Информационное письмо



бет11/45
Дата10.04.2023
өлшемі0,76 Mb.
#80862
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   45
Байланысты:
СИЛАБУС Қаз қазақ тілі фон лексика жаңа (2)

13-14 дәріс: Интонация
Қандай тіл болмасын, оның интонациялық жүйесі белгілі бір заңдылыққа сүйенеді. Тілдің интонациясы — көп функциялы құбылыс. Әлем лингвистикасындағы басты мәселелердің бірі интонацияның сол тілдегі ерекшелігін, басты белгілерін, маңыздылығын анықтау болып табылады. Қандай сөйлем болса да, оның интонациясы, айтылу әуені болады. Сондықтан да Н.С.Трубецкой интонацияның фонемалардан ерекшелігі, оның өзіндік белгілері болатындығына назар аударған еді. Суперсегменттік фонетика тілдің интонациялық жүйесін қарастырады. Интонация сөйлеу тілінде естілуімен қатар жазба тілде (мәтінде) де оқылады. Интонациялық құбылыстар мен грамматикалық құбылыстардың арасында тығыз байланыс бар. Себебі мәтіннің интонациясын өзгертіп оқитын болсақ, оның стилистикалық реңкі де, грамматикалық мағынасы да өзгеруі мүмкін. Интонацияның тіл жүйесінде алатын орны, ерекшеліктері мен қасиеттерін анықтайтын саласы жалпы тіл білімінде интонология деп аталады. Интонологияның суперсегменттік бөлшектерін интонемалар деп атайды. Сөйлемде интонеманың атқаратын қызметі, өзіндік орны болады. Сондықтан интонема әрқашан синтагмада көрініс табады. Интонацияның негізгі қызметі 1) сөйлемнің түрлерін анықтау; 2) жеке коммуникативтік типтерін ажырату; 3) мазмұнның өзгешеліктерін ажырату; 4) мәтіндегі ерекшеліктерін көрсету; 5) әр түрлі эмоцияларда ажырату болып табылады. Интонацияның басты компоненттері әуен, негізгі тон жиілігі, интервалы, диапозон, ұзақтылық, қарқын, пауза, интенсивтілік, тембр тілдегі просодикалық әсілдер ретінде әр тілдің өзіндік интонациялық ерекшелігіне байланысты қолданысқа түседі. Интонация дыбыстан бұрын пайда болған деген көзқарас бар. Сонда да фонемаға қарағанда интонеманы зерттеу кейіндеу қолға алынды.
Қазақ тіл білімінің кейінгі кезеңде әлемдік ғылым жетістіктеріне сай озық әдістемелер негізінде зерттеле бастауы жаңа ғылыми салалардың пайда болып, тың теориялық идеялардың туындауына жол ашты. Қазақ тілі дыбыс жүйесі саласындағы теориялық мәселелердің дамуы және зерттелу барысына ой жіберетін болсақ, тіліміздегі фонемалардың санын, олардың түрлі фонетикалық ерекшеліктерін зерттеуге алғашқы кезекте назар аударылды да, ал тілдің суперсегменттік деңгейін зерттеу, әсіресе, тіл жүйесіндегі интонация мәселерін зерттеу жұмыстары, кейіндеу қолға алынды. 
Қазақ тіл білімінде интонация мәселелері алғаш рет Н.У. Түркбенбаевтың қазақ тіліндегі сұраулы жай сөйлемдер интонациясы туралы, қазақ және орыс тілдері фонетикасын салғастыра зерттеген еңбегінде қарастырылды. Ғалым интонациясыз сөйлем болмайтынын, сондықтан интонацияның сұраулы жай сөйлемді танытатын белгілерін көрсетеді. Ә.Н. Нұрмаханованың қазақ, өзбек, қарақалпақ тілдеріндегі жай сөйлемге байланысты еңбегінде интонация мәселесіне ерекше назар аударылды. Ол интонация құрамындағы болатын физикалық элементтерді (әуен, ырғақ, қарқын, іркіліс) көрсетіп, түрлі жай сөйлемдерің өзіне тән интонациясы болатынын айтады. Ғалым интонацияның негізгі бірліктерімен компоненттері, интонацияның сөйлемдегі қызметі туралы мәселелерді жай сөйлемдер грамматикалық ерекшеліктерімен байланыста қарастырған. Ж.М.Утесбаев қазақ мәтінініңинтонациялық құрылымдарын көркем шығарма желісі бойынша зерттеп, мәтін лингвистикасындағы интонацияның маңызын көрсетеді. Қазақ тілінде интонация мәселелері жөніндегі алғашқы пікірлер ұшқыны А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, С. Аманжолов, І. Кеңесбаев, Н.Сауранбаев еңбектерінде де кездеседі.
А.Байтұрсынов«Екпін буыны бірыңғай келетін тілдер және екпін буыны бірыңғай келмейтін» деп, интонацияға қатысы бар мәселе ретінде орыс, француз, қазақ тілі ерекшеліктерін екпінмен байланыста сөз етсе, Қ.Жұбанов интонацияны « дауыс сазы» деген атаумен атап, әр сөздің әні болатынын айтқан еді.Интонация мәселелері қазіргі қазақ тілінің синтаксисіне қатысты зерттеулерде М. Балақаев, Т. Қордабаев, Қ. Есенов, Р.Әміров т.б. ғалымдар еңбектерінде де сөз болады. Ғалым Р. Сыздықова қазақ тіліндегі сөздердің айтылуына ерекше мән беру қажеттігін айта келіп: «қазақ тілінде сөйлем ішіндегі сөздер дауыс ырғағы жағынан әрқайсы бөлек- бөлек айтала бермейді, көбінесе, екі- екіден немесе екі-үштен бір ырғақты топ құрап, бір екпінмен, бір деммен үндесіп, үйлесіп айтылды», — дейді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет