Әдістемелік нұсқаулар, үлестірмелі материалдар: студент №3 ғимаратының кітапханасындағы каталог негізінде курс бойынша қажетті әдебиеттер тізімін жасауы тиіс. «Аймақ» түсінігі бойынша түрлі авторлардың анықтамасы негізінде кесте құрастырады. Топта өз конспектісін ауызша баяндайды.
бағалау критерийлері: студенттің жазбаша конспектісінің тақырыпқа сай болуы, материалдардың ғылымилығы, нақты және тақырыпты аша алуы, ауызша баяндауында өз ойын толық жеткізе алуы ескеріледі.
әдебиеттер: 2, 5, 6, 10, 13.
2 апта 3-4 ОСӨЖ тақырыбы: Кеңістік дифференциациясының түрлері мен үрдістері.
Мақсаты: геокеңістік бірліктерге анықтама беру, дүниежүзі картасынан әлем аймақтарын бөліп көрсету.
Өткізу әдісі:.жеке жұмыс (конспект дайындауы тиіс).
Негізгі тапсырмалар мен сұрақтар: Геокеңістік бірліктері (ареал, зона, провинция, полигон, анклав), Биполярлық әлемге түсінік беру.
Дүниежүзі картасын пайдалану арқылы аймақтық топтау (кесте құру).
Әдістемелік нұсқаулар, үлестірмелі материалдар: әр студент геокеңістік бірліктеріне және биполярлық әлем түсінігіне жазбаша түрде анықтама беруі тиіс. Дүниежүзінің саяси картасына әлем аймақтарын сызу қажет.
бағалау критерийлері: студент конспектісінің тақырыпқа сай болуы, анықтамалардың түсінік мәнін ашуы, толық және нақты болуы шарт. Дүниежүзінің саяси картасына әлем аймақтарын бөліп көрсете алуы, нақтылығы, безендірілуі есепке алынады.
әдебиеттер: 3, 6, 9, 11.