Тақырыбы: Әлемнің қазіргі өркениетті макроаймақтары
сабақтың мақсаты: әлем аймақтарына жалпы щолу жасау.
негізгі сұрақтар, тапсырмалар:
Географиялық макроаймақтарға (Азия, Африка, Америка, Аустралия және Океания, Еуропа) жалпы шолу.
Мәдени-діни макроаймақтар ерекшелігі.
Геоэкономикалық және геосаяси аймақтар.
әдістемелік нұсқаулықтар: қарастырылатын сұрақтар бойынша әр студент шағын конспект дайындауы тиіс.
өткізу формасы: баяндама
бағалау критерйлері: студент жауабын бағалау кезінде студенттің әр сұраққа толық және нақты жауап беруі, материалдың тақырыпқа сай болуы ескеріледі.
әдебиеттер: 3, 5, 6, 9,10, 13, 14.
№3 практикалық сабақ
Тақырыбы: Аймақтанудың негізгі теориялары мен тұжырымдамалары
сабақтың мақсаты: теориялық білімдерін жүйелеу, тереңдету және бекіту
негізгі сұрақтар, тапсырмалар:
Аймақтанудағы ғылыми бағыттар: геосаяси және әлеуметтік теориялар
Экономикалық және географиялық теориялар
Аймақтық саясат принциптері
Аймақтық инновациялық саясат. Геоинфороматика.
әдістемелік нұсқаулықтар: әдістердің ерекшеліктерін бір-бірімен салыстыра отырып, кесте құруы қажет. Әр зерттеу әдісіне анықтама берілуі тиіс.
өткізу формасы: топтық, кесте құрастыру
бағалау критерийлері: студенттердің топтағы белсенділігі, жауаптарының тақырыпқа сай келуі, тақырыпты аша алуы, материалдардың ғылымилығы, толық және нақты болуы ескеріледі.
әдебиеттер: 1, 2, 5, 8, 11, 14.
№4 практикалық сабақ
Тақырыбы: Аймақтық зерттеулер әдісі
сабақтың мақсаты: теориялық білімдерін жүйелеу, тереңдету және бекіту
негізгі сұрақтар, тапсырмалар:
Аймақтанудағы жалпы ғылыми әдістер