Информационное письмо


Мақсаты: өркениеттік аймақтарды топтастыру. Өткізу әдісі



бет53/65
Дата19.04.2023
өлшемі0,84 Mb.
#84505
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   65
Байланысты:
Аймақтануга кіріспе - Рег-11

Мақсаты: өркениеттік аймақтарды топтастыру.
Өткізу әдісі: топтық жұмыс, аннотация жазу.
Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар: 1. Экономикалық және технологиялық дамудың ірі полюстерінің айырмашылықтарын талдау (топтық жұмыс). 2. «История цивилизации мира» еңбегіне аннотация жазу.
Әдістемелік нұсқаулар, үлестірмелі материалдар: топ студенттері екі топқа бөлінеді, өз таңдаулары бойынша екі аймақты ала отырып, сол аймақтың экономикалық және технологиялық даму ерекшеліктеріне талдау жасауы тиіс. Топ ішінде талқыға салады. Екінші сұрақ бойынша көрсетілген еңбекті оқып, аннотация жазуы тиіс.
Бағалау критерийлері: студенттің топтағы белсенділігі, қойылған сұрақтарға нақты және толық жауап беруі, өз ойын толық, ашық және нақты жеткізе білуі, материалдарының тақырыпқа сай болуы ескеріледі. Аннотация мазмұны еңбек мазмұнына сай, ол туралы толық әрі нақты ақпарат беруі шарт.
әдебиеттер: 2, 4, 5, 9, 13.


4 апта
7-8 ОСӨЖ тақырыбы: Аймақ – әлеуметтік-экономикалық жүйе
Мақсаты: аймаққа әлеуметтік-экономикалық жүйе ретінде сипаттама беру. Экономикалық даму деңгейі бойынша әлем елдерін топтастыра алу.
Өткізу әдісі:. жазбаша, дискуссия, топтық жұмыс.
Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар:

  1. «Орталық және периферия» тақырыбына эссе жазу.

2. Әлем елдерін экономикалық даму деңгейі бойынша топтастыру (кесте құру).
Әдістемелік нұсқаулар, үлестірмелі материалдар: берілген тақырып бойынша эссе дайындайды. әр студент жазбаша түрде әдебиеттерді басшылыққа ала отырып, кестені толтырады. 2 сұрақ бойынша берілген экономикалық даму деңгейі (дамыған, дамушы, кедей, артта қалған) бойынша әлем елдерін топтастырады.
Бағалау критерийлері: эссе көлемі 180-200 сөзден кем болмауы, эссе құрылымы (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды) сақталуы қажет. Материалдың ғылымилығы, тақырыптың ашылуы ескеріледі. Әлем елдерін көрсетілген талапқа сай топтасыра алуы қажет, статистикалық мәліметтерді пайдалануы есепке алынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет