Байланысты: СИЛАБУС Қаз қазақ тілі фон лексика жаңа (2)
15-16 дәріс: Қазақ тілінің сингармо-орфоэпиялық нормасы және фонетикалық транскрипция Қоғамда өмір сүретін адамдар айтайын деген ойын бір-біріне ауызша да, жазба түрде де жеткізе алады, яғни тілдік қатынас ауызша және жазбаша жүзеге асады. Ал жазбаша, ауызша қатынастар жетіліп, кемелденіп әдеби тілдің көрсеткіші дәрежесіне жету үшін нормаға түсуі қажет. Норма – белгілі бір жүйе, заңдылыққа негізделген бірізділік.
Норма- тіл мәдениетінің өзегі. Ол тілдің жүйесі мен құрылымына иек артады. Тілдік жүйе дегеніміз тілде бар үлгілердің, қолданыс типтерінің (түрлерінің) белгілі бір тәртіппен келуі, ал тілдік құрылым дегеніміз осы жүйенің іске асқан (көрінген) материалдық мүмкіндіктері.
Норма – негізінен тілдің өзі ұсынған тәртіп, нормалану – сол тәртіптерді тілдің өзінің қалыптастыруы
Т: Норма жөнінде арнайы лингвистикалық сөздіктердегі анықтаманы қарап, салыстыру.
Норма – наиболее распространенные из числа сосуществующих, закрепившиеся в практике образцового использования, наилучшим образом выполняющих свою функцию языковые (речевые) варианты
Норма – (үлгілі қолданылып, өзінің) қатар өмір сүргендердің арасынан (кеңінен, көп таралған), өзінің қызметін дұрыс орындаған, тәжірибеде үлгілі қолданылу жөнінде бекітілген тілдік варианттардың неғұрлым кеңінен, көп тараған түрі (қазақша аудармасы).
Жазу кезінде әріптері тіл дыбыстарын неғұрлым дәл беретін графикалық жүйе соғұрлым жетілген болып есептеледі.
Жазудың шығуы, оның қалыптасу, даму кезеңдері т-ы К.Ахановтың «Тіл білімінің негіздері» еңбегінде жақсы, егжей-тегжейлі айтылған.
Әлемде 3 түрлі жазу жүйесі кең тараған: латын, кириллица және араб жазулары. Бірақ бұлардың ешқайсысы да мінсіз графика емес. Себебі оларда дыбыс пен әріптің, әріп пен дыбыстың сәйкестігі қамтамасыз етілмеген. Ағылшын тілінде 46 фонеманы беру үшін 26 әріп, түрлі 118 графема пайдаланылады (графема-тілдің графикалық жүйесіндегі ең кіші единица).
Т. 1. Қазақ жазуының тарихы туралы мәлімет, толыққанды ақпарат жинау
2. Алфавит, оның практикалық мәні
3. Латын алфавитіне көшудің артықшылығы мен олқылығы (пікірталас)
Әріп пен дыбыстың арақатынасын шатастыруға болмайды. Сөздің өмір сүру формасы – дыбыс. Ал сол дыбысты бейнелеу үшін берілетін шартты таңба әріп деп аталады. Бір дыбыс әр тілде әртүрлі таңбалануы мүмкін (и, і).
А.Байтұрсынов дыбыс пен әріптің арақатынасы туралы былай дейді: «Дыбыс таңбасын қарып деп атаймыз. Сондықтан жазған сөз ішінде пәлен қарып бар дейміз. Дыбыс пен қарып екеуі екі басқа нәрсе. Біріне бірін қатыстырып, шатастырмасқа тиіс. Дыбыс – естілетін, көзге көрінбейтін нәрсе, қаріп – көрінетін, естілмейтін нәрсе» (Тіл – құрал)).
Әріп пен дыбысты шатастыруға болмайтыны белгілі. Әріп кейде жеке дыбысқа сәйкес келсе (о, ө, т, д), кейде бір әріп (я+йа) ю-йұу, т.б.), кейбір әріптердің дыбыстық мәні болмайды (ь, ъ). Дыбыстар – тілдің мағыналық единицалары сөз бен морфемаларды құрастыратын материалдар.
Орфография сөздің графикалық бейнесінің қолайлы әрі қонымды болуының (негізгі) жалпы принциптері мен жеке ережелерін жасайды. Әріптердің қолданылуын орфграфия белгілейтін ерекше ережелер реттейді.
Орфография қамтитын мәселелер:
1) Жазба тілде пайдаланылатын біркелкі жазудың тарихи жүйесі;
2) Біркелкі жазуды қамтамасыз ететін ережелер жүйесін жасайтын және зерттейтін тіл білімінің саласы.
Ережелер жүйесі айқындайтын мәселелер: 1) дыбыстарды әріптермен беру, 2) сөз және оның мағыналы бөлшектерін жазу; 3) сөздерді бірге, бөлек және дефис арқылы жазу; 4) бас әріпті пайдалану; 5) тасымалдау сияқты мәселелер.
Орфографиялық принцип бір сөз екі түрлі не одан көп түрде жазылған жағдайда соның біреуін таңдап алуды айқындайды. Осы принциптердің негізінде орфографиялық ережелер жасалады.