Информационное письмо


№ 6 дәріс тақырыбы: Бастауыш мектеп жасындағы дағдарыс: себептері мен жеңу



Pdf көрінісі
бет12/73
Дата08.04.2023
өлшемі1,61 Mb.
#80473
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   73
№ 6 дәріс тақырыбы: Бастауыш мектеп жасындағы дағдарыс: себептері мен жеңу 
жолдары 
Жоспар: 
1. Баланың дамуындағы дағдарыстар. 
2. Бастауыш мектеп жасындағы дағдарыстың пайда болуына әкелетін аспектілер: баланың 
физикалық дамуы, психологиялық қайта құру, интеллектуалды даму. 
1. Баланың дамуындағы дағдарыстар. 
Жас дағдарыстары - онтогенездердің қауырт психологиялық өзгерістермен 
сипатталатын, уақыты жөнінен біршама ұзақ емес (бір жылға дейін), ерекше кезеңдері. 
Жас дағдарыстары қалыпты процестерге жатады және тұлғалық қалыпты, үдемелі дамуы 
үшін қажет. Жас дағдарыстары жас тұрғысындағы 1 сатыдан 2 сатыға өтуге байланысты 
пайда болуы мүмкін және оның әлеуметтік қатынасты, қорекет, сана саласындағы жүйелі 
сапалық түрленуімен байланысты. Балалық жаста, әдетте, «бір жас дағдарысы», «үш жас 
дағдарысы», «6-7 жас дағдарысы» және «жеткіншек» дағдарысы сараланады» (10-13 жас). 
Мектеп жасына дейінгі балалардың психикасының дамуы бір қалыпты болмайды. Мұнда 
біз бір жас кезеңдерінің бір шама баяу, бірте-бірте өзгеретіндігін, ескі психикалық 
белгілер жойылып, оның орнына жаңа психикалық белгілердің пайда бола бастайтынын 
байқап, кейде бала неғұрлым тез секірмелі түрде адам танымастай өзгеріп кететінін 
байқаймыз. 1-кезеңнен 2-кезеңге бұлай секірмелі өтуді дағдарысты даму дейміз. 
Қазіргі психологтар мен педагогтар баланы туғаннан бастап, нәрестенің тіршілік етуіне 
байланысты өзгерістер мен әртүрлі дағдарыстарын санамағанда баланы туғаннан мектепке 
барғанға дейінгі аралықтың өзінде бірнеше дағдарысты кезеңдерден өтеді. Әр даму 
кезеңдеріне өткен сайын, бір жастан екінші жасқа көшу барысында адам үлкен 
дағдарыстарға ұшырайды. 
Дағдарыс – қалыпты емес, «ауытқушылық» құбылысы, дұрыс емес тәрбиенің нәтижесі. 
Дағдарыстардың бір қалыпты кезеңдерден ерекшелігі, ұзаққа созылмайды, бірнеше ай 
болуы мүмкін. Осы қысқа, бірақ буырқанды сатыда баланың дамуында көп қасиеттер тез 
өзгереді.


Осы уақытта даму апаттық сипатқа ие болуы мүмкін. Дағдарыстық және қалыпты даму 
кезеңдері кезектеседі. Сондықтан да Л. С. Выготскийдің жас ерекшелік кезеңі келесі 
сипатқа ие: 
- жаңа туылу дағдарысы – нәрестелік жас (2 ай-1 жас); 
- 1 жас дағдарысы – ерте балалық шақ (1-3жас): 
- 3 жас дағдарысы – мектепке дейінгі жас (3-7 жас): 
- 7 жас дағдарысы – мектеп жасы (7-13 жас); 
- 13 жас дағдарысы– пубертатты жас (13-17 жас) 
- 17 жас дағдарысы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет