Информация о проведении Облумц



Pdf көрінісі
бет16/71
Дата01.02.2017
өлшемі4,22 Mb.
#3181
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   71

Әдістемелік

-

нұсқаулық хатǀ2016

-

2017 оқу жылы

 

 

111 



тәсілдерін қолдану қажет. 

  

Білім  беру  процесінде  компьютерлік  технологияларды  және  жобалық 



әдістемелерді пайдалануға ерекше назар аударуды талап етеді.  Оқушылардың 

білім  алу  мүмкіндіктері  мен  алған  білімдерінің  қолдану  аясын  түсініп,  бұл 

технологияларды  әдеттегі  әдістермен  шебер  қолдана  білу  мұғалім  үшін 

маңызды. 

     

Әдістемелік  жағынан  жоба  тақырыптары  және  шығармашылық 



тапсырмаларды  (хабарлама,  презентация,  жобалар,  коллаж  және  т.б.) 

оқушыларға  алдын-ала  беру  керек.  Сонымен  қатар,  мұғалім  оқушыларды 

аталған  шығармашылық  жұмыс  түріне  қарай,  оның  орындау  талаптары 

таныстыру қажет. Тапсырмаларды дайындау кезінде оқушылар тек қана білім 

алып қоймай, сол оқиғаны түсіну, оқиғаның басты кейіпкерлеріне деген қарым-

қатынасы туралы өзіндік ойы болып, сезінуі қажет.   



Топтық  жұмысты  ұйымдастыру  өте  тиімді  болып  табылады:  шағын-

конференция, пікірталас, дөңгелек үстел, шағын жобаларды қорғау және т. б. 

Бұл  ретте  жобаларды  жеке  немесе  ұжыммен,  педагогиканың 

ынтымақтастық  принциптерін  қолдана  отырып  мұғалім  мен  оқушы  бірге 

орындауы да мүмкін.   

Өткен заманның кез-келген құбылысын осы заманның контекстінде, бұрын 

болған оқиғаларды және кейінгі тарихи оқиғалармен өзара байланысында көру, 

анықтау,  бағалау,  талдау  қабілетін  білдіреді.  Бұл  қабілетке  ие  болу  арқылы 

оқушы өткен тарихқа қатысты білім мен түсінікке негізделген өзіндік дәлелді 

ұстанымды қалыптастыра алады.  

Оқыту төмендегідей тарихи түсініктердің негізінде құрылуы тиіс:  

-

 



өзгеріс  және  сабақтастық  (мысалы,  белгілі  тарихи  кезеңде  қоғам 

қаншалықты өзгеріске ұшырады);  

-

 

себеп  және  салдар  (мысалы,  белгілі  тарихи  кезеңде  қандай  маңызды 



факторлар саяси процестерге әсер етті);  

-

 



дәйек (белгілі тарихи кезеңнің өнері бізге құндылықтар, наным-сенімдер 

мен технологиялар туралы қандай мәлімет бере алады);  

-

 

ұқсастық  пен  айырмашылық  (мысалы,  оқытылу  кезеңінде  мемлекеттің 



саяси құрылысының айырмашылығы мен ұқсатығы неде); 

-

 



түсіндіру  (мысалы,  әртүрлі  зерттеушілер  сол  немесе  басқа  тарихи 

оқиғаларды  қалай сипаттайды). 

«Дүниежүзі  тарихы»  пәнін  оқу  кезінде  пәннің  мазмұнына  сәйкес  тарихи 

зерттеулерді  (болжамды  ұсыну,  зерттеу  үшін  сұрақтарды  құрастыру, 

дереккөздерді  талдау,  әртүрлі  көзқарастарды  салыстыру,  қорытыныдылар  мен 

нәтижелерді  тұжырымдау,  өзіндік  ұстанымын  анықтау)  өткізудің  дағдыларын 

қалыптастрыу мен дамыту ұсынылады. 

Мұғалімнің  сабаққа  арнайы  дайындайтын  тапсырмалары  мынадай 

өлшемшарттарға сәйкес болуы тиіс: 

-

 



тапсырманы орындау  мақсаты мен қолжетімділігі; 

-

 



дифференциацияны көздеу; 

-

 



сын тұрғысынан ойлауды дамыту; 

-

 



проблемалық оқыту; 

Әдістемелік

-

нұсқаулық хатǀ2016

-

2017 оқу жылы

 

 

112 



-

 

оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкестігі; 

-

 

ақпараттың және терминологияның күрделілік деңгейі; 



-

 

әдебиеттер тізімі; 

-

 

ақпараттың  тартымдылығы мен дәйектілігі



-

 

бағалау үшін мүмкіндіктерінің бар болуы. 

Сыныптағы  практикалық  жұмыс,  өздік  жұмысы,  үй  тапсырмасын 

орындау  оку  процесінің  құрамдас  бөлігі.Практикалық  сабақ  тарихи 

дереккөздерімен  және  әртүрлі  көзқарастарды  салыстыра  білуді  жетілдіру, 

қоғамдық-тарихи даму мәселелері бойынша өзіндік ұстанымын білдіру сяиқты 

жұмыстарды  ұйымдастырумен  байланысты.  Практикалық  тапсырмаларды 

орындау  пәнішілік  және  пәнаралық  байланыстарды  орнатуды,  ақпараттарды 

өңдеудің  әмбебап  тәсілдерін  меңгеруді  көздейді.Оқушылардың  танымдық 

мүмкіндіктері мен қызығушылығына байланысты сабақтар мамандандырылған 

(белгіленген тақырып бойынша) немесе кіріктірілген болуы мүмкін. 

Жұмыстың келесі аспектісінде –оқушылардың білім мен білік дағдыларын 

бағдар  уақыт  пен  кеңістігінде  тарихи  карталарды  пайдалану  ықпал  етеді, 

картада  тарихи  оқиғалардың  жай-күйін  және  олардың  даму  динамикасын 

көрсететін тапсырма болуы мүмкін.  

Үй  жұмысының  мақсаты  –  қосымша  материалдар  арқылы  сабақта 

меңгерген  тақырыпты  тереңдету,  қайталау,  бекіту  және  ой  елегінен  өткізу, 

оқушының  дағдылары  мен  құзыреттіліктерін  шыңдау.  Үй  жұмысына  берілген 

тапсырмалар  жоспарланған,  танымдық,  қызықты  болуы  шарт  және  деңгейлі 

болуы мүмкін. Үй жұмысын берудің маңызы – оқушыны өз бетімен білім алуға 

итермелейді  және  оқу  үрдісінің  танымдық-шығармашылық  іс-әрекеттерінің 

біріне жатады. 

Сынып деңгейіне және тақырыптың ауқымына қарай тапсырмалар әртүрлі 

болуы мүмкін:  

-

 

ауызша  (сұрақ-жауап,  құзыреттілікке  бағытталған  тапсырмалар, 



пікірсайысқа дайындық және т.б.); 

-

 



қысқаша  жазба  жұмыстары  (тезистер,  конспектілер,  буклеттер,  эссе, 

тарихи шығарма және т.б.); 

-

 

тест  тапсырмалары  (жабық  тест,  ашық  тест,  реттік  тест,  сәйкестендіру 



тесті,  мәтіндік  тест,  жағдаяттық  тапсырма,  құрама  тест,  балама  тест, 

көпжауапты тест); 

-

 

шығармашылық  жұмыстар  (рөлдік  ойындарға,  сахналық  көріністерге 



дайындық); 

-

 



өзара  бақылау  жұмыстары,  өздік  бақылау,  қатемен  жұмыс,  жоба 

жұмысы.  

«Дүниежүзі тарихы»  бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру 

және  жоспарлау  барысында  2016-2017  оқу  жылында  мерекеленетін 

мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады: 

1)

 



Каталаун даласы шайқасының 1565 жылдығы (451-2016);  

2)

 



Батыс Рим империясының құлауының 1540 жылдығы (476-2016); 

3)

 



567  жылы  Түрік  қағанаты  мен  Византия  арасында  сауда  келісімі 

мен әскери шарт жасалды (1450 жыл). 

Әдістемелік

-

нұсқаулық хатǀ2016

-

2017 оқу жылы

 

 

113 



2016-

2017  оқу  жылында  пән  мұғалімдері  әдістемелік  қызметтерінің 

негізгі міндеттері: 

тарихи білім беру және оның сапасын көтерудің негізгі компоненттерін 



жүзеге асыру; 

мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін жетілдіру: тарихты оқытудың тиімді  



әдістері мен технологияларын зерделеу; 

тарихты  оқытудың  базалық  және  жоғары  деңгейінде  зерделеу  тиімді 



білім беру тәжірибесін тарату болып табылады.  

 

«Дүниежүзі тарихы» пәнінен ұсынылатын сайттар:  

 

http://www.world-history.ru

http://historic.ru



http://historyatlas.narod.ru

http://testcenter.kz/entrants/for-ent/.



 

 

Адам. Қоғам. Құқық 

«Адам. Қоғам. Құқық» пәнін 9-сыныпта оқыту – адам, қоғам және құқық 

туралы,  қоғам  дамуының  негізгі  процестері,  адам  өміріне  әлеуметтік 

факторлардың  әсері  жөніндегі  ғылыми  білімді  меңгеруге  бағытталған. 

Қоғамдық ғылымдар кешенін құрайтын, кіріктірілген сипатқа тән пәнді оқыту 

оқушылардың  назарын  қазіргі  қоғамдық,  саяси,  мәдени,  әлеуметтік 

құбылыстарға,  оларды  реттеп  отыратын  заңдардың  өзара  байланысына  

аударуға негізделген.  

«Адам.  Қоғам.  Құқық»  пәнін  оқытуда  «Mәңгілік  Ел»  жалпыұлттық 

идеясын  жүзеге  асыру  оқушылардың  рухани-адамгершілік  қасиеттері  мен 

патриоттық сезімдерін, құқықтық сауттылығы, мен азаматтық жауапкершілігін, 

сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыруға, ұлттық сана-

сезім  мен  толеранттылықты  дамытуға,  зайырлы  құндылықтарды  нығайтуға 

және терроризм мен экстремизм идеологияларын саналы түрде қабылдамауын 

қалыптастыруға,  Қазақстанның  көпэтникалық  жағдайында  қарым-қатынас 

жасай білуіне бағытталады. 

«Адам.  Қоғам.  Құқық»  пәні  бойынша  базалық  білім  мазмұны, 

оқушылардың  дайындық  деңгейіне  қойылатын  талаптары,  пәнді  оқыту 

міндеттері  ҚР  Білім  және  ғылым  министрінің  2015  жылғы  18  маусымдағы                     

№ 393 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу бағдарламасында анықталған. 

 

Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 

9-

сыныпта аптасына 1-сағат, оқу жылында 34-сағатты құрайды. 



 

Пәнді оқытуға әдістемелік ұсынымдар 

«Адам.  Қоғам.  Құқық»  пәнінің  мазмұнын  игеру  кезінде 

түрлі  әлеуметтік 

жағдайларда  тиімді  және  өнімді  әрекеттердегі  адамның  қабілетін  қамтамасыз 

ететін  оқушылардың  тұлғалық  және  пәндік  нәтижелеріне  көңіл  бөлу 

ұсынылады.   

 

Пәнді оқытуда оқыту процесінің әдісі мен ұйымдастырылуын анықтайтын 



ұйымдастырушылық-әдіснамалық 

принциптер: 

білімнің 

зерделілігін, 

толықтығын,  тұтастығын,  сабақтастығын,  өзара  байланыстылығы  мен  білім 

алушылардың жас ерекшелігіне сәйкестігін ескерген дұрыс.  

Оқу  процесінде  білім  алушыны  ынталы,  қызығушылығы  жоғары,  дербес, 

сенімді, жауапты, талдау жасай алуға бағыттайтын оқытудың түрлі формалары 



Әдістемелік

-

нұсқаулық хатǀ2016

-

2017 оқу жылы

 

 

114 



ұсынылады: 

-

 



мұқият  іріктелген  тапсырмалар  мен  іс-әрекет  түрлері  арқылы 

оқушыларды ынталандыра және дамыта оқыту; 

-

 



оқушылардың білім алуы  «оқыту үшін бағалау» арқылы қолдау көрсету; 

-

 



оқушыларды  зерттеу  және  зерттеушілік  жұмыстарын  жүргізуге 

негізделген белсенді оқытуды ұйымдастыру;  

-

 

оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту;  



-

 

оқушылардың  жеке  мүмкіндіктерін  ескере  отырып,  деңгейлік 



тапсырмалар құрастыру;  

-

 



оқушылардың  жеке,  жұптық,  топтық  және  тұтас  сыныптық  жұмыс 

түрлерін ұйымдастыруды қолдану ұсынылады. 

Пәнді оқытуда оқушылардың басқа пәндерден: «Қазақ тілі және әдебиеті», 

«Дүниежүзі тарихы», «Қазақстан тарихы», «Физика», «Биология», «География» 

және  басқа  пәндерден  алған  білімдеріне  сүйену,  оқу  материалдарын  тарихи 

фактілермен,  әдеби  образдармен,  физикалық  процестермен,  т.б.  нақтылау 

ұсынылады. 

Пәнді оқытуда мынадай педагогикалық әдіс-тәсілдерді:  

оқушылардың проблемаларды анықтауда өз ой-пікірлерін айту, гипотеза 

ұсыну,  жоспарлау,  зерттеу  жүргізу,  дәлелдеу  қабілеттерін  дамытатын 

ынталандырушы–проблемалық, ситуациялық жағдай туғызу;  



белгілі  бір  тақырып  бойынша  «миға  шабуыл»,  «жобалау»  т.б.  әдістерін 

ұйымдастыру  (проблемаларды  табу,  әр  оқушының  идеясын  ұсынуы,  бүкіл 

сыныппен талқылау, оны талдау  және шешімнің дұрыс нұсқасын қабылдау);  



сабақта  оқушылардың  белсенділігін  арттыратын  қоғамдық  және 

құқықтық  проблемаларды талқылау; 

ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдануда оқушылардың 

білімдерін  кеңейту  үшін  мультимедиялық  ресурстарды  тиімді  пайдалану, 

презентациялардың  түрлерін  пайдалана  отырып,  таңдалған  тақырыптар 

бойынша  шығармашылық  жұмыстар  жасау,  сандық  білім  беру  ресурстары 

материалдарын қолдану ұсынылады.  

Пәнді  оқытудың  басты  ерекшелігінің  бірі  сабақ  барысында  маңызды 

заңнамалық  актілермен,  заң  түсіндірмелерімен  (Қазақстан  Республикасының 

Конституциясы, азаматтық, әкімшілік, қылмыстық, еңбек құқықтарының негізгі 

түсініктері) жұмыстар ұйымдастыру болып табылады.  

Оқытудың  әдіс-тәсілдері  көптүрлілігіне  (пікірсайыс,  кейс  әдісі,  дебат, 

рөлдік  ойындар,  жағдаяттармен  жұмыс,  жобалық  және  оқу-зерттеулік  қызмет 

т.б.) басымдық беру ұсынылады. 

Ұсынылатын сыныптан тыс жұмыстар: 

пән  бойынша  «Мәңгілік  Ел»  жалпыұлттық  патриоттық  идеясын  оқытуға  

ұсынылатын тапсырмалар: 

1) 


«Зайырлы қоғам және мемлекеттілік жоғары рухтандырушылық (эссе)

2)

 



«Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» (негіздеу); 

3)

 



Ұлы мақсаттарға жетелейтін идея  – Мәңгілік Ел идеясы (эссе); 

4)

 



Қазақстан  халықтарының  Ассамблеясы  –  азаматтық  бейбітшілік  пен 

келісімнің бірегей институты (жоба) және т.б.. 



Әдістемелік

-

нұсқаулық хатǀ2016

-

2017 оқу жылы

 

 

115 



2) 

пән мазмұнына сәйкес ұсынылатын сыныптан тыс жұмыстар:  

1) 

«Қазақстан көп ұлтты тәуелсіз мемлекет»; 



2)

 

«Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары»; 



3)

 

«Конституция – мемлекеттің негізгі заңы»; 



4)

 

«Мен және менің құқығым»; 



5)

 

«Өз құқығыңды білесің бе?»; 



6)

 

«Бала және оның құқығы»;  



7)

 

«Ұлы дала заңдары»;  



8)

 

«Заң және заман»;  



9)

 

«Құқықтық сауаттылық заман талабы» және т.б. 



 

Өзін-өзі тану   

 

«Өзін-өзі  тану»  пәнін  оқытудың  негізгі  мақсат-мүдделері:    Қазақстан 



Республикасының  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандартында 

«Жаратылыстану»  пәні  бойынша  нақтыланған  оқушының  тұлғалық  рухани-

адамгершілікті  дамытуды  ынталандыру,  жалпыадами  құндылықтарды  және 

құнлықтар туралы білімдерді жетілдіруге, оқушының жеке әлеуетін дамытуға, 

өзіндік  қабілеттерін,  әлеуметтік  маңызды  тұлғалық  қабілеттерді  және  өмірлік 

дағдыны қалыптастыруға жағдай жасау, адамды өмірге дайындауды  табысты іс 

жүзіне асыру.  

Оқыт пәнінің негізгі  міндеттері:  

өзін-өзі тануға және үнемі жетілуіне бағыттау;  



оқушыларда қарым-қатынас жасау негіздерін қалыптастыру; 

қоғамда  және ұжымда өз орнын білуге көмектесу; 



өзі,  адамдар  және  қоршаған  орта  бір-бірімен  қарым-қатынаста  екенін 

сезінуді ынталандыру; 

өмірлік және әр түрлі оқу жағдаяттарында  адамгершілік және әлеуметтік 



тәртіп тәжірибесін қалыптастыру;                     

не үшін өзінің өмірсүретінің және өмірлік мақсатқа жету үшін тұлғалық 



қасиеттерін дамыту. 

«Өзін-өзі тану» бойынша оқу процесін ұйымдастырудағы маңызды жағдай 

болып «Тыныштық сәті», «Өзіммен өзім», «Сергіту сәті», «Достар, ән салайық» 

сияқты әдістемелік тәсілдер сабақтарда салауатты орта құру болып табылады.  

«Өзін-өзі  тану»  пәні  бойынша  білім  беру  процесі  арнайы  жабдықталған 

кабинетте  жүзеге асырылады және қажетті оқу жабдықтарымен, сондай-ақ оқу-

көрнекілік құралдарымен жабдықталуы қамтамасыз етіледі.  

Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 1 сағат, жылына барлығы  

34 сағат.   



 

«Зайырлылық және дінтану негіздері» курсы  

Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2014  жылғы  

15  шілдедегі  №281  бұйрығына  сәйкес  2016-2017  оқу  жылынан  бастап  оқу 

процесіне «Дінтану негіздері» факультативтік курсының орнына «Зайырлылық 

және дінтану негіздері» факультативтік курсы енгізіледі. 

9-

сыныпта  үлгілік  оқу  жоспарының  вариативтік  компоненті  есебінен 



Әдістемелік

-

нұсқаулық хатǀ2016

-

2017 оқу жылы

 

 

116 



«Зайырлылық  және  дінтану  негіздері»  факультативтік  курсын  міндетті  түрде 

оқыту  үшін  аптасына  1  сағат,  оқу  жылында  34  сағат  бөлінеді.  Курсты 

біліктілікті жетілдіру курсынан өткен тарих пәнінің мұғалімдері жүргізеді. 

«Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсының мәні және 

маңызы оның қазіргі қоғамдағы тарихи, мәдени мен рухани құндылықтықтарды 

анықтайтын  бастаулары  ретінде,  тұрақты  дамуды  қамтамасыз  ететін  ғылыми-

дәйектелген негіздерін қалыптастыруды құраушы элемент ретінде қабылданған 

болып  табылады.  Курс  орта  білім  жүйесіндегі  қоғамтану  және  әлеуметтік-

гуманитарлық білім алудың құрамдас бөлігі болып табылады.  

Факультативтік курсты оқытудың мақсаты: 

оқушыларды  «зайырлылық»  ұстанымын  құндылық,  яғни  мемлекет 

баяндылығының  басты  тұғыры  ретінде  қабылдауға,  дінді  зайырлы  таным 

аясында тануға үйрету;  

зайырлылықты 



рухани-адамгершілік 

құндылықтар, 

мемлекет 

тұрақтылығының  басты  факторы  ретінде  қабылдау,  дінді  мәдениет  ретінде 

қабылдауға үйрету, білім жүйесіне және ой-өрісін кеңейтуге ықпал ету;  

діни  сенім  бостандығы,  әлемдік  және  дәстүрлі  діндердің,  жаңа  діни 



қозғалыстардың тарихы мен қазіргі жай-күйі, теріс пиғылды діни ағымдар мен 

тыйым салынған діни ұйымдар туралы жан-жақты білім беру;  

оқушыларды  экстремизм,  терроризм  және  діни  радикализм 



идеологияларын  қабылдамауға  үйрету,  рухани-адамгершілік  құндылықтар 

негізінде  толеранттылық  қасиетке  тәрбиелеу  және  олардың  гуманистік 

дүниетанымын қалыптастыру.  

Факультативтік курсты оқытудың міндеттері: 

1)  оқушыларға  діннің  мәні,  тарихы  және  оның  қазіргі  қоғамдағы  рөлі 

жөнінде жүйелі мәлімет беру; 

2)  зайырлылық  ұстанымдарын  мемлекеттілік  пен  тәуелсіздіктің  негізі 

ретінде таныта отырып, осы бағыттағы білімін қалыптастыру; 

3)  зайырлылық  тұрғысынан  діни  сана,  діни  сенім,  діни  таным  және  діни 

тәжірибе негіздерін салыстыра білуді үйрету;  

4)  діннің  дүниетанымдық,  мәдени  танымдық  және  адамгершілік  мәнін 

түсіндіру; 

5)  оқушыларды  діни  сенім  бостандығын  құрметтеуге,  толеранттылыққа 

баулу  арқылы  қазіргі  қоғамдағы  діни  ағымдарға  зайырлылық  ұстанымы 

негізінде баға бере алатын дағды қалыптастыру; 

6)  Қазақстандағы  этносаралық,  конфессияаралық  келісімді  зайырлылық 

ұстанымдарының  нәтижесі  ретінде  таныта  отырып,  оқушылардың  бойында 

азаматтық мінез бен жауапкершілік қасиетті тәрбиелеу; 

7) Көпэтносты, көпконфессиялы қоғам құрудағы қазақстандық тәжiрибенің 

ерекшеліктерін айқындау 

8)  экстремизм,  терроризм,  діни  радикализм  секілді  жаһандық  жағымсыз 

құбылыстардың  теріс  идеологияларының  ұлттық  қауіпсіздікке,  зайырлылық 

ұстанымдарына,  қоғам  тұрақтылығына  төндіретін  қауіп-қатерін  түсіндіре 

отырып, зайырлы мемлекет қағидаттарына құрмет сезімін тәрбиелеу; 

9)  оқушылардың  бойында  діни  әдебиеттер,  электрондық  ресурстар  және 



Әдістемелік

-

нұсқаулық хатǀ2016

-

2017 оқу жылы

 

 

117 



бұқаралық  ақпарат  құралдары  материалдарын  салыстыра  білу  және  сыни 

тұрғыда сараптау мәдениеті мен қабілеттерін қалыптастыру; 

10) құқықтық сауаттылықтың қоғам өміріндегі маңызын түсіндіре отырып, 

осы  тұрғыдағы  білімін  арттыруға,  Қазақстан  азаматтарының  құқықтары  мен 

еркіндіктерін сыйлауға тәрбиелеу. 

«Зайырлылық  және  дінтану  негіздері»  курсы  бағдарламаларының 

материалдарын оқып білуде «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «Адам. 

Қоғам.  Құқық»,  «Қазақ  әдебиеті»,  «Өнер»  сияқты  пәндерімен  және 

«Этносаралық  қатынастардың  қалыптасу  тарихы»,  «Абайтану»  курстарымен 

пәнаралық байланыс пен сабақтастық қарастырылған.  

«Зайырлылық және дінтану негіздері» курсының мазмұнында дін тарихын 

оқытуға көп уақыт жіберудің қажеттілігі жоқ, одан оқушылар сапалы, жасампаз 

мәнділігі бар білім алмайды. Бағдарламада діни нанымдар мен діндердің пайда 

болуы, нығаюы және дамуы боынша тарихи шолумен қатар: Зайырлы мемлекет 

және  дін,  зайырлық  этикасы  негіздері,  адамның  рухани  өмірі  мен  қоғамдағы 

діннің  рөлі,  діни  бірлестіктер  мен  ағымдар,жаңа  діни  ағымдар  мен  дәстүрлі 

діни  жүйелердің  танымдық,  психологиялық,  тұрмыстық  деңгейдегі  қарама-

қайшылықтар диллемасы тақырыптары қамтылған.  

Білім 

алушылардың 



жоғары 

рухани-адамгершілік 

қасиеттерін 

қалыптастыруда  Әл-Фараби,  Қожа  Ахмет  Иассауи,  Абай,  Ыбырай,  Шәкәрім 

сияқты  көрнекті  ағартушылар  мен  ойшылдардың  мәдени  және  рухани 

мұраларын оқыту айрықша маңызға ие. 

Деструктивті  ағымдардың,  тыйым  салынған  діни  ұйымдардың, 

бірлестіктердің белгілері мен салдарларын танып білуіне, діни экстремизм мен 

терроризмнің  ұлттың  қауіпсіздігі  үшін  қатерлі  екендігін  оқушылардың 

ұғынуына айрықша назар аударылған .  

«Қазақстан-дінаралық  бейбітшілік  пен  келісім  елі.  Қазақстан 

Республикасының  діни  заңнамалары.  Зайырлылық  –  ұлттық  қауіпсіздік  пен 

мемлекеттік жүйенің іргетасы» мазмұндық желілері курстың басты басты жолы 

болуы тиіс.  

Курстың  мазмұнында  оқушылардың  өзіндік  зерттеу  әрекеттерін 

ұйымдастыратын  шығармашылық  жобалар  қарастырылған.  Шығармашылық 

жобаларда,  түрлі  нысандағы  ұйымдастырылған  өздігінен  жасалынған  зерттеу 

жұмыстары  барысында  діндер  мазмұнындағы  рухани  құндылықтар  мен 

Қазақстанның дінге қатысты саясатының мәні мен мақсатын, діни бірлестіктер 

мен ағымдардың қызметі, мүддесі мен мақсатын ашып көрсетеді.  

Курстың мазмұнын жүйелі және толық игерген жағдайда оқушылар өмірге 

қажетті  Қазақстан  аумағындағы  діндер  мен  діни  бірлестіктердің  мақсаты  мен 

ерекшеліктері, Қазақстан Республикасының дінге қатысты саясатының мақсаты 

мен мәнін түсінетіндей мағлұматтар мен білім алады. Осылайша, жүйелі түрде 

игерілген  білім  оқушыға  Қазақстан  Республикасының  толыққанды  азаматы 

ретінде  рухани  толысуға,  өз  халқының  рухани  мәдениетін  деструктивтік, 

радикалды  діни  бірлестіктердің  зиянды  әрекетінен  сақтау  және  қорғау 

мүмкіндіктерін  қалыптастыруға  мүмкіндік  алады,  екінші  жағынан,  адамның 

қандай дінге жататынын анықтау, діни сана-сезім, басқа діндерге көзқарас және 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет