Информатика әдістемелік нұСҚАУ


Ұзақмерзімді жоспар бөлімі



бет142/160
Дата21.10.2023
өлшемі1,05 Mb.
#120143
түріПрограмма
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   160
Ұзақмерзімді жоспар бөлімі:
6-бөлім. Цифрлық сауаттылық

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Электрондық үкімет

Осы сабақта орындалатын оқу мақсаттары (оқу программасына сілтеме)

11.3.4.7 - электрондық үкімет порталының функцияларын сипаттау

Сабақтың мақсаты

Электрондық үкімет порталының функцияларын сипаттау.

Бағалау критерийлері

Электрондық үкімет порталының мақсатын біледі; Электрондық үкімет порталының функцияларын сипаттайды;
Электрондық үкімет порталының онлайн қызметтерін пайдалана алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: электрондық үкімет порталының қызметтерін түсіндіре алады.
Сөйлеу/жазу кезінде қолданылатын пайдалы сөз тіркестері:

  • Цифрландыру кең мағынада … білдіреді.

  • Цифрлық Қазақстанды дамытудың өзектілігі …

  • ... деп ойлаймын/болжаймын/сенімдімін.

Құндылықтарға баулу

  1. “Мәңгілік ел” идеясы бойынша “Жалпыға бірдей еңбек қоғамы” құндылығы қалыптасады.

  2. Ынтымақтастық: топтық жұмыс барысында жылулық қарым-қатынастар дамиды, ынтымақтастық дағдылары қалыптасады және сындарлы көзқарас дамиды, қарым-қатынастарды қалыптастыру кезінде сыни ойлау қабілеті дағдыланады.

  3. Академиялық адалдық: өзгелердің идеялары мен ойларын құрметтейді, яғни академиялық адалдық қағидаларын сақтайды.

  4. Өмір бойы оқу, қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік дағдысы қалыптасады.

Пәнаралық байланыс

Адам және құқық

Алдыңғы білім

Цифрландыру

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы 7 мин.

Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу.
Психологиялық жағымды ахуал туғызу. Топтастыру.
«Сұраулы сөздер» әдісі
Оқушыларға сұрақтар кестесі мен сабақ тақырыбы бойынша терминдер ұсынылады. Кестенің екі бағанында берілген сұраулы сөздер мен терминдерді пайдаланып, неғұрлым көп сұрақтар құрастыру керек.

Таратпа материалдар


- 1




Сұраулы сөздер

Тақырыптағы негізгі ұғымдар




Қалай? Не?
Қайда?
Неліктен?
Неше?

Электрондық үкімет Портал
Ақпараттық кезең Интербелсенді кезең Транзакциялық кезең







Қайдан? Қандай? Неге?
Қай себептен?
Қандай байланыс бар? Неден тұрады?
Неге арналған?

Трансформациялық кезең Озық белсенді үкімет







Мұғалім тарапынан бағалау: ауызша мақтау, ынталандыру.

Сабақтың ортасы 26 мин.

Сабақтың мақсаттарын хабарлау.


Оқулықпен жұмыс.
Топтық жұмыс: «Джигсо» әдісі
Әр топқа мынадай тапсырма беріледі: шағын мәтінді оқуға, оны қалай, қандай тәсілдермен есте сақтап, мазмұндауға болатынын ойлану, мәтіннің мәнін түсінуге бағытталған сұрақтар қою. Оқушылар тірек сөздерді жазып, сызба немесе кластер сыза алады. Мәтінмен жұмыс істеп болғаннан кейін топтар әр үш топтан 1-2 өкілден кірген тағы бір топ құрады. Мұғалімнің командасымен олар жазбаны және графикалық материалды қолданып, өз сұрақтарын кезекпен түсіндіреді. Топтағы үш шағын мәтінді түсіндіріп, талқылағаннан кейін бәрі өз орындарына оралып, үш шағын тақырыптан (Электрондық үкімет ) тұратын ортақ тақырыпты талқылайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет