-
«3» бағасы - оқушы барлық тапсырмалардың жартысын орындағанда ;
-
«2» бағасы - оқушы барлық тапсырмалардың жартысын орындамағанда
қойылады.
Ескерту: қосымша тапсырмаларды орындау барысында жіберілген
орфографиялық және пунктуациялық қателер диктантқа баға қою барысында
ескеріледі.
Емлелік қателерді түзету әдістері. Оқушылардың жазба жұмыстарын
мұқият тексеріп отыру олардың сауаттылығын арттыруға көмектеседі. Қатемен
жұмыс жүргізу жазба жұмысынан кейінгі келесі сабақтың 15-20 минутында іске
асырылады. Оқу бағдарламасында «Қатемен жұмыс» түріне арнайы сағат
бөлінбегендіктен журналға жазылмайды.
Мұғалімдер оқушылардың орфографиялық қателерін түзеткенде негізгі
ескеретін жағдайлар:
-
мұғалім барлық қателерді түзетіп, соңғы өтілген тақырыптан кеткен
қателердің астын сызып көрсетуге болады;
-
орфографиялық қателерді түзету үшін орфографиялық шартты белгілерді
қолдануға болады. Мұндай шартты белгілер оқушыларға таныс болуы қажет;
-
түзетулер оқушының жіберген қателерін өзі сезетіндей дәрежеге
жеткізілуі, оның қабілеттілігін арттыруға көмектесуі керек;
-
емлелік қателерді сызып тастап, оған қажетті әріпті үстіне жазу жолымен
Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ
2016-
2017 оқу жылы
133
түзету әдісі оқушылардың қателерін түзетудегі ең таңдаулы тәсілдердің бірі;
-
сөздердің астын сызбай-ақ, дәптердің шетіне шартты белгі қоюға болады.
Шартты белгі оқушыға түсінікті болуы тиіс.
«Қазақ тілі» пәні бойынша дәптермен жұмыс.
10-11-
сыныптарда «Қазақ тілі» пәнінен арнайы дәптерлер болуы тиіс
және дәптерлері аптасына 1 рет тексерілуі қажет (28-кесте).
28-
кесте. Оқушы дәптерлерінің саны
Пән
Жұмыс дәптері
Жазба жұмыс дәптері
Барлығы
Қазақ тілі
1
1
2
«Қазақ тілі» пәнінен дәптердегі жазба жұмыстары келесі тәртіппен
орындау ұсынылады:
-
дәптерге ұқыпты, түсінікті жазу; көк сиялы қаламмен жазу және қажет
кезінде қара қарындаш пайдалану;
-
дәптер сыртын үлгі бойынша оқушы өзі толтыруы қажет.
-
«Қазақ тілі» пәнінен сөздікке арналған дәптері.
Дәптерлердегі барлық жұмыстар төмендегі талаптарды, ережелерді сақтай
отырып жүргізілуі керек:
-
ай аты мен күн реті жазбаша жазылады;
-
күн реті мен жұмыс түрінен соң нүкте қойылмайды. Дәптердің басынан,
жол тасталмай, барлық жазбалар бір деңгейде жазылады;
-
үй жұмысы сынып жұмысының жалғасы деп есептелінеді де, күн реті
жазылмайды;
-
жаттығу (тапсырма) сөзі толық жазылады. Мысалы: 15-жаттығу
(тапсырма);
-
сынып жұмысын немесе үй жұмысын орындағанда тапсырмалар
арасында жол қалдырылмайды;
-
мәтін азат жолдан басталады;
-
сынып жұмысы мен үй жұмысының арасында 2 жол қалдырылады;
-
талдау жасау тапсырмаларын орындағанда жақсы ұшталған қара
қарындашпен орындаған жөн;
-
ереже, емлені белгілеу үшін жасыл сияны қолдануға болады;
-
баға тапсырмадан кейін сол жақ шетіне нүктесіз қойылады;
-
талдау жұмыстар қарындашпен орындалады (сөз құрамына, сөйлем
мүшелеріне талдау);
-
төл дыбыстарды дұрыс жазбаса жиек жолға дұрыс жазылуы көрсетілуі
тиіс;
-
дәптерлерді тексеруден кейін келесі сабақта талдау жасалу қажет;
-
дәптердегі барлық жұмыс қызыл сиялы қаламмен тексеріледі.
Диктанттан жіберілген қателер жол бойынша сол тұстағы қызыл жолға
көрсетілуі керек:
-
орфографиялық қате - /.
-
тыныс белгілер қатесі – ۷
Әдістемелік бірлестік отырыстарында қазақ тілі мен әдебиеті пәні
Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ
2016-
2017 оқу жылы
134
мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін жетілдіру бойынша (әдістемелік бірлестік,
жас мамандар мектебі, педагогикалық шеберлігін жетілдіру мектебі,
шығармашылық топ және т.б.) пәнді оқыту әдістемесі мен теориясының
мәселелерін қарау ұсынылады:
1. «Қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша заманауи сабақтардың контенті:
іріктеу, құрылымдау, бейімдеу»;
1.
«Оқыту мен білім берудегі инновациялық тәсілдер»
2.
10, 11-
сыныптарда қазақ тілі мен әдебиет пәнін жоғары деңгейде
меңгерту бойынша білім беру процесін ұйымдастыру;
3.
Білім мазмұнын жаңарту және құзыретті тәсіл – жетістікті мектепке
қадамдар (оқыту үлгілерінің кейбір сипаттамалары);
4.
«Критериалды бағалау жүйесін енгізудің теориялық-әдістемелік
аспектілері»
5.
«Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін
интербелсенді әдістер арқылы қалыптастыру»;
6.
«Блум
таксономиясына
сәйкес
бағалау
критерийлері
мен
тапсырмалары».
Қазақ әдебиеті (оқыту қазақ тіліндегі сыныптар үшін)
2012 жылы Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы –
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына
Жолдауында тіл мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Бұл құжатта ел келешегінің
кемелділігіне тұғыр болар аса маңызды идея көтерілді. Ол – «Мәңгілік ел болу»
идеясы. Дәл осы құжатта бұл идеяны жүзеге асырудың тегеурінді тетігі
негізделді. Ол – мемлекетшілдік рух қалыптастыру туралы тұжырым. Осы
тетіктің қозғаушы күші де анықталды. Ол – мемлекеттік тіл, яғни қазақ тілі.
Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтерудің шарты көрсетілді. Ұлт болашағына
қызмет етудің бірден-бір көрсеткіші де, Қазақ мемлекетінің іргетасын бекітуге
мүдделілігінің берік дәлелі де бүгінгі жас ұрпақтың мемлекеттік тілге
қатынасы екендігі тайға таңба басқандай айқын айтылды.
«Әдебиет – халық өмірінің айнасы». Қазақ әдебиеті бүгінгі ақын-
жыраулардың шығармалары ғана емес, оның сандаған ғасырлық тарихы бар.
Қазақ әдебиетінде халық басынан кешірген әр кезеңнің бет-бедері, жетістігі мен
ауыртпашылығы, тұрмыс-тіршілігі мен ойлау жүйесі жатыр. Адамзат
құдіретімен жасалған тарихи ескерткіштер мен мәдени, әдеби мұралар –
даналықтың көзі, ұлттың шежіресі, халықтың өмір тәжірибесі. Осы мұралар
арқылы қалыптасатын тарихи сана жастарды «ойлай алатын адам» дәрежесіне
көтереді. Өткен ұрпақтың қол жеткізген жетістіктері қандай ұстанымдарға
сүйеніп жүзеге асырылды; қашан, қайда, қалай құрды деген сауалдарға жауап
іздеу арқылы қоғамдық ортаны тануға; адамзаттың тілі арқылы қандай ұлы
шығармалар жазылды деген ойларға жетелеп, өздігінен талдау-қорытынды
жасауға үйретеді.
10-11-
сыныптардағы оқу процесінде Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген (ҚР
Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 393
Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ
2016-
2017 оқу жылы
135
бұйрығымен өзгерістермен толықтырулар енгізілген):
-
жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-
11-
сыныптары үшін «Қазақ әдебиеті» пәнінен типтік оқу бағдарламасы
қолданылады;
-
жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық
бағыттағы 10-11-сыныптары үшін «Қазақ әдебиеті» пәнінен типтік оқу
бағдарламасы.
Пән бойынша оқу жүктемесі:
-
қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша:
10-
сыныпта аптасына 2 сағаттан, барлығы – 68 сағат;
11-
сыныпта аптасына 3 сағаттан, барлығы – 102 сағатты құрайды.
-
жаратылыстану-математика бағыты бойынша:
10-
сыныпта аптасына 2 сағаттан, барлығы – 68 сағат;
11-
сыныпта аптасына 2 сағаттан, барлығы – 68 сағатты құрайды.
Пәнді оқытудың вариативті бөлігі қосымша оқу бағдарламасы арқылы
білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты шеңберінде жүзеге
асады.
Жазба жұмыстарына (шығарма) қойылатын талаптар (29-кесте).
29-
кесте – 10-11-сыныптарға ұсынылатын жазба жұмыстарының саны
Сыныптар
Жазба жұмыстар түрлері
Оқу тоқсандары
Барлығы
І
ІІ
ІІІ
ІҮ
Қоғамдық-гуманитарлық бағыт
10
Шығарма
2
2
2
2
8
Сыныптан тыс оқу
1
1
1
1
4
Барлығы:
3
3
3
3
12
11
Шығарма
2
2
2
2
8
Сыныптан тыс оқу
1
1
1
1
4
Барлығы:
3
3
3
3
12
Жаратылыстану-математикалық бағыт
10
Шығарма
2
2
2
2
8
Сыныптан тыс оқу
1
1
2
Барлығы:
3
3
2
2
10
11
Шығарма
2
2
2
2
8
Сыныптан тыс оқу
1
1
2
Барлығы:
3
3
2
2
10
Шығарма – оқушының туған халқының әдебиетінен алған білімін өз
ойымен, дүниетанымдық көзқарасымен еркін ұштастыра отырып баяндайтын
шығармашылық төл еңбегі. Оқушыдан көркем шығарманы өзіндік ой-пікірі,
көзқарасы тұрғысында терең талдап пайымдауы, әсерлі, көркем тілмен жүйелі
баяндауы талап етіледі.
Оқушы шығармасының құрылысы: тақырып, жоспар, эпиграф
(мүмкіндігіне қарай, міндетті емес), кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерден
тұрады.
Шығарманы жазуға қойылатын негізгі талаптар:
Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ
2016-
2017 оқу жылы
136
1) тақырыпты оқушының өз ойы және өз сөзі арқылы және жазып отырған
тақырыбынан алшақтамай, оның мазмұнын нақты аша білуі;
2)
артық баяндау, дәлелдемелерге жол бермеу;
3)
шығармадағы болған жайды баяндауға аз сөзге көп мағына сыйғызу;
4)
шығарманың барлық бөліктері тақырып және негізгі ой арқылы бір-
бірімен байланысты болу;
5)
шығарманның кіріспе және қорытынды бөлімін қоса алғанда тұтас
жұмыстың 4/1 бөлігіндей болу шарт;
6)
міндетті түрде жоспар болуы және мазмұнның осы жоспарға сай болуы
шарт;
7)
барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды
жасау;
8)
шығармада қолданылған жазушының өмірбаянына, әдеби шығарманың
жазылу тарихына, тарихи оқиғаларға, кейіпкерлерге қателіктер жіберілмеуі
керек;
9)
оқушының жұмысы стильдік біртектілігі мен тіл шеберлігіне қарай
бағаланады.
Оқушы шығармасының көлемі түрлі жағдайларға: стилі мен жанрына,
тақырыптың мазмұны мен сипатына, олардың жалпы дамуына байланысты
болғандықтан кестеде берілген шығарма көлеміне мұғалім үлгі ретінде қарауы
қажет (30-кесте).
30-
кесте. Шығарма көлемі мен уақыты
Сынып
Көлемі (оқушы дәптерінің беті)
Уақыты
10
6-
8 бет
90 минут
11
6-
8 бет
90 минут
Сыныпта жазылатын шығармаға сабақ кестесінен қатарынан екі сағат
беріледі.
Эссе жазуға қойылатын талаптар.
Эссе - пәнді жете баяндау немесе анықтау бола алмайтын және бір
мәселенің немесе оның нақты себептері бойынша өзіндік түсінік-пікірі мен
жеке әсерін білдіретін шағын көлемді еркін құрылған прозалық шығарма.
Эсседе мәселеге кең көлемде талдау жасалмайды. Ол бір нәрсе туралы жаңаша,
субъективті сөзбен айшықтап ұсынылады, шығарма философиялық, тарихи-
биографиялық,, публицистикалық, әдеби-сыни, ғылыми-көпшілік немесе таза
беллетристикалық сипатта болуы мүмкін.
Эссенің мақсаты шығармашылық ойлауды және өзінің жеке ойын өз
бетінше дамыту сияқты дағдылардан тұрады, өйткені эссе мазмұнында біріші
кезекте, автордың жеке басы, оның дуниетанымы, сезімі бағаланады. Эссе жазу
оқушыларға ойларын нақты және сауатты тұжырымдауға, ақпаратты
құрылымдауға, негізгі ұғымдарды пайдалануға, байланыстың себеп-
салдарларын анқытауға, тиісті мысалдармен тәжірибені суреттеуге, өзінің
қорытындысын жасауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ
2016-
2017 оқу жылы
137
Эссе құрылымы оған қойылатын талаптармен анықталады:
-
проблема бойынша эссе авторының пікірі қысқаша тезис ретінде
баяндалады;
-
пікір дәлелдемелермен бекітілуі тиіс, сондықтан тезистен кейін аргумент
келеді.
Аргумент – қоғамдық өмірдің фактілері, құбылыстары, оқиғалары, өмірлік
жағдаяттар мен өмірлік тәжірибелер, ғалымдардың пікіріне сілтеме және т.б.
Әрбір тезиске екі аргументтен келтірген дұрыс: бір аргумент сендірмейтін
аргумент сияқты, ықшамдылық пен бейнелілікке бағдарланған, жанрда
орындалған, баяндалған үш аргумент «ауырлау» болуы мүмкін.
Сол себепті, эссе айналмалы құрылымнан тұрады (тезистер мен
аргументтердің саны тақырыпқа, таңдаған жоспарға, ойды дамыту логикасына
байланысты).
-
кіріспе
-
тезистер, аргументтер
-
тезистер, аргументтер
-
тезистер, аргументтер
-
қорытынды
Кіріспе мен қорытынды проблемаларға назар аудартуы тиіс (кіріспеде ол
айтылады, қорытындыда автордың пікірі түйінделеді). Оқушылардың әссеге
сезімдіктің, айқындылықтың, кқркемдіктің тән екенін түсінгендері маңызды.
Сонымен қатар, эсседе сленгтерді, шаблон фразаларды, сөздерді қысқартуды,
тым жеңіл ойларды қолданбағандары дұрыс. Эссе тілі түсінікті болуы тиіс.
Эссе жазудың формалды ережелерінің ішінен, тақырыптың болуын атап
көрсетуге болады. Эссенің ішкі құрылымы еркін болуы мүмкін. Бұл жазба
жұмысының кіші формасы болып табылады, соңында қорытындыны міндетті
түрде қайталау талап етілмейді, ол негізгі мәтінге немесе тақырыпқа енгізілуі
мүмкін. Дәлелдеме мәселелердің тұжырымдалуын жүйелейді, Мәселелерді
тұжырымдау соңғы қорытындымен сәйкес келуі мүмкін.
Оқушылар эссе жазу кезінде неғұрлым типтік қателерін білуі тиіс.
Жалықтыратын алғысөз. Жеткіліксіз бөліктер. Қызықты эссе
қорытындысын мысалдарсыз санамалау арқылы берсе ұтылып қалады.Ұзақ
сөйлемдер. Ұзақ сөйлемдер автордың дұрыстығын көрсетпейді. Қысқа
сөйлемдер үнемі жақсы әсер қалдырады. Ең жақсысы, ұзақ сөйлемдерді қысқа
сөйлемдермен алмастырып отыру. Ғылыми терминдерді, энциклопедиядан
сөздерді пайдалану оқырманның назарын аударады, эссенің мән- мағынасын
кемітеді.
«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды жоспарлау
және ұйымдастыру кезінде 2016-2017 оқу жылында аталып өтілетін
мерейтойлық күнтізбелік күндерге назар аударуды ұсынамыз:
4 қыркүйек - жазушы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің
туғанына 75 жыл (1942 ж.);
5 қыркүйек – қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалымы, түркітанушы,
публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының
туғанына 145 жыл (1872 -1937жж);
Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ
2016-
2017 оқу жылы
138
17 қыркүйек - ақын Сырбай Мәуленовтің туғанына 95 жыл (1922-
1993
жж) ;
28 қыркүйек - Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері, ҚР-ның
еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Шерхан Мұртазаның туғанына 85 жыл
(1932 ж) ;
15 қазан - жазушы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» орденінің
иегері Сайын Мұратбековтің туғанына 80 жыл (1936-2007);
2 қараша - ағартушы, педагог, фольклоршы, этнограф, жазушы Ыбырай
Алтынсариннің туғанына 175 жыл (1841-1889 жж);
26 қараша - қазақтың халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері
Ғабиден Мұстафиннің туғанына 115 жыл (1902-1958жж);
12 желтоқсан - жазушы, әдебиет зерттеуші,ғалым, филология ғылымының
докторы Ақселеу Сейдімбектің туғанына 75 жыл (1942- 2009 жж);
12 желтоқсан - жазушы, әдебиет зерттеушісі, ұстаз, филология ғылымының
докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым
академиясының академигі, Қазақстанның Халық жазушысы Зейнолла
Қабдоловтың туғанына 90 жыл (1927-2006 жж);
22 наурыз - қазақтың халық жазушысы, драматург, сыншы, мемлекет және
қоғам қайраткері Ғабит Мүсіреповтің туғанына 115 жыл (1902 -1985 жж);
15 сәуір - жазушы, драматург, ҚР халық жазушысы Сафуан
Шаймерденовтің туғанына 95 жыл (1922 -2007 жж );
көрнекті ақын, жырау Дулат Бабатайұлының туғанына 215 жыл (1802-
1874жж);
Шәңгерей Сейіткерейұлы Бөкеевтің туғанына 170 жыл (1847 -1920жж)
1867 жылы - қазақтың суырыпсалма ақыны Әсет Найманбайұлының
туғанына 150 жыл (1867- 1922 жж);
9 шілде - ақын, аудармашы Тұрмағамбет Ізтілеуұлының туғанына 195 жыл
(1882-
1939жж);
Оқыту қазақ тіліндегі мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімдеріне қосымша материалдар алу үшін ұсынылатын сайттар:
1.
http://nao.kz -
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының
ресми сайты;
2.
http://ustazuni.kz -
мұғалімдерге арналған сайт;
3.
https://infourok.ru/ -
ұстаздарға арналған білім көтеру, ашық сабақтар
сайты;
4.
http://abai.kz-
ақпараттық –танымдық сайт;
5.
http://u-s.kz-
ұстаздар сайты;
6.
http://ustaz.kz -
ашық сабақтар сайты;
7.
http://sabak-
сайт творческих учителей Казахстана;
8.
http://ojarovaroza.ucoz.kz-
қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімінің
портфолиосы
9.
http://sabaqtar.kz/kazaksh/ -
Қазақстан ұстаздарына арналған әдістемелік
сайт;
10.
http://bilimsite.kz/ustaz -
білімділер сайты;
11.
http://u-s.kz/publ/ -
ұстаздар сайты;
Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ
2016-
2017 оқу жылы
139
12.
http://sabaq.kz -
ұстаздарға арналған танымдық-әдістемелік сайт;
13.
http://ped.kz -
ұстаздардың әлеуметтік порталы;
14.
http://oqu-zaman.kz-
ұстаздар мен оқушыларға арналған қосалқы білімді
сайт;
15.
http://tarbie.org-
ұстаздар сайты;
16.
http://kazbilim-edu.kz-
оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қазақ тілі
сабақтарында тиімді пайдалану;
17.
http://bilimtime.kz -
Ұстаздарға арналған сайт.
«Абайтану» курсы
«Абайтану» курсы оқу бағдарламасы ҚР Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламасы арқылы
жүзеге асырылады.
Курстың білім мазмұны ұлы ақын шығармаларын терең де, жан-жақты
таныту арқылы елжанды, халқымыздың әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін,
мәдениетін, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, эстетикалық талғамы
жоғары,білім, білік, дағдылармен қаруланған, түйген ойларын іс жүзінде өз
кәдесіне жарата білетін, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, өркениетті қоғамда
өмір сүруге лайықты, терең ойлайтын дара тұлға қалыптастыруға бағытталған.
Курсты қазақ тілі мен әдебиеті немесе біліктілікті арттыру және қайта
даярлау бойынша арнайы курстардан өткен пән мұғалімдері жүргізеді.
Мұғалімдерге көмек ретінде «Абайтану» курсы бағдарламасының мазмұнын
жобалау мен өткізу бойынша әдістемелік құралдар әзірленіп, Академия
сайтына (www.nao.kz) орналастырылды.
Жалпы білім беретін мектептердің 10-11-сыныбына арналған «Абайтану»
курсын ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығымен бекітілген
жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларының вариативтік компоненті
есебінен жүргізу ұсынылады.
Курс жүктемесінің көлемі:
10-
сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;
11-
сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды.
Курс бойынша білім алушылардың оқу жетістігін ағымдық бағалау,
сондай-ақ емтихан және ұлттық бірыңғай тестілеу жүргізілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |