анализі
жалпы қан анализі
фонокардиография
+эхокардиография
электрокардиография
721. Жүрек ақауын диагностикалауға көмектесетін не
қанның биохимиялық анализі
жалпы қан анализі
фонокардиография
+мультиспиральды компьютерлік томография
электрокардиография
722. Қолқаның кеуделік бөлігінің коарктациясының негізгі гемодинамикалық белгісі болып табылады?
Аяқтардағы АҚ жоғарылауы
Қолдардағы АҚ өлшегенде гипотензияның болуы
Жоғары градиядағы брадикардия
+Аортаның қысылған жоғарғы бөлігінде гипертензия мен төменгі бөлігінде гипотензияның болуы
АҚҚ жоғарылауы
723. Митральді қақпақша жеткіліксіздігі кезіндегі негізгі аускультативті белгісі:
Оң жақ ІІ қабырғааралықтағы диастолалық шу
+жүрек ұшындағы систолалық шу
Жүрек ұшындағы диастолалық шу
Боткин нүктесіндегі диастолалық шу
Оң жақ ІІ қабырғааралықтағы систолалық шу
724. Митральды қақпақшаның жетіспеушілігі кезіндегі допплерлік зерттеудің тікелей белгісі:
Митральді қақпақша проекциясына турбулентті диастолалық ағыс
+Систола кезінде сол жақ қарыншадан сол жақ жүрекшеге қан ағысының лақтырылуы.
Қолқадағы қан ағысының сол қарыншадағы регургитациясы
Систола кезінде оң жақ қарыншадан оң жақ жүрекшеге қан ағысының лақтырылуы
Өкпелік сабаудағы қан ағысының оң жақ қарыншадағы регургитациясы
725. Қолқа стенозы кезіндегі аускультациялық суреті:
- Төстің оң жағындағы ІІ қабырғааралықтағы диастолалық шу
- +Төстің оң жағындағы ІІ қабырғааралықтағы систолалық шу
- Төстің сол жағындағы ІІ қабырғааралықтағы систолалық шу
- Жүрек ұшындағы диастолалық шу
- Жүрек ұшындағы систолалық шу
726. Мюссе симптомы нені сипаттайды:
митральді стенозды
қолқаның стенозын
үшжармалы қақпақша жетіспеушілігін
+қолқа қақпақшасының жетіспеушілігін
митральді қақпақша жетіспеушілігін
727. Науқас 20 жаста, тұрмыс құрмаған, жыныстық өмірі ретті емес. Қышынуға, жыныс жолдарының тітіркенуіне және бөлінділерге шағымданып келді. Айнамен қарауда қынап қабырғасының гиперемиясы және эндоцервицит белгілері анықталады. Бөлінділер көпіршікті, сұрғылт-жасыл түсті. Болжамды диагноз:
жедел 2 жақты аднексит
+трихомонадты кольпит
созылмалы эндомиометрит
жедел вагинит
параметрит
728. Науқас 29 жаста, аудандық ауруханаға дене қызуының жоғарылауына, жалпы әлсіздікке, іштің төменгі бөлігіндегі ауырсынуға шағымданып түсті. Анамнезінде: жүктілік және түсіктер, соңғы аборт 8 күн бұрын болған, келесі күні ауруханадан шығарылған. Іші жұмсақ, қасаға үстінде аздап ауырсынады. Қынаптан іріңді бөлінділер бар. Болжамды диагноз:
+Іріңді эндометрит
Трихомонадты кольпит
Созылмалы эндомиометрит
Жедел вагинит
Параметрит
729. Алғаш босанушыда ұрықмаңы қабымен жетілген жүктілік және бүтін. Ұрық қалпы тік, басымен келіп тұр, кіші жамбас кіреберісіне тірелген. Ұрықтың жүрек қағысы айқын, ырғақты минутына 140 соққы. Жатыр мойны тегістелген, сыртқы аңқа ашылуы 3-4 см, ұрық қағанағы бүтін, баспен келіп тұр. Оқ тәрізді жік оң жақ қиғаш өлшемде, кіші еңбек солдан алға қарай орналасқан. Жамбас қуысы бос. Болжамды диагноз:
+Жүктіліктің 39 аптасы. Босанудың 1 кезеңі
Жүктіліктің 39-40 аптасы. Босанудың хабаршылары
Жүктіліктің 38 аптасы. Босанудың хабаршылары
Жүктіліктің 33 аптасы. Босанудың 1 кезеңі
Жүктіліктің 36 аптасы. Уақытынан ерте босану
730. Босанудың 3 тәулігінде босанушының дене қызуы 40С дейін жоғарылаған. Сүт безіндегі қатты қолтықасты аймағына берілетін ауырсынуға шағымданады. Пульс минутына 120 соққы, пальпация кезінде сүт безі ауырсынусыз, тығыз эластикалық консистенциялы, айқын бөліктік құрылымды, пальпация кезінде үрпіден сүт тамшылары анықталады. Болжамды диагноз:
Серозды мастит
Іріңді диффузды - инфильтративті мастит
Инфильтративті мастит
+Лактостаз
Іріңді түйіндік инфильтративті мастит
731. Педиатр қарауында 5 жасар бала жедел ауырған, сонымен қатар көрініс тапқан құрғақ жөтел төс артындағы ауырсынулармен. Перкуторлы өкпелік дыбыс. Аускультацияда- барлық өкпе алаңында құрғақ және ылғалды орта көбіршікті сырылдар. Болжамды диагноз қандай?
жедел бронхиолит
рецидивирлеуші бронхит
бронхопневмония
+ларинготрахеит
экссудативті плеврит
732. Анасы емханаға қабылдауға 5 айлық баламен келді. Қарау кезінде ТАЖ мин 74 рет, тыныс жеткіліксіздігі салдарынан жағдайы ауыр. Тынысы шулы, алыстан естіледі, эксикозбен токсикоз. Өкпеде тимпаникалық дыбыс, аускультативті – тыныс шығарудың ұзаруы мен қиындауы, барлық алаңда ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар. ЖҚА: лейкоцитоз. Ең ықтимал болжамды диагноз?
Жедел пневмония
Обструктивті бронхит
+Жедел бронхиолит
Пневмоторакс
Экссудативті плеврит
733. 9 айлық баланың анасы педиатр қарауына баланың жөтелуіне шағымданып келді. Обьективті: жағдайы ауыр, эксикозды, токсикоз. Бозаруы ұлғаюда, цианоз-генерализденген, қосымша мускулатура қатысуымен ентігу. Өкпеде перкуторлы дыбыс қораптық дыбыс араласуымен. Аускультацияда ұсақ калибрлі ылғалды және крепитирленген сырылдар. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия. Рентгенограммада өкпе алаңының тұнықтығы жоғарылаған, диафрагма төмен тускен. Алдын ала диагнозы қандай?
Жедел респираторлы инфекция
Жедел бронхит
Обструктивті бронхит
+Бронхиолит
Бронхопневмония
734. Анасының айтуы бойынша бала өмірінің 7 күнінен бастап дене температурасының 37,2 – 37,5Сдейін көтерілуі,емуден бас тартуы. Кіндік аймағында тері гиперемиясы, кіндік жарасынан іріңді бөлініс бөлінуде. Бала ыңырсыған, селқос. Тері сұр-бозғылт,тез салқындайды. Периоральды цианоз. Венозды торша іш аймағында және құрсақ қуысының ісінуі. Өтпен құсуы. Жүрек тондары тұйықталған. Іші желденген. Бауыры қабырға доғасынан 2,0 см шығыңқы. Дәреті тұрақсыз. Болжам диагнозы қандай?
катарлы омфалит
іріңді омфалит
+сепсис
жатырішілік гепатит
ішек өтімсіздігі
735. Бала дәрігері дене температурасының 38,5 С шағымданатын 5 жасар балаға шақыруға келді. Анамнезінен: бала балабақшаға барады, екінші күн ауырып жатыр. Ауруы дене қызуының жоғарылауынан және терінің өзгермеген көрінісінде біртұтас емес, майда папуло-везикулезды бөртпелер пайда болуынан басталды. Келесі күні бөртпелер саны ұлғайды. Болжамды диагноз қандай?
Скарлатина
Қызылша
+Желшешек
Псевдотуберкулез
Қызамық
736. 7 айлық бала. Дәрігермен қарау кезінде Рахит 2 дәрежесі анықталды. Емдеу мақсатында витамин «Д» 3000 МЕ/тәу, кальций глицерофосфаты, цитрат қоспасы тағайындалды. Бақылау кезінде бала әлсіз, дене температурасы 37,4 С дейін жоғарлаған, салмақ қоспайды. Сулкович сынамасын жүргізгенде ++++. Тағайындалған витамин Д дозасын анасы сақтамағаны анықталды. Сәйкес болжамды диагнозды анықтаңыз?
+Гипервитаминоз «Д»
Спазмофилия
Дисбактериоз
Тағамдық улану
Ішектік инфекция
737. Бала 3,5 жас анасы дәрігерге баланың бойының артта қалуына, аяғында болатын ауырсынуына, қолдың деформациясына шағымданады 4 айынан бастап остеопатия белгілері анықталды. Д3 витаминінің терапевтиттік дозасының емі әсерсіз 1 жасқа келгенде аяқтарының қысқаруының есебінен бойының артта қалуы байқалады. Аяқтарының О- тәрізді деформациясы. Қанда: бейорганикалық фосфордың төмендеуі, Са қалыпты, сілтілі фосфатаза 2 есе жоғарлаған. Зәрде фосфатурия. Ренгенограммада: остеопорозбен бірге метоэпифизарлы өспелі аймақта бұзылыстар анықталады. Қандай болжамды диагноз аталған симптомдарға тән:
Хондродистрофия
Рахит
+Фосфат-диабет
бүйректік түтікшелік ацидоз.
Де Тони-Дебре-Фанкони синдромы.
738. Учаскелік педиатр қабылдауында 3 айлық бала анамнезінде: 3 апталық өмірінен анасында мастит анықталғаннан кейін бала аралас тамақтануда. Анасы балаға жақсы қараған. Баланың жағдайына жақсы қараса да шап аймағында, мойнында, қолтық астында гиперемия, беттерінде гиперемия, ісінулер, жарылулар, сүт қабыршақтары. Бала мазасыз, ұйқысы бұзылған. Болжам диагноздың қайсысы сәйкес келеді?
+Атопиялық дерматит
Лимфатико-гипопластикалық диатез
Жүйкелік-артриттік диатез
Стрептодермия
Нәрестелік экзема
739. Емханада профилактикалық қабылдауда 4 айлық бала. 3 айлығында жасалған V2-АКДС-ке ауыр энцефалитикалық реакцияны басынан өткізген. Ол дене температурасының 40гр дейін жоғарылауымен, қатты шыңғырумен, құрысумен, ОЖЖ-нің функциясының бұзылысымен көрінген. Осы жағдайдан кейін қай иммунизация әдісі қолданылады?
жалпы қабылданған күнтізбе бойынша
жеке күнтізбе бойынша
жеке күнтізбе бойынша (щадящий әдістерімен)
уақытша екпенің салынбауы
+тұрақты екпенің салынбауы
740. Дәрігер-педиатрдың профилактикалық қабылдауында 3 айлық бала. Тексеріс кезінде анасы шағымданған жоқ. Бала төспен тамақтандырылуда. Анамнезі: Бала І жүктіліктен, І босану 38-39 апта. БЦЖ вакцинасы перзентханада өмірінің 3-ші тәулігінде жасалған. Туберкулезбен ауыратын науқастармен контактта болмаған. Объективті: физикалық және жүйке-психикалық дамуы жасына сәйкес. Ағзалар б/ша патологиялар жоқ. Сол иығын қарағанда БЦЖ дамуының белгілері жоқ. Осы баланы жүргізуде дәрігердің тактикасы:
Вакцинация қарсы көрсетілген
алдын ала Манту сынамасын енгізген соң 6 айға дейін вакцинация жасау
алдын ала Манту сынамасынсыз 6 айдан кейін екпе жасау
+алдын ала Манту сынамасынсыз 6 айға дейін екпе жасау
алдын ала Манту сынамасын жасағаннан кейін 1 жасында вакцинациялау
741. Қабылдауда 1 жас 6 айлық бала. Анамнезінде 3 апта бұрын жоғары температурамен ЖРВИ-ды басынан өткізген. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық, физикалық және жүйке-психикалық дамуы жасына сәйкес. Ағзалар және жүйелер б/ша патологиялар жоқ. Екпе кестеге сәйкес. Осы жағдайда қай екпе жасалуы керек?
қызылша, қызамық, паротитке қарсы
полиомиелитке қарсы
+АКДС-тің вакцинациясы
вирусты гепатит А-ға қарсы
вирусты гепатита В-ға қарсы
742. Емханаға 1 айлық баласының мазасыздануына анасы шағымданып келді. Туылғанда дене салмағы 3700гр, қарау кезінде 4000 гр. Тамақтану аралығы 3,5 сағат, түнгі үзіліс 6 сағат. Әр емізуден кейін анасы 20-30 гр сүтті сауып тастайды. Бақылау кезінде бала 100 гр сүт емді. Осы жағдай үшін ұсыныстар беріңіз:
өзгеріс жасамау
медикаментозды лактацияны стимуляциялау
сауып алынған сүтпен қосымша тамақтандыру
+7-8-реттік тамақтандыруға көшу
донорлық сүтпен қосымша тамақтандыру
743. Емханаға анасы 6 жасар баласының әлсіздікке, түрінің бозғылтығына, дене қызуының 39 градусқа дейін жоғарылауына, жұтынғанда ауырсынуға шағымданып келді. Обьективті: жағдайы ауыр, ауыз қуысының шырышты қабатында афтозды стоматит көріністері. Өкпесінде қатқыл тыныс, сырылдар жоқ. Бауыр мен көкбауыр ұлғаймаған. ЖҚА- анемия, лейкопения, бірлік тромбоциттер, лимфоцитоз. Бірінші кезекте қосымша зерттеу әдістерін қолданған дұрыс?
Коагулограмма
+Миелограмма
Жұлын пункциясы
Тазалыққа қан алу
Биопсия
744. Ер адам 45-жаста, әлсіздікке, жиі мұрыннан қан кетуге, тез шаршағыштыққа, тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Әсіресе іш аймағындағы ауырлық сезімі және ауырсынулар қатты мазалайды. Көптеген жылдардан бері спирттік ішімдіктер қабылдайды. Қарау кезінде пальмарлы эритема және тамырлық жұлдызшалар анықталған. Бауыр пальпацияда ұлғайған, тығыз, тегіс емес, бұдырлы. Асцит белгісі ретінде «толқын» симптомы анықталады. Болжамды диагноз:
Вирусты бауыр циррозы В, макронодулярлы, компенсирленген
Бауыр циррозы, алкогольді гепатиттен дамыған, декомпенсирленген
Вирусты бауыр циррозы С, субкомпенсирленген, ІІ дәрежелі портальді гипертензиямен асқынған.
+Алкогольді бауыр циррозы, микронодулярлы, портальді гипертензия ІІ дәрежелі, асцит.
Билиарлы бауыр циррозы
745. Науқас Т., 37 жаста отбасылық дәрігерге кіндік маңындағы ауырсынуға, лоқсуға, құсуға, қызбаға, тәбеттің төмендеуіне, іштің кебуіне, тамақ ішкеннен кейін тәулігіне 3-4 рет іштің өтуіне шағымданып келді. Пальпация кезінде тоқ ішек бойымен және кіндік маңында ауырсыну, соқыр ішек аймағында шуылдау шуылы анықталады. Болжамды диагноз:
Крон ауруы, энтеро-энтералды жыланкөздердің қалыптасуымен, созылмалы үдемелі ағымы
Диарея көрінісімен, ішектің тітіркену синдромы, соматикалық негативті дисфункция
+Созылмалы энтероколит орташа ауыр дәрежесі, қанталанушыі ағым
Спецификалық емес жаралы колит, орташа ауырлық дәрежесі, басым жергілікті көріністермен.
Созылмалы энтерит орташа ауырлық дәрежелі, өршу кезеңі, айқын емес парциалдық атрофия көрінісімен
746. Ер адам 25 жаста, оң жақ қабырға астындағы ауырлық сезіміне, айқын емес сарғаюға, жалпы әлсіздікке, арықтауға, буындардағы ауырсынуға шағымданып келді. Анамнезінде: есірткі қабылдайды. Объективті: тері беткейі сарғайған бірен - саран телеангиоэктазиялармен. Бауыр ұлғайған- оң жақ қабырға доғасынан 3 см шығып тұр. Көкбауыр пальпацияланбайды. Биохимиялық зерттеуде:жалпы билирубин – 34,8 мкмоль/л. Тимол сынамасы – 8,6 бірлік. Австралиялық антиген анықталған. Болжамды диагноз:
Аутоиммунды гепатит
Билиарлы бауыр циррозы
+Созылмалы гепатит
Коновалов ауруы
Жильбер ауруы
747. Науқас С. 35 жаста. Жалпы әлсіздікке, сарғаюға, терілік қышынуға, ұйқысыздыққа, апатияға, үнемі бастың ауырсынуына, лоқсуға шағымданады. Анамнезінен: бір жыл бұрын қан құйылған. Қарау кезінде: бауыр ұлғайған, пальпацияда ауырсынады. Көкбауырдың қыры пальпацияланады. Биохимиялық зерттеуде: жалпы билирубин –145,1мкмоль/л, тік 80,6мкмоль/л. Тимол сынамасы –2,6 ед. АЛТ 0,85мккат/л, АСТ 0,95 мккат/л. НВsAg оң. Болжамды диагноз:
- +Созылмалы В гептит, сарғаю формасы, орташа ауыр дәрежесі
- Жедел В вирусты гепатит, сарғаюсыз форма, орташа ауыр дәрежесі
- Жедел В вирусты гепатит, сарғаю формасы, орташа ауыр дәрежесі
- Жедел А вирусты гепатит, сарғаю формасы , орташа ауыр дәрежесі
- Жедел А вирусты гепатит, сарғаюсыз формасы, жеңіл дәрежелі
748. Науқас 20 жаста, дене температурасының 38оС жоғарылауына, әлсіздікке, бас ауруына, катаралдық көріністерге, тәбеттінің нашарлауына шағымданып келген. Анамнезінен: 4 күн бұрын зәрі «сыра» түстес бола бастаған. Объективті: жағдайы орташа ауыр дәрежелі, терісі және склерасы аздап сарғайған, таза. Пульс минутына 72. АҚ 100/60 мм.сн.б.,тілі сұр жабынмен жабылған. Іші жұмсақ, оң жақ қабырға астының ауырсынуы, бауыры және көкбауыры пальпацияланады. Үлкен дәреті түссізденген, зәрі «сыра» түстес. Лабораториялық мәліметтер: жалпы билирубин 64,0, тік 52,0 мкмоль/л, тік емес 22,0 мкмоль/л, тимол сынамасы 8,3. АЛТ 0,83мккат/л, АСТ 0,87 мккат/л. HBs-антиген теріс. Болжамды диагноз:
+Жедел вирусты гепатит А, сарғаю формасы, орташа ауырлық дәрежесі
Жедел вирусты гепатит А, сарғаюсыз формасы, жеңіл ағымды
Жедел вирусты гепатит В, сарғаю формасы, орташа ауырлық дәрежесі
Созылмалы вирусты гепатит В, сарғаю формасы, ауыр ағымы
Созылмалы вирусты гепатит С, сарғаю формасы, орташа ауырлық дәрежесі
749. 25 жастағы әйел эмоционалдық күйзеліс жағдайдан кейін сұйық немесе ыстық тамақ (қатты тамақ жақсы өткен) ішкеннен жұту кезінде жағымсыз сезімдер пайда болған. Кейіннен бұл жағымсыз сезімдер қатты уайымдап шаршағаннан кейін пайда бола бастаған. Тәбеті сақталған, салмағын жоғалтпаған. Физикалық зерттеулерде патология анықталмаған. Сіздің болжамды диагнозыңыз:
Созылмалы эзофагит
+Гастроэзофагеальді-рефлюксты ауру
Өңештің пептикалық жарасы
Диафрагманың өңештік тесігінің жарығы
Өңештің төменгі бөлігінің дивертикулы
750
Достарыңызбен бөлісу: |