Жеті жастағы баланың дағдарысының ең басты көрінісі оның жеке басының ішкі және
сыртқы дүниесіндегі елеулі өзгерістерге ұшырау себептерімен байланысты. Баланың
мінезіндегі дағдарысқа ұшырау себептерін оның бойындағы ішкі және сыртқы сапалы
өзгерістердің пайда болуымен ұштастыру қажет. Өйткені баланың бойында жаңадан
өзіндік мінез көріністері пайда болып, мұндай ерекшеліктер былайғы адамдарға күлкілі
болып көрінеді. Осы орайда бала мінезіндегі өзгерістердің зандылық екендігін атақты
актер Ч. Чаплин орындаған рөлден айқын көруге болады. Ол ересек адамдардың рөлін
ойнағанда өзін ерекше балалық аңғыртықпен, балалық мінезбен көрсетеді. Оның күлдіргі
әрекеттерінің сыры да, басты шарты да осында.
2. Бастауыш мектеп жасындағы дағдарыстың пайда болуына әкелетін аспектілер:
баланың физикалық дамуы, психологиялық қайта құру, интеллектуалды даму.
Бастауыш мектеп оқушысы – бұл адамның іс-әрекет берілген жағдайда оқу іс-әрекетінің
субъекті ретіндегі қоғамдық болмысының бастауы. Осы сапада бастауыш мектеп
оқушысы, ең алдымен, оған дайындығымен сипатталады. Бұл оқу мүмкіндігін қамтамасыз
ететін
физиологиялық және
психологиялық, ең алдымен
интеллектуалды даму
деңгейімен анықталады.
Бұл дайындық бүкіл алдыңғы психикалық дамудың қорытындысы ретінде, отбасындағы
және бала бақшадағы тәрбиелеу мен оқытудың бүкіл жүйесінің нәтижесі ретінде
түсіндіріледі. Оларға жататындар: баланың жалпы физикалық дамуы, жеткілікті білімдер
көлемінің болуы, өзін-өзі күтудің, мінез-құлық мәдениетінің, қарым-қатынастың,
қарапайым еңбектің, «тұрмыстық» дағдылардың болуы; тілдің дамуы; жазудың
алғышарттарының болуы; оқуға ниеттену.
Бастауыш мектепте, кіші мектеп оқушысында, осы кезеңдегі жетекші іс-әрекеттің негізгі
элеметтері, қажетті оқу дағдылары мен іскерліктері қалыптасады. Осы кезеңде ойлау
формалары дамиды, олар ары қарайғы ғылыми білімдер жүйесін меңгеруді, ғылыми,
теоретикалық ойлаудың дамуын қамтамасыз етеді. Мұндай оқуда, күнделікті өмірде өз
бетінше бағдарланудың алғышарттары қалыптасады. Осы кезеңде «баладан тек елеулі
ақыл-ой жұмсауды ғана емес, сондай-ақ үлкен физикалық төзімділікті талап ететін»
Достарыңызбен бөлісу: