Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
118
ізгілікті қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырады.
Оқушылар бойында өз халқының рухани құндылықтарына құрмет сезімі
қалыптасуы тиісті, олар гуманистік дүниетанымға, жалпыадамзаттық
құндылықтарға және толеранттыққа қайшы келетін ұстанымдар туралы
ұғымдарды білуі тиіс.
Оқу процесін ұйымдастыруға әдістемелік нұсқаулық
«Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсының оқу
процестерін ұйымдастыру барысында пікірталас, дөңгелек үстел, шағын
жиналыс, топпен талқылау, шағын жобаларды қорғау, рөлдік ойын, пікірталас
және т.б. формаларын қолдану тиімді.
Жобаларды жеке және ұжыммен ынтымақтаса педагогика принциптерін
қолдана отырып орындай алады. Олардың саны келесі бағыттарды қамту және
алған білімдерін бекіту үшін жеткілікті болуы керек:
-
дін мәселелері бойынша ғылыми-көпшілік басылымдар, журналдар, газет
мақалаларына талдау жасау, таңдап алынған тақырыптары бойынша ауызша
және жазбаша хабарлама дайындау, жағдаяттармен жұмыс жасау;
-
діннің айрықша ерекшеліктерін анықтау;
-
дәстүрлі
діндердің
біртұтас
платформалары
мен
жалпы
тұжырымдамаларын анықтау, оларды дәлелдей білулерін қалыптастыру;
-
БАҚ ақпараттарына сүйене отырып елімізде және өңірлердегі діни
жағдайларды сараптау;
-
Қазақстандағы қасиетті жерлер туралы ақпараттық шолу дайындау;
-
толеранттылық және дінаралық келісім орнаған еліміздегі нақты
жағдайды дәлелдейтін мысалдар келтіріп дайындау;
Оқу барысында келесідей қағидаларға ерекше көңіл бөлу қажет:
-
мәдени-тарихи, өркениеттілік мәніндегі, дін саласындағы Қазақстанның
қазіргі саясаты мен қағидаларын басшылыққа алу;
-
пәнді оқыту барысында қандай да бір діни бағыттарға артықшылықтар
бермеу;
-
жобаларды орындау үшін қажетті жағдайлар жасау;
-
ақпарат, дін, рухани құндылықтар, мәдениет саласына қатысты
заңнамалар талаптарын сақтау;
«Зайырлылық және дінтану негіздері» курсы аясында алған білімдерін
бекіту мақсатында оқушыларға қызықтыратын тақырыптары бойынша
шығармашылық-жобалық жұмыстар жасауға болады. «Зайырлылық және
дінтану негіздері» бойынша әзірленген электронды оқулық, Қазақстанда дін
жүйесінің таралуы мен ықпалы туралы мәдени-танымдық сипаттағы барлық
діндер бойынша қысқаша бейнематериалдар т.б. (міндетті түрде Дін істері
комитетінің сараптама комиссиясы мақұлдаған) сабақ барысында пайдалану
ұсынылады.
Курсты оқыту нәтижесінде оқушылар:
-
ғылыми тұрғыдан алғанда негізгі діни терминдер мен құбылыстарды;
-
зайырлылық және дін ұғымдары ара-қатынасын;
-
мемлекет, дін бірлестіктері және мәдениет арасындағы қарым-қатынас
мәнін;
Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
119
-
діндер тарихы мен діни сенім ерекшеліктерін;
-
қазақ-мұсылмандығының танымдық ойларын;
-
«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан
Республикасының Заңын;
-
әл-Фарабидің, Қожа Ахмет Иассауидің, Абайдың, Шәкәрімнің, Ыбырай
Алтынсариннің мәдени-ағартушылық рухани мұраларын;
-
республикадағы мемлекет, мәдениет және діни бірлестіктер
арасындағы қарым-қатынастың жайын;
-
Қазақстан
Республикасының
Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың
конфессияаралық келісімді, елдегі және халықаралық деңгейдегі тұрақтылықты
сақтау, елдегі және халықаралық қауымдастықтағы адамдардың шынайы діни
сенімдеріне деген сыйластық көрсету саясатын;
-
экстремистік,
террористік,
теріс
сипаттағы
ұйымдардың
ерекшеліктерін, қауіптілігін біледі.
сонымен бірге:
-
зайырлық, діни сана-сезім, діни сенім, діни тәжірибе, діни ой-сана
ұғымдарының ара жігін ажырату,
-
экстремистік, террористік сипаттағы діни топтар мен ағымдар
идеологиясы мен практикасына қарсы тұра білу иммунитеті;
-
діни, рухани маңызды мәселелер бойынша әртүрлі ой-талқы жасау,
пікір-таластыра білу, осы саладағы маңызды оқиғалар мен құбылыстар,
тұлғалар туралы мәліметтерді сауатты жеткізе білу;
-
өз бетімен зайырлық және діни шығармалар туралы қажетті ақпараттық
деректер нұсқасында тауып және оларды сараптай отырып қолдана біледі.
«ӨНЕР» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Музыка
5-6-
сыныптарда «Музыка» пәнін оқытудың мақсаты – оқушылардың
музыкалық мәдениетін қалыптастыру, әлемдік музыкалық бейнелерді меңгеру,
тұлғаның шығармашылық қабілетін дамыту және музыкалық біліктерін, өмірде
қолдана білуге негізделген. Музыка баланың бойындағы асыл қасиеттерін
оятып, елін, жерін, Қазақстан Республикасын – Отанын сүюге тәрбиелейді.
Пәнді оқытудың міндеттері:
–
дәстүрлі қазақ музыкасының өткен және қазіргі замандағы адам өмірімен
байланысы және оның композиторлық шығармашылығындағы рөлі туралы
білім беру;
–
оқушылардың музыка өнері жайында көзқарасын кеңейту, музыкалық
құбылыстарға қызығушылығын дамытып, көркемдік талғамын қалыптастырып,
музыкалық шығармаларды бағалай білу;
–
музыканың басқа өнер түрлерімен байланысын ұғына білу;
– музыкалық өнер арқылы оқушыларды адамгершілік қасиеттерге
тәрбиелеу;
– музыка өнерінің әртүрлі әрекеттерінде оқушылардың шығармашылық
қабілетін дамыту.
Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
120
Пән мазмұны қазақ және түркі халықтарының дәстүрлі мәдениеті, шығыс
және батыс классикалық музыкасының, әлем музыкасының ең озық,
қазақстандық заманауи өнер туындыларын қамтиды және оқушылардың
мәдени, құндылықты, тұлғалық, зияткерлік қасиеттерін қалыптастыруға
бағытталған.
Сабақтың, сабақтан тыс іс-шаралардың тәрбиелік мақсатын «Мәңгілік Ел»
идеясымен ұштастырып жүзеге асыру ұсынылады.
Сабақтарда тұлғаның жеке қасиеттерін және зерттеушілік дағдыларын
дамытуға бағытталған мақсаттар жүзеге асырылады, бұл мақсаттар оқылатын
музыка өнері туындылары бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында
орындалады.
«Музыка» пәні бойынша бағдарлама пәнаралық интеграция принципін
ұстана отырып, тіл және әдебиет, тарих және бейнелеу өнерімен байланыста
оқытуды көздейді, бұл өнер түрлерінің өзара байланысы туралы көзқарас
қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Оқытудың әдістемелік жүйесі үздіксіздік принципін ұстана отырып,
бастауыш пен негізгі мектеп арасындағы сабақтастық, жүйелілік пен бірізділік
айқындалады. Дербестік принципін ұстана отырып, оқушы музыкалық өнердің
жан-жақты дамуы мен түрлі құбылыстарына жеке көзқарасын қалыптастыра
отыра, мұғалім мен оқушы арасында еркін пікір-таласқа түсіп, өз пікірін ашық
білдіре алады. Тәжірибелік әрекет ұстанымы музыкалық ұғымдарды игеріп, ән
айту және аспапта орындау тәсілін бойына сіңірудегі басты әдіс болып
табылады.
Оқушылардың «Музыка» пәні бойынша үй тапсырмасын орындаулары оқу
процесінің қажетті элементтерінің бірі болып саналады. Дұрыс
ұйымдастырылған жағдайда, үй тапсырмасы (мәтінмен жұмыс, ән салуға
жаттығу, тамақ гимнастикасы және т.б.) сабақта алынған білімді бекітуге және
тереңдетуге, музыка мен ән салуға қызығушылықты қалыптастыруға және
оқушылардың вокалдық қабілеттерін жетілдіруге мүмкіндік береді,
«Музыка» пәні бойынша 5-6-сыныптарда сағат саны аптасына 1 сағат,
оқу жылында барлығы 34 сағатты құрайды.
Бейнелеу өнерi
Оқыту мақсаттары:
-
эстетикалық сезімдерді, бейнелеу өнеріне қызығушылығын тәрбиелеу;
өнегелі тәжірибесін байыту, ізгілік пен зұлымдық туралы ойларын дамыту;
адамгершілік сезімдерін тәрбиелеу, Қазақстан және басқа елдердегі
халықтардың мәдениетін құрметтеу;
-
қиялын, кез келген іске шығармашылық тұрғыдан қарау ниеті мен
икемділігін, өнер мен қоршаған әлемді қабылдау қабілетін, көркемдік қызметте
бірлесіп жұмыс істеу шеберліктері мен дағдыларын дамыту;
-
өнер құралдарының көмегімен оқушылардың шынайы өмірге деген
эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу және өмірлік түйсігін қалыптастыру;
-
халық шығармашылығына деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін
тәрбиелеу;
Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
121
-
аңғарымпаздығы мен көріп есте сақтау қабілетін дамыту;
-
оқушылар көркем композиция жасау кезінде, сондай-ақ, орындалған
жұмыстарды сыныпта қарап, талқылау процесінде олардың көркемдік
талғамын, талдау қабілеттері мен эстетикалық уәждемелерін дамыту.
Оқыту міндеттері:
-
өзінің қоршаған әлемге көзқарасын шығармашылық жұмыстарында
көрсете білу қабілетін дамыту;
-
сурет, кескіндеме, композиция бойынша бейнелеу сауаты негіздерімен
таныстыру, жылы және суық түстермен таныстыру және оларды айыра білуге
үйрету;
-
бейнелеу өнерінің түрлерімен (графика, кескіндеме, сәндік-қолданбалы
өнер, мүсін, дизайн, сәулет өнері) және жанрларымен (пейзаж, портрет,
натюрморт, анималистика және т.б.) таныстыру;
-
көркемдік дағдыларды меңгеру (әртүрлі материалдармен жұмыс істеу
және әртүрлі бейнелеу техникасын игеру);
-
шынайы өмірде көркем мәдениеттің көрінісін байқай білу қабілетін
дамыту (мұражайлар, сәулет, дизайн, мүсін және т.б.);
-
балаларда сезімдік-эмоциялық белгілерді: зейін, есте сақтау, қиял,
елестетуді дамыту;
-
оқушылардың қолдарының моторикасын, иілгіштігін, икемділігін және
көзбен шамалау дәлдігін жақсарту;
-
өзінің көлемді композицияларын жасау немесе жазық және көлемді-
кеңістіктік тәсілдер үйлесімдіктерін пайдалану арқылы көркемдік құрастыру
элементтерімен таныстыру.
«Бейнелеу өнері» пәні бастауыш мектеп бағдарламасымен сабақтастығын
сақтайды және өнерді мәдениеттің өзара байланысты халықтық және кәсіби екі
түрін біртұтас ретінде қарастырады. Бағдарлама гуманитарлық пәндердің басқа
базалық курстарымен тығыз ықпалдастыруға бағытталған. Ол негізгі мектеп
оқушыларының пластикалық өнердің әртүрлі материалдары мен техникаларын
қолданып көркем бейне жасауына бағытталған көркем-шығармашылық
қызметтің алуан түрлеріндегі бейнелі тілін меңгеруді көздейді: «Өнер
туындыларын қабылдау», «Кескіндеме», «Графика», «Мүсін өнері»,
«Көркемдік құрастыру, дизайн және сәулет өнері», «Сәндік-қолданбалы өнер».
Білім беру тәжірибесінде «Бейнелеу өнері» деп кескіндеме, графика, мүсін
сияқты бейнелеу өнерлерімен қатар сәулет және сәндік-қолданбалы өнерді
қамтитын барлық пластикалық өнерлерді түсінеміз.
Сабақтардың маңызды нәтижелері:
-
мектеп оқушыларының бейнелеу өнеріне қызығушылығы, суретте немесе
мүсінде нақтылы түрде көрсетілген суретші шығармасының ойын түсіну және
өзінше бағалай білуі, қазақ және әлемдік өнердің негізгі стильдері мен
бағыттарын айыра білуі;
-
өнер тарихында елеулі рөл атқарған шеберлердің шығармашылығымен
танысуы, әйгілі шығармаларды білуі болып табылады.
Сабақтарда тұлғаның жеке қасиеттерін және зерттеушілік дағдыларын
дамытуға бағытталған мақсаттар жүзеге асырылады, бұл мақсаттар оқылатын
Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
122
тақырыптар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында орындалады.
Бейнелеу өнеріне оқыту жеке тұлғаның өз ойын білдіруіне және дамуына,
одан кейін әлемдік көркем мәдениет үлгілерімен танысуына бағытталған.
Сабақта оқу қызметінің кез келген түрі өзіндік мәнге ие, оқушылардың
мүдделерімен келісіледі, оларды оқушы өмірінде нақты пайдалануға
бағдарланады. Өнерге деген қызығушылығы мен көркемдік талғамын дамыту
қалыптасқан шығармашылық іс-әрекеттің жеке тұлғалық тәжірибесі, өзіндік
эстетикалық эталондары, өнер тілін меңгеруі негізге алынып қалыптасады.
Бейнелеу өнеріне оқыту барысында оқушыларға шығармашылық
жұмыстың арқауын жасауда, қызмет түрлерін, көркем материалдарды, жеке
немесе топтық жұмыстарды, шығармашылық тапсырмаларды орындау
күрделілігін, үй тапсырмасының формаларын және т.б. таңдауда көбірек
еркіндік беріледі. Олар оқушының мәдени, құндылықты, тұлғалық және
зияткерлік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған.
Оқу материалы көркемдік білімнің іскерлік сипаты мен адамгершілік
болмысын көрсететін: «Өнер мен көркемдік қызметтің адам және қоғам
өміріндегі рөлі», «Өмір мен өнердің рухани-адамгершілік проблемалары»,
«Әсем өнерлер тілі және көркем бейне», «Әсем өнер түрлері мен жанрлары»
бөлімдерімен ұсынылған.
Осылайша бөлімдерге бөлу ерекшелігі мынада, бірінші бөлім оқу
материалының мазмұнын ашады, екінші бөлім оны іс жүзінде іске асырудың
құралдарын береді, үшінші тапсырма тақырыбының рухани-адамгершілік,
эмоциялық-құндылық бағыттылығын болжамдайды, төртінші, олардан бала
көркемдік-шығармашылық тәжірибе алып шығатын қызмет түрлері мен
шарттарынан тұрады. Барлық бөлімдер өнердің әртүрлі: типологиялық, тілдік,
құндылыққа бағдарланған, қызметтік қырларын ашады. Олар (барлығы бірге)
әр сабақта әртүрлі шамада оқытылады. Барлық бөлімдер кешенді түрде жалпы
көркемдік білім мен тәрбие міндеттеріне бағытталған.
«Бейнелеу өнері» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
5-
сыныпта – аптасына 1 сағат, жалпы саны – 34 сағат;
6-
сыныпта – аптасына 1 сағат, жалпы саны – 34 сағат.
«ТЕХНОЛОГИЯ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Технология
«Технология» пәнін оқыту бағыты оқушыларды материалдық
құндылықтардың заманауи өндірісінің негізгі технологиялық процестерімен
таныстыруға, кейінгі кәсіптік білім алуға және еңбек етуге қажетті
дайындықтарын қамтамасыздандыруға негізделген.
Бағдарламаның мазмұны оқушының жеке тұлғасы, отбасы және қоғамның
қажеттіліктерін, қазіргі заманғы педагогикалық ғылымының жетістіктерін
ескере отырып белгіленген.
Пәнді оқытудың мақсаты техника мен технология саласында
оқушылардың заманауи өндірісінде алған білім жүйесінің нәтижелігіне
бағытталған функционалдық сауаттылығын қамсыздандыру, сонымен қатар,
Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
123
технологиялық ойлау қабілетін, болмысқа деген шығармашылық көзқарасын
дамыту болып табылады.
Оқыту міндеттері:
1) техника, технология және заманауи өндіріс негіздерінен жүйеленген
білімді қалыптастыру;
2) құрылымдық материалдарды өңдеу технологиясы, жобалау іс-
әрекеттерін іске асыру бойынша жалпы еңбектік, жалпы өндірістік және арнайы
икемділіктер мен дағдыларын қалыптастыру;
3) технологиялық ойлау қабілетін және еңбекке деген шығармашылық
көзқарасын дамыту;
4) оқып жүрген технологиялармен байланысты мамандықтар әлемі, еңбек
нарығындағы олардың талап етілуі туралы түсініктерін қалыптастыру, өзінің
өмірлік және кәсіби жоспарларын саналы түрде анықтауына ықпал ету;
5) еңбек ету және кәсіби іс-әрекеті процесінде эстетикалық, адамгершілік,
экономикалық, экологиялық, дене және құқықтық тәрбие беру;
6) оқушылардың Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениетіне, салт-
дәстүрлеріне деген құрмет көзқарасын қалыптастыру.
Сабақтарда тұлғаның жеке қасиеттерін және зерттеушілік дағдыларын
дамытуға бағытталған мақсаттар жүзеге асырылады, бұл мақсаттар оқылатын
тақырыптар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында орындалады.
Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды оқыту
барысындағы нәтижелері, оқушылардың үлгерімдерін бағалауын, негізгі
мектепті аяқтайтын әр оқушының міндетті түрде меңгеруі тиіс білім мазмұнын
көрсетеді. Оқушылардың дайындық деңгейі үш түрлі аспектілер: пәндік,
тұлғалық, жүйелі іс-әрекет нәтижелері ескеріле отырып бағаланады. Осыған
байланысты 5-9-сынып оқушыларына (ер балалар) келесі бөлімдер бойынша
тақырыптар беріледі (8-кесте).
8-
кесте. 5-9-сыныптарда ер балаларға арналған бөлімдердің тақырыптары
Ауыл мектептерінде
Қала мектептерінде
1. Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау.
2. Ауылшаруашылық өндірісіндегі техника
және технология.
3. Ағашты және ағаш материалдарды қолмен
және механикалық өңдеу технологиясы.
4. Металды қолмен және механикалық өңдеу
технологиясы.
5. Сәндік қолданбалы өнерінің элементерімен
көркем материалдарды өңдеу технологиясы.
6.
Электротехника және электроника
негіздері.
7. Үй мәдениеті. Үй шаруашылығындағы
жөндеу жұмыстары.
8. Шығармашылық жобалау саласы.
9. Қазіргі заман өндірісі және техникалық
кәсіби білім.
1. Қауіпсіздік техникасы және еңбекті
қорғау.
2. Ағашты және ағаш материалдарды
қолмен және механикалық өңдеу
технологиясы.
3. Металды қолмен және механикалық
өңдеу технологиясы.
4. Сәндік қолданбалы өнерінің
элементерімен көркем материалдарды
өңдеу технологиясы.
5.
Электротехника және электроника
негіздері.
6. Үй мәдениеті. Үй шаруашылығындағы
жөндеу жұмыстары.
7. Шығармашылық жобалау саласы.
8. Қазіргі заман өндірісі және техникалық
кәсіби білім.
Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
124
Білім берудің негізгі түрлері оқушылардың оқу-тәжірибелік, жобалау іс
әрекеті болып табылады. Жаттығулар, оқу-тәжірибелік жұмыстар, жобалау
әдісі басым әдістері болып отыр. Бағдарламада қарастырылған барлық
тәжірибелік жұмыс түрлері материалдарды өңдеудің әртүрлі технологияларын,
электромонтажды, құрылыс-әрлеу және жөндеу санитарлық-техникалық
жұмыстарын, тағам әзірлеу, жеңіл тігін өнеркәсібінің негіздерін, есептеу және
жобалау операцияларын меңгеруге бағытталған.
Мұғалім бар мүмкіндіктеріне сәйкес бағдарламада ұсынылған
технологиялық операциялар топтамасын қамтамасыз ететін еңбек нысандарын
таңдай алады. Сонымен қатар оқушы жасының шамасына сәйкес еңбек
нысанын таңдап, оның қоғамдық және жеке құндылығы ескеріледі. Оқушылдар
орындайтын практикалық жұмыстардың түрлері түсінікті, ұтымды,
экологиялық талаптарға сәйкес болуы тиіс. Мұғалім жергілікті және жеке
эстетикалық қызығушылықтарына сәйкес өзі тапсырмаларының нұсқаларын
қосуға құқығы бар.
«Қазіргі заман өндірісі, техникалық және кәсіби білім беру» (9-сынып)
жаңа бөлімінде техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің түрлері,
кәсіби іс әрекетке қойылатын жаңа талаптар, кәсіп туралы түсінік,
мамандық және жұмыскердің кәсіби дәрежесі, мамандық таңдауға тұлғалық
қасиеттердің әсері, аймақтық еңбек нарығы және білім саласында қызмет
көрсету туралы мәселелер қарастырылады.
Сабақтар ағаш, металл өңдеу шеберханасында немесе құрамдастырылған
шеберхана базасында өткізіледі. Технологиялық операцияларды орындау
барысында оқушылардың еңбек қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуіне үлкен назар
аударылуы керек. Электр қауіпсіздігі, санитария мен жеке гигиенасын
сақталуына ерекше назар аударылуы тиіс.
Сабақта қолдан жасалған электромеханикалық құралдар мен
технологиялық машиналар қолдануға тыйым салынады. Кіріктірілген
сипаттағы «Технология» пәні пәнаралық байланыстарды қолдану негіздерінде
құрылуын көздейді. Есептеу операциялары және өлшем алуда алгебра мен
геометриямен, материалдардың қасиеттерінің сипаттамасында химиямен,
машина мен механизмдердің жұмыс принциптерін және құрылымын оқытуда
физикамен, сәндік қолданбалы өнер технологияларын оқытуда тарих және
өнермен байланыстырылады.
Қала, ауыл және шағын жинақты мектептерде ұлдар мен қыздар тобына
бөлу сыныптың толымдылығына қарамастан бөліну бойынша жүзеге
асырылады. Осыған байланысты 5-9-сынып оқушыларына (қыз балалар) келесі
бөлімдер бойынша тақырыптар беріледі (9-кесте).
9-
кесте. 5-9-сыныптарда қыз балаларға арналған бөлімдердің тақырыптары
Достарыңызбен бөлісу: |