Информационное письмо



бет7/65
Дата19.04.2023
өлшемі0,84 Mb.
#84505
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   65
Байланысты:
Аймақтануга кіріспе - Рег-11

Бекіту сұрақтары:

  1. Аймақтану нені оқытады?

  2. Ғылым ретінде аймақтанудың басты мақсаты қандай?

  3. Аймақтанудың негізгі міндеттерін көрсетіңіз.

  4. Дүниежүзі аймақтануындағы негізгі факторларды атаңыз.

3 дәріс тақырыбы: Аймақ көпдеңгейлі территориялық жүйе ретінде. Аймақ компоненттері


Дәрістің мақсаты: аймақ түсінігіне анықтама беру және оның негізгі компоненттерін анықтау
Терминдер мен анықтамалар. Аймақтану. Аймақтану пәні. Теория. Халықаралық аймақтану.
Дәрістің топтама-тәсімі. Аймақ (түркі, Моңғол, тұңғыс-манчжур тілдерінде аумақ, округ, облыс, ел, халық деген ұғымдарды білдіреді), жалпылама мағынада өлке, облыс, мекен-жай, төңірек, айнала ұғымдарының, геологияда және саяси географияда «регион», физикалық географияда ел, аудан сөзінің баламасы ретінде қолданылады.
Моңғол Халық Республикасында ең ірі әкімшілік бөлініс, Ресей Федерациясында өз кезінде Тыва, Бурят, Алтай Республикаларындағы әкімшілік бірліктері де осылай аталған. Аймақ сөзі алғашқыда – «ру», «тайпа», «тайпалық одақ», «саяси бірлік» ұғымдары түрінде пайдаланылған.
Аймақ (Зона; region, zone) – тапсырмаға немесе жүйелік есепке, басқа тапсырмалар мен мәселелерден тәуелсіз, қажетті мөлшерде біртіндеп бөлінетін компьютердің негізгі жадының аймағы; ондық цифрдың кодына берілген аймақ – жарты байт; магниттік немесе оптикалық дискідегі көршілес жолдар тобы (band).
Қазіргі әлемдегі дамудың келесі тенденциясы шектеулі қауымдастықтардың интеграциясы ретіндегі аймақтану және олардың автаркияға ұмтылысы болып табылады. Аймақтану шектеуліліктен, территориялық-әлеуметтік комплекстердің арасындағы шекараның кеңеюінен, этностар мен басқа да әлеуметтік топтардың мәдени айырмашылықтарын сақтаудан, жеткілікті дәрежедегі экономикалық және саяси бірлестіктердің пайда болуынан көрініс табады.
Аймақтық шекара ұғымын енгізу әрбір ұжымдық тұрмыстың сақталуы мен қолдауға ие болуына мүмкіндік береді. Аймақтық шекара әлеуметтілікті, қауымдастықты сақтайды, оған басқа унифициалық формалардың енуіне жол бермейді.
Жалпы айиақтық шекара ұғымы кең әлеуметтік-мәдени мағынада алғанда адамзатқа өмір сүрудің әртүрлі формалары тән екенін, олардың стандарттауға сәйкес келмейтіндігін дәлелдейді.
Қазіргі таңда аймақтану процесі бірнеше деңгейде белсенденуде. Макродеңгейде аймақтану локальдық цивилизациялардың өздерін сырттан басқа цивилизациялардың экспансиясынан қорғауға ұмтылысымен көрініс табады. С.П.Хантингтонның пікірінше бұл «цивилизациялардың қақтығысына» әкеледі, қазіргі таңдағы әлемдік құрылымның негізгі пробемасы болып табылады.
Екінші жағынан, аймақтану индустриялық негізде дамыған елдер «жаһанданудың» басты инициаторына айнала отырып, өздері тұйық жеткілікті деңгейдегі жүйені құра отырып,аймақтану жолына түсуде.
Сондықтанда қазіргі таңда көптеген елдер өздерінің тұрақтылығын сақтау үшін аймақтану проесіне тартылуда
1996 жылы территориялары, саяси-әкімшілік құрылым әртүрлі 300-ден астам европалық аймақтар Европадағы аймақтану туралы декларация қабылдады.
Микордеңгейлік процесте аймақтану ұлттық мемлекеттердің ішінде жүзеге асады. Мұнда елдің ішіндегі территориялық қауымдастықтың экономикалық-саяси ерекшелігімен байланысты болады. Мысалы Югославия мен КСРО-ның ыдырауын алуға болады.
Аймақтану пәнінінің негізгі мақсаты ЖОО жалпы әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық пәндер циклімен бірге аймақтағы жағдай туралы , аймақтық дамудың тенденциялары мен бағыттары, аймақ саясаты, аймақтық басқарудағы проблемалар мен ерекшеліктер туралы түсінік қалыптастыру.
1950 жылдардың соңында егеменді мемлекеттердің саны 92-ге жетті. Енді Азия елдерімен қатар Африка құрлығындағы елдер де саяси бостандық алды. Ең алдымен, оның солтүстігіндегі араб елдерінің көп бөлігі, оның артынша тропиктік Африкада — Гана (1957 ж.) ең бірінші болып, ал келесі жылы Гвинея өз тәуелсіздіктерін алды. 1960 жыл Африка жылы болып есептелінеді. Өйткені тек осы жылы аталған материктің 17 елі өз егемендіктеріне ие болды. Отаршылдықты жою процесі басқа материктерде де қарқынды түрде дамыды. Осы заманғы саяси картаның алғашкы кезеңі мен 1980 жылдардың соңғы межесіне дейінгі уақытты шартты түрде оның екінші кезеңі дейді. Бұл кезеңде отарлық империялар ыдырап, олардың орнында ұлт-азаттық қозғалыстар нәтижесінде дамушы елдер деп аталынатын жүзден астам жас тәуелсіз мемлекеттер саяси картада пайда болды.
1990 жылы планетамызда егеменді ел 171-ге жетті. Алайда осы жылдың мамыр айында, ұлттық-этникалық құрамы негізінде екі Йемен — Солтүстік жәнеОңтүстік Йемен Араб мемлекеттері қосылып, Арабия түбегінде жаңа мемлекет — Йемен Республикасы пайда болды. Ал қазан айында екі Герман — Батыс және Шығыс Германия мемлекеттері бірікті. Келесі жылы Берлин қаласы Германия Федерациялық Республикасының астанасы болып жарияланды. Осы себепті 1991 жылдың қаңтары карсаңында дүние жүзінің саяси картасында егеменді мемлекеттердің саны 169-ға дейін қысқарды.
Қазіргі кезде дүние жүзінің саяси картасында 200-ден астам егеменді тәуелсіз мемлекеттер бар. Бүгінгі таңда Біріккен Ұлттар Ұйымына 194 мемлекет мүше. Жоғарыдағы жаңадан құрылған мемлекеттер БҰҰ-ның құрамына, оның Бас Ассамблеясы сессиясының шешімі бойынша қабылданды. Мысалы: бұрынғы КСРО мен Югославия республикаларын БҰҰ-ға қабылдау рәсімі 1992 жылдың көктемінде жүзеге асты.
Қазіргі саяси картадағы тәуелді елдер мен жер аумақтары. Егеменді мемлекеттермен қатар казіргі кезде дүние жүзінде 30-дан астам отар немесе тәуелді елдер мен жер аумақтары бар деп есептелінеді. Көптеген елдер Палестина мемлекетінің өміршедігін мақұлдайды. Ал кейбірі оны қолдамайды, себебі ол автономиялық құрылымнан (1994 ж.) өлі егеменді елге толық айнала қойған жоқ.
Тәуелді елдерді шартты түрде екі топқа бөлуге болады:
1. Отарлар,яғни БҰҰ-ның тізіміне ресми түрде тіркелген тәуелді аумақтар,бұларға бостандық берілуі қатаң түрде талап етіледі.
2. Негізгі аумақтар деп сөз жүзінде аталатын, ал іс жүзінде отар жер, бірақ олар БҰҰ-ның тізіміне кірмеген. Себебі оларды басқарушы мемлекеттердің мәлімдеуінше, олар теңізден арғы департаменттер немесе аумақтар, еркін қауымдастықтағы мемлекеттер, т.б. болып табылады. Мұндай жерлер Мұхиттық аралдар мен Кариб теңізі алабында жиі кездеседі. Бұл елдердің барлығы дерлік жер аумағы және халқының саны жағынан шағын мемлекеттер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет